Пішім функциясы

Пішім өрнегіндегі нұсқаулары бойынша пішімделген өрнек бар Нұсқаны (Тізбек) қайтарады.

Кейбір мысалдарды қараңыз

Синтаксис

Пішім(өрнек [, пішімдеу ] [, аптаның_бірінші_күні ] [, жылдың_бірінші_аптасы ] )

Пішім функциясының синтаксисы келесі аргументтерді қолданады:

Аргумент

Сипаттама

өрнек

Қажет етіледі. Кез келген дұрыс өрнек.

пішімдеу

Қосымша. Дұрыс аталған немесе пайдаланушымен белгіленген пішімдеу өрнегі.

аптаның_бірінші_күні

Қосымша. Аптаның бірінші күнін белгілейтін тұрақты мән.

жылдың_бірінші_аптасы

Қосымша. Жылдың бірінші аптасын белгілейтін константа.


Теңшеулер

Пішімаргументі өрнек аргументінің деректер түріне байланысты неше түрлі теңшеулерді қолдана алады. Дұрыс пішімдеу өрнектері жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, келесі кестеде тізімделген мақалаларды қараңыз.

Осы деректер түрін қолданатын өрнектері жөнінде ...

Мына мақаланы қараңыз

Кез келген түрі

Пішім сипаты

Күн-ай/уақыт

Пішім сипаты - Күн-ай/Уақыт деректер түрі

Сандық

Пішім сипаты - Сан мен Валюта деректер түрлері

Мәтін мен жазбахат

Пішім сипаты - Мәтін мен Жазбахат деректер түрлері

Иә/Жоқ

Пішім сипаты - Иә/Жоқ деректер түрі


аптаның_бірінші_күні аргументінде келесі теңшеулер бар:

Константа

Мән

Сипаттама

vbUseSystem

0

NLS API теңшеуін қолданыңыз.

VbSunday

1

Жексенбі (әдепкі мән)

vbMonday

2

Дүйсенбі

vbTuesday

3

Сейсенбі

vbWednesday

4

Сәрсенбі

vbThursday

5

Бейсенбі

vbFriday

6

Жұма

vbSaturday

7

Сенбі


Жылдың_бірінші_аптасы аргументінде келесі теңшеулер бар:

Константа

Мән

Сипаттама

vbUseSystem

0

NLS API теңшеуін қолданыңыз.

vbFirstJan1

1

1 қаңтар кездесетін аптадан бастаңыз (әдепкі мән).

vbFirstFourDays

2

Жылында кемінде төрт күні кездесетін бірінші аптадан бастаңыз.

vbFirstFullWeek

3

Жылдың бірінші толық аптасынан бастаңыз.


Түсініктемелер

Пішімдеу үшін

Келесі әрекетті орындаңыз

Сандар

Алдын ала белгіленген аталған сандық пішімдерді қолданыңыз немесе пайдаланушы белгілеген сандық пішімдерді жасаңыз.

Күн-айлар мен Уақыттар

Алдын ала белгіленген аталған күн-ай/уақыт пішімдерін қолданыңыз немесе пайдаланушы белгілеген күн-ай/уақыт пішімдерін жасаңыз.

Күн-ай мен уақыт сериялы нөмірлер

Күн-ай мен уақыт пішімдерін немесе сандық пішімдерді қолданыңыз.

Тізбектер

Өзіңіздің пайдаланушымен белгіленген тізбек пішімдерінізді жасаңыз.


Егер пішімді белгілемей санды пішімдеуге әрекеттенсеңіз, Пішім функциясы, халықаралық қолданылса да, Str функциясына лайықты функционалды мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Алайда, Пішім функциясы арқылы тізбектер түрінде пішімделген оң сандар құрамында мәннің белгісіне арналған алдына қойылатын бос орын болмайды; Str арқылы аударылғандар алдына қойылатын бос орынды сақтап қалады.

Егер локализацияланбаған сандық тізбекті пішімдесеңіз, қажетті көріністі алу үшін, пайдаланушы белгілеген сандық пішімді қолдануыңыз керек.

Ескерту : Егер Күнтізбек сипатының теңшеуі Грегорияндыға қойылған болса және пішімдеу күн-ай пішімдеуін белгілесе, онда берілген өрнек Грегорианды болуы керек. Егер Visual Basic Күнтізбек сипатының теңшеуі Хиджраға қойылған болса, онда берілген өрнек Хиджра болуы керек.

Егер күнтізбек Грегорианды болса, онда пішім өрнегі таңбаларының мағынасы өзгермейді. Егер күнтізбек Хиджра болса, онда барлық күн-ай пішім таңбаларының (мысалы, кккк, аааа, жжжж) мағынасы бірдей болады, бірақ Хиджра күнтізбегіне қолданылады. Пішім таңбалары ағылшын тілінде қалады; мәтін болып көрінетін таңбалар (мысалы, АМ мен РМ) сол таңбаға қатысы бар тізбекті (ағылшын немесе араб) көрсетеді. Күнтізбек Хиджра болған кезде, кейбір таңбалардың диапазоны өзгереді.

Таңба

Диапазон

d

1-30

dd

1-30

ww

1-51

mmm

Толық ай аттарын көрсетеді (Хиджра айлары аттарының аббревиатуралары жоқ).

