Пішінді тезірек толтыру

Деректерді пішінге енгізу үдірісі оңай болсада, оны тиімдірақ түрде орындауға жәрдемдесетін бірнеше мүмкіндіктер бар.

Сіз не істеуді қалайсыз?

Деректерді енгізуді тездету үшін Автоаяқтауды пайдалану

Өрістер арасында тезірек жылжу

Жолдар яки бағандарды тезірек қосу

Қателерді тезірек сараптау

Деректерді енгізуді тездету үшін Автоаяқтауды пайдалану

Сіз Microsoft Office InfoPath бағдарламасында Автояқтағыш мүмкіндігін пайдаланып компьютеріңізде толтырған қандай болсада пішіндің өрістеріне бұрын теріп енгізілген жазбаларды сақтап қоя аласыз. InfoPath пішінінің өрісіне бірінші таңбалар теріп енгізілгенде, Автоаяқтағыш оларға тура келетін бұрын теріп енгізілген жазбалардың тізімін көрсетеді. Сөйтіп сіз қалаған жазбаны таңдай аласыз, яки егер тізімдегі жазбалардың ешқайсысы жаңа жазбаға сай келмесе, сіз теруді жалғастыруыңыз мүмкін.

Төменгі суретте, 8 терілгенде Автоаяқтағыш бұрын енгізілген 8:00 мәнін сай келуі мүмкін болатын жазба ретінде көрсетіп тұр.

Өзаяқтау мысалы

Егер Автоаяқтағыш пішініңіздің өрістерінде істемей тұрған болса, пішіндің құрастырушысы оны ажыратып қойған болуы мүмкін, яки Автоаяқтағыш параметрі Windows Internet Explorer бағдарламасында өшірілген болуы мүмкін.

Автоаяқтағышты қосу

  1. Құралдар мәзірінде, Параметрлер түймешігіне нұқыңыз.

  2. Жалпы қойындысын таңдаңыз.

  3. Жүйе дегендің астында, Internet параметрлері дегенді таңдаңыз.

  4. Мазмұн қойындысын таңдаңыз.

  5. Жеке ақпарат дегендің астында, Автоаяқтағыш түймешігіне нұқыңыз.

  6. Автоаяқатғыш параметрлері тілқатысу терезесінің Автоаяқатғышты пайдалану параметрі астында, Пішіндер көзіне құсбелгіні қойыңыз.

Ескерту : Пішін құрастырушысы Автоаяқтағышты пішіндің барлық яки бірнеше өрістері үшін өшіріп қойған болуы мүмкін. Бұл сценарийда, сіз сол өрістерді толтырған кезде Автоаяқтағыш мүмкіндігін Internet Explorer бағдарламасында ашсаңызда ол мүмкіндікті пайдалана алмайсыз.

Сізге кей-кейде Автоаяқтағыш ұсынатын жазбаларды тазалап тұруыңыз мүмкін. Сөйтіп, сіз басқа пайдаланушыларға сіз енгізген жеке ақпараттарды көруге жол бермейсіз.

Ұсынылған Автомәтін жазбаларын тазалау

  1. Құралдар мәзірінде, Параметрлер түймешігіне нұқыңыз.

  2. Жалпы қойындысын таңдаңыз.

  3. Жүйе дегендің астында, Internet параметрлері дегенді таңдаңыз.

  4. Мазмұн қойындысын таңдаңыз.

  5. Жеке ақпарат дегендің астында, Автоаяқтағыш түймешігіне нұқыңыз.

  6. Пішін өрістеріне кірістірілген ендірулер тізімін жою үшін, Автоаяқтағыш жұрналын тазалау астында Пішіндерді тазалау пәрменіне нұқыңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Кеңес : Пішінді толтырған кезде, сіз Автоаяқтағыш ұсынған тізімден тек бір ендірілуді жойсаңыз да болады. Тізім пайда болғанда, жоюды қалаған элементке нұқыңыз да, DELETE пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өрістер арасында тезірек жылжу

Тінтуір көрсеткісін жылжыту әдетте пішін өрістеріне қатынастың тез жолы болуына қарамай, кейбірде тіпті пернетақта жәрдемімен өрістер арасында тезірек жылжуға болады. Өрістер арасында пішіндің өту тізбегі жылжу үшін, төменгі амалдардың біреуін орындаңыз:

  • Келесі өріске алға жылжу үшін TAB пернесін басыңыз.

  • Алдынғы өріске артқа жылжу үшін SHIFT+TAB пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Кірістіру орнын кесте ішінде жолдар арасында жоғарыға яки төменге жылжу үшін жоғары көрсеткіні яки төмен көрсектілерін сәйкесті түрде басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жолдар яки бағандарды тезірек қосу

Пішінді толтырған кезде, сіз пішін үлгісінің бөлігі болған кестелерге жолдарды, яки пішімделген мәтін өрістеріне кірістірілген кестелерге жолдар яки бағандарды қосуыңыз мүмкін. Осы тапсырмаларды орындаған кезде уақытты үнемдеу үшін төменгі амалдардың біреуін орындаңыз:

  • Пішін үлгісінің бөлігі болған кестеге бір жолды қосу үшін CTRL+ENTER тіркесімін басыңыз.

  • Пішімделген мәтін өрістеріне кірістірілген кестелерге жолды яки бағанды қосу үшін, кестеде тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқып, мәтінмәндік мәзірде Кірістіру пәрменіне нұқыңыз да, сізге керекті параметрді таңдаңыз.

    Кеңес : Пішімделген мәтін өрісіне кірістірілген кестеге бір жолды қосу үшін, кірістіру орнын кестенің ең соңғы ұяшығына жылжытыңыз да, TAB пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қателерді тезірек сараптау

Пішінді толтырған кезде, InfoPath бағдарламасы автоматты түрде сіз енгізген деректердің қателерін тексереді. Егер InfoPath сіз терген ақпаратта ақаулық тапса, сіз диалогтық терезе ескертуі яки ішкі ескерту көресіз. Сызықтық ескерту үшін, пішіндің өрісі төңірегінде қызыл сызықталған жиек пайда болады. Өріс талап етілген жағдайларда, басқару элементі ішінде қызыл жұлдызша пайда болады. Белгілі сызықтық ескерту туралы қосымша мәлімет алу үшін көрсеткіні өріс устіне яки оның үстінде тінтуірдің оң жаң түймешігін нұқыңыз. Пішіндің құрастырушысы анықтама хабармен тілқатысу терезесі да пайда болуын белгілей алады. Төменгі сурет сызықтық ескертуді және ескерту тілқатысу терезесін көрсетеді.

Ескерту тілқатысу терезесі және сызықтық ескерту мысалдары

Деректер қателерін және сол қателердің сипаттамаларын тез көру үшін төменгі амалдардың біреуін орындаңыз:

  • Деректер қатесі бар өріске жылжу үшін CTRL+SHIFT+E пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Ақаулықтың сипаттамасын оқу үшін қате бар өрісті таңдаңыз да, CTRL+SHIFT+S пернелер тіркесімін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×