Пішін үлгісін деректерді қосу кітапханасындағы параметрлерді пайдаланып жасақтау

Бұл мақала сізге Microsoft Office SharePoint Server 2007 торабындағы деректерді қосылымы кітапханасында сақталған параметрлерге негізделген, және деректерді сұрай немесе жібере алатын пішін үлгісін қалай жасақтауды көрсетеді

Бұл мақалада

Шолу

Бастамас бұрын

Деректер сұрау қосылымымен пішін үлгісін жасақтау

Деректерді жіберу қосылымымен пішін үлгісін жасақтау

Шолу

Қосымша деректік қосылым сіз пішін үлгісіне қосатын сыртқы деректер көзінің қандай да бір деректік қосылымы болып табылады. Бұл деректік қосылым дерекқорға, веб қызметіне немесе қосылым кітапханасындағы параметрлерге негізделген пішін үлгісін жасақтағаныңызда жасалатын негізгі деректік қосылымнан басқаша болады. Негізгі деренктік қосылым арқылы деректерді сұрай немесе жібере алмаған жағдайда ғана сіз қосымша деректік қосылымды қосасыз.

Пішіннің негізгі деректік қосылым деп аталатын басты деректік қосылымы болады және оның таңдаулы түрде бір немесе бірнеше қосымша деректік қосылымы болуы мүмкін. Пішінге арналған мақсаттарыңызға байланысты деректік қосылым Microsoft SQL Server дерекқоры немесе веб қызметі сияқты сыртқы деректер көзіне пішін деректерін сұрауы немесе беруі мүмкін.

Егер сіз бірдей деректік қосылымға пайдаланылатын бірнеше пішін үлгісін жасақтасаңыз, әрбір пішін үлгісіне арналған сыртқы деректер көзіне деректерді қосудың орнына деректік қосылым файлын қарастырыңыз. Деректік қосылым туралы ақпарат бірқатар қатысты пішін үлгілері үшін өзгерткенде, сізге осылай тек бір деректік қосылым файлын жаңарту қажет етіледі. Мысалы, сіз пішін үлгілеріңізді тексеру желісініне өндіру желісіне жылжытқаныңызда, сізге әрбір пішін үлгісінде деректік қосылымды жаңартудың орнына деректік қосылым параметрлерін қосылым кітапханасында бір рет қана жаңарту қажет етіледі. Деректік қосылым файлын пайдаланатын пішін үлгісіне негізделген пішін деректік қосылымды пайдаланғанда, деректік қосылым жаңа параметрлермен автоматты түрде жаңартылады.

Деректік қосылым файлы бір сыртқы деректер көзіне арналған қосылым ақпараты бар .xml немесе .udcx файлыымен үлкейтетін XML файлы болып табылады. Бұл файл Microsoft Office SharePoint Server 2007 іске қосылған сервердегі деректік қосылым кітапханасында сақтаулы. Деректік қосылым файлы жасақтаушы арқылы немесе бар пішін үлгісіндегі деректік қосылымды Деректік қосылым тілқатысу терезесіндегі Түрлендіру түймешігін (Құралдар мәзірі) нұқып, деректік қосылым файлына түрлендіру арқылы жасалады.

Деректік қосылым файлдарын пайдаланудың артықшылықтары төмендегілерді қамтиды:

  • Бірнеше пішіндер бір деректік қосылым файлын пайдалана алады, сондықтан әрбір пішін үлгісіне арналған жұмыс аумағынан бірдей деректік қосылымды жасаудың қажеті жоқ.

  • Егер сыртқы деректер көзіне арналған орын және қосылым параметрлері өзгерсе, сізге пішін үлгісінің әрқайсысын емес, тек деректік қосылымды жаңарту керек.

  • Пайдаланушы веб шолғышы арқылы пішінді толтырғанда, деректік қосылым файлында сервер арқылы пайдаланылатын баламалы растама ақпараты болады.

  • Шолғышта толтырылатын шолғышпен үйлесімді пішін үлгісіне негізделген пішіндер деректік қосылым файлдарын пайдаланатын деректік қосылымдары ғана бар басқа домендегі серверлерге қоса алады.

