Пішін үлгісінің қызмет мерзімі

Бұл мақала Microsoft Office InfoPath бағдарламасында пішінді құрастыру үдірісін жоғары деңгейде түсінуді қалаған пішін үлгісін құрастырушылары үшін арналған. Мақала пішін үлгісін жасаудың және оны жұмысқа қосудың түрлі кезеңдерін сипаттайды, және маңызды тапсырмалар туралы қосымша ақпараттарға сілтемелерді қамтамасыз етеді. Сіз өзіңізге ең қолайлы тәсілде жұмыс істесеңіз да, мынау кеңес етілген құрастыру үдірісін қолдану ұзақ мерзімде уақытыңызды және күшіңізді үнемдеуге жәрдемдеседі.

Бұл мақалада

1-Кезең: Жоспарлау

2-кезең: Құрастыру

3-кезең: Орнату

4-кезең: Сақтау

5-кезең: Мұрағаттау

1-Кезең: Жоспарлау

Жоспарлауға қанша уақыт жұмсауыңыз пішін үлгіңіздің күрделілігіне , Сіздің кәсіпорныңыздағы рөліңізге, және кәсіпорындағы үдірістер мен талаптарға байланысты.

Егер Сіздің пішін үлгіңізді тек қана жақын тобыңыз пайдаланатын болса, жоспарлау кезеңі ресмий болмауы мүмкін. Егер пішін үлгіңіз күрделірақ болса, жоспарлау кезеңі ресмий және құрамды үдіріс болуы мүмкін, және Сізге көпшілік үлесшілер мен кеңесуіңіз қажет болады. Мәселен, егер пішін үлгіңіз қаражат есебі яки кәсіпорын қорын жоспарлау жүйесі сияқты үлкенірек кәсіпорындық бизнес жүйенің бөлімі болатын болса, Сізге, мүмкін, функционалдық техникалық талаптар сияқты ресми жоспарлау құжаттарды жасау қажет болады.

Қалай болғанда да, пішін үлгісін құрастыруды бастаудан әуелі, Сізге төменгі мәселелерге назар аудару керек:

  • Пайдаланушы мақсаттары    Пайдаланушыларыңыз Сіздің пішін үлгіңіз бен не жұмыс істеуі қажет? Сіз қандай сценарийлерді қолдуыңыз керек? Пайдаланушыларыңыз мақсаттарын жемісті орындалғанын қалай анықтайсыз?

  • Сыйысымдылықты есепке алу    Сіздің пішін үлгіңіз кәзір немесе келешекте кәсіпорныңыздан сырттағы пайдаланушылар үшін қатынаулы болуы қажет па? Мәселен, пішін үлгіңізді кәсіпорныңыздың сыртқы Веб торабында компьютерлерінде InfoPath бағдарламасы орнатылмаған клиенттер үшін қатынаулы болуын қалайсыз ба? Егер солай болса, Сіз тек қана InfoPath бағдарламасы мен істейтін пішін үлгісі орнына браузерге үйлесімді форма үлгісі құрастыруыңыз мүмкін. Кәсіпорныңызда кейбір пайдаланушыларға пішініңізді InfoPath 2003 бағдарламасында толтыру керек болама? Егер солай болса, Сізге кері сыйысымды пішін үлгісін құрастыру қажет болады. Пайдаланушылар пішіндерді қызмет орнында болмай тұра яки дербес түрде толтыра алуын қалайсыз ба? Егер солай болса, Сіз пішін үлгіңізге оны офлайн режимі тиімді түрде істеуге рұқсат беретін мүмкіндіктерді қоса аласыз.

  • Қолданудағы пайдаланушы пішіндері     Сіз кәзірде пайдаланушылардан деректерді жинау үшін Microsoft Office Word құжаттарын яки Microsoft Office Excel жұмыс кітаптарін пайдаланудасыз ба? Егер солай болса, Сіз сол файлдарды оңайлық пен InfoPath пішін үлгілеріне айналдыра аласыз. Сізде қолданудағы InfoPath 2003 пішін үлгілері бар ма? Егер солай болса, Сіз сол пішін үлгілердің кері сыйысымды болуын қалайсыз ба, яки оларды Office InfoPath 2007 пішіміне жаңартуды қалайсыз ба?

  • Біріктіру талаптары    Сіздің пішін үлгіңіз басқа қайсы өнімдер яки технологиялар мен бірге жұмыс істейді? Мәселен, Сізге пішін үлгіңіздегі деректерді Microsoft SQL Server дерекқорында сақтауға қажет болуы мүмкін. Немесе, деректеріңізді InfoPath бағдарламасы тікелей қолдамайтын дерекқорға жібере алуыңыз үшін пішін үлгіңізді Веб қызметке негіздеп жасауды ұйғару мүмкін.

  • Пайдаланушының тідесуі талаптары    Сізге корпоротивтық таңба беру нұсқауларын ұстау қажет па? Сіз пішін үлгіңіз қалай көрінісін қалайсыз? Қандай басқару элементтерін қолданасыз және оларды қалайша ұйымдастырасыз?

  • Үдіріс талаптары    Сіздің пішін үлгіңіз қаражат есебін мақулдау үдірісі сияқты үлкенірек бизнес ұдірісінің бөлімі бола ма? Егер солай болса, Сізге қандай көрініс керек, және деректердің кәсіпорын бойынша таратылуын және олардың түрлі адамдар және бизнес жүйелер жағынан өңделуін реттейтін ережелерді қалайша енгізесіз? Іс жүрісі мүмкіндіктерін Microsoft Office SharePoint Server 2007 сияқты басқа бағдарламаларда пайдаланасыз ба?? Пішін үлгісіне басқарылатын код яки сценарий қажет па? Егер солай болса, Сіз кәсіпорын ішіндегі жасақтаушыларды пайдаланасыз ба, яки бұл жұмыс сыртқа беріледі ма?

  • Деректерді сақтау талаптары    Пайдаланушылардың пішіндеріндегі деректері мен не істейсіз? Мәселен, егер пайдаланушыларға пішін деректерін тез әрі-бері жібере алу қажет болса, және Сізге сол деректерді қайта пайдалану қажет болмаса, Сіз, мүмкін, сол деректерді сақтау үшін электрондық пошта хабарларын пайдалануды қалайсыз. Егер пайдаланушыларға пішін деректеріне кіре алу және оларды ортақтаса пайдалана алу қажет болса, Сіз, мүмкін, бір біріне қатысты InfoPath пішіндерін Microsoft Windows SharePoint қызметтері бағдарламасын жегетін сервердегі кітапханаларда сақтауды қалайсыз. Егер пайдаланушыларға пішін деректерін қаражат есебі яки бухгалтерлік бағдарламалары сияқты басқа бағдарламаларда немесе жүйелерде ашу қажет болса, Сіз, мүмкін, деректерді корпоративтік дерекқорда сақтау керек болар. Жиі кездерде, бұны пішін үлгісін Веб қызметке қосу арқылы орындауға болады. Веб қызметі пішін үлгісі мен дерекқор яки бизнес жүйесі арасында делдал ретінде қызмет етеді.

