Пішін үлгіде іскери логикасын көріп шығу

Microsoft Office InfoPath бағдарламасы жинақталған деректердің шектерін және деректерді ереже, формулалар, деректерді тексеру және кодтар сияқты мүмкіндіктермен жинайтын әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Осы мүмкіндіктер пішін үлгіде іскери логикасын анықтайды. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып пішін үлгіні жаратып жатқаныңызда, пішін үлгіде топтар мен өрістерге қай іскери логикамен байланыты екенін және олар басқа өрістер мен топатрға қалай байланыстырғанын көруді қалауыңыз мүмкін.

Іскери логика деректермен қалай ынтымақтасуын анықтау мақсатында пішін үлгідегі барлық Іскери логикаларын көрмекші болсаңыз, Логика инспекторын пайдалануыңызға болады. Логика инстпекторы пішін үлгідегі барлық Іскери логикаларын көрсетеді. Ақаулық Іскери логика себебінен келіп шығып тұрғанын білу үшін немесе бар, бірақ бейтаныс пішін үлгімен танысып шығу үшін Іскери логиканы пайдалануыңызға болады.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Жалпы шолу

Пішін үлгідегі барлық іскери логикаларын көру

Басқару элементтің іскери логикасын көру

Топтың немесе өрістің іскери логикасын көру

Жалпы шолу

Логика инстпекторы пішін үлгідегі барлық Іскери логикаларын көрсетеді. Логика инспектор қалай қол жеткізетіндігіңізге қарап, алдымен шолу бөлегін көресіз немесе екеуін және шолу бөлегі мен егжей-тегжей бөлегін көресіз.

Логика инспекторы терезесі

1. Шолу бөлегі

2. Егжей-тегжей бөлегі

Логика инспекторының шолу бөлегі пішін үлгідегі барлық іскери логикаларын деректерді тексеру, есептелген деректер мәндері, ережелер және бағдарламау бойынша толталған түрде көрсетеді. Шолу бөлегі арқылы өрістер мен топтардың құрамында қандай іскери логикалары бар екенін жеңілдікпен көрсеңіз болады. Логика инстспекторының егжей-тегжей бөлегі пішін үлгінің деректер көзіндегі өріспен және топмен байланысты іскери логикаларын көрсетеді.

Логика инспекторын ашу үшін, пішін үлгідегі басқару элементте немесе деректер көзіндегі өрісте немесе топта тінтуірдің оң түймешігін нұқыңыз, содан соң мәтінмәндік мәзірде Логика инспекторы параметрін таңдаңыз. Стандарт мәтіндік мәзірдегі Құралдар мәзірінден де Логика инспекторына қол жеткізуіңізге болады. Егер Логика инспекторын мәтінмәндік мәзір арқылы ашатын болсаңыз, шолу бөлегі де және егжей-тегжей бөлегі де әдепкі бойынша пайда болады. Логика инспекторын Құралдар мәзірінен ашатын болсаңыз, тек қана шолу бөлегі пайда болады. Егер егжей-тегжей бөлегі бастан ашылмаған болса оны ашу үшін шолу бөлегіндегі өрісті немесе топты нұқыңыз.

Егжей тегжей бөлігі іскери логиканы белгілі өріс немесе топ үшін үш санатқа бөледі:

  • Өрістегі немесе топтағы мәндерге байланысты логика    Бұл санат өріс немес топтағы мәндерге негізделіп пайда болатын іскери логиканы көрсетеді. Мысалы үшін, пайдаланушы пішін үлгіге негізделген үлгіні ашқанда орындалатын ережені жаратуыңызға болады және осы өрістегі мән белгілі мәндер аралылығымен шектелген. Өрістегі мәндерге байланысты болған кез келген ережелер осы санаттың астында тізімделеді.

  • Өрісті немесе топты өзгертумен қосылатын логика    Бұл санат өрістегі немесе топтағы мәндер өзгеру нәтижесінде пайда болатын іскери логиканы көрсетеді. Мысалы үшін, пайдаланушы өріске күн-ай енгізгенде орындалатын өріс ережесін жаратуыңызға болады. Пайдаланушы күн-айды енгізгенде, күн-айға жеті күн қосылады және басқа өріске күн-ай автоматты түрде енгізіледі. Осы өрістің мәні өзгеру нәтижесінде пайда болатын кез келген ережелер осы санатта тізімделеді.

  • Өріс немесе топты өзгерте алатын логика    Бұл санат өрістегі немесе топтағы мәндерді өзгерте алатын кез келген іскери логиканы көрсетеді. Мысалы үшін, пішін үлігіде басқа өрістің мәніне қарап осы өрістің мәнін анықтайтын ережені жаратуыңызға болады. Осы өрістің мәніне әсер көрсететін кез келген ережелер осы санатта тізімделеді.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгідегі барлық іскери логикаларын көру

  • Құралдар мәзірінен Логика инспекторы әмірін таңдаңыз.

Логика инспекторы ашылғанда шолу бөлегі әдепкі бойынша пайда болады. Егжей-тегжей бөлегін ашу үшін, шолу бөлегінде өрісті нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқару элементтің іскери логикасын көру

  • Түймешік басқару элементтен басқа басқару элементтің іскери логикасын көру үшін, басқару элементте тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз, содан соң мәтінмәндік мәзірде Логика инспекторы параметрін таңдаңыз. Түймешік басқару элементінің іскери логикасын көру үшін Құралдар мәзірінде Логика инспекторы параметрін таңдаңыз, содан соң егжей-тегжей бөлегін ашу үшін шолу бөлегінде түймешік басқару элементінің атын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Топтың немесе өрістің іскери логикасын көру

  • Деректер көзіндегі топтың немесе өрістің іскери логикасын көру үшін, Деректер көзі тапсырмалар аймағында өрісте немесе топта тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз, содан соң мәтінмәндік мәзірде Логика инспекторы параметрін таңдаңыз. Егер Деректер көзі тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Көрініс мәзіріндегі Деректер көзі түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×