Пішінге сандық қолтаңба қою

Пішінді толтырған кезде, сіз пішіндің бәріне яки оның бөліміне сандық қолтаңба қоса алуыңыз мүмкін болады.

Бұл мақалада

Бастамас бұрын

Пішіндің бәріне қол қою

Пішіндің бір яки бірнеше бөліміне қол қою

Пішінден сандық қолтаңбаны жою

Пішіндегі сандық қолтаңбаларды сараптау

Бастамас бұрын

Пішінге сандық қолтаңба қою үшін ол сандық қолтаңбаларды қабылтайтын етіп құрастырылуы тиісті.

Соныме қатар, сіздің компьютеріңізде сандық куәлік орнатылған болуы керек. Егер сізде сандық куәлік болмаса, жүйе әкімшісіне қараңыз, куәліктендіру орталығымен (мәселен VeriSign, Inc.) байланысыңыз, яки куәлікті жүйеңіздің әдепкі куәліктендіру орталығынан сұраңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішіндің бәріне қол қою

Пішіндің бәріне сандық қол қойған сәтте, сандық қолтаңба пішіндің мазмұнында көрінбейді. Қол қойылған соң, пішінді қолтаңбаны жоққа шығармай тұрып өзгертуге болмайды.

  1. Стандартты құралдар тақтасында Сандық қолтаңбалар түймешігіне нұқыңыз Түймешік суреті , сонан соң Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесінде, Қосу пәрменіне нұқыңыз.

  2. Қол қойылатын деректерді таңдау тілқатысу терезесінде, Бүтін_пішін параметрі таңдалғанын тексеріңіз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер сізге осы параметр көрінбесе, пішін құрастырушысы сіздің бүтін пішінге қол қоюдың орнына тек оның бөліктеріне қол қоюыңызды қалаған болуы мүмкін. Бұл жағдайда, осы мақаланың соңырағында баяндалған пішіндің бір яки бірнеше бөліктеріне қол қою амалдарына қараңыз.

  3. Қолтаңба тілқатысу терезесінде, Бұл құжатқа қол қоюдың мақсаты жолында қолтаңбамен бірге сақтап қойылатын анғартпаны теріңіз.

  4. Қолтаңба тілқатысу терезесінің аяғында, куәлік туралы ақпаратты сараптаңыз.

    Кеңес : Басқа куәлікті пайдалану үшін, Өзгерту пәрменіне нұқыңыз. Куәлікті таңдау тілқатысу терезесінде, сандық қолтаңба ретінде пайдалануды қалаған куәлікті таңдаңыз да, Жарайды түймешігіне нұқыңыз.

  5. Сіз қол қойып тұрған зат туралы қосымша ақпаратқа қараңыз дегенге нұқыңыз.

  6. Қосымша ақпарат тілқатысу терезесінде, сіз қол қоюды қалап тұрған пішінді, сол пішін мазмұнының суретін және қолтаңбаға байланысты ақпаратты зер салып сараптаңыз да, сосын Жарайды түймешігіне нұқыңыз.

  7. Қолтаңба тілқатысу терезесінде, Қол қою пәрменіне нұқыңыз.

  8. Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесінде, қолтаңба туралы ақпаратты сараптаңыз да, Жабу пәрменіне нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішіндің бір яки бірнеше бөліміне қол қою

  1. Стандартты құралдар тақтасында Сандық қолтаңбалар түймешігіне нұқыңыз Түймешік суреті , сонан соң Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесінде, Қосу пәрменіне нұқыңыз.

    Ескерту : Егер қатынаулы болса, пішіндің өзіндегі Осы бөлімге қол қою үшін мынау жерге нұқыңыз пәрменіне нұқыңыз.

  2. Қол қойылатын деректерді таңдау тілқатысу терезесінде, сіз қол қоюды қалаған пішін бөлімін таңдаңыз да, Жарайды түймешігіне нұқыңыз.

  3. Қолтаңба тілқатысу терезесінде, мыналардың бірін орындаңыз:

    • Сол бөлімге қол қою үшін, атыңызды қолтаңба жолағына теріңіз.

    • Мәтін орнына суретті қолтаңба ретінде пайдалану үшін, Суретті таңдау пәрменіне нұқыңыз, сонан соң қалаған суретті таңдаңыз.

  4. Бұл құжатқа қол қоюдың мақсаты жолында, жолында қолтаңбамен бірге сақтап қойылатын анғартпаны теріңіз.

  5. Тілқатысу терезесінің аяғында, куәлік туралы ақпаратты сараптаңыз.

    Кеңес : Басқа куәлікті пайдалану үшін, Өзгерту пәрменіне нұқыңыз. Куәлікті таңдау тілқатысу терезесінде, сандық қолтаңба ретінде пайдалануды қалаған куәлікті таңдаңыз да, Жарайды түймешігіне нұқыңыз.

  6. Сіз қол қойып тұрған зат туралы қосымша ақпаратқа қараңыз дегенге нұқыңыз.

  7. Қосымша ақпарат тілқатысу терезесінде, сіз қол қоюды қалап тұрған пішінді, сол пішін мазмұнының суретін және қолтаңбаға байланысты ақпаратты зер салып сараптаңыз да, сосын Жарайды түймешігіне нұқыңыз.

  8. Қолтаңба тілқатысу терезесінде, Қол қою пәрменіне нұқыңыз.

  9. Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесінде, қолтаңба туралы ақпаратты сараптаңыз да, Жабу пәрменіне нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішінден сандық қолтаңбаны жою

  1. Стандартты құралдар тақтасында Сандық қолтаңбалар параметріне нұқыңыз. Түймешік суреті Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесі пішінмен байланысты барлық сандық қолтаңбаларды бейнелейді.

  2. Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесінде, сіз жоюды қалаған қолтаңбаға таңдаңыз да, Жою пәрменіне нұқыңыз.

    Ескерту : Кейбір жағдайда, сіз бірінші ең соңғы қолтаңбаны жойып, сонан соң одан бұрынғы қолтаңбаларды жоя аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішіндегі сандық қолтаңбаларды сараптау

Пішіндің жасақтамасына қарай, сандық қолтаңбалар пішінде әрбір қол қойылған бөлімдің астында пайда болуы мүмкін. Егер солай болса, сізге сараптауды қалаған қолтаңбаға нұқуға болады. Егер сіз пішіндің өзінде сандық қолтаңбаны көрмесеңіз, төменгі амалдарды орындап, пішінге сандық қол қойылғанын тексере аласыз және сол пішін үшін қолданудағы сандық қолтаңбалар туралы ақпаратты сараптай аласыз.

  1. Стандартты құралдар тақтасында Сандық қолтаңбалар параметріне нұқыңыз. Түймешік суреті Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесі пішінмен байланысты барлық сандық қолтаңбаларды бейнелейді.

  2. Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесінде, төменгі қадамдарды орындаңыз:

    • Арнайы қолтаңбамен қол қойылған пішіндің суретін көру үшін, қолтаңбаға нұқыңыз, сонан соң Қол қойылған пішінді көру пәрменін таңдаңыз.

    • Пішінге қол қою үшін қолданылған куәлікті көру үшін, қолтаңбаны таңдаңыз да, сонан соң Куәлікті көру пәрменіне нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×