Пішін үлгілерін сынақтауға кіріспе

Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді пайдалануға оңай екенін және олар тиісті деректер типін жинауын тексеру үшін Сіз пішін үлгілеріңізді пайдаланушыларға толтыру үшін жариялаудан әуелі оларды сынақтауыңыз керек.

Бұл мақалада

Шолу

Деректерді жинау мүмкіндіктерін сынау

Пайдаланушы тәжірибесін сынау

Шолу

Пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді толтыратын пайдаланушылардың санына қарай, және Сіз жинауды қалаған деректердің типіне қарай, пішін үлгісін сынақтау жұмысы кішік топқа арналған пішін үлгісін алдын ала көру сияқты оңай болуы, немесе жалпы кәсіпорындық пішін үлгісінің мүмкіндігін сынау үшін сынау ортасын өз ішіне алатын ресми үдірісті жоспарлау сияқты кең көлемді да болуы мүмкін. Пішін үлгіңіз 10 яки 10 000 пайдаланушыға арналған ба, пішін үлгіңізді сынау бәрібір құрастыру үдірісінің маңызды бөлімі болып қалады.

Пішін үлгісін оны жариялаудан әуелі сынау Сізге төменгі амалдарды орындауға мүмкіндік береді:

  • Пішін үлгіңіздегі басқару элементтердің дұрыс теңшелуін тексеру арқылы сол пішін үлгісіне негізделген пішіндердің дұрыс типті деректерді жинауыны қамтамасыз етуіне жәрдемдесу.

  • Пішін үлгіңізге енгізген мүмкіндіктердің дұрыс істеуін тексеру.

  • Пайдаланушыларыңыз жаңа пішін жасай алу және оны жіберу мүмкіндігін яки Сіздің пішін үлгіңізге негізделген қолданудағы пішінді өзгерту мүмкіндігін беру.

  • Пішін үлгіңіздегі қандай болса да басқарылатын кодты дұрыс істеуін тексеру.

  • Түрлі қаупсіздік параметрлері мен теңшелген пішіндер дұрыс істеуін тексеру.

Әдетте пішін үлгісін сынақтау сынақ жоспары мен басталады. Егер пішін үлгіңіз аздаған тыңдаушыларға арналған болса, Сіздің сынақ жоспарыңыз өзіңізге жазылған ескертулер сияқты оңай болады. Егер пішін үлгіңіз көбірек тыңдаушылар үшін арналған болса, сынақ жоспарыңыз Сіз орындауды жоспарлаған сынақтарды, күтілген нәтижелерді және пішін үлгісі жариялау үшін қашан дайын болуын ұйғару үшін қолданылатын шарттарды сипаттайтын ресмий құжат болуы мүмкін.

Сынақ жоспарыңызды жоспарлау сатысында, пішін үлгіңізді құрастырудан әуелі жасау дұрыс ой болады. Егер пішін үлгіңіздің жоспарланған жасақтамасы құрастыру кезінде өзгерсе, Сіз сынақ жоспарын сәйкесті түрде өзгертуіңіз керек. Сынақ жобасын жазған кезде, дұрыс мән енгізілген сынақты және дұрыс емес мән енгізілген сынақтарды тексеріңіз да, тек қана дұрыс мәндер сақталуын және жіберілуін тексеріңіз. Жоспарлау сатысында, Сіз өріс, басқару элементін, яки бір мүмкіндікті пішін үлгіңізге қосуды ұйғарсаңыз, Сіз сол өрісті, басқару элементін, яки мүмкіндікті қалай сынауды ойлауыңыз және жазып қоюыңыз керек. Мәселен, егер Сіз басқару элементін тек қана 1 ден 31 ге дейін болған оң сандарды қабылдайтын пішін үлгіңізге қосуды жоспарласаңыз, Сіздің сынау жоспарыңыз дұрыс мәнді енгізетін, рұқсат етілген мәндерден жоғары яки төмен мәнді сынауларыңызға, және сандар орнына таңбаларды енгізілетін сынауды кірістіру мүмкін болады.

