Пішін үлгісіне өзгертпелі анықтама мәтінін қосу

Пайдаланушыларға пішіннің мақсатын түсіндіруге және оны сәтті толтыруға жәрдем беру үшін пішін үлгісіне нұсқау беретін анықтама мәтінін қосуға болады.

Бұл мақала анықтама мәтінінің ең жақсы түрін таңдауды және осы мақсатта келесі жағдайларды есепке алуды түсіндіреді: жаратылатын пішін үлгісінің түрі, ол кім үшін арналған, оның пайдалану көлемі және пайдаланушылардың пішін үлгісіне негізделген пішіндерді Веб-шолғыш арқылы көретіндігі.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды:

Сыйымдылық талдаулары

Анықтама түрлері

Анықтама көрсету үшін көрініс жасау

Анықтама көрсету үшін өзгертпелі тапсырмалар аймағын жасау

Мәтінмәндік анықтама көрсету үшін шартты пішімдеуді пайдалану

Сыртқы анықтама файлы немесе Веб торабы үшін еренсілтеме жасау

Пайдаланушылар үшін InfoPath анықтамасын көру жолын түсіндіретін нұсқаулар қосу

Сыйымдылық талдаулары

Microsoft Office InfoPath 2007 бағдарламасында пішін үлгісін жасаған кезде браузерге үйлесімді форма үлгісі жасауды ұйғаруыңыз мүмкін. Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін жасақтау кезінде кейбір мүмкіндіктер қатынаулы болмайды. Мәселен, шолғышпен сыйысымды пішін үлгілері анықтама көрсету мақсатында жиі пайдаланылатын таңдамалы тапсырмалар бөлігі үшін қолдау көрсетпейді. Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісіне анықтама қосу үшін баламалы әдісті пайдалану қажет. Мәселен, мәтінмәндік анықтама көрсету үшін шартты пішімдеу әдісін пайдалану мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Анықтама түрлері

Пішін үлгісінің күрделілігіне және пайдаланушылардың қажеттіліктеріне қарай анықтама мәтінінің түрлі түрлерін қосуға болады және осы мақсатта түрлі үрдістерді пайдалануға болады. Пішін үлгісіне қарай, оның ішінде анықтама мәтінінің бірнеше түрлерін қолдануға болады. Төмендегі тізімде анықтама мәтінін көрсету үшін ең жиі пайдаланылатын әдістер көрсетілген:

  • Анықтама көрінісі    Пайдаланушыларға егжей-тегжейлі нұсқаулар беру қажет болғанда анықтама мәтінін көрсету үшін бөлек көрініс жаратыңыз. Ішінде тек анықтама мәтіні бар болған көріністі жасауға болады, немесе пішін үлгісінің әдепкі көрінісіне қосылған басқару элементтерінің көшірмесін жасап, олар үшін түсіндіретін анықтама мәтінін қосу мүмкін. Басқару элементтеріне анықтама мәтінін қосу арқылы пішінді толтыру үшін баламалы көрініс қамтамасыз етіледі —оның ішінде әрбір бөлім және басқару элементі үшін мәтінмәндік анықтама беріледі. Бұл тәсіл пішінді пайдаланатын кісілердің арасында қосымша жәрдемге мұқтаж жаңа пайдаланушылар да, пішінді толтыру жолын білетін тәжіребелі пайдаланушылар да бар болған жағдайда өте пайдалы болып табылады.

    Кеңес : Шолғышпен сыйысымды пішін үлгілері өзгертпелі тапсырмалар аймақтарына қолдау көрсетпегендіктен, анықтау мәтінін анықтама көріністері арқылы көрсету өзгертпелі тапсырмалар аймақтары үшін жақсы балама болып есептеледі.

