Пішін деректерін жіберуге кіріспе

Бұл мақалада

Шолу

Пішін деректерін Access яки SQL Server дерекқорына жіберу

Пішін деректерін Веб қызметке жіберу

Пішін деректерін Microsoft Windows SharePoint қызметтерін жегетін серверге жіберу

Пішін деректерін электрондық пошта хабары ретінде жіберу

Пішін деректерін Веб сервердегі бағдарламаға жіберу

Пішін деректерін деректерді қосу файлын пайдаланып жіберу

Кодты пайдаланып пішін деректерін жіберу

Шолу

Сіз Microsoft Office InfoPath пішіндерін пайдаланып үлкенірек бизнес барысының бөлігі ретінде деректерді жинағаныңызда, сол деректер әдетте пайдаланушылар толтыратын пішіндердің ішінде қалмайды. Оның орнына, пішін деректері пішінден бізнес барысының кейінгі сатысына, әдетте дерекқор, Веб қызмет яки Веб сервердегі бағдарлама сияқты сыртқы деректер көзіне көшеді. Мәселен, қызметкер InfoPath бағдарламасын қаражаттар есебі пішінін толтырып, оны Веб қызметке жіберу үшін пайдалануы мүмкін. Веб қызметте, пішіндер өңделеді.

Сыртқы деректер көзіне жіберіліп тұрған InfoPath пішіні

Пішінді сақтағанда, пайдаланушылар пішінді толтырған кезде оны сақтау үшін орын таңдайды, Бұдан өзгеше түрде, пішін жіберілгенде пішіндің деректері сол пішін мен байланысты пішін үлгісі жасақталғанда анықталған белгілі орынға жіберіледі. Сіз пішін үлгісін жасақтап, пішінді жіберу мүмкіндігін қосып қойған соң, пайдаланушылар пішініңізге енгізген деректерді төменгі орналасу жерлерге жіберілуін таңдауыңыз мүмкін:

  • Microsoft Office Access яки Microsoft SQL Server деректер қорына

  • Веб қызметіне

  • Microsoft Windows SharePoint қызметтерін жегетін серверге

  • Электрондық пошта хабарында

  • Веб сервердегі бағдарламаға

  • InfoPath үшін хост болатын теңшелетін бағдарлама

Пішіндеріңіздегі деректер қай жерге жіберілуін анықтау Сіздің бизнес барысыңыздың дұрыстығын және тиімділігін арттырады, себебі ол Сізге сол барыстарды бақылауды нығайтуға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар пішін деректерін жіберуден әуелі InfoPath сол пішіндердегі деректердің шын екенін тексереді да, пайдаланушыларға қате болған деректерді жөндеуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік тек қана шын болған деректерді сыртқы деректер көзіне жіберуге жәрдемдеседі.

Пішін үлгіңізді пайдаланушыларыңызға деректерін бірыңғай орналасуға жіберетіндей етіп жасақтаудан басқа, Сіз, сондай-ақ, пішін үлгіңізді пайдаланушыларыңыз пішін деректерін көптеген орналасуларға бірден жіберетіндей етіп жасақтауыңыз мүмкін. Мәселен, Сіз қаражаттар есебі пішін үлгісін, пайдаланушыларыңыз толтырылған пішіндерін жіберген соң пішіндердегі деректер дерекқорға жіберілетіндей етіп, және әрбір толтырылған пішін электрондық пошта хабары мен басқарушыға жіберілетіндей етіп жасақтауыңыз мүмкін.

Сіз қашан болмасын сыртқы деректер көзіне жіберілетін пішін үлгісін жасақтасаңыз, InfoPath бағдарламасы әдепкі ретте Файл мәзіріндегі Жіберу пәрмені мен Стандартты құралдар үстеліндегі Жіберу батырмасын қосып қояды. Қажетіңізге қарай, Жіберу пәрменінің атауын өзгертуге болады. Сонымен қатар, Сіз тағы тікелей пішін үлгісінің өзіне қосымша батырма кірістіре аласыз, және пайдаланушыларға, пішінді толтырған соң, сол батырманы басып пішін деректерін жіберу мүмкін болады.

Сондай-ақ, Сіз пішін үлгіңізді, пішін жіберілген соң, төменгі оқиғалардың біреуі орындалатындай етіп реттей аласыз:

  • Жіберілген пішін жабылады.

  • Жіберілген пішін жабылып, жаңа және бос пішін ашылады.

  • Жіберілген пішін ашықтай қалады.