Кейбір жағдайда, Сіз пішін үлгіңізді құрастырған сәтте мүмкіндіктерді сынау қажет болады. Мәселен, Сіз басқару элементін қосқан соң, Алдын ала көру терезесін пайдаланып, оның үшін деректерді тексеруді сынауды орындауыңыз мүмкін. Бұл пішін үлгіңізді құрастыруды аяқтаған соң оны сынауға қажет болған уақытты азайтырады.

Пішін үлгісін құрастырып болған соң, Сіз сынауды сынау жоспарыңызға сай бастауыңыз мүмкін. Пішін үлгісін сынау уақытында қандай ақаулық ұшыраса да назар аударыңыз. Бірақ, ақаулықты жөндеуден әуелі, Сіз біріншіден ақаулықты сол сәтте жөндеуге қажет бар ма екенін анықтауыңыз керек. Пішін үлгісіні жайғастыру жоспарыңызға қарай, Сізге пішін үлгісінің түсі яки басқару элементінің орны сияқты көзге көрінетін ақаулықтардан әуелі деректерге қатысты, қате нәтижелер беретін өрнектер сияқты, мәселелерді жөндеу қажет болуы мүмкін. Ақаулықты жөндеген соң, Сізге ақаулық шынымен жөнделгенін және жаңа қателер жоқ екенін тексеру үшін сол сынауды тағы бір рет орындауыңыз қажет.

Осы сынау барысында Сіз, мүмкін, пішін үлгісінің бастапқы жасақтамасына жаңа мүмкіндіктер яки өзгертулер енгізу қажет болуын ұйғарасыз. Бұл өзгертулерді енгізуден әуелі, осы жаңа мүмкіндіктерді енгізу және оларды сынау қаражаттарын есепке алуыңыз керек. Сондай-ақ, Сіз жаңа мүмкіндіктер қолданудағы мүмкіндіктердің тұрақтылығына әсер ету ықтималы болуы мүмкіндігін есепке алуыңыз керек. Пішін үлгісіне жаңа мүмкіндікті қосқан сәтте Сіз сынау жоспарыңызды жаңартып, сол жаңа мүмкіндіктерді да сынауды жоспарыңызға қосуыңыз керек. Егер жаңа мүмкіндіктерді енгізу пішін үлгісіні жайғастыру мерзімін кешіктіретін болса, сол жаңа мүмкіндіктерді кейінірек енгізуді ойлап көріңіз.

Сынау үдірісі пішіндің мүмкіндіктері мен көрінісіні сынауы мен жаңа пішінді жасау және жіберу яки пішін үлгіңізге негізделген қолданудағы пішінді өзгерту үдірістеріні сынау жұмыстарының үйлесімі болуы мүмкін. Пішіндің мүмкіндіктеріні сынау жұмысы пішінде жиналған деректердің дұрыс екенін тексеруді өз ішіне алады. Деректерді сынау пішін үлгіңізге енгізілген, шартты пішімдеу, деректерді тексеру және код сияқты Microsoft Office InfoPath мүмкіндіктерін сынауды өз ішіне алады. Сонымен қатар, бұл сынау өз ішіне пішін үлгісі дұрыс деректерді жинауын тексеруді да алады. Сіз, сондай-ақ, жаңа пішінді жасау, оны жіберу, және қолданудағы пішінді өзгерту ұдірістерін да сынауыңыз керек. Деректер мен үдірісті екеуін сынау арқылы, Сіз пішін үлгіңізге негізделген пішіндердің дұрыс деректерді жинауын және сақтауын қамтамасыз етесіз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректерді жинау мүмкіндіктерін сынау

Пайдаланушылар Сіздің пішініңізге дұрыс деректерді енгізуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу үшін, InfoPath бағдарламасы шартты пішімдеу, деректерді тексеру, өрнектер, ережелер, және код сияқты әр түрлі мүмкіндіктерді ұсынады. Сіз осы мүмкіндіктердің дұрыс теңшелгенін тексеру үшін пішін үлгіңізді алдын ала көріп сынай аласыз. Пішін үлгісін алдын ала көрген сәтте, InfoPath жаңа Алдын ала көру терезесін пішін үлгіңізге негізделген пішін бен ашады, және Сіз бұл терезені қолданып сол мүмкіндіктерді сынай аласыз.