  • Қаупсіздік талаптары    Сіз қандай қаупсіздік мәселелеріне және ақаулықтарына ұшырайсыз? Пішін үлгіңіз пайдаланушы компьютерінде орнатылуы қажет па немесе пайдаланушы оны желі қорынан аша аладыма? Пайдаланушыларыңыз пішіндеріне яки пішіндеріндегі белгілі деректер жиынтығына сандық қол қоюы қажет па? Сіз пішін үлгісіні тікелей дерекқорға қосасыз ба яки деректерді қосу кітапханасы ішіндегі, әдетте әкімші басқаратын деректерді қосу файлы пайдаланасыз ба?

  • Сынау талаптары    Пішін үлгіңіздің істес тәртібін және көрінісін сынау үшін қайсы үдірісті пайдаланасыз? Сізге ресми сынау жоспарын әзірлеу қажет па?

  • Орнату талаптары    Пішін үлгіңізді басқа кісілер мен қалайша ортақтаса пайдалануды жоспарлаудасыз? Пішін үлгісін қай жерге жариялайсыз? Егер оны InfoPath Forms Services бағдарламасын жегетін серверге жариялауды жоспарласаңыз, Сіз оны кітапханаға яки тораптың контент түрі ретінде жариялауды қалайсыз ба? Пайдаланушыларыңызға пішін үлгісінің мүмкіндіктерін қалай ескертесіз? Пішін үлгілерінің жаңа нұсқаларын шығару жөнінде қандай жоспарларыңыз бар?

  • Сақтау талаптары    Сіз пішін үлгілеріңізді, пайдаланушы пішіндерін яки екеуін да мұрағаттауды қалайсыз ба? Деректерді қанша сақтап тұруыңыз керек? Кәсіпорныңыздің мұрағатту және сақтау талаптары қандай?

Беттің жоғарғы жағы

2-кезең: Құрастыру

Жоспарлау кезеңін аяқтаған соң, құрастыру үдірісін бастауыңызға болады. Сізге пішін үлгісін құрастырған сәтте төменгі тапсырмаларды тізімделген тәртіпте орындау кеңес етіледі. Бірақ, қажет болса, ол тәртіптен ауытқу мүмкін. Мәселен, құрастыру үдірісі кезінде істеу орнына, Сіз деректерді тексеруді, шартты пішімдеуді, және басқару элементтері үшін ережелерді сол басқару элементтерін пішін үлгіңізге қоса тұрып анықтауды мақұл көруіңіз мүмкін.

1-қадам: Пішін үлгісін жасау

2-қадам: Негізгі деректер көзін жасау яки белгілеу

3-қадам: Ораналасуды анықтау

4-қадам: Басқару элементтерін үстеу

5-қадам: Деректер қосылымын үстеу

6-қадам: Деректерді тексеруді, ережелерді, және басқа бизнес логикасы мүмкіндіктерін үстеу

7-қадам: Теңшелетін көріністерді жасау

8-қадам: Жіберу істес тәртібін қосу

9-қадам: Қаупсіздік мүмкіндіктерін қосу

10-қадам: Көрініс пен істес тәртібін сынау

1-қадам: Пішін үлгісін жасау

Пішін үлгісін жасаған соң, Сізге, мүмкін, қолданудағы Word құжаты немесе Excel жұмыс кітабі сияқты пішінді InfoPath бағдарламасына импорттау, яки пішін үлгісінің сыйысымдық параметрлерін қорытынды пішіндерді InfoPath 2003 бағдарламасында яки Веб шолғышта толтыруға болатындай етіп анықтау қажет болады. Осы параметрлердің көпшілігі Пішін үлгісін құрастыру тілқатысу терезесінде қатынаулы. Мәселен, егер Сіз Microsoft Office InfoPath бағдарламасында яки Веб шолғышта ашылатын және толтырылатын пішін үлгісін құрастыруды қаласаңыз, Пішін үлгісін құрастыру тілқатысу терезесінде Тек қана шолғышпен сыйысымды мүмкіндіктерді қосу құсбелгі көзін белгілей аласыз.

Төменгі қор көздері пішін үлгісін жасау үдірісі туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.

Сілтемелерді

шертіп қараңыз

InfoPath Пішіндер қызметтеріне кіріспе

Сізге шолғышта ашылатын және толтырылатын пішін үлгісін жасауға мүмкіндік беретін сервер технологиясы мен танысыңыз.

Шолғышпен сыйысымды пішін үлгілеріне кіріспе

InfoPath бағдарламасында, шолғышта, немесе мобильдік құрылғыда ашылаты немесе толтыруға болатын шолғышпен сыйысымды пішін үлгісі мен таныңыз. Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісі InfoPath Forms Services бағдарламасын жегетін серверге жарияланған соң, Сіз немесе сервердің фермерлік әкімшісі оны шолғышта пайдалануға қоса алады.

Пішін үлгісінің сыйысымдылық параметрлерін белгілеу

Пішін үлгісінің сыйысымдылық параметрін таңдаңыз яки қолданудағы сыйысымдылық параметрді өзгертіңіз. Бұл параметр пішін үлгіңізді құрастырғанда InfoPath мүмкіндіктері мен басқару элементтерінің қайсы біреулері қатынаулы болуын анықтайды. Мәселен, егер Сіз Пішін үлгісін құрастыру тапсырмалар аймағында Тек қана шолғышпен сыйысымды мүмкіндіктерді қосу құсбелгі көзін белгілесеңіз, InfoPath шолғышты қолдайтын пішін үлгілерінде істемейтін басқару элементтері мен мүмкіндіктерді жасырады яки ажыратады.

InfoPath 2003 бағдарламасы мен істейтін пішін үлгісін құрастыру

InfoPath 2003 мен InfoPath 2007 бағдарламаларының екеуі мен істейтін пішін үлгісін жасаңыз.

InfoPath 2003 бағдарламасының пішін үлгісін InfoPath 2007 бағдарламасына жаңарту

InfoPath 2003 пішін үлгісін Office InfoPath 2007 пішіміне жаңартып, Сіз пішін үлгіңізде Ақпаратқа қатынасу құқықтарын басқару сияқты, Office InfoPath 2007 бағдарламасына тән мүмкіндіктерді еркін пайдалана аласыз.

Excel жұмыс кітабын InfoPath пішін үлгісіне айналдыру

Қолданудағы Microsoft Office Excel жұмыс кітабынан пішін үлгісін жасаңыз.

Word құжатын InfoPath пішін үлгісіне айналдыру

Қолданудағы Microsoft Office Word құжатынан пішін үлгісін жасаңыз.

2-қадам: Негізгі деректер көзін жасау яки белгілеу

Барлық пішін үлгілері пішінде жиналған деректерді сақтайтын деректер көзіне негізделген. Бұл деректер көзі корпоративтік деректер қоры, Веб қызмет, яки кәсіпорныңыз бойынша деректерді стандарттау үшін қолданудағы XML сұлбасы (.xsd) файлы сияқты XML файл болуы мүмкін. Егер Сізде қолданудағы деректер көзі болмаса, Сіз пішін үлгіңізге басқару элементтерін үстегеніңізде, InfoPath бағдарламасына деректер көзін жасауға мүмкіндік берсеңіз болады.

