Пішін үлгіні алдын ала көру

Пайдаланушылар Сіздің пішін үлгіңізге негізделген үлгілеріңізді толтырғанда олар көңілдегідей істеп тұратынына көз жеткізу үшін, пішін үлгілеріңізді алдын ала көріп оның көрінісін және қалай жұмыс істейтінін тексеруіңізге болады. Пішін үлгіңізді жаратып жатқан кезде алдын ала көріп белгілі бір басқару элементін немесе мүмкіндігін тексеріп алуыңызға болады. Жариялаудан алдын пішін үлгіні бір көріп алсаңыз жаман болмайды.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Жалпы шолу

Пішін үлгіні алдын ала көру

Пішін үлігіні толық сенім немесе шектелген қауіпсіздік деңгейде алдын ала көру

Пішін үлгіні домен қауіпсіздік деңгейінде алдын ала көру

Нұсқалы деректері бар пішін үлгіні алдын ала көру

Жалпы шолу

Пішін үлгіні жаратып жатқаныңызда, мүмкіндіктерін және көрінісін тексеру үшін алдын ала көру мүмкіндігін пайдалануыңызға болады. Пішін үлгіңізді алдын ала көру және сынау Сізге пайдаланушы ретінде пішін үлгіңізді көруге және жұмыс істеп көруге мүмкіндік тұғызады. Стандарт құрал үстеліндегі Алдан ала көру параметрін таңдағаныңызда, Сіздің пішін үлгіңізге негізделген үлгі жеке "Алдын ала көру" терезесінде ашылады. Сол кезде мәтін пішімдеу, шартты пішімдеу, ереже, формула және деректерді тексеру сияқты әр түрлі мүмкіндіктерді сынап көру үшін пішін үлгіңізге деректерді енгізіп көруіңізге болады. Егер қауіпсіздік деңгейлерінде істеп жатқан болсаңыз немесе пішін үлгіңізге пайдаланушы рөліқосқан болсаңыз, алдын ала көру мүмкіндігі арқылы оны да сынап көруіңізге болады. Алдын ала көру мүмкіндігі Сізге пішін үлгіңіздің дизайныда жіберілген қателерді анықтап оны тезде дизайн күйіне өтіп жөндеуге мүмкіндік тұғызады. Қайсы терезені көріп жатқаныңызды анықтауға ыңғайлы болу үшін, Алдын ала көру немесе Жасақтау деген сөздер терезенің атау жолында пайда болады.

Пішін үлгіңізді сынау үшін үйлесімді деректер жиынтығын пайдаланатын болсаңыз, пішін үлгіні әр алдын ала көргенде қолдан деректерді енгізіп тексерудің орнына нұсқалы деректері енгізілген үлгіні пайдаланып сынаудың тиімділігін және дәлдігін жақсартуыңызға болады. Нұсқалы деректер дегені - бұл үлгідегі басқару элементтердің ішінде пайда болатын және пайдаланушы басқару элементтерді мәтінмен толтырғанда ол қалай көрінетінін көрсетіп тұратын толтырғыш. Нұсқалы деректер тек қана алдын ала көру пішін үлгіде пайда болады.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгіні алдын ала көру

  1. Пішін үлгіңізде пайдаланушы рөлін сынау үшін, пішін үлгімен тексеретін пайдаланушы рөлін белгілеңіз.

    Қалай?

    1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    2. Санат тізімінде Алдын ала көру параметрін таңдаңыз.

    3. Басқаша алдын ала көру тізімінде, Пайдаланушы рөлі парметрінің астында, тексерілетін пайдаланушы рөлін нұқыңыз.

  2. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлігіні толық сенім немесе шектелген қауіпсіздік деңгейде алдын ала көру

  1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Санат тізімінде Қауіпсіздік және сенім параметрін таңдаңыз.

  3. Қауіпсіздік деңгейі параметрінің астында, Қауіпсіздік деңгейін автоматты түрде анықтау (ұсынылған) құсбелгіні алыңыз, содан соң пішін үлгіде қолданылатын қауіпсіздік деңгейін нұқыңыз.

  4. OK батырмасын басыңыз.

  5. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгіні домен қауіпсіздік деңгейінде алдын ала көру

  1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Санат тізімінде Қауіпсіздік және сенім параметрін таңдаңыз.

  3. Қауіпсіздік деңгейі параметрінің астында, Қауіпсіздік деңгейін автоматты түрде анықтау (ұсынылған) құсбелгіні алыңыз, содан соң Домен (үлгі мазмүнға ол орналасқан доменден қол жеткізу мүмкін).

  4. Санат тізімінде Алдын ала көру параметрін таңдаңыз.

  5. Домен жолағында пішін үлгі жарияланатын домен атауын енгізіңіз.

  6. OK батырмасын басыңыз.

  7. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Нұсқалы деректері бар пішін үлгіні алдын ала көру

Егер пішін үлгіні жиі тексеруді жоспарлаған болсаңыз, уақытты үнемді пайдалану үшін, нұсқалы мәтін енгізілген пішін үлгіңізге негізделген пішін үлгіні жаратуыңызға болады және пішін үлгіңізді әр алдын ала көргеңізде осы үлгіні пайдалануға ішқұрылымдауыңызға болады. Нұсқалы мәтіні бар үлгіні пайдаланатын болсаңыз, пішін үлгіңізді әр алдын ала көргенде оған сынау мақсатымен мәтін енгізуден азат боласыз.

  1. Стандарт құралдар үстелінде Алдын ала көру параметрін таңдаңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

  2. Нұсқалы мәтінді қажетті бақару елементтерге енгізіңіз.

  3. Файл мәзірінде Сақтау түймешігін нұқыңыз.

  4. Басқаша сақтау тілқатысу жолағында нұсқалы деректері бар үлгі сақталатын орналасуын табып Сақтау батырмасын басыңыз.

  5. Стандарт құралдар үстелінде Жабу батырмасын басыңыз.

  6. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  7. Санат тізімінде Алдын ала көру параметрін таңдаңыз.

  8. Нұсқалы деректер параметрінің астында, Файл орналасуы жолағында Шолу батырмасын басыңыз.

  9. Шолу тілқатысу жолағында нұсқалы деректері бар үлгінің орналасуына өтіңіз, осы үлгіні нұқып Ашу батырмасын басыңыз.

  10. OK батырмасын басыңыз.

  11. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×