Microsoft Office InfoPath бағдарламасы Universal Data Connection нобайының 2.0 файл пішімінен кейін келетін деректік қосылым файлдарын пайдаланады. Бұл нобай Microsoft Office FrontPage және Microsoft Office Excel арқылы пайдаланылатын нобайдың 1.0 файл пішімінің кеіейтілген жинағы болып табылады.

Деректерді қосу файлындағы параметрлерге негізделген пішін үлгісін жасаған соң, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы деректерді қосу кітапханасынадағы параметрлерге негізделген деректер қосылымын жасайды. Егер деректерді қосу файлында деректерді сұрау қосылымы үшін параметрлер сақталған болса, InfoPath бағдарламасы сол деректер деректерді қосу файлындағы параметрлерімен сілтелген сыртқы деректер көзінде сақтау жолына сай болатын сұрау жолағы, деректер өрісі, және топ жәрдемімен пішіндің негізгі деректер көзі жасайды. Сұрау өрістерінде сыртқы деректер көзі пішінге не жіберуді анықтау үшін пайдаланатын деректерді сақталады. Сұрау нәтижелері деректер өрістеріне кіргізіп қойылады. Пайдаланушыларға сыртқы деректер көзін сұрау мүмкіндігін беру үшін, InfoPath бағдарламасы пішін үлгісіне Сұрауды жегу түймешігін қосып қояды.

Сұраудың деректер құрылымы және деректер өрістері деректердің сыртқы деректер көзінде сақталу жолына сай келуі тиісті болғаны себеті, сіз негізгі деректер көзінде бар болған өрістерді немесе топтарды өзгерте алмайсыз. Сіз негізгі деректер көзіндегі түбірлік топқа тек қана өрістер немесе топтарды қосуыңыз мүмкін.

Егер сіз деректерді жіберу қосылмы үшін параметрлерді қолданып тұрған болсаңыз, InfoPath бағдарламасы Стандартты құралдар тақтасындағы Жіберу түймешігін және осы пішін үлгісіне негізделген пішіндердің Файл мәзіріндегі Жіберу пәрменін қосып қояды. Бұл пайдаланушыларға пішіндеріндегі деректерді сыртқы деректер көзіне жіберуге мүмкіндік береді.

Беттің жоғарғы жағы

Бастамас бұрын

Деректерді қосу кітапханасындағы параметрлерге негізделген пішін үлгісін жасақтау үшін, сізге деректерді қосу кітапханасы әкімшісінен немесе деректерді қосу файлын жасаған жасаушыдан төменгі ақпаратты алуыңыз қажет:

  • Office SharePoint Server 2007 торабы мен қосу кітапханасының орналасқан мекенжайы.

  • Деректерді қосу кітапханасындағы сіз пайдалануды қалаған деректерді қосу файлының аты.

Беттің жоғарғы жағы

Деректер сұрау қосылымымен пішін үлгісін жасақтау

Деректерді сұрау қосылымының параметрлерімен деректерді қосу файлына негізделген пішін үлгісін жасақтау үшін, сіз төменгі амалдарды орындауға тиістісіз:

  1. Деректерді қосу файлына негізделген пішін үлгісін жасақтау     Бұл қадам деректерді қосу файлындағы параметрлерге негізделген дұрыс өрістер мен топтарға ие болған пішін үлгісі үшін негізгі деректер көзін жасайды.

  2. Басқару элементін сұрау нәтижелерін бейнелейтін пішін үлгісіне қосу     Негізгі деректер көзіндегі өрістер және топтарда сақталған деректерді пайдаланушыларыңызға бейнелеу үшін, сіз басқару элементін пішін үлгіңізге қосып, сосын сол басқару элементін негізгі деректер көзіндегі сұрау өрісіне немесе деректер өрісіне байланыстыруға тиістісіз.

1 Қадам: Пішін үлгісін деректерді қосу файлына негізделіп жасақтау

  1. Файл мәзірінде Пішін үлгісін жасақтау түймешігін нұқыңыз.

  2. Пішін үлгісін жасақтау тілқатысу терезесінің Жаңасын жасақтау параметрі астында, Пішін үлгісі деген параметрге нұқыңыз.