Сіз пішін үлгіңіз үшін деректер көзінің көрмесін Деректер көзі тапсырмалар аймағында көре аласыз:

Деректер көзі тапсырмалар аймағының бөлімі

Пішін үлгісін бірінші рет жасағаныңызда, Сіз төменгі тәсілдердің қайсысын қолдануды ұйғаруға тиістісіз:

  • InfoPath бағдарламасына деректер көзіні жасау мүмкіндігін беру    Егер Сіз бос пішін үлгісін жасасаңыз, басқару элементтерін пішін үлгіңізге қосып тұрғаныңызда, InfoPath Сіз үшін деректер көзін жасайды. Бұл, азғантай топ бейресми пайдаланатын пішін үлгісін құрастырғаныңызда, Сізде кәсіпорныңыздің қолданудағы деректер көзіне кіруге рұқсат болмағанда, немесе Сізге пішінден сыртта жиналған деректерді сақтауға қажет болмағанда пайдалы болуы мүмкін. Мұндай деректер көзі, сондай-ақ, Сіз пішіндерді SharePoint кітапханасында яки Microsoft Office Outlook 2007 электрондық пошта хабарында ортақтаса пайдаланғаныңызда, және пішіндегі ақпаратты дерекқорда яки басқа сыртқы орналасуда сақтау орнына, кітапханада яки InfoPath формаларының қалтасы бағандарда бейнелеуді қалағаныңызда тиімді болады.

  • Қолданудағы деректер көзін пайдалану    Егер Сіз пішін үлгіңізді дерекқоры яки Веб қызмет сияқты қолданудағы деректер көзіне негіздеп құрастырсаңыз, InfoPath сол деректер көзі мен негізгі деректер байланысы орнатады. Пішін үлгісінде тек қана бір негізгі деректер қосылымы болуы мүмкін. Құрастыру барысында, тізімдерді сыртқы деректер мен толтыру үшін яки пішін деректерін біреуден көбірек деректер көзіне жіберу үшін, Сіз екінші реттегі деректер көзі мен деректер қосылымын жасай аласыз. Қосымша деректер көздері туралы қосымша ақпарат алу үшін осы мақаланың соңырғында "5 Қадам: Деректер қосылымдарын үстеу" деген бөлімді қараңыз.

Төменгі қорлар Сізге деректер көзінің қандай типіні қолдануды, және қосымша деректер қосылымдарын пішін үлгіңізге қашан үстеу керектігін анықтауға жәрдемдесетін қосымша мәліметтерді ұсынады.

Сілтемелерді

шертіп қараңыз

Деректер көздеріне кіріспе

InfoPath бағдарламасы бірге істейтін деректер көздері мен және олар Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы көрінісі мен танысыңыз.

Деректер қосылымдарына кіріспе

Пішін мен сол пішін үшін деректерді сақтап және қамтамасыз ететін деректер көзі арасындағы динамикалық байланыс болған деректер қосылымдары мен танысыңыз.

Пішін үлгісін деректерді қосу кітапханасындағы параметрлерді пайдаланып құрастыру

Пішін үлгіңізді Office SharePoint Server 2007 торабындағы деректерді қосу кітапханасында сақталған жалпы деректерді қосу файлына негіздеп құрастырыңыз. Бұл файл Access дерекқоры, электрондық кесте, яки мәтін файлы сияқты деректер көзімен орнатылған байланыс туралы ақпаратты сақтайды.

3-қадам: Орналасуды анықтау

Пішін үлгілерінің көпшілігі пішін мазмұнына кірген басқару элементтерді, пішін бөлімдеріні, таңбаларды және суреттердің басқа түрлеріні реттеу және жайғастыру үшін арқаулық жүйе болған кемінде бір орналасу кестесін өз ішіне алады.

Сіз дайын орналасу кестелерін Орналасу тапсырмалар аймағында таба аласыз:

Орналасу тапсырмалар аймағының бөлімі

Төменгі қорлар пішін үлгіңіз үшін көрмекі құрастыру параметрлері туралы қосымша ақпаратты ұсынады.

Сілтемелерді

шертіп қараңыз

Пішін үлгісіні орналастыруға кіріспе

Сізге пішін үлгісіндегі элементтерді туралауға жәрдемесетін орналасу кестелерімен және орналастыру мақсатында қолданылатын бақару элементтерімен танысыңыз.

Түсті схеманы қолдану

Үйлестірілген түстерді пішін үлгіңіздегі белгілі элементте қолдану туралы мәлімет алыңыз.

Суретті кірістіру және жайғастыру

Корпоративтік таңба яки кәсіпорын белгісі сияқты суреттерді қалай кірістіру туралы мәлімет алыңыз.

4-қадам: Басқару элементтерін үстеу

Басқару элементтері пайдаланушыларға пішін үлгісіндегі деректерге кіруге және оларды таңдауға мүмкіндік береді. Олар, сондай-ақ, дерекқорлар яки Веб қызметтер сияқты қолданудағы деректер көзідерінен алынған деректерді бейнелеу үшін да қолдануы мүмкін. Пішін үлгіңіздің орналасуын жасаған соң, Сізге қажетті болған қалаған басқару элементін пішін үлгіңізге кірістіре аласыз. Басқару элементтері тапсырмалар аймағы InfoPath бағдарламасында қатынаулы болған барлық басқару элементтеріне, соның ішінде тапсырмалар аймағына үстелген ActiveX басқару элементі яки үлгі бөлігі сияқты қандай болсада теңшелетін басқару элементтеріне кіруге рұқсат береді.

Басқару элементтері тапсырмалар аймағының бөлімі

Сіз Басқару элементтерін кірістіру тізімінде басқару элементінің атына шертіп, яки басқару элементіні тапсырмалар аймағынан пішін үлгісінің жұмыс кеңістігіне сүйреп апарып, басқару элементін пішін үлгіңізге үстей аласыз. Пішін үлгіңізге үстейтін басқару элементінің типіне қарай, пішінді толтыратқан пайдаланушылар мәтін өрістеріне мәтінді теріп кірітуі, қайталама басқару элементтеріндегі деректерді көруі, параметр батырмалары мен құсбелгі көздерінен таңдауларды орындауы, тізімден жазбаларды таңдауы, және пәрмен батырмаларын басып пәрмендерді орындауы мүмкін болады. Пайдаланушылар басқару элементіне енгізетін деректер пішіндің деректер көздерінде сақталады.

Төменгі қорлар басқару элементтерін InfoPath бағдарламасында пайдалану туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Басқару элементтеріне кіріспе

InfoPath бағдарламасында қатынаулы болған басқару элементтерінің түрлі типтері туралы мәлімет алыңыз.

Пішін үлгісінің бөлімін көпшілік пішін үлгілерінде қайта қолданатындай етіп құрастыру

Үлгі бөлімдерін кірістіруді және жаңартуді үйреніңіз. Үлгі бөлімдері Сізге пішін үлгілері жиынтығы үшін дәйекті жасақтамані істеуге жәрдемдеседі. Мәселен, Сіз қолтаңба бөлімдері үшін үлгі бөлімдерін жасай аласыз. Басқару элементтерімен орналасуды қайта пайдаланумен бір қатар, Сіз ережелерді, шартты пішімдеуді және деректерді тексеруді да қайта пайдалана аласыз.

