Пішін үлгіні электрондық пошта хабарын алушылар тізіміне жариялау

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Жалпы шолу

Бастамас бұрын

Пішін үлгіні электрондық пошта хабарламаларын алушылар тізіміне жариялау

Жалпы шолу

Microsoft Office InfoPath 2007 пішін үлгіні пайдаланушыларға электрондық поштамен жіберу арқылы жариялауыңызға болады. Жариялау шебері пішін үлгінің көшірмесін сақтап алатын электрондық пошта хабарламасы мен сол пішін үлгіге негізделген үлгіні жаратады. Пайдаланушылар электрондық поштаны Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасы арқылы ашқанда, олар пішін үлгіні тура электрондық пошта терезесінде толтыруға болады. Outlook бағдарламасының алдынғы нұсқаларын немесе басқа электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатын пайдаланушылар тіркеме ретінде келетін үлгі мен пішін үлгі бар электрондық хат алады. Бұндай пайдаланушылар компьютерлерінде пішін үлгіні орнату үшін бірінші пішін үлгінің тіркемесін ашу керек. Содан соң пайдаланушылар үлгінің тіркемесін InfoPath бағдарламасында ашып оны толтыра алады.

Қауіпсіздік ескертуі : Пайдаланушыларыңызға тек қана сенілген қайнар көздерінен келетін электрондық пошта тіркемелерін ашу керектігі туралы ескертіңіз.

Ескерту : Пішін үлгісін жаприялау пішін үлгісін сақтаумен бірдей емес. Пішін үлгісін жариялағаныңызда, Жариялау шебері жариялау орны мен үдеріс нұсқауларын пішін үлгілеріне қосады, сонда пайдаланушылар осы пішін үлгісіне негізделген пішіндерді аша алады. Пішін үлгісін сақтағаныңызда, файлды компьютеріңізге сақтаған кездегі сияқты сіз пішін үлгісінің көшірмесін сақтайсыз. Пішін үлгіңізді толтыратын пайдаланушыларыңызға қол жеткізетін еткеніңізде, сізге әрдайым Жариялау шеберін пайдалану керек.

Беттің жоғарғы жағы

Бастамас бұрын

Пішін үлгіні электрондық пошта хабарламаларын алушылар тізіміне жариялаудан алдын келесі әрекеттерді орындауыңыз қажет:

  • Компьютеріңізде Office Outlook 2007 бағадрламасы орнатылмаған болса оны орнатыңыз.

  • Пішін үлгіңіз шектелген немесе сенілген қауіпсіздік деңгейге ішқұрылымдалған. Шектелген қауіпсіздік деңгеймен ішқұрылымдалған пішін үлгі дегеніміз - пішін үлгіге негізделген үлгілер электрондық пошта хабарламасын алатын пайдаланушының компьютеріндегі жүйе қор көзіне қатынасы болмайды дегені. Егер осы пішін үлгіге негізделген пішін үлгінің жүйе қор көздеріне қол жеткізуі қажет болып қалса, пішін үлгіні толық сенілген қауіпсіздік деңгеймен ішқұрылымдауыңыз қажет және пішін үлгінің сенілген куәліктендіру орталығыдан алынған сертификатталған сандық қолтаңбамен қолтаңаланған болуы тиіс. Пішін үлгіні электрондық пошта хабарламаларын алушылар тізіміне домен қауіпсіздік деңгейімен жария ете алмайсыз.

  • Сұрау деректер байланысы жоқтығына көз жеткізіңіз. Егер пішін үлгінің құрамында сұрау деректерді қосуы болатын болса, оны электрондық пошта хабарламаларын алушылар тізіміне жария ете алмайсыз. Сыртқы деректер көздерінен деректерді көрсету қажет болып қалса, сыртқы деректер көздерінен алынған деректерді ресурс файлында сақтап алыңыз. Одан кейін Сіз осы қор көзі файлын пішін үлгіңізге енгізуіңіз мүмкін.

  • Пайдаланушылардың компьютерлерінде Office InfoPath 2007 бағдарламасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгіні электрондық пошта хабарламаларын алушылар тізіміне жариялау

  1. Файл мәзірінде Жариялау түймешігін нұқыңыз.

  2. Жариялау шеберінде Электрондық пошта хабарламаларын алушылар тізіміне дегенді нұқыңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  3. Шебердің келесі бетінде, Пішін үлгінің атауы жолағында пішін үлгінің атын енгізіп Келесі деген батырманы басыңыз. Пішін үлгінің атауы электрондық пошта хабарламаларын алушыларына жіберілетін хаттың тақырып жолағында пайда болады.

  4. Келесі деген батырманы басыңыз.

  5. Жариялау батырмасын басыңыз.

Жариялау шебері пішін үлгіні жариялап болған соң, электрондық пошта хабарламасы пішін үлгімен ашылады.

Кеңес : Электрондық пошта хабарламасында, Кіріспе жолағында пайдаланушыларға "тек қана сенілген көздерінен келетін электрондық пошта тіркемелерін ашыңыз" деп ескертпе жазыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×