Пішімдерді, қаріптерді және мәнерді қолданбастан бұрын алдын ала қарау

Көптеген 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында қамтылған Тікелей алдын ала қарау мүмкіндігін пайдаланып, қаріп және жылдам мәнер сияқты пішімдеу параметрлерін қолданбастан бұрын қалай көрінетінін жылдам көруге болады.

Әр түрлі пішімдеу таңдауларына меңзерді апару арқылы бөлектелген мәтін және нысанда таңдаулар қалай пайда болатынын бірден қарауға болады. Мысалы, Microsoft Office Word бағдарламасында қаріпті таңдаса, таңдалған мәтінге әрбір қаріптің әсерін қарау үшін меңзерді қаріп тізімінде төмен жылжыту қажет. Пішімдеу мен мәнерлерді алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін, ұнаған пішімдеу мен мәнерге меңзерді жылжытып, оны қолдану үшін нұқыңыз.

Не істегіңіз келеді?

Қаріпті пішімдеу өзгертулерін алдын ала қарау

Ежені пішімдеу өзгертулерін алдын ала