Сонымен қатар, Сіз пайдаланушылар пішінін жіберген соң пайда болып, пішін сәтті жіберілгенін көрсететін хабарды да жазуыңыз мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін деректерін Access яки SQL Server дерекқорына жіберу

InfoPath пішіндері дерекқорларға жиі жіберіледі, бірыңғай кестені тұтынғыштың жазбасы мен жаңарту үшін ба немесе күрделі сценарийлер үшін, мысалы қаражаттар есебі пішін үлгісінде байланыстырылған бірнеше кестелерді өзгерту сияқты. Сіз пішін үлгіңізді InfoPath бағдарламасында тікелей Access яки SQL Server дерекқорына сценарийды немесе теңшелетін кодті пайдалануыңызды талап етпей жіберілетіндей етіп жасақтауыңыз мүмкін. Сондай-ақ, Сіз пішін деректерін декерқорлардың басқа типтеріне теңшелетін кодті пайдаланып немесе пішінді сол дерекқорға қосылған Веб қызметіне жіберу арқылы жібере аласыз.

Пішінді Access яки SQL Server дерекқорына жіберу үшін, Сіз сол дерекқорға негізделген пішін үлгісіні жасақтауға тиістісіз. Бұл пішін үлгісінің деректер көзі дерекқордың құрылымына сәйкесті болуын қамтамасыз етеді. Егер Сіз деректер қоры қосылымын бар пішін үлгісіне қоссаңыз, пайдаланушылар өздері толтырған пішіндерді сол деректер қорына жібере алмайды, себебі пішіндің деректер көзі деректер қорының құрылымына сәйкесті болмайды. Егер пішін үлгісі деректер қорының құрылымына сәйкесті болмаса, InfoPath деректер қорындағы дұрыс өрістерді деректер жіберілген соң жаңарта алмайды.

Сіз деректер қорына негізделген пішін үлгісін жасақтаған кезде төменгі мәселелерге назар аударыңыз:

  • Пішін үлгісін деректер қорындағы біреуден көп кестелерге қосқанда, кестелер негізгі өрістер арқылы қосылуы тиіс.

  • Суреттер, кескіндер, OLE нысандар, файл тіркемелері, және Access Memo мен SQL сияқты ұзын деректер типтері деректер қосылымынан жойылуы тиіс. InfoPath бұл типтегі ұзын деректерді қолдамайды. Деректер қорынан белгілі өрістерді жою үшін, Деректерді қосу шеберін пайдаланып деректер қосылымын орнатыңыз.

Сіз осы мәселелердің қайсы бірі орынды екенін Деректерді қосі шеберінің ақырғы бетіндегі Жиынтық мәлімет шаршысындағы ақпаратты оқып анықтауыңыз мүмкін. Жиынтық мәлімет пішін жіберу қосылғаны туралы мәлімет береді, және егер ол қосылмаған болса, Жиынтық мәлімет бұл мүмкіндік неге қосылмағанын түсіндіреді.

Пішін үлгісі мен деректер қоры арасында деректер қосылымын орнатқаныңыз соң, Сіз басқа қалаған жіберу параметрлерін теңшей аласыз. Мәселен, пішін үлгіңіздің Жіберу батырмасы үстінде пайда болатын мәтінді өзгертуге болады. Сіз тағы пайдаланушыларға бейнеленіп, пішін сәтті жіберілгенін көрсететін хабарларды да өзгерте аласыз, және пішінді жіберген соң оны ашық қалатын етіп белгілеу мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін деректерін Веб қызметке жіберу

Веб қызметін бизнес барысы үшін іс жүрісін орнату үшін пайдаланасыз ба яки деректер қорыңыздың үстіндегі орталық қабат ретінде пайдаланасыз ба, InfoPath бағдарламасы Веб қызметі мен өзара қатынасатын пішін үлгілерін жасауды оңайлатады. InfoPath бағдарламасы Сізді пішін үлгілерін Веб қызметіне байланыстыру барысы бойынша бағыттайтын Деректерді қосу шеберіне ие.

Пішіндерді Веб қызметіне жіберетін пішін үлгісін жасақтаудың екі жалпы тәсілі бар:

  • Бар пішін үлгісін Веб қызметіне қосу

  • Веб қызметіне негізделген жаңа пішін үлгісін жасақтау

Бұл тәсілдердің екеуі да InfoPath бағдарламасына Веб қызметінің схемасына негізделген деректер көзін жасауға жол береді. Бұл мүмкіндік пішін үлгісіне негізделген пішіндерге деректерді Веб қызметіне жіберуге мүмкіндік береді.