5-қадам: Деректер қосылымдарын үстеу

Барлық пішін үлгілері бастапқы деректер көзіне ие, ол және негізгі деректер көзі деп аталады. Егер Сіз деректер қоры яки Веб қызметі сияқты сыртқы деректер көзіне негізделген пішін үлгісін құрастырсаңыз, InfoPath бағдарламасы сыртқы деректер көзіне негізделген негізгі деректер көзін жасайды. Балама ретінде, егер бос пішін үлгісін құрастырсаңыз, пішін үлгіңізге басқару элементтерін үстеп тұрғаныңызда, InfoPath бағдарламасы Сіз үшін негізгі деректер көзін құрастырып береді.

Пішін үлгісін құрастыра тұрып, Сіз тағы деректер қосылымдарын да бір немесе көбірек қосымша деректер көздеріне үстей аласыз. Қосымша деректер көзі XML деректер файлы, дерекқор, яки тізім яки сценарий әрекеттеріндегі жазбалар үшін пішін пайдаланатын Веб қызметі болып табылады. Бұл Сізге пішін үлгісінің тізімдеріні және басқа басқару элементтеріні SQL Server деректер қоры яки SharePoint тізімінде тұратын деректер сияқты сыртқы деректермен толтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, пайдаланушылар деректеріні біреуден көбірек сыртқы деректер көздеріне жіберуі қажет болғанда, қосымша деректер көздеріне деректер қосылымдарды үстей аласыз.

Төменгі қорлар қосымша деректер қосылымдары және олар InfoPath бағдарламасында не үшін қолданылуы туралы қосымша мәлімет ұсынады.

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Деректер қосылымдарына кіріспе

Деректер қосылымы немене екенін, және деректер қосылымын деректер қорынан, Веб қызметіден яки басқа деректер көзінен қалайша бөліп алуды және жіберуді үйреніңіз. Мәселен, егер топтың жобалары SharePoint торабында тізімделген болса, Сіз сол тізіммен деректер қосылымын орнатып, жоба атаулары пішіндегі тізім басқару элементінде бейнелей аласыз.

Деректер қосылымын SharePoint құжат кітапханасына яки тізімге үстеу

Пішін үлгіңізге деректерді кітапхана яки тізімнен сұрайтін, немесе кітапханаға яки Windows SharePoint Services қымзетін жегетін серверге жібере алатын қосымша деректер қосылымын пішін үлгіңізге үстеңіз.

Microsoft SQL Server дерекқорына деректер қосылымын үстеу

SQL Server деректер қорыны сұрайтін қосымша деректер қосылымын пішін үлгіңізге үстеңіз.

Веб қызметіне деректер қосылымын үстеу

Веб қызметіне деректерді жібере алатын яки одан деректерді сұрай алатын қосымша деректер қосылымын пішін үлгіңізге үстеңіз.

Қосу кітапханасыдағы параметрлерді қолданып деректер қосылымын үстеу

Office SharePoint Server 2007 торабындағы деректерді қосу кітапханасыдағы деректерді қосу файлын қолданып деректер қосылымын үстеңіз. Бұл файл Access дерекқоры, электрондық кесте, яки мәтін файлы сияқты деректер көзімен орнатылған қосылым туралы ақпаратты сақтайды.

Веб қызметінің мәндерін пайдаланып тізімді, ашылмалы тізімді, яки тізімді өрісті толтырыңыз

Веб қызметін мен орнатылған қосымша деректер қосылымын пайдаланып тізімді, ашылмалы тізімді, яки тізімді өрісті толтырыңыз.

SQL Серверіден алынған мәндерді пайдаланып тізімді, ашылмалы тізімді, яки тізімді өрісті толтырыңыз

Microsoft SQL Server дерекқорымен орнатылған сұрау деректер қосылымын пайдаланып тізімді, ашылмалы тізімді, яки тізімді өрісті толтырыңыз .

Қосымша деректер қосылымын дербес пайдалану үшін теңшелеу

Пішін үлгіңізді, пайдаланушылар оған негізделген пішіндерді толтырғанда, сол пішіндер қосымша деректер қосылымының кэш деректерін пайдалана алатындай етіп теңшеңіз. Бұл пайдаланушыларда желілік байланыс болмаған кезде, немесе пішіндің сыртқы деректер көзі қатынаулы болмағанда өте тиімді болады. Осы сценарийлерде, InfoPath бағдарламасы кэштелген деректерді пішінде бейнелейді, ал пішін пайдалуншы үшін жұмысын кәдімгідей жалғастырады.

6-қадам: Деректерді тексеру мүмкіндігін, ережелерді және басқа бизнес логикасы мүмкіндіктерін қосу

Бұл мүмкін болған жағдайда бизнесіңіздің қаражаттарын азайтып, оның тиімділігін арттыру үшін маңызды. Сіз бизнес логикасы мүмкіндіктерін пішін үлгіңіз ішінде пайдаланып шығынды деректерді енгізу қателерін алдын алуыңыз, және пайдаланушы пішініндегі амалдарды амтоматтандыра аласыз. Сіз деректерді тексеру, шартты пішімдеу, және ереже сияқты InfoPath мүмкіндіктерін пайдаланғыңызда, Сіз пішінді ашу яки жабу сияқты амалрдарға немесе пішін үлгіңізге кірітілген мәндерге негізделген тапсырмаларды автоматты түрде орындайтын шарттар мен әрекеттерді анықтай аласыз.

Төменгі қорлар InfoPath бағдарламасындағы бір қатар бизнес логикасы мүмкіндіктерін көрсететін қосымша мәліметтерді ұсынады.

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Деректерді тексеру мүмкіндігін қосу, өзгерту яки жою

Пайдаланушы пішінді толтырған кезде қателерді автоматты түрде табу. Деректерді тексеру мүмкіндігін пішін үлгіңіздегі басқару элементтеріне қосу Сізге дұрыс және дәйекті деректерді жинауға жәрдемдеседі және сол деректердің кәсіорныңызда әлдеқашан қолданудағы кез келген стандарттарға сай келуін қамтамасыз етеді.

Пішін үлгісінде шартты пішімдеуді қолдану

Пішінде орындалатын шарттарға негізделіп басқару элементтерінде пішімдеуді қолдану яки жасыру. Сіз шартты пішімдеуді қолданып жуан, астынғы сызық, көлбеу, үстін сызу, қаріп түсі және фондық түс мүмкіндіктерін басқару элементіне автоматты түрде қоса аласыз. Сіз тағы шартты пішімдеу мүмкіндігін пайдаланып, пайдаланушылар пішінді толтырғанда ондағы басқару элементі көріне ма, басқару элементі ажыратылған ба, яки пайдаланушыларға қосымша бөлімдер сияқты белгілі басқару элементтерін қосу яки жою мүмкіндігін беру керек па екенін анықтай аласыз.

Ережені қосу

Тілқатысу терезесін бейнелейтін, өрістің мәнін орнататын, деректерді деректер қосылымынан сұрайтын яки оған жіберетін, көріністерді ауыстыратын, яки пішінде орындалатын белгілі амалдар мен шарттарға жауап ретінде пішінді жабатын яки ашатын ережелерді қосу.

