Пішіндегі деректерді бірнеше мекенжайға жіберу

Пішін үлгісін жасақтау арқылы пайдаланушылар Жіберу батырмасын басқан кезде пішіндегі деректер бірнеше мекенжайға жіберетіндей етуге болады.

Бұл мақала төмендегі тақырыптарды қамтиды:

Шолу

1-қадам: Деректерді жіберу үшін арналған қосылымдарды қосу

2-қадам: Жіберу әрекетін рұқсат ету мақсатында пішін үлгісін баптау

Шолу

Пайдаланушыларға пішіндегі деректерін бірнеше мекенжайға жіберуге рұқсат беру үшін пішін үлгісіне пайдаланушылардың қалаған мекенжайларына деректерді жіберетін қосымша деректер қосылымын қосу қажет. Деректерді жіберу үшін арналған қосылымдардың барлығын қосқан соң, пішін үлгісін баптау арқылы пайдаланушыларға олардың пішіндеріндегі деректерді ереже пайдаланып бірнеше мекенжайларға жіберуге рұқсат беру мүмкін. Нәтижесінде, пайдаланушылар пішінді толтырған кезде Microsoft Office InfoPath бағдарламасы Стандартты құралдар үстеліне Жіберу батырмасын, ал Файл мәзіріне Жіберу әмірін қосады. InfoPath деректерді қосымша деректер қосылымдарына олардың осы ережедегі белгіленген реті бойынша жібереді. Барлық деректер қосылымдарын бір уақытта пайдаланатындай етіп, ережені баптау мүмкін емес.

Пайдаланушыларға пішіндегі деректерін жіберуге рұқсат беру мақсатында пішін үлгісін баптаған кезде келесі әдістерді пайдаланып, жіберу параметрлерін де баптауға болады:

  • Стандартты құралдар үстеліндегі Жіберу батырмасында және Файл мәзіріндегі Жіберу батырмасында пайда болатын мәтінді өзгерту.

  • Стандартты құралдар үстеліндегі Жіберу батырмасы және Файл мәзіріндегі Жіберу әмірі үшін пернелер тіркесімін өзгерту.

  • Пайдаланушыларыңыз өз пішіндерін жіберген кезде олар үшін пайда болатын өзгертпелі хабарларды жасау.

  • Пішіндер жіберілген соң пішіндерді ашық қалдыру, пішіндерді жауып тастау немесе басқа таза пішінді ашу керектігін белгілеп көрсету.

Беттің жоғарғы жағы

1-қадам: Деректерді жіберу үшін арналған қосылымдарды қосу

Пайдаланушыларға толтырылған пішіндерін бірнеше мекенжайларға жіберу мүмкіндігін беру үшін пішін үлгісіне қажетті деректер қосылымдарын қосу керек. Деректер қосылымдарын келесі мекенжайларға қосу мүмкін:

  • Веб-қызметке

  • Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламасын жегіп тұрған сервердегі құжаттар жинағына

  • Электрондық пошта хабары ішінде

    Ескерту : Пішіндегі деректерді электрондық пошта хабары арқылы жіберу үшін пайдаланушылардың компьютерлерінде Microsoft Office Outlook бағдарламасы орнатылған болуы керек.

Келесі үдірістер осы мекенжайларға деректерді жіберу қосылымдарды қосу жолын түсінтіреді:

Деректерді Веб-қызметке жіберетін қосылымды қосу

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Деректік қосылымдар тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін нұқыңыз.

  3. Деректік қосылым шеберінде Жаңа қосылым жасау түймешігін нұқыңыз, Деректерді жіберу түймешігін нұқыңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

  4. Шебердің келесі бетінде Веб-қызметке дегенін нұқыңыз, одан кейін Келесі батырмасын басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде, пайдаланушылар өз пішіндерін жіберетін Веб-қызметтің орналасу мекенжайын енгізіңіз де Келесі батырмасын басыңыз.