Техникалық мәліметтер

Пайдаланушылар пішінді Веб қызметіне жіберген кезде, сол пішін XML тілі (XML) деректері ретінде SOAP хатқалтасы ішінде жіберіледі. SOAP хатқалтасы белгілі Веб қызметі амалы үшін енгізу параметрі ретінде әрекет етеді. Сіз оны пішінді HTTP пайдаланып жіберу мен салыстыруыңыз мүмкін, және соңы тәсіл мен жіберу пішінді HTTP POST сұрауында XML құжаттына алып келеді.

InfoPath пішін үлгісін Веб қызметіне қосудан әуелі, мыналарды есепке алыңыз:

  • InfoPath қашықтағы процедураны шақыру (RPC) шифрланған мәнерін қолданатын Веб қызметке қосыла алмайды. Тек қана литерал құжат шифрлау қолданады.

  • Пішін үлгісін оның пішіндері деректерді Веб қызметіне жіберетіндей етіп ішқұрылымдаған кезде, Сіз тек қана кейбір өрістер яки топтардағы деректерді жіберілетін етіп белгілей аласыз, немесе пішіндегі барлық деректерді жіберуыңыз мүмкін.

Веб қызметі мен деректер қосылымы орнатылған соң, Сіз пішін үлгісіне Жіберу батырмасын үстей аласыз және басқа қалаған жіберу параметрлерін баптай аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін деректерін Microsoft Windows SharePoint қызметтерін жегетін серверге жіберу

Сіз деректерді Microsoft Windows SharePoint қызметтерін жегетін серверге жіберетін пішін үлгісін жасақтай аласыз. Оны істеп, Сіз барлық пайдаланушыларыңыздың пішіндерін құжаттар кітапхасі ішінде сақтай және реттей аласыз. Сонымен қатар, пайдаланушыларыңыз сол пішін үлгісіне негізделген пішіндерді тұра кітапханадан толтыра алады. Олар тағы пішін деректерін Microsoft Office Excel бағдарламасына экспорттауы яки бірнеше пішіндердің деректерін біртұтас пішінге біріктіруі мүмкін. Сонымен қатар, пішінді жіберуді тұра құжаттар кітапханасына қосып қойсаңыз, Сіз пішіндер үшін файл атауларды тұрақты мән, пішіндегі деректерге негізделген мәндер яки формула жәрдемі мен алдын ала анықтай аласыз.

Пішін үлгісіне SharePoint құжаттар кітапханасына пішін жіберу мүмкіндігін қосып ішқұрылымдаған соң, Сіз Жіберу батырмасын пішінге үстеп қоюыңыз мүмкін және басқа жіберу параметрлерін реттей аласыз. Мәселен, Жіберу батырмасы үстіндегі мәтін, пайдаланушыға бейнеленетін пішіндің сәтті жіберілгені туралы хабарлар және пішінді жібрген соң оны ашық қалдыру керек па деген сұрау хабарлар сияқты параметрлер.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін деректерін электрондық пошта хабары ретінде жіберу

Электрондық пошта бағдарламаны пайдалану бизнес барысы үшін іс жүрісін орнатудің ең оңай және көпшілік мақұлдаған жолдардың бірі болып есептеледі. Сіз пайдаланушыларға Стандартты құралдар үстеліндегі немесе Файл мәзіріндегі Жіберу батырмасын басып толтырған пішіндерін электрондық пошта хабарының тіркемесі яки негізгі мәтіні ретінде жіберуге рұқсат беретін InfoPath пішін үлгісін жасақтауыңыз мүмкін. Пішін үлгіңізді  — тұрақты мәндер, пішіндегі жазбаларға негізделген мәндер мен, немесе өрнекті пайдаланып жасақтаған кезде электрондық пошта мекенжайларды, тақырып жолағын, және тіркеме файл атауын барлығын алдын ала анықтап алу мүмкін. Мәселен, Сіз пішін үлгіңізді толтырылған пішіндер тақырып жолағы алдын ала анықталған электрондық пошта хабары ішінде пішіндегі жазбаға негізделген электрондық пошта мекенжайға автоматты түрде жіберілетіндей етіп жасақтай аласыз. Сонымен қатар, пайдаланушылар пішінге енгізетін деректерге негізделіп, пішін үшін динамикалық файл атауларды анықтауыңыз мүмкін.

Пайдаланушылар пішіндерін электрондық пошта хабары ретінде жіберуі үшін, олардың компьютерлерінде Microsoft Office Outlook 2003 яки Microsoft Office Outlook 2007 орнатылған болуы тиіс. Пішіндерді Веб шолғышта толтыраты пайдаланушыларға пішіндерді электрондық пошта хабары ретінде жіберу үшін Outlook бағдарламасы қажет емес.