  • Өзгертпелі тапсырмалар аймағы    Өзгертпелі тапсырмалар аймағы пайдаланушы пішінді толтырған кезде мазмұны InfoPath тапсырмалар аймағында бейнелетін HTML файлы болып табылады. Пішін үлгісінің әдепкі тапсырмалар аймағында тек бір ғана HTML файлын ашуға болады, бірақ пішін үлгісіне қор көздер файлдары ретінде қосымша HTML файлдарын қосып, одан кейін оларды бір бірімен еренсілтемелермен байланыстыруға болады. Өзгертпелі тапсырмалар аймақтарында тек HTML файлдарын бейнелеу мүмкін. Өзгертпелі тапсырмалар аймақтары нақты пішін үшін арналған пәрмендерді және анықтама мазмұнын қамтамасыз ете алады. HTML файлын тікелей пішін үлгісіне қосуға болады, сондықтан пайдаланушылар өзгертпелі тапсырмалар аймағындағы анықтаманы пішінді дербес күйінде толтырған кезде де көре алады. Сондай-aқ, өзгертпелі тапсырмалар аймағын басқа жерде сақталатын HTML файлымен байланыстыруға болады. Мәселен, анықтаманың мазмұнын жиі жаңартып тұрамын деп жоспарласаңыз, бірақ HTML анықтама файлын әр жолы жаңартқан соң пішін үлгісін қайта-қайта жариялауды қаламасаңыз, HTML файлын басқа жерде сақтап, оны өзгертпелі тапсырмалар аймағымен байланыстырған жөн. Шолғыш сыйысымды пішін үлгілері өзгертпелі тапсырмалар аймақтарына қолдау көрсетпейтінін есте сақтаңыз. Сондықтан, өзгертпелі тапсырмалар аймағын тек InfoPath бағдарламасы ішінде толтырылатын пішіндер үшін жасағаныңыз жөн.

  • Шартты пішімдеу    Шартты пішімдеу әдісін пайдаланып, пішін үлгісінде орын алатын шарттарға негізделген басқару элементі үшін түрлі пішімдеу параметрлерін белгілеуге болады. Егер пайдаланушы пішінді толтырған кезде белгіленген шарттар шын болса, шартты пішімдеу қолданылады. Пішін үлгісінің бөліміне анықтама мәтінін қосып, осы бөлімге шартты пішімдеу қосқан кезіңізде Сіз пайдаланушыларға көріністерді ауыстырмай, бөлім үшін арналған мәтінмәндік анықтамыны қажеттілігіне қарай көрсетуге немесе жасыруға мүмкіндік бересіз. Бұл әдіс жәрдемге мұқтаж пайдаланушыларға нақты бөлімдер немесе басқару элементтері туралы кірістірілген анықтама беру үшін пайдалы.

  • Сыртқы анықтама    Веб торапта орналасқан HTML файлы сияқты сыртқы файлына жетелейтін сілтемені қосуға болады. Мәселен, егер ұйымыңыз үшін арналған техникалық қолдау көрсету Веб торабында техникалық қолдау көрсететін инженермен тікелей әңгімелесу сеансын бастайтын Веб беті болса, пішін үлгісіне пайдаланушыларға осы бетті өз Веб шолғыштарында ашу мүмкіндігін беретін еренсілтеме қосу мүмкін. Егер пішін үлгісін ұйымыңыздың басқа бөлімі үшін жасақтап отырған болсаңыз және осы бөлім пайдаланушыларға анықтама беруге немесе техникалық қолдау қызметін көрсетуге мамандырылған болса бұл әдіс өте пайдалы болады.

  • Пішіндерді толтырып отырған пайдаланушыларға арналған InfoPath анықтама жүйесі    Пішіндерді толтырып отырған пайдаланушылар үшін InfoPath бағдарламасында арнайы анықтама жүйесі бар. Пішін толтырып отырған пайдаланушыларға F1 пернесін басу туралы нұсқау беріп, оларға стандартты InfoPath мүмкіндіктері туралы анықтама мақалаларын көруге мүмкіндік беруге болады. Бұл әдісті пайдаланушылар пішіндерді тек InfoPath арқылы толтыратын болғанда пайдаланыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Анықтама көрсету үшін көрініс жасау

Пайдаланушыларға пішін толтыру туралы анықтаманы көрсету үшін әуелі пішін үлгісінде анықтама көрінісін жасау керек, ал одан соң әдепкі пішін көрінісіне арнайы түймешік қосу қажет. Пайдаланушылар осы түймешікті басып, анықтама көрінісін аша алатын болады.