    Ескерту : Әмбепап сипаттаушы, айқындаушы және біріктіруші серверінде (UDDI) іздеу жүргізіп, Веб-қызметті тапқыңыз келсе, UDDI серверінде іздеу дегенін нұқыңыз, қалаған UDDI серверін енгізіңіз, жеткізуші бойынша не жеткізілген қызметтер бойынша іздеу керектігін белгілеңіз, ізделетін кілт сөзді енгізіңіз де Іздеу батырмасын басыңыз. Іздеген кілт сөзіңізге сәйкес келген Веб-қызметтер Іздеу нәтижесі тізімінде шығады.

  6. Шебердің келесі бетіндегі Әрекет таңдау тізімінде, пішіндегі деректерді қабылдайтын Веб-қызмет әрекетін таңдаңыз да Келесі батырмасын басыңыз.

  7. Шебердің келесі бетінде келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    Өрістегі немесе топтағы деректерді жіберу

    1. Параметрлер тізімінде, пішіннен деректер қабылдайтын Веб-қызмет параметрін таңдаңыз.

    2. Параметрлер мәзірі ішінде, Өріс немесе топ дегенін нұқыңыз.

    3. Өзгерту Батырма суреті батырмасын басыңыз. .

    4. Өріс немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде, деректерін жібергіңіз келген өрісті немесе топты таңдаңыз да OK батырмасын басыңыз.

    5. Ішіне алу деген қоршауда, осы өрістің немесе топтың мазмұнын және еншілес элементтерін ғана жіберу үшін Тек қана мәтін және еншілес элементтер дегенін нұқыңыз, немесе мазмұнын да таңдалған өріс немесе топты да жіберу үшін XML ішкі бұтағы, таңдалған элементтерімен дегенін нұқыңыз.

    Пішіндегі барлық деректерді жіберу

    1. Бүкіл пішін (XML құжаты, өңдеу нұсқауларымен) дегенін нұқыңыз.

    Деректерді жол ретінде жіберу

    1. Деректерді жол ретінде жіберу құсбелгісін қойыңыз.

      Кеңес : Әдетте, осы құсбелгі көзіне сандық түрде қол қойылған деректерді жіберу үшін құсбелгі қойылады. Көп жағдайларда, құсбелгіні алып тастаңыз.

  8. Келесі батырмасын басыңыз.

  9. Шебердің келесі бетінде, Осы деректік қосылым атауын енгізу жолағында осы жіберілетін деректік қосылымның суреттеме атауын теріңіз.

Деректерді құжаттар жинағына жіберетін қосылымды қосу

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Деректік қосылымдар тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін нұқыңыз.

  3. Деректік қосылым шеберінде Жаңа қосылым жасау түймешігін нұқыңыз, Деректерді жіберу түймешігін нұқыңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

  4. Шебердің келесі бетінде, SharePoint торабында орналасқан құжаттар жинағына дегенін нұқыңыз, одан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетіндегі Құжаттар жинағы қоршауында SharePoint құжаттар жинағының орналасу мекенжайын енгізіңіз.

  6. Файл атауы қоршауында, құжаттар жинағы ішінде пішінді анықтау мақсатында ол үшін атау енгізіңіз. Әрбір пішін атауы бірегей болуын қамтамасыз ету үшін өрнек пайдалануға да болады.

    Қалай?

    1. Формуланы кірістіру Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

    2. Өрнек кірістірү тілқатысу терезесінде келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

      • Өрнектегі өрісті қолдану үшін Өріс немесе топ кірістіру дегенін нұқыңыз, Өріс немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде пайдалану үшін өріс таңдаңыз, кейін ОК батырмасын басыңыз.

      • Өрнекте жете қолдану үшін Жете кірістіру дегенін нұқыңыз, Жете кірістіру тілқатысу терезесінде пайдалану үшін жете таңдаңыз, ал одан соң ОК батырмасын басыңыз.

        Кеңес : Егер жете параметрлерді талап етсе, Жете кірістіру тілқатысу терезесінде жетені таңдаңыз да ОК батырмасын басыңыз, ал одан соң Өрнек кірістіру тілқатысу терезесіндегі Өрнек қоршауында қосқан жетеңізді екі рет нұқып, өріс немесе топты таңдаңыз. Жетелер туралы толық ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

      • Өрнекке мәнді немесе математикалық амалдағышты кірістіру үшін, Өрнек қоршауында мәнді немесе математикалық әрекет белгісін енгізіңіз.

    Әрекет

    Белгі

    Қосу

    +

    Алып тастау

    -

    Көбейту

    *

    Бөлу

    /

    • Ескерту : Егер өрнегіңізде бөлу (/) амалдағышы қолданылса, бөлу амалдағышының алдында және артында бос орын барлығына көз жеткізіңіз. Егер бөлу амалдағышының алдында және артында бос орын жоқ болса InfoPath бағдарламасы "/" белгісін бөлу амалдағышы емес, бірақ XPath мекенжай элементтерін бөлетін белгі деп түсінуі мүмкін.

    • Синтаксисін дұырыстауға арналған өрнекті тексеру үшін Формуланы кірістіру тілқатысу терезесінде Формуланы тексеру түймешігін нұқыңыз.

      Өрнектер туралы толық ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

  7. Құжаттар жинағында кез келген пішінді ұқсас атауға ие болған пішінмен ауыстыру үшін Егер файл бар болса қайта жазуға рұқсат беру құсбелгісін қойыңыз.

  8. Келесі батырмасын басыңыз.

  9. Шебердің келесі бетінде, Осы деректік қосылым атауын енгізу жолағында осы жіберілетін деректік қосылымның суреттеме атауын теріңіз.

Деректерді электрондық пошта хабары ішінде жіберетін деректер қосылымын қосу

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Деректік қосылымдар тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін нұқыңыз.

  3. Деректік қосылым шеберінде Жаңа қосылым жасау түймешігін нұқыңыз, Деректерді жіберу түймешігін нұқыңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

  4. Шебердің келесі бетінде Электрондық хабар ретінде дегенін нұқыңыз, одан кейін Келесі батырмасын басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде, тиісті қоршауларға хабар алушылардың электрондық пошта мекенжайларын, хабарда пайда болатын тақырыпты және кіріспе мәтінді енгізіңіз, одан соң Келесі батырмасын басыңыз. Кіріспе қоршауын қоспағанда, әрбір қоршау ішінде өрнек қолдануға да болады.

    Қалай?

    1. Формуланы кірістіру Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

    2. Өрнек кірістірү тілқатысу терезесінде келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

      • Өрнектегі өрісті қолдану үшін Өріс немесе топ кірістіру дегенін нұқыңыз, Өріс немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде пайдалану үшін өріс таңдаңыз, кейін ОК батырмасын басыңыз.

      • Өрнекте жете қолдану үшін Жете кірістіру дегенін нұқыңыз, Жете кірістіру тілқатысу терезесінде пайдалану үшін жете таңдаңыз, ал одан соң ОК батырмасын басыңыз.

        Кеңес : Егер жете параметрлерді талап етсе, Жете кірістіру тілқатысу терезесінде жетені таңдаңыз да ОК батырмасын басыңыз, ал одан соң Өрнек кірістіру тілқатысу терезесіндегі Өрнек қоршауында қосқан жетеңізді екі рет нұқып, өріс немесе топты таңдаңыз. Жетелер туралы толық ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

      • Өрнекке мәнді немесе математикалық амалдағышты кірістіру үшін, Өрнек қоршауында мәнді немесе математикалық әрекет белгісін енгізіңіз.

    Әрекет

    Белгі

    Қосу

    +

    Алып тастау

    -

    Көбейту

    *

    Бөлу

    /

    • Ескерту : Егер өрнегіңізде бөлу (/) амалдағышы қолданылса, бөлу амалдағышының алдында және артында бос орын барлығына көз жеткізіңіз. Егер бөлу амалдағышының алдында және артында бос орын жоқ болса InfoPath бағдарламасы "/" белгісін бөлу амалдағышы емес, бірақ XPath мекенжай элементтерін бөлетін белгі деп түсінуі мүмкін.

    • Синтаксисін дұырыстауға арналған өрнекті тексеру үшін Формуланы кірістіру тілқатысу терезесінде Формуланы тексеру түймешігін нұқыңыз.

      Өрнектер туралы толық ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

  6. Шебердің келесі бетінде келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    1. Пішінді электрондық пошта хабарламасының негізгі бөлімінде көрсету үшін Пішіндің белсенді көрінісін ғана және тіркемесіз жіберу дегенін нұқыңыз.

    2. Пішіндегі деректерді электрондық пошта хабарламасының тіркемесі ретінде жіберу үшін Пішіндегі деректерді тіркеме ретінде жіберу дегенін нұқыңыз, Пайдаланушылар пішінді аша алатынын қамтамасыз ету үшін пішін үлгісін тіркеу құсбелгісін қойыңыз, Тіркеме атауы қоршауында пішін үшін атау енгізіңіз. Сондай-ақ, әрбір пішін атауы бірегей болуын қамтамасыз ету мақсатында өріс белгілеуге немесе өрнек пайдалануға болады

      Қалай?

      1. Формуланы кірістіру Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

      2. Өрнек кірістірү тілқатысу терезесінде келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

        • Өрнектегі өрісті қолдану үшін Өріс немесе топ кірістіру дегенін нұқыңыз, Өріс немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде пайдалану үшін өріс таңдаңыз, кейін ОК батырмасын басыңыз.

        • Өрнекте жете қолдану үшін Жете кірістіру дегенін нұқыңыз, Жете кірістіру тілқатысу терезесінде пайдалану үшін жете таңдаңыз, ал одан соң ОК батырмасын басыңыз.

          Кеңес : Егер жете параметрлерді талап етсе, Жете кірістіру тілқатысу терезесінде жетені таңдаңыз да ОК батырмасын басыңыз, ал одан соң Өрнек кірістіру тілқатысу терезесіндегі Өрнек қоршауында қосқан жетеңізді екі рет нұқып, өріс немесе топты таңдаңыз. Жетелер туралы толық ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

        • Өрнекке мәнді немесе математикалық амалдағышты кірістіру үшін, Өрнек қоршауында мәнді немесе математикалық әрекет белгісін енгізіңіз.

      Әрекет

      Белгі

      Қосу

      +

      Алып тастау

      -

      Көбейту

      *

      Бөлу

      /

      • Ескерту : Егер өрнегіңізде бөлу (/) амалдағышы қолданылса, бөлу амалдағышының алдында және артында бос орын барлығына көз жеткізіңіз. Егер бөлу амалдағышының алдында және артында бос орын жоқ болса InfoPath бағдарламасы "/" белгісін бөлу амалдағышы емес, бірақ XPath мекенжай элементтерін бөлетін белгі деп түсінуі мүмкін.

      • Синтаксисін дұырыстауға арналған өрнекті тексеру үшін Формуланы кірістіру тілқатысу терезесінде Формуланы тексеру түймешігін нұқыңыз.

        Өрнектер туралы толық ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

      Ескерту : Электрондық пошта хабарламасының тіркемесі ретінде жіберілген пішін деректерді ашу үшін алушылар компьютерлерінде InfoPath бағдарламасын орнатқан болуы керек.

  7. Келесі батырмасын басыңыз.

  8. Шебердің келесі бетінде, Осы деректік қосылым атауын енгізу жолағында осы жіберілетін деректік қосылымның суреттеме атауын теріңіз.

  9. Тұжырым бөліміндегі ақпарат дұрыс екеніне көз жеткізіңіз, ал одан соң Дайын батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

2-қадам: Жіберу әрекетін рұқсат ету мақсатында пішін үлгісін баптау

Пішін үлгісіне қосымша деректер қосылымдарын қосқан соң, пішін үлгісін ішқұрылымдау арқылы пайдаланушыларға пішіндегі деректерін жіберуге рұқсат беріледі. Осы істелген соң, пайдаланушылар пішінді толтырып тұрған кезде InfoPath бағдарламасы Файл мәзіріне Жіберу әмірін қосады, ал Стандартты құралдар үстеліне Жіберу батырмасын қосады. Содан соң, пайдаланушы Жіберу батырмасын басқан кезде орын алатын әрекетті баптауға болады. Төменде пайдаланушы Файл мәзіріндегі Жіберу әмірін таңдаған кезде немесе Стандартты құрал үстеліндегі Жіберу батырмасын басқан кезде пішіндегі деректерді әрбір деректер қосылымына жіберетін ережені қосу жолы түсіндіріледі.

Ескерту : Дәл осы тілқатысу терезесінде жіберу параметрлерін баптау мүмкін.

  1. Құралдар мәзірінде Жіберу параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Жіберу параметрлері тілқатысу терезесінде Пайдаланушыларға осы пішінді жіберуге мүмкіндік беру қанатшасын таңдаңыз.

    Ескерту : Осы құсбелгі қойылған соң, пайдаланушылар пішінді толтырып тұрған кезде InfoPath бағдарламасы Стандартты құралдар үстеліне Жіберу батырмасын және Файл мәзіріне Жіберу әмірін қосады.

  3. Ережелер қолданып өзгертпелі әрекет істеу дегенін нұқыңыз, содан кейін Ережелер дегенін нұқыңыз.

  4. Пішіндер жіберу үшін ережелер тілқатысу терезесінде Қосу батырмасын басыңыз.

  5. Әрекет қосу батырмасын басыңыз.

  6. Іс-әрекет қоршауында Деректер қосылымы арқылы жіберу дегенін таңдаңыз, Деректер қосылымы тізімінде осы жіберу әрекеті үшін пайдаланылатын деректер қосылымын таңдаңыз да OK батырмасын басыңыз.

  7. Пішін үлгісіне қосылған деректер жіберу қосылымдарының әрбірі үшін 5-ші және 6-шы қадамдарды қайта-қайта орындаңыз.

  8. Пішін үлгісіндегі барлық деректер жіберу қосылымдары үшін шарттар қосқан соң OK батырмасын екі рет нұқыңыз.

    Пайдаланушылар пішінді толтырғанда, Стандарт құралдар тақтасына шығатын Жіберу түймешігінің және Файл мәзіріне шығатын Жіберу әмірінің атауын өзгерту үшін Жіберу параметрлері тілқатысу терезесіндегі Тақырып аты жолағына жаңа атауды теріңіз.

    Кеңес : Егер сіз осы түймешікке және әмірге жылдам пернені белгілесеңіз, жылдам перне ретінде пайдаланғыңыз келген таңбадан бұрын (&) таңбасын теріңіз. Мысалы, Жіберу түймешігіне және әміріне жылдам перне ретінде ALT+B пернелерін тағайындау үшін Su&bmit енгізіңіз.

  9. Пайдаланушылар пішініңізді толтырып тұрған кезде, олардың Жіберу әмірін немесе Стандартты құралдар үстеліндегі Жіберу батырмасын пайдалануына жол бермеу үшін Мәзірде "Жіберу" элементін және құралдар үстелінде "Жіберу" батырмасын көрсету деген құсбелгі көзінен құсбелгісін алып тастаңыз.

    Әдепкі мәнімен пайдаланушылар пішінді жіберген соң, InfoPath бағдарламасы пішінді ашып ұстайды және пішіннің сәтті жіберілгенін көрсету үшін хабарды бейнелейді. Осы әдепкі мәндегі қасиетті өзгерту үшін Қосымша түймешігін нұқыңыз, содан кейін төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Пішінді жабу немесе бос пішін жасау үшін пайдаланушы біткен пішінді жібергеннен кейін Жіберуден кейін тізіміндегі қажетті параметрді нұқыңыз.

    • Пішіннің сәтті жіберілгенін көрсетуге таңдамалы хабарды жасау үшін Таңдамалы хабарларды пайдалану қанатшасын таңдаңыз, содан кейін хабарларыңызды Сәтті және Сәтсіз жолақтарында теріңіз.

      Кеңес : Пайдаланушылар пішіндерін жібере алмайтын болса, не істеу керектігін айту үшін Сәтсіз жолағындағы хабарды пайдаланыңыз. Мысалы, сіз пайдаланушылардың пішіндерін сақтап, қосымша нұсқаулар алу үшін біреумен хабарласуына ұсыныс жасай аласыз.

    • Егер пайдаланушы пішінді жібергеннен кейін сіздің хабарды көрсеткіңіз келсе, Сәтті және сәтсіз хабарларды көрсету қанатшасын өшіріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×