Пішін үлгісін пішінді электрондық пошта хабары ішінде жіберу мүмкіндігін қосып ішқұрылымдаған соң, Сіз пішін үлгісінің Стандартты құралдар үстеліне Жіберу батырмасын және оның Файл мәзіріне Жіберу пәрменін үстей аласыз. Сондай-ақ, басқа жіберу параметрлерін реттей аласыз. Мәселен, Жіберу батырмасы үстіндегі мәтін, пайдаланушыға бейнеленетін пішіндің сәтті жіберілгені туралы хабарлар және пішінді жібрген соң оны ашық қалдыру керек па деген сұрау хабарлар сияқты параметрлер.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін деректерін Веб сервердегі бағдарламаға жіберу

Егер XML деректерді өңдей алатын Веб серверде Сізде Белсенді сервер беті (ASP) беті яки басқа код болса, пішін үлгіңізді пайдаланушылар толтырылған пішіндерді сол Веб серверге HTTP POST әдісін пайдаланып жібере алатындай етіп жасақтау мүмкін болады. Сіз пішін үлгіңізді пайдаланушылар пішіндерін осы жол мен жібере алатын етіп теңшеген соң, InfoPath пішін деректерін өз ішіне алатын хабарды жаратады да, соң осы хабарды Веб серверге жібереді. Деректерді Веб серверге жіберу үшін пішін үлгісін жасақтаған сәтте, Сіз Жіберу батырмасын пішін үлгіңізге үстей аласыз, Жіберу батырмасында пайда болатын мәтінді анықтай аласыз, пішін сәтті жіберілгені туралы пайдаланушыларға бейнеленетін хабарларды баптай аласыз, және пішін жіберілген соң оны ашық қалуын белгілей аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін деректерін деректерді қосу файлын пайдаланып жіберу

Сондай-ақ, Microsoft Office InfoPath 2007 бағдарламасында деректер қосылымы үшін қажетті параметрлердің барлығын өз ішіне алатын деректерді қосу файлы деп аталатын XML файлын жасау мүмкіндігі бар. Сіз сол файлды деректерді қосу кітапханасының Microsoft Office SharePoint Server 2007 деген торабында сақтап қоюыңыз мүмкін, сонан соң сол XML файлды пайдаланып деректер қосылымын теңшейтін бірнеше пішін үлгілерін жасақтай аласыз. Деректерді қосу файлын пайдалану дегені, егер деректер қосылымында бірдеме өзгерсе  — мәселен, егер сыртқы деректер көзінің орналасуы өзгерсе — Сіз әрбір жеке пішін үлгісіндегі деректер қосылымын жаңартқанша, деректерді қосу файлын бір рет жаңартуыңыз мүмкін. Деректерді қосу файлын қолданатын барлық пішін үлгілері автоматты түрде жаңа параметрлер мен жаңартылады.

Деректерді қосу файлы пайдаланушылар пішін деректерін қалай жіберуін анықтайтын параметрлерді өз ішіне алуы мүмкін. Сіз пішін үлгісін осы деректерді қосу файлының параметрлерін қолданатын етіп жасақтауыңыз мүмкін. Пішін үлгісіне пішін жіберу мүмкіндігін қосып теңшеген соң, Сіз пішін үлгісіне негізделген пішіндің Файл мәзіріне Жіберу пәрменін, және Стандартты құралдар үстеліне Жіберубатырмасын қосып қоюыңыз мүмкін, сонан соң басқа жіберу параметрлерін реттей аласыз. Мәселен, Жіберу батырмасында пайда болатын мәтінді анықтай аласыз, пішін сәтті жіберілгені туралы пайдаланушыларға бейнеленетін хабарларды баптай аласыз, және пішін жіберілген соң оны ашық қалуын белгілей аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кодты пайдаланып пішін деректерін жіберу

Пішін деректерін жіберу үшін пішін үлгіңізде қосымша мүмкіндіктерді жасау үшін, Сіз Microsoft Visual Basic .NET, Microsoft Visual C# .NET, яки сценарийды қолданып басқарылатын код жазуыңыз мүмкін. Мәселен, Сіз пішін үлгіңізге пішінді бірден бірнеше орналасуларға яки әдетте InfoPath бағдарламасы қолдамайтын сыртқы деректер көзіне жіберу мүмкіндігін қосуыңыз мүмкін.

Кеңес : Егер пішін үлгіңізді пайдаланушыларға пішіндерін сыртқы деректер көзіне InfoPath деректерді қосу параметрлерін қолданып жіберу мүмкіндігін беретіндей етіп теңшей алмасаңыз, Сіз осы мүмкіндікті пайдаланып сол сыртқы деректер көзі мен өзіңіздің деректер қосылымыңызды енгізу әдісін жаса аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×