  3. Негізделген деген тізімнде, Қосу кітапханасы параметріне нұқыңыз.

  4. Егер сіз шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін жасақтап тұрған болсаңыз, Тек қана шолғышпен сыйысымды мүмкіндіктерді қосу параметрі көзіне құсбелгіні қойыңыз.

  5. Иә батырмасын басыңыз.

  6. Торап тізімінде, Деректерді қосу шеберінде, деректерді қосу кітапханасын өз ішіне алған Office SharePoint Server 2007 бағдарламасын жегетін сервердегі тораптың атына нұқыңыз.

    Торабыңызды тізімге қосу

  7. Деректерді қосу кітапханасының атына нұқып, деректерді қосу файлдарына қараңыз, сіз осы деректер қосылымы үшін пайдалануды қалаған деректерді қосу файлының атына нұқыңыз да, сонан соң Келесі түймешігін басыңыз.

  8. Егер сіз Веб қызметке қосу параметрлері болған деректерді қосу файлын таңдаған болсаңыз, шебердің келесі беті сізден қосымша деректер көзіне қандай өрістер немесе топтар қосылуын анықтау үшін әрбір параметрдің үлгі мәндерін белгілеуді сұрауы мүмкін.

    Қалайша?

    Техникалық мәліметтер

    Деректік қосылымды Деректік қосылым шеберіндегі веб қызметіне баптағаныңызда, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы веб қызметіне қосады және Веб қызметінің суреттеме тілі (WSDL) файлын сұрайды. WSDL файлында веб қызметі арқылы пайдаланылатын сұлба болады. Веб қызметі осы файлды InfoPath бағдарламасына жіберу арқылы өтінішке жауап береді. InfoPath бағдарламасы сәйкес жолақтар мен топтарды пішін үлгісіндегі қосымша деректер көзіне қосу үшін осы файлдағы ақпаратты пайдаланыңыз. Егер InfoPath бағдарламасы WSDL файлында белгісіз элементті тапқанда, InfoPath бағдарламасы белгісіз элемент түрінің анықтамасын білу үішн деректер үлгісін пайдаланады, содан кейін сәйкес жолақтар мен топтарды қосымша деректер көзіне қосады.

  9. Егер параметрлерде сілтелген сыртқы деректер көзі Microsoft ADO.NET Деректер жиынтығын қайтарады, шебердің келесі беті сізден пайдаланушылар пішін деректерін жіберген кезде өзгерту ақпаратын кірістіруді қалайсыз ба, жоқ па деп сұрайды. Көбінесе, Деректерді жібергенде өзгерту ақпаратын кірісітру параметрі көзінде құсбелгіні қалдырыңыз, сонан соң Келесі түймешігін басыңыз. Егер сіз өзгерту ақпаратын кірістіруді қаламасаңыз, Деректерді жібергенде өзгерту ақпаратын кірісітру параметрі көзінен құсбелгіні алып тастаңыз да, Келесі түймешігін басыңыз.

    Техникалық мәліметтер

    Шебердің бұл беті тек қана егер параметрлер Веб қызметі үшін және Web Service Description Language (WSDL) файлы Веб қызметі ADO.NET ДеректерЖиынтығын қайтаруын көрсеткенде пайда болады.

  10. Шебердің келесі бетінде, деректер қосылымы үшін атауды теріңіз да, сонан соң Дайын түймешігін басыңыз.

2 Қадам: Деректерді өріс ішінде бейнелеу үшін басқару элементін қосу

  1. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  2. Басқару элементін пішін үлгіңіз үстіне сүйреп апарыңыз.