Анықтама көрінісін жасау

  1. Көрініс мәзірінде Көріністерді басқару түймешігін нұқыңыз.

  2. Көріністер тапсырмалар аймағында, Әрекеттер астында Жаңа көрініс қосу пәрменін нұқыңыз.

  3. Жаңа көріністің атауы жақтауында анықтама көрінісі үшін атау енгізіңіз де OK түймешігін басыңыз.

    Мәселен Анықтама сөзін енгізіңіз.

  4. Пішін үлгісінде қазір ғана қосылған көріністі нұқыңыз да қалаған анықтама мәтінін енгізіңіз немесе көшіріп алыңыз.

  5. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  6. Басқару элементтері тапсырмалар аймағында Түймешік дегенін нұқыңыз.

  7. Қосылған түймешікті тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да мәтінмәндік мәзірден Түймешік сипаттары пәрменін таңдаңыз.

  8. Жалпы қойындысын ашыңыз.

  9. Белгі жақтауы ішінде түймешік үшін атау енгізіңіз. Мәселен, Пішінге қайту дегенін енгізіңіз.

  10. Ережелер түймешігін басыңыз.

  11. Ережелер тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін басыңыз.

  12. Әрекет қосу түймешігін басыңыз.

  13. Әрекет жақтауында Көріністер ауыстыру дегенін таңдаңыз.

  14. Көрініс жақтауында әдепкі көріністің атауын таңдаңыз.

  15. OK түймешігін төрт рет нұқып, пішін үлгісіне қайтыңыз.

Пішін үлгісі үшін анықтама көрінісін жасаған соң әдепкі көрініске арнайы түймешік қосу керек. Пішінді толтырған кезде пайдаланушылар осы түймешікті басып, оп-оңай анықтама көрінісін аша алатын болады.

Әдепкі көрініске түймешік қосу

  1. Көрініс мәзірінде Көріністерді басқару түймешігін нұқыңыз.

  2. Көріністер тапсырмалар аймағында әдепкі көріністің атауын нұқыңыз.

  3. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  4. Басқару элементтері тапсырмалар аймағында Түймешік дегенін нұқыңыз .

  5. Қосылған түймешікті екі рет нұқыңыз да мәтінмәндік мәзірінен Түймешік сипаттары пәрменін таңдаңыз.

  6. Жалпы қойындысын ашыңыз.

  7. Белгі жақтауы ішінде түймешік үшін атау енгізіңіз. Мәселен Анықтама сөзін енгізіңіз.

  8. Ережелер түймешігін басыңыз.

  9. Ережелер тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін басыңыз.

  10. Әрекет қосу түймешігін басыңыз.

  11. Әрекет жақтауында Көріністер ауыстыру дегенін таңдаңыз.

  12. Көрініс жақтауында ілгергі үрдіс барысында қосылған анықтама көрінісінің атауын таңдаңыз.

Кеңес : Егер қаласаңыз, анықтама көрініске әдепкі көрініс ішінде болған басқару элементтерін де қосуға болады. Бұл пайдаланушыларға көмек қажет болмаған жағдайда пішінді әдепкі көріністе толтыруға немесе пішінді толтыру үшін анықтамадағы нұсқаулар қажет болған жағдайда пішінді анықтама көрінісінде толтыруға мүмкіндік береді.

Беттің жоғарғы жағы

Анықтама көрсету үшін өзгертпелі тапсырмалар аймағын жасау

Ескертулер : Пішін үлгісінде анықтама көрсету мақсатында өзгертпелі тапсырмалар аймағын жасамас бұрын келесін есепке алу керек:

  • Шолғышпен сыйысымды пішін үлгілері өзгертпелі тапсырмалар аймақтарына қолдау көрсетпейді.

  • Өзгертпелі тапсырмалар аймағын қоспас бұрын Microsoft Office SharePoint Designer 2007 сияқты HTML өңдегішін пайдаланып, өзгертпелі тапсырмалар аймағы үшін HTML файлын жасап алыңыз.

Өзгертпелі тапсырмалар аймағын жасау және қосу үшін келесі әрекеттерді істеңіз:

  1. Құралдар мәзірінен Пішін параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Санат астында Бағдарламалау дегенін таңдаңыз.

