Пішін деректерін Excel бағдарламасына экспорттау

Сіз Microsoft Office InfoPath пішіндерінің деректерін Microsoft Office Excel 2007 бағдарламасының жаңа жұмыс кітабына экспорттай аласыз. Бұл пішін деректерінен тез сүзүге, сұрыптауға, талдауға, яки сол деректерден диаграммалар жасауға мүмкіндік береді. Сіз деректерді бір уақытта бір яки бірнеше пішіндерден экспорттай аласыз. Сондый-ақ, сіз бір яки бірнеше пішіндерден барлық деректерді яки тек керекті деректерді таңдап экспорттай аласыз. Сонымен қатар, деректерді Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасының InfoPath формаларының қалтасы сақталған пішіндерден, яки Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламасын жегетін тораптағы құжат кітапханасынан да экспорттау мүмкін.

Ескерту : Егер сіз деректерді бірнеше пішіндерден экспорттауды қаласаңыз, барлық пішіндер бір форма үлгісі негізделген болуы тиіс.

Бұл мақалада

Бастамас бұрын

Пішіндегі деректердің бәрін экспорттау

Пішіндегі деректердің біразын ғана экспорттау

Бастамас бұрын

Бұл мүмкіндікті қолдану үшін компьютеріңізде Office Excel 2007 бағдарламасы орнатылған болуы тиіс, және пішініңіз негізделген пішін үлгісінде пішін деректерін Excel жұмыс кітабына экспорттау параметрі қосылған болуы керек.

Беттің жоғарғы жағы

Пішіндегі деректердің бәрін экспорттау

Төменгі іс рәсімін қолданып бір яки бірнеше пішіндердегі деректердің бәрін жаңа, бос Office Excel 2007 жұмыс кітабына автоматты түрде экспорттаңыз.

  1. Office Excel 2007 бағдарламасына экспортталатын деректер сақталған пішінді ашыңыз.

    Ескерту : Егер сіз ашқан пішінде сандық қолтаңба болса, пішін деректерін Excel бағдарламасына экспорттаудан әуелі сол қолтаңбаларды жою керек болады.

  2. Файл мәзірінде, көрсеткімен Қайда экспорттау пәрменіне көрсетіңіз да, Microsoft Office Excel дегенді таңдаңыз.

  3. Excel бағдарламасына экспорттау шеберінің бірінші бетінде, Келесі түймешігіне нұқыңыз.

  4. Excel бағдарламасына экспорттау шеберінің келесі бетінде, Пішін деректерінің бәрі параметрі таңдалған екенін тексеріңіз да, Келесі түймешігін басыңыз.

    Кеңес : Егер ағымдық пішіндегі деректердің бәрін тез экспорттауды қаласаңыз, Келесі түймешігінің орнына Дайын түймешігін басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде мынау амалдардың біреуін орындаңыз:

    • Тек қана ағымдық пішіндегі деректерді экспорттау үшін Тек осы пішіндегі деректерді экспорттау параметрін таңдаңыз.

    • Қосымша пішіндердің деректерін экспорттау үшін Осы пішіндің және мынау қосымша пішіндердің деректерін экспорттау параметрін таңдаңыз да, Қосу пәрменіне нұқыңыз, сонан соң Экспорттау үшін файлдарды қосу жолағында қосымша пішіндерді табып, оларды таңдаңыз.

  6. Дайын түймешігіне басыңыз.

    Office Excel 2007 бағдарламасында, InfoPath пішіні деректері сақталған жаңа жұмыс кітабы ашылады.

Беттің жоғарғы жағы

Пішіндегі деректердің біразын ғана экспорттау

Сіз және Excel бағдарламасына экспорттау шеберін пайдаланып бір яки бірнеше пішіндердің ағымдық көрініс ішіндегі деректерді экспорттай аласыз. Көріністің белгілі өрістеріндегі деректерді, кестелермен тізімдерді қоса тұрып яки қоспай да, экспорттауға болады.

  1. Сіз экспорттауды қалаған деректер сақталған пішінді ашыңыз. Егер пішіндің бірнеше көрінісі болса, тек қана экспортталатын деректер сақталған көріністі ашыңыз.

    Ескерту : Егер сіз ашатын пішінде сандық қолтаңбалар сақталған болса, сіз пішін деректерін Excel бағдарламасына экспорттаудан әуелі қолтаңбаларды жойып тастауыңыз керек.

  2. Файл мәзірінде, көрсеткімен Қайда экспорттау пәрменіне көрсетіңіз да, Microsoft Office Excel дегенді таңдаңыз.

  3. Excel бағдарламасына экспорттау шеберінің бірінші бетінде, Келесі түймешігіне нұқыңыз.

  4. Excel бағдарламасына экспорттау шеберінің келесі бетінде мынау амалдардың біреуін орындаңыз:

    • Сіз экспорттауды қалаған элементтердің арасынан кестелерді және тізімдерді шығару үшін, Тек қана ағымдық көріністегі кестелер және тізімдерден басқа пішін деректерін деген параметрді таңдаңыз.

    • Белгілі кестені яки тізімді экспортталатын элементтер типіне қосу үшін, Тек қана ағымдық көріністегі пішін деректермен бірге мынау кестені яки тізімді параметрін таңдаңыз да, сіз экспорттауды қалаған топты таңдаңыз.

      Ескерту : Егер деректеріні экспорттауды қалаған көрінісінде кестелер мен тізімдер болмаса, бұл параметр қатынаусыз болады.

  5. Келесі батырмасын басыңыз.

  6. Сіз экспорттауды қалаған белгілі деректерді таңдаңыз да, Келесі түймешігіне нұқыңыз.

  7. Шебердің келесі бетінде мынау амалдардың біреуін орындаңыз:

    • Тек қана ағымдық пішіндегі деректерді экспорттау үшін Тек осы пішіндегі деректерді экспорттау параметрін таңдаңыз.

    • Қосымша пішіндердің деректерін экспорттау үшін Осы пішіндің және мынау қосымша пішіндердің деректерін экспорттау параметрін таңдаңыз да, Қосу пәрменіне нұқыңыз, сонан соң Экспорттау үшін файлдарды қосу жолағында қосымша пішіндерді табып, оларды таңдаңыз.

  8. Дайын түймешігіне басыңыз.

    Office Excel 2007 бағдарламасында, InfoPath пішіні деректері сақталған жаңа жұмыс кітабы ашылады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×