Егер пішін үлгіңізді сынау үшін бірдей деректер жиынтығын қайталай пайдаланып тұрсаңыз, Сіз деректер үлгісін бір пішінде сақтауыңыз мүмкін. Сонан соң, пішін үлгіңізді оны алдын ала көрген кезде сол деректер үлгісі сақталған пішінді қолданатын етіп теңшей аласыз. Сөйтіп, Сізге әр рет пішін үлгіңізді алдын ала көрген кезде бірдей деректер жиынтығына кіруге қажет болмайды. Сіз деректер үлгілерін пайдаланып, пішін үлгіңіздегі басқару элементтері мен өрістер дұрыс деректерді қабылдайтын етіп теңшелгенін сынай аласыз. Немесе, қате деректер үлгілерін өз ішіне алған пішінді сақтап қойып, қате деректер енгізілгенде пішін үлгісі сәйкесті түрде жауап беруін сынай аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы тәжірибесін сынау

Пайдаланушыларыңыз Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді толтырып, оны жіберген кезде бастан кешіретін үдірістерді сынау үшін, Сізге пішін үлгіңізді сынақтау ортасына жариялауыңыз қажет. Ойдағы да, Сіздің сынақтау ортаңыз өндіріс ортасына ұқсас болады. Ол жерде пайдаланушыларыңыз Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішіндерге кіріп, оларды толтыра алады. Мәселен, егер Сіздің өндіріс ортаңыз Microsoft Windows Server 2003 бағдарламасы мен Microsoft SQL Server дерекқорын жегетін бірнеше серверлер мен басқарылатын Microsoft Windows желісі болса, Сіздің сынақтау ортаңыз басқа сервер мен басқарылатын жеке Windows желісі болуы тиіс. Сіз сынауларыңызды өндіріс ортасында орындамауыңыз керек, себебі Сіздің сынауларыңыз өндіріс ортасындағы пайдаланушыларға яки сол серверлерде сақталған деректерге әсер етуі мүмкін.

Сынау ортасында, Сіз жаңа пішіндерді жасау және жіберу, қолданудағы деректер сақталған пішіндерді өзгерту, және деректер тиісті сыртқы деректер көздеріне жіберілгенін сынау үдірістерін сынай аласыз. Сонымен қатар, сынау ортасын төтенше жағдайларға арналған жоспарларды сынау үшін пайдалану мүмкін. Мәселен, пайдаланушы пішінді жасап, бірақ оны сервер желі ден айырылып қалғаны себепті жібере алмаған жағдайда орындалатын төтенше әрекеттер жоспары.

Кеңес : Пішіндерге кіру, толтыру және оларды жіберу үдірістерін және бір сынау жолы пішін үлгіңізді барлық пайдаланушылар үшін қатынаулы етуден әуелі кейбір әдеттегі пайдаланушыларды пішін үлгіңізді пайдаланып көруге шақыру болады. Бұл сынау пайдаланушыларыңыз үшін пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді толтыру оңай екенін, және олар жаңа пішіндерді жасап, жіберу мүмкіндігін, яки қолданудағы пішіндерді өзгерте алуын құптауға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде, Сіз пайдаланушыларыңыз пішін үлгіңізді қалай қолдануы туралы өте пайдалы кері байланысты ақпаратты жинауыңыз мүмкін, сонан соң, пішін үлгіңізді сол кері байланысты ақпаратқа негізделіп сәйкесті түрде өзгерте аласыз. Мәселен, кейбір пайдаланушылар үшін белгілі бір басқару элементін пайдалану күрделі болуы мүмкін, және Сіз пішін үлгісін құрастырғанда, осындай істес тәртіпті алдын ала болжамдамаған болуыңыз мүмкін. Пайдаланушылар мен сынау алып бармай, осындай істес тәртіпті тек қана пішін үлгісін пайдалану үшін жайғастырған соң білу мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×