Басқару элементіне өрнекті қосу

Деректерді есептеу үшін, басқару элементіндегі арнайы күндерді және уақыттарды бейнелу үшін, немесе пайдаланушылар басқару элементіне кірітетін мәндерді бейнелеу үшін өрнектерді қосыңыз.

Пішін үлгісіндегі бизнес логикасыны көру

Деректерді тексеру параметрлеріні, есептелген әдекі мәндерді, ережелерді, және пішін үлгіңізге байланысты бағдарламалау мүмкіндіктерінің бәрін Логика инспекторы тілқатысу терезесін пайдаланып қарап шығыңыз. Бұл амал сол параметрлерді қарап шығу үшін әрбір басқару элементіні бөлек ашу үдірісінінен көре кемірек уақытты талап етеді.

InfoPath бағдарламасының бизнес-логика мүмкіндіктері көпшілік пішін үлгілері үшін керек болатын барлық мүмкіндіктер деп табылады. Бірақ, егер Сіздің пішін үлгіңіз InfoPath бағдарламасында болмайтын қосымша мүмкіндіктерді талап ететін болса, Сіз кодты қолданып теңшелетін мүмкіндіктерді жаратуыңыз мүмкін. Егер сценарий жазуды қаласаңыз, Сіз Microsoft сценарийлер редакторы (MSE) бағдарламасын пайдаланып Microsoft JScript немесе Microsoft Visual Basic Scripting Edition (VBScript) кодын жасап, оны өңдеп және күйін келтіре аласыз. Егер басқарылатын кодты жазуды қаласаңыз, Сіз Microsoft Visual Studio 2005 Tools for Applications (VSTA) бағдарламасын пайдаланып Visual Basic яки Visual C# кодын жасап, оны өңдей және күйін келтіре аласыз. Сонымен қатар, егер Сізде Microsoft Visual Studio 2005 бағдарламасы болса, 2007 Microsoft Office жүйесіне арналған Microsoft Visual Studio 2005 Tools бағдарламасын қотарып, оны компьютеріңізге орнату арқылы InfoPath құрастырушы тәртібі мүмкіндіктерін Visual Studio 2005 даму ортасымен біріктіре аласыз. Сонан соң, Сіз Visual Studio 2005 бағдарламасын ашып, InfoPath пішін үлгісі жобасын жасап, және құрастырушы тәртібін пайдаланып пішін үлгіңізді құрастыруыңыз мүмкін. 2007 Microsoft Office жүйесіне арналған Microsoft Visual Studio 2005 Tools бағдарламасын қотару жөнінде қосымша ақпаратты Microsoft Жасақтаушы желісінің Веб торабындағы InfoPath Жасақтаушы порталында қараңыз.

7-қадам: Теңшелетін көріністерді жасау

Әрбір InfoPath пішін үлгісінде әдепкі көрініс болып, ол пайдаланушылар пішін үлгіңізге негізделген пішінді бірінші рет ашқанда бейнеленеді.

Сіз Көріністер тапсырмалар аймағын қолданып пішін үлгіңіздің қосымша көріністерін құрастыра аласыз:

Көріністер тапсырмалар аймағының бір бөлегі

Жаңа көріністі құрастырған кезде, Сіз әдетте пішінді орналастыру, оған басқару элементтерін қосу, және деректерді тексеру мен басқа мүмкіндіктерді қосу үдірістерін қайталайсыз.

Пішін үлгісінің түрлі көріністерін жасау арқылы, сіз пайдаланушыларға пішіндегі деректерге түрлі қарауға мүмкіндік бересіз. Бұл бір бизнес үдірісі үшін бірнеше пішін үлгілерін құрастыру талабын болдырмайды. Мәселен, сақтандыру талабын өңдеу үшін қолданылатын пішін үлгісінде, сақтандыру полисі иелері үшін бір көріністі, сақтандыру агенті үшін екінші көріністі, және сақтандыру шығынын бағалаушы үшін үшінші көріністі жасай аласыз. Осы көріністердің әрбірі оған ақпарат енгізетін пайдаланушылар типіне лайықты етіп теңшеледі. Сіз тағы тек қана пішіндерді басып шығару үшін қолданылатын теңшелетін баспа көріністерді да құрастыра аласыз.

Көріністер қарапайым және айқын болуы керек. Бірақ, егер Сіз пайдаланушыларыңызға арнайы нұсқаулар беруді қаласаңыз, Сізге, мүмкін, көрініске жәрдемшіні қосып қою қажет болады. Мәселен, пішін үлгіңіз үшін арнайы Анықтама көрінісін жасауға болады, сонан соң әдепкі көрініске пайдаланушылар Анықтама көрінісіне кіру үшін шертетін батырманы үстеуге болады.

Төменгі қорлар көріністер туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Көріністі қосу яки жою

Көріністерді қалай қосуды, басқаруды және оларды жоюды үйреніңіз.

Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісінің тек қана InfoPath көрінісін жасау

Екі пайдаланушы үшін шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін екі көрінісін жасауді үйреніңіз. Бір көрініс пішін үлгісін Веб шолғышта ашатын пайдаланушылар үшін арналады. Басқасы тек қана компьютерінде InfoPath бағдарламасы орнатылған пайдаланушылар үшін арналады. Бұл тек қана InfoPath бағдарламасын арналған көрініс еш қашан Веб шолғышта бейнеленбейді. Сондықтан, Сіз шолғышпен сыйысымды пішін үлгісінде қолданбайтын пайдаланушы рөлі яки жетекші және мәліметтерді басқару элементтері сияқты InfoPath мүмкіндіктерін осы көріністе пайдалануыңыз мүмкін.

Басып шығару үшін бапталған көріністі құрастыру

Пішін үлгіңіз үшін басып шығарылатын көріністі қалай құрастыруды және басқа басып шығару ыңайлы болған пішін үлгілерін жасау техникаларын үйреніңіз.

Пішін үлгісіне теңшелетін Анықтама мәтінін қосу

Пішін үлгіңіз үшін Анықтама көрінісін қалай құрастыруды және теңшелетін нұсқаулық мәтіндерді пайдаланушыларға бейнелеудің басқа техникаларын үйреніңіз.

8-қадам: Жіберу істес тәртібін қосу

Сіз үлкенірек бизнес үдірісі жайында деректерді жинау үшін пішін үлгісін құрастырғаныңызда, сол деректер әдетте пайдаланушылар толтыратын пішіндерде қалмайды. Оның орнына, пішін деректері пішінден бізнес үдірісінің кезектегі кезеңіне жылжыйды  — әдетте дерекқор яки Веб қызметі сияқты сыртқы деректер көзіне. Мәселен, жұмысшы InfoPath бағдарламасын қаражат есебі пішінін толтыру үшін пайдалануы мүмкін, сонан соң сол пішінді Веб қызметіне жібереді, және ол жерде пішінді өңдеу мүмкін.

Пішін үлгіңіздегі деректердің қай жерге жіберілуін белгілеу бизнес үдірісіңіздің айқындығын және тиімділігін арттырады, себебі сөйтіп Сіз сол үдірістерді бақылауды нығайтады. Пайдаланушылар пішін деректерін жіберуден әуелі, InfoPath бағдарламасы сол пішіндердегі деректердің дұрыс екенін тексереді және пайдаланушыларға дұрыс емес деректерді дұрыстауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік сыртқы деректер көзіне тек қана дұрыс деректер жіберілуін қамтамасыз етеді.