  3. Басқару элементі Байланыстыру тілқатысу терезесінде, сіз басқару элементіне байланыстыруды қалаған өрісті таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректерді жіберу қосылымымен пішін үлгісін жасақтау

Егер деректерді қосу файлында деректерді жіберу қосылымы үшін параметрлер сақталса, сіз пішін үлгіңізді пайдаланушыларыңызға пішін деректерін деректер қосылымы арқылы жібере алатын етіп теңшей аласыз. Сіз осылай істеген соң, InfoPath бағдарламасы Стандартты құралдар тақтасына Жіберу түймешігін және Файл мәзіріне Жіберу түймешігін қосып қояды. Сіз пішін үшін жіберу параметрлерін Жіберу параметрлері тілқатысу терезесінде (Құралдар мәзірінде) теңшей аласыз. Жіберу параметрлері дәл пішін үлгісін дереқор немесе Веб қызметке негізделіп құрастырылғандай теңшеледі. Дерекқорға немесе Веб қызметке негізделген пішін үлгісін жасақтау туралы қосымша ақпаратқа сілтемелерді т.б. қараңыз бөлімінде табыңыз.

  1. Файл мәзірінде Пішін үлгісін жасақтау түймешігін нұқыңыз.

  2. Пішін үлгісін жасақтау тілқатысу терезесінің Жаңасын жасақтау параметрі астында, Пішін үлгісі деген параметрге нұқыңыз.

  3. Негізделген тізімінде, Қосу кітапханасы параметріне нұқыңыз.

  4. Егер сіз шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін жасақтап тұрған болсаңыз, Тек қана шолғышпен сыйысымды мүмкіндіктерді қосу параметрін таңдаңыз.

  5. Жарайды батырмасын басыңыз.

  6. Торап тізімінде, Деректерді қосу шеберінде, қосу кітапханасын өз ішіне алған Office SharePoint Server 2007 бағдарламасын жегетін сервердегі тораптың атына нұқыңыз.

    Торабыңызды тізімге қосу

    1. Тораптарға қатынасты басқару түймешігін нұқыңыз.

    2. Тораптарға қатынасты басқару тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін нұқыңыз.

    3. URL жолағында деректік қосылым кітапханасының орнын теріңіз.

    4. Бейнеленетін атау жолағында деректік қосылым кітапханасының атауын теріңіз. Бұл атау Деректік қосылым шеберіндегі Торап тізіміне шығады.

    5. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    6. Жабу түймешігін нұқыңыз.

  7. Деректерді қосу кітапханасының атына нұқып, деректерді қосу файлдарына қараңыз, сіз осы деректер қосылымы үшін пайдалануды қалаған деректерді қосу файлының атына нұқыңыз да, сонан соң Келесі түймешігін басыңыз.

  8. Егер сіз Веб қызметке қосу параметрлері болған деректерді қосу файлын таңдаған болсаңыз, шебердің келесі беті сізден қосымша деректер көзіне қосылатын ең жақсы өріс немесе топты анықтау үшін әрбір параметрдің үлгі мәндерін белгілеуді сұрауы мүмкін.

    Қалайша?

    1. Параметрлер кестесіндегі параметрді таңдаңыз, содан кейін Мән үлгісін орнату түймешігін нұқыңыз.

    2. Мән үлгісі жолағында пайдаланушыңыз осы жолақ үшін пайдалануы мүмкін мәнді теріңіз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    3. Параметрлер кестесіндегі әрбір кесте үшін осы қадамдарды қайталаңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

    Техникалық мәліметтер

    Деректік қосылымды Деректік қосылым шеберіндегі веб қызметіне баптағаныңызда, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы веб қызметіне қосады және Веб қызметінің суреттеме тілі (WSDL) файлын сұрайды. WSDL файлында веб қызметі арқылы пайдаланылатын сұлба болады. Веб қызметі осы файлды InfoPath бағдарламасына жіберу арқылы өтінішке жауап береді. InfoPath бағдарламасы сәйкес жолақтар мен топтарды пішін үлгісіндегі қосымша деректер көзіне қосу үшін осы файлдағы ақпаратты пайдаланыңыз. Егер InfoPath бағдарламасы WSDL файлында белгісіз элементті тапқанда, InfoPath бағдарламасы белгісіз элемент түрінің анықтамасын білу үішн деректер үлгісін пайдаланады, содан кейін сәйкес жолақтар мен топтарды қосымша деректер көзіне қосады.

  9. Шебердің келесі бетінде, деректер қосылымы үшін мазмұнды атауды теріңіз да, сонан соң Дайын түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×