  3. Өзгертпелі тапсырмалар аймағын қосу параметріне құсбелгі қойыңыз.

  4. Тапсырмалар аймағының атауы жақтауында өзгертпелі тапсырмалар аймағының төбесінде көрінетін атауды енгізіңіз. Мәселен, Анықтама сөзін енгізіңіз.

  5. Пішін үлгісіне файл қосу үшін Қор көздер файлдары түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Пішін үлгісіне файл байланыстыру үшін Тапсырмалар аймағының орналасуы жақтауында HTML файлының нақпа-нақ жолын енгізіңіз де OK түймешігін басыңыз.

    Қауіпсіздік ескертуі : Пішін үлгісімен бірге бір үйшікте орналасқан HTML файлын байланыстырған жөн. Әйтпесе, пайдаланушылар пішін үлгісіне негізделген пішінді ашқан кезде ескерту көреді.

  6. Қор көздер файлдары тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін басыңыз.

  7. Файл қосу тілқатысу терезесінде файлдарды қарап шығып, керекті HTML файлын таңдаңыз да OK түймешігін басыңыз.

  8. Егер қосылған HTML файлы каскадты мәнерлер кестесі (CSS) сияқты қосымша файлдарға сілтемелер жасайтын болса, add those files as well.

    Кеңес : Пішін үлгісінің әдепкі тапсырмалар аймағында тек бір ғана HTML файлын ашуға болады, бірақ пішін үлгісіне қор көздер файлдары ретінде қосымша HTML файлдарын қосып, одан кейін оларды бір бірімен еренсілтемелермен байланыстыруға болады.

  9. Пішін параметрлері тілқатысу терезесінде қазір ғана енгізілген HTML файлының атауын Тапсырмалар аймағының орналасуы жақтауына енгізіңіз.

  10. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз. Пішін үлгісін алдын ала қарап шығу барысында қазір ғана жасалған өзгертпелі тапсырмалар аймағы әдепкі түрде пайда болуы тиіс.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтінмәндік анықтама көрсету үшін шартты пішімдеуді пайдалану

Келесі үрдіс шартты пішімдеу әдісін пайдаланып, мәтінмәндік анықтаманы көрсету немесе жасыру жолын түсіндіреді.

  1. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  2. Басқару элементтері тапсырмалар аймағында Құсбелгі көзі дегенін таңдаңыз, ал одан кейін Бөлім дегенін таңдаңыз.

  3. Қазір ғана пішін үлгісіне қосылған бөлім ішінде нұқыңыз да кейбір анықтама мәтінін енгізіңіз.

  4. Құсбелгі көзі үшін белгіленген әдепкі белгі мәтінін жойыңыз да Анықтаманы көрсету немесе жасыру үшін нұқыңыз.

  5. Пішін үлгісінде бөлімдің қойындысын нұқыңыз, ал одан кейін Пішімдеу мәзірінен Шартты пішімдеу пәрменін таңдаңыз.

  6. Қосу түймешігін басыңыз.

  7. Бірінші қоршау ішіндегі Осы шарт шын болса деген жазбаның астында Өріс немесе топ таңдау дегенін нұқыңыз.

  8. Өріс немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде 2-қадамда қосылған "құсбелгі көзі" басқару элементіне сәйкес келетін өрісті таңдаңыз да OK түймешігін басыңыз.

  9. Шартты пішімдеу тілқатысу терезесіндегі екінші жақтауында келесімен тең дегенін таңдаңыз.

  10. Үшінші жақтауда ЖАЛҒАН дегенін таңдаңыз.

  11. Кейін осы пішімдеуді қолдану астында Осы басқару элементін жасыру параметріне құсбелгі қойыңыз.

    Ескерту : Ендігі кезде бұл шарт бөлім осы құсбелгі көзіне құсбелгі қойылған жағдайда көрсетіледі деген мағынаны білдіреді.

  12. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сыртқы анықтама файлы немесе Веб торабы үшін еренсілтеме жасау

Келесі үрдіс пішін үлгісіне HTML файлы немесе құрастырылған анықтама (.chm) файлы сияқты сыртқы анықтама файлымен немесе техникалық қолдау көрсететін Веб торап сияқты Веб тораппен байланыстыратын еренсілтеме қосуды түсіндіреді.