Төменгі қорлар пішін үлгіңізді қалайша пішін деректері Сіз таңдайтын мекенжайға жіберілетіндей етіп құрастырылуын түсінтіреді.

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Пішін деректерін жіберуге кіріспе

Пішін деректерін деректер қоры яки Веб қызметі сияқты белгілі орналасуға жіберу туралы оқыңыз.

Пішін деректерін бірнеше орналасуларға жіберу

Пайдаланушылар пішіндеріндегі Жіберу батырмасын пішін деректерін бірнеше орналасуларға жіберетін қосымша деректер қосылымдарын және ережелерін құрастырыңыз.

9-қадам: Қаупсіздік мүмкіндіктерін қосу

Сіз пішін үлгіңіз бен оған тиісті пішіндердің қаупсіздігі жайындағы таңдауларды кәсіпорныңыздың қолданудағы қаупсіздік саясатына негізделіп орындауыңыз керек.

Егер Сіз шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін жасап тұрған болсаңыз, InfoPath Forms Services бағдарламасын жегіп тұрған серверде сақталатын ақпараттардың қаупсіздігіне бір қатар себептер әсер етуін ескеріңіз. Кейбір себептерді Сіз бақылайсыз, басқаларын Сіздің әкімшіңіз бақылайды. Әкімші пайдаланушы тіркелгісін орнатады және оны басқарады, рұқсаттарды тағайындайды, және пайдаланушыларға желіге яки серверге кіру ақаулықтары жайында жәрдемдеседі. Сізге, мүмкін, пішін үлгіңіз үшін тиісті параметрлерді орнату үшін әкімшімен бірге істес қажет болады.

Төменгі қорлар қалайынша пішін үлгіңізді қаупсіздікті есте сақтап құрастыруды түсінтіреді.

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Пішін үлгілері және пішіндердің қаупсіздігі жайында алынатын есептер

Пішін үлгісімен пішіндерді қорғауға жәрдемдесу үшін кейбір ең жақсы тәжірібелер туралы оқыңыз.

InfoPath пішіндерінің қаупсіздік дәрежелері

Пішіндер үшін үш түрлі қаупсіздік дәрежелерімен танысыңыз: Шектелген, Домендік, және Толық сенім. Қаупсіздік дәрежелері басқа домендердегі деректерге кіруді, яки файлдармен пайдаланушы компьютерінде параметрлерге кіруді үйреніңіз.

Пішін үлгісі үшін қажетті қаупсіздік дәрежесін орнату

Override the default security setting, which InfoPath бағдарламасы пішін үлгіңіздегі мүмкіндіктерге негізделіп автоматты түрде таңдайтын әдепкі қаупсіздік параметрді ауыстырыңыз.

Сандық қолтаңбаларға кіріспе

InfoPath бағдарламасындағы сандық қолтаңбалар және оларды шолғышты қолдайтын пішін үлгілерінде пайдалану мен танысыңыз. Пішінге қол қою пайдаланушының пішінді толтырған кісіні екенін куәландыруге және пішіндің мазмұны өзгертілмегенін тексеруге жәрдемдеседі.

10-қадам: Сынау көрінісі және оның істес тәртібі

Сіздің сынау жоспарыңыз пішін үлгіңіздің күрделілігіне және кәсіпорныңызда пішін үлгілерді орнату жайындағы қолданудағы саясаттарға тәуелді. Сіздің сынау жоспарыңыз пішін үлгіңізге негізделген пішіндердің істес тәртібін және көрінісін сынау үшін пішін үлгісін алдын ала көру сияқты оңай болуы мүмкін. Пішін үлгісін үлкенірек ауқымда орнатылған кезде, ұқыптырақ және ресми сынау қажет болуы мүмкін. Мәселен, Сіз пайдалану қолайлығын тексеруді яки пайдаланушылар қатысатын жоспарлы орнату сынауын орындау қажет болуы мүмкін.

Ең негізгі сынау барысында әдетте пішін үлгісін InfoPath бағдарламасының Алдын ала қарап алу терезесі да қолданылады. Алдын ала қарап алу терезесі Сізге пішінді ол пайдаланушыларға көрінетін түрде көру және деректердің мүмкіндіктерін сынау үшін оларды басқару элементтеріне енгізу мүмкіндігін береді. Бұл Сізге басқару элементтерін туралауды және пішімдеуді тексеруге мүмкінідік береді. Сонымен қатар, Сіз басқару элементтерінің мүмкіндіктерін да пішініңіз ішінде сынай аласыз. Мәселен, Сіз басқару элементтеріне деректерді кірітіп деректерді тексеру мүмкіндігін, өрнектерді, ережелерді және деректер қосылымдарының дұрыс істеуін тексере аласыз. Алдын ала қарап алу терезесінде, пішін үлгіңізде қателер және редакторлық қайшылықтар жоқ екенін, және оның дұрыс көріністі екенін тексеруіңіз керек.

Кеңес : Сондай-ақ, Сіз пішін үлгіңізді құрастырған сәтте, Алдын ала қарап алу терезесін басқару элементтерін және пішіндің істеу тәртібін оңай және қайталама түрде сынау үшін пайдалануыңыз мүмкін.

Сынаудың көбін өзіңіз өткізе алсаңыз да, пішін үлгіңізді жариялап, оны таратудан әуелі, пайдаланушылар талаптары орындалғанын тексеру үшін пішін үлгіңізді олар мен бірге сынауға тиістісіз. Ойдағыдай етіп істеу үшін, Сіз сыналатын пішін үлгісін жариялап, оны азғантай пайдаланушылар мен сұрақ-жауап өткізу үшін жіберуіңіз орынды болады. Сөйтіп, Сіз айқын пайдаланушылардан пішін үлгіңіздің жалпы пайдалануға қолайлығы туралы қосымша мәлімет сұрай аласыз. Сонан соң, Сіз пішін үлгісін көбірек пайдаланушыларға жариялаудан әуелі тиісті өзгертулерді енгізуіңіз мүмкін.

Төменгі қор Жасақтама тексергіші тапсырмалар аймағын пішін үлгісін тексеру үшін қалай пайдалану керектігін түсінтіреді.

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Жасақтама тексергіші тапсырмалар аймағына кіріспе

Жасақтама тексергіші тапсырмалар аймағы мен танысыңыз, және пішін үлгіңіздің мүмкіндіктерін сынау үшін ол қалай қолданылатынын үйреніңіз.

Беттің жоғарғы жағы

3-кезең: Орнату

Пішін үлгісін орнату үдірісіне оны жариялау, Веб ішінде пайдалануға қосу (тек қана шолғышпен сыйысымды пішін үлгілері үшін), және пішін үлгісі қатынаулы екенін пайдаланушыларға ескерту амалдарын өз ішіне алады. Егер Сіз пішін үлгіңізді пайдаланушыларыңыз компьютерлерінде орнатуды жоспарласаңыз, жариялау үдірісі тағы арнайы орнату файлын жасауды да өз ішіне алуы мүмкін. Сіз пішін үлгілерін көп орналасуларға жариялай аласыз, соның ішінде электрондық пошта хабарын тарату тізімдері мен InfoPath Forms Services яки Windows SharePoint Services қызметтерін жегетін серверлерге да.

Егер Сіз шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін InfoPath Forms Services бағдарламасын жегетін серверге жариялауді жоспарлап тұрған болсаңыз, Сіз пішін үлгісін жариялау мен бір қатарда, оны шолғышта қолдауға тиістісіз. Көпшілік жағдайда, Сіз осы амалды жариялау үдірісі барысында Жариялау шеберіндегі құсбелгіні белгілеу арқылы орындай аласыз. Бірақ, егер сіздің пішін үлгіңіз басқарылатын код сияқты белгілі мүмкіндіктерді өз ішін алса Сіз пішін үлгіңізді өзіңіз шолғышта қолдай алмайсыз. Оның орнына, Сіз пішін үлгісін ортақтас орналасуға сақтап, ферма әкімшісіне ол қарап шығу үшін қатынаулы екенін хабарлауға тиістісіз. Сонан соң, ферма әкімшісі пішін үлгісінде қателер және ескертулер жоқ екенін тексереді, оны Веб фермасына кері қотарады да, сонан соң, оны сервердегі сайттар жиыны белсендіреді.

Төменгі қорлар жариялау үдірісін және ол неге алып келуін сипаттайды

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Пішін үлгісін жариялауға кіріспе

Пішін үлгіңізді қалайша және қай жерге жариялауыңызды анықтап алыңыз.

Пішін үлгісін InfoPath пішіндер қызметтерін жегетін серверге жариялау

InfoPath бағдарламасында яки Веб ішінде толтыруға болатын шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін жариялаңыз. Сондай-ақ, бұл мақаланы оқып, Сіз пішін үлгісін шолғышта қолдай алуыңызды яки Сізге бұл амалды ферма әкімшісі Сіз үшін орындауы қажет па екенін анықтай аласыз.

Пішін үлгісін Microsoft Windows SharePoint Services қызметін жегетін серверге жариялау

Пішін үлгісін кітапханаға жариялаңыз. Кітапхана SharePoint торабындағы орналасу болып, ол жерде файлдар жиыны басқарылады. Сондай-ақ, Сіз пішін үлгісін торап мазмұны типі ретінде жариялай аласыз, және бұл Сізге бірнеше пішін үлгілерін бір кітапханаға яки бір пішін үлгісін тораптар жиыны бойынша бірнеше кітапханаларға жариялауға мүмкіндік береді.

Пішін үлгісін электрондық пошта хабары қабылдаушыларының тізіміне жариялау

Пішін үлгісін электрондық пошта хабары ішінде пайдаланушыларыңызға таратыңыз. Жариялау шебері пішін үлгісін көшірмесі мен сол үлгіге негізделген пішінді өз ішіне алатын электрондық пошта хабарын жасайды. Пайдаланушылар сол электрондық пошта хабарын ашқан соң, олар пішінді тура электрондық хабардың ішінде толтыра алады.

Толық сенімді пішін үлгісін жариялау

Жариялау шеберін пайдаланып орнату файлдарын жасаңыз, сөйтіп Сіз толық сенімді пішін үлгілерін пайдаланушы компьютерлерінде орната аласыз. Егер тиісті пішін үлгісіне сенімді түбірлік куәлік пен сандық қол қойылған болса ғана яки пішін үлгісі Microsoft Windows Installer (.msi файлы) сияқты бағдарлама жәрдемінде пайдаланушы компьютерінде орнатылған болса, пішін Толық сеніммен істейді.

Беттің жоғарғы жағы

4-кезең: Сақтау

Пішін үлгісін сақтау барысы қажет болғанда пішін үлгісін жаңарту және жаңа нұсқаларды шығару амалдарын өз ішіне алады. Мезгіл-мезгілде пайдаланушылардан жасақтамаңыздың пайдалану қолайлығы туралы мәлімет алып тұру дұры ой деп табылады. Пішін үлгісі олардың талаптарын орындап тұр ма, яки сол талаптар өзгерді ма?

Сіз өзгерткен пішін үлгіңізді жариялаған соң, InfoPath бағдарламасы пішін үлгісін (.xsn файлы), және сол пішін үлгісіне негізделген қолданудағы пішіндердің (.xml файлдары) қайсысын болса да жаңартады. Пайдаланушылар қолданудағы пішінді ашқан соң, олар автоматты түрде пішін үлгісінің соңғы көшірмесін қотарады, және олардың пішініндегі деректер сол нұсқаға сәйкесті етіп жаңартылады. Әдепкіде, InfoPath бағдарламасы автоматты түрде пішін үлгісінің ескі нұсқасын ең жаңа нұсқасымен ауыстырады. Сіз қолданудағы пайдаланушы пішіндерін жаңарту үшін қалаған жаңарту тәсілін таңдауыңыз мүмкін.

Егер Сіз InfoPath Forms Services бағдарламасын жегіп тұрған сервер үшін ферма әкімшісі болып, және Сізге әкімші мақұлдаған форма үлгісі жаңа нұсқасын кері қотару қажет болса, Сіз қолданудағы нұсқадан жаңартылған нұсқаға өту қалай орындалуын анықтап алуыңыз мүмкін. Мәселен, Сіз пішініңізді шолғышта толтырып тұрған пайдаланушылар деректерін жоғалтпайтын етіп пішін үлгісіні жаңарақ нұсқамен алмастыру мүмкіндігін таңдай аласыз. Балама ретінде, егер Сізде қаупсіздік ақаулығы сияқты бұлтартпайтын дәлел болса, Сіз пішін үлгісін дереу да қайта жазуды таңдай аласыз.

Егер Сізге қолданудағы пішін үлгісін жаңарту қажет болса, Сіз оны ашып, керекті өзгертулерді енгізесіз да, пішін үлгісін сақтап қоясыз, ал сонан соң оны пішін құрастырушыларына қайта таратасыз. Пішін құрастырушылары үлгі бөлімінің ең жаңа нұсқасын Басқару элементтері тапсырмалар аймағына қосқан соң, олар оны өздерінің пішін үлгілерінде пайдалана алады. Егер олар үлгі бөлімінің ескірек нұсқасын өз ішіне алған пішін үлгісін ашса, InfoPath бағдарламасы үлгі бөлімін оның жаңа нұсқасымен жаңартуды ескертеді.

Төменгі қорлар пішін үлгілері мен үлгі бөлімдерін қалай өзгерту және оларды жаңарту жайында толығырақ мәлімет береді.

Сілтемеге

шертіп қараңыз

Қолданудағы пішін үлгілерін жаңартуға кіріспе

InfoPath бағдарламасы пішін үлгісін және оған сай пайдаланушы пішіндерін қалай жаңартуын үйреніңіз. Шолғышты қолдайтын пішін үлгілерін жаңарту үшін алынатын есептер және қолданудағы пайдаланушы пішіндерінідегі деректерді жоғалтудан қашақтау туралы оқыңыз.

Жарияланған пішін үлгісін өзгерту

Жарияланған пішін үлгілерін қалайша өзгертуді, пішін үлгісінің жұмыс көшірмесін өзгертуді және сонан соң жұмыс көшірмесін бастапқы жариялау орналасуға қайта жарияладу үйреніңіз.

Жарияланған пішін үлгісін жаңа құжат кітапханасіна жылжыту

Пішін үлгісін және қолданудағы пішіндірдің қайсысын болса да бір кітапханадан екіншісіне тиімді түрде жылжытыңыз. Мәселен, пішін үлгіңізді орнатқан соң, көбірек пайдаланушылар пішіндерді бір уақытта толтыра алуы үшін пішін үлгіңізді үлкенірек көлемді серверге жылжыту қажет болуы мүмкін.

Деректер қосылымын өзгерту яки жою

Пішін үлгіңіздегі деректер қосылымын өзгертіңіз яки жойыңыз. Сізге, мүмкін, солай істеу қажет болады егер пішін үлгіңіздің сыртқы деректер көздері өзгерсе.

Қор файлдарын пішін үлгісіне қосу, оларды жою яки жаңарту

Пішін үлгісіне оған байланысты пішіндердің мүмкіндіктерін қолдау үшін қосылған файлдарды басқарыңыз. Мәселен, Сізге, мүмкін, таңдамалы тапсырмалар бөлігі ақпаратты бейнелеу үшін қолданылатын HTML файлды қосу яки элементтерді тізімде бейнелеу үшін қолданылатын XML файлды жою керек болады.

Қолданудағы үлгі бөлімін өзгерту

Қолданудағы үлгі бөлімінің жасақтамасын өзгертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

5-кезең: Мұрағаттау

Кәсіпорында жиі кезде пішін үлгілерімен пішіндерді пішін жасақтамасының қызмет көрсету мерзімінің ақырғы қадамы ретінде мұрағаттайды. Егер Сізге кейбір пішін үлгісі басқа қажет болмаса, Сіз оны қолданылудан қалдырып, және оның сандық көшірмесін сақтап қоюды қалауыңыз мүмкін. Сонымен қатар, Сіз сол пішін үлгісіне негізделген пішіндерде жиналған деректерді сақтап қоюды да қалауыңыз мүмкін.

Көпшілік кәсіпорындар ұзақ мерзімге сақтау және мұрағаттау жайындағы қатал нұсқауларды қолданады. Мәселен, кәсіпорындан тұтынғыш келісімдерінің жазбасын файл ретінде бірнеше жылға сақтау талап етілуі мүмкін. Кәсіпорныңыздағы мұрағаттау нұсқаулары ішкі саясат, заңдық сәйкестік, яки екеуі жағынан да басқарылады. Жоспарлау үдірісінің жайында, Сіз қандай саясат қолдануда екенін біліп алуға тиістісіз.

Пішін үлгісін мұрағаттау

Егер Сіз InfoPath Forms Services бағдарламасын жегетін сервердің ферма әкімшісі болсаңыз, Сіз ескірген шолғышты қолдайтын пішін үлгілерін қолданылудан қалдыруыңыз мүмкін. Мәселен, Сіз, мүмкін, сұрақ-жауап пішін үлгісін сұрастыру аяқталған соң қолданылудан қалдыруды қалауыңыз мүмкін. Кітапханаларды жаңартып және тәртіпте сақтау мақсатпен, басқа қолданбайтын пішін үлгілеріні қолданылудан қалдырылу, және Сізде қолданудағы пішін үлгілерінің тексерілу және жаңартылу саясатын қамтамасыз етіңіз.

Егер шолғышты қолдайтын пішін үлгісін қолданылудан қалдыруды жоспарласаңыз, Сіз ағымдағы сеанстардың тоқтатылуын алдын алу үшін пішін үлгісін ақырындап жаңарту яки тоқтату амалдарын орындауды жоспарлауыңыз керек. Сеанстардың тоқтатылуы деректердің жоғалуына және пішінді толтырып тұрған пайдаланушылардың жұмысын бірден тоқтап қалуына алып келуі мүмкін.

Бастапқы файлды пішін үлгісі (.xsn файл) үшін нұсқаны басқару бағдарламасында яки кәсіпорныңыз пайдаланатын файлды басқару шешімінің басқа типін мұрағаттау да жақсы пікір деп табылады. Осылай істеу Сіз және Сіздің кәсіпорныңызда пішін үлгісінің жазбасы болуын қамтамасыз етеді. Сол жазбаны, Сіз пішіндермен пішін деректеріне жүгінген кезде, және пішін үлгісін қалпына келтіруді яки жаңартуды қалағаныңызда пайдалануыңыз мүмкін.

Пішіндерді және пішін деректерін мұрағаттау

Егер кәсіпорныңыз Office SharePoint Server 2007 бағдарламасын пайдаланса, Сіз серверге негізделген толтырылған пішіндерді (.xml файлдарды) Веб беттеріне айналдыру арқылы оларды мұрағаттай аласыз. Мұрағатталған пішін дәл бастапқы пішін орналасқан кітапханада сақталуы мүмкін, немесе кәсіпорныңыздың нұсқауларына сәйкесті түрде, оны басқа орналасуға жылжытуға болады.

Ескерту : Сіз пішінді Веб бетіне айналдырған соң, келіп шығатын файл бастапқы файлдан біраз басқаша болуы мүмкін. Сізге айналдырудың нәтижелерін тексеріп, олар Сіздің талаптарыңызға сай келуін қамтамасыз ету керек болады. Мәселен, егер қосымша деректер көзімен орнатылған деректер қосылымы пішіндегі тізімді толтыруға қолданылса, Сіз мұрағатталған пішінде тізімдегі барлық мәндерін көре алмайсыз. Оның орнына, Сіз тек қана пайдаланушы пішінді толтырғанда белгілеп қойған мәнді көре аласыз.

InfoPath бағдарламасында, Сіз пішінді ашып, оны төменгі пішімдердің біреуіне экспорттау арқылы оны мұрағаттай аласыз:

  • Тасымалданатын құжат пішімі (PDF)     PDF бұл өзгермейтін электрондық файл пішімі болып, ол құжат пішімін сақтайды және файлды бірге пайдалануға рұқсат береді. PDF пішімі файл желіде қаралғанда яки ол басып шығарылғанда, ол дәл Сіз жоспарлаған пішімді сақтауын, және файлдағы деректер қиыншылықпен көшірілуін яки өзгертілуін қамтамасыз етеді.

  • XML Қағаз сипаттамасы (XPS)     XPS бұл құжат пішімін сақтап қоятын және файлдарды бірге пайдалануға рұқсат беретін электрондық файл пішімі болды. XPS пішімі файл желіде қаралғанда яки ол басып шығарылғанда, ол дәл Сіз жоспарлаған пішімді сақтауын, және файлдағы деректер қиыншылықпен көшірілуін яки өзгертілуін қамтамасыз етеді.

Сіз оны PDF немесе XPS файлы түрінде 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламасында тек қондырма орнатқанна кейін сақтай аласыз. Көбірек ақпарат алу үшінPDF және XPS сияқты басқа файл пішімдерін қолдауды қосу тармағын қараңыз.

Сонымен қатар, Сіз толтырылған пішінді Веб беті ретінде, Бір файлды веб-бет (MHTML) пішімінде экспорттай аласыз. Бұл файл типі кісілерге пішіндің мазмұнын шолғышта көруге мүмкіндік береді (бірақ өзгертуге емес).

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×