ж

1-355

жжжж

100-9666

Мысалдар

Пішім функциясын өрнекте қолдану    Пішім функциясын өрнектерді қолдануға болатын жерде қолдануыңызға болады. Мысалы, бұл функцияны сұрауда өрістің бүркеншік атауы ретінде немесе пішіндегі не есептегі мәтін жолағының Басқару элементінің көзі сипатында қолдануыңызға болады. Келесі мысалдарда, шығыс нәтижелерін алғашқы аптаның жазбаларына шектеу үшін есептің Сүзгі сипатында қолдануыңызға болатын өрнекті көрсетеді.

Format([Date],"ww")=Format(Now(),"ww")-

Бұл мысалда, есептің жазбалар көзінде Күн-ай деп аталған, құрамында әр белгілі бір жазбаның өзгертілген күні бар және есептег қолданылатын өріс бар. Есепті орындаған кезіңізде, оның нәтижелері Күн-ай өрісіндегі (Пішім([Күн-ай],"ww")) мәнге берілген апта алғашқы аптаға (Пішім(Қазір(),"ww")-1) тең болған жағдайлардағы ғана жазбаларды көрсету үшін сүзгіленеді.

Пішім функциясын VBA кодында қолданыңыз    

Ескерту : Төмендегі үлгілер осы жетені Бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) модулінде пайдаланылуын көрсетеді. VBA модулімен жұмыс істеу туралы көбірек ақпарат алу үшін, жайылмалы шаршыдағы Іздеу түймешігінің қасындағы Жасақтаушы сілтемелері түймешігін нұқып, іздеу жолағына бір немесе бірнеше шартты ендіріңіз.

Бұл мысалда аталған пішімдер мен пайдаланушы белгілеген пішімдерді қолдану арқылы мәндерді пішімдеу үшін Пішім функциясының әр-түрлі қолдану жолдары көрсетілген. Күн-ай ажыратқыға (/), уақыт ажыратқысына (:) және АМ/РМ әрпіне, жүйеңізбен көрсетілген нақты пішімделген шығыс нәтижесі кодтың орындалып тұрған компьютерінің орналасқар жерінің теңшеулеріне байланысты. Уақыттар мен күн-айлар әзірлеу ортасында көрсетілген кезде, кодтың орналасқан жерінің қысқа уақыт пішімі мен қысқа күн-ай пішімі қолданылады. Орындалудағы кодпен көрсетілген кезде, жүйенің қысқа уақыт пішімі мен қысқа күн-ай пішімі қолданылып, олар кодтың орналасқан жерінен өзгеше болуы мүмкін. Бұл мысалда, А.Қ.Ш. ағылшын орналасқан жері қолданылады.

MyTime және MyDate әзірлеу ортасында ағымдағы жүйенің қысқа уақыт теңшеуі мен қысқа күн-ай теңшеуін қолдану арқылы көрсетілген.

Dim MyTime, MyDate, MyStr
MyTime = #17:04:23#
MyDate = #January 27, 1993#
' Returns current system time in the system-defined long time format.
MyStr = Format(Time, "Long Time")
' Returns current system date in the system-defined long date format.
MyStr = Format(Date, "Long Date")
MyStr = Format(MyTime, "h:m:s") ' Returns "17:4:23".
MyStr = Format(MyTime, "hh:mm:ss AMPM") ' Returns "05:04:23 PM".
MyStr = Format(MyDate, "dddd, mmm d yyyy") ' Returns "Wednesday,
' Jan 27 1993".
' If format is not supplied, a string is returned.
MyStr = Format(23) ' Returns "23".
' User-defined formats.
MyStr = Format(5459.4, "##,##0.00") ' Returns "5,459.40".
MyStr = Format(334.9, "###0.00") ' Returns "334.90".
MyStr = Format(5, "0.00%") ' Returns "500.00%".
MyStr = Format("HELLO", "<") ' Returns "hello".
MyStr = Format("This is it", ">") ' Returns "THIS IS IT".


Пішім функциясын бос тізбектермен қолдану

Microsoft Access бағдарламасының 2.0 немесе одан ескілеу нұсқасында, ұзындығы нөлге тең жолке бір мәнді, ал мәнге тағы біреуін қайтару үшін Пішім функциясын қолдануыңызға болатын. Мысалы, кодтан тиісті тізбек мәнін қайтару үшін, Пішім функциясымен келесі сияқты пішім өрнегін қолдануыңызға болатын:

Dim varX As Variant
Dim varStrX As Variant
' Assign some value to varStrX and pass to Format function.
varX = Format(varStrX, "@;ZLS;Null")

Microsoft Access бағдарламасының 97 не одан жаңалау нұсқаларында Null жағдайына бөлек тексеруді жүргізіп, соның нәтижесіне сүйеніп тиісті мәнді қайтаруыңыз керек. Мысалы, IIf функциясын өрнектің ішінде, төменде көрсетілгендей, Пішім функциясымен бірге қолдануыңызға болатын:

varX = IIf(IsNull(varStrX),"Null", Format(varStrX, "@;ZLS"))

Бұл өзгеріс тек Пішім функциясын тізімді, оның бос тізбек не Null мәні болғанына байланысты, пішімдеуге пайдаланған кезіңізде ғана қолданылады. Пішім функциясымен қолданылатын басқа пішім өрнектері алғашқы нұсқаларындағыдай жұмыс істей береді.

Егер дерекқорды Microsoft Access 2.0 және одан ескілеу нұсқаларынан Microsoft Access 2002 немесе одан жаңалау нұсқасына аударатын болсаңыз, кодты Null шартына бөлек тексеретіндей өзгертуіңіз керек.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×