Ескертулер : 

  • Пайдаланушылардың сілтенетін сыртқы анықтама файлын немесе Веб торабын аша алатындығына көз жеткізіңіз. Егер HTML файлымен байланыстыратын сілтемені тек InfoPath бағдарламасымен сыйысымды пішін үлгісіне (басқаша айтқанда, пайдаланушылар осы пішін үлгісіне негізделген пішіндерді толтыру үшін міндетті түрде InfoPath бағдарламасын пайдалануы керек) қосқыңыз келсе, HTML файлдарын пішін үлгісіне өзгертпелі тапсырмалар аймағында ашылатын қор көздер файлдары ретінде қосуыңыз мүмкін. браузерге үйлесімді форма үлгісі үшін, HTML файлдарын пайдаланушылар аша алатын торапта (олар пішін үлгісінің орналасқан торабында болғаны жөн) жариялау керек және пішін үлгісінде сыртқы HTML файлына сілтейтін еренсілтеме жасау керек.

  • Егер анықтама файлы үшін .chm файлы сияқты басқа пішімді пайдалануды ұйғарсаңыз, пайдаланушылардың компьютерлерінде орнатылған амалдық жүйелер таңдалған файл пішімін қолдайтынын тексеруді ұмытпаңыз.

Сыртқы файлға еренсілтеме жасау

  1. Пішін үлгісі ішінде еренсілтемені орналастырғыңыз келетін жерге нұқыңыз немесе еренсілтемеге айналдырғыңыз келетін мәтінді немесе суретті бөлектеңіз.

  2. Стандартты құралдар тақтасында Еренсілтеме кірістіру  Түймешік суреті белгішесін нұқыңыз.

  3. Жалпы қойындысын ашыңыз.

  4. Мекенжай жақтауында сілтенетін URL мекенжайын енгізіңіз.

  5. Пішін үлгісінде көрінетін еренсілтеме мәтінін өзгерту үшін қалаған мәтіңізді Мәтін жақтауына енгізіңіз.

    Ескерту : Егер 1-қадамда сурет таңдаған болсаңыз, бұл мүмкіндік қатынаулы болмайды.

  6. Пайдаланушы көрсеткіні еренсілтеме үстінен өткізген кезде пайда болатын қалқыма сөзкөмекті белгілеу үшін Қосымша қойындысын ашыңыз да Қалқыма сөзкөмек жақтауында бейнеленетін мәтінді енгізіңіз.

  7. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушылар үшін InfoPath анықтамасын көру жолын түсіндіретін нұсқаулар қосу

InfoPath ішінде мамандырылған анықтама жүйесі бар. Кісілер оны пішіндер толтырған кезде пайдалана алады. Бұл анықтама жүйесі ішінде жиі орындалатын тапсырмалар туралы ақпарат бар. Мәселен, автоаяқтау мүмкіндігін қосу немесе өшіру және пішіндегі мәтіннің емлесін тексеру мүмкіндігі туралы ақпарат. Пішінді алдын алдын ала қарап алу терезесінде көру барысында пішіннің құрастырушысы пішін пайдаланушыларына арналған InfoPath анықтамасын F1 пернесін басып, ашуы мүмкін.

Пішін пайдаланушыларына арналған анықтама барлық пішіндерге қатысты болған тапсырмалар туралы ақпаратпен шектелген. Сондықтан, жасақтап отырған пішін үлгілері үшін өзгертпелі анықтамамен қамтамасыз еткеңіз жөн. Пішін толтырып отырған пайдаланушыларға InfoPath анықтама жүйесін көруге жәрдем беру үшін пішін үлгісіне InfoPath анықтама жүйесін ашу жолын түсіндіретін нұсқау қосуыңыз мүмкін. Мәселен, пішін үлгісіне келесе мысалдардың біреуін қосуыңыз мүмкін:

  • InfoPath анықтамасын ашу үшін F1 пернесін басыңыз.

  • InfoPath анықтамасын ашу үшін Анықтама мәзірінен Microsoft Office InfoPath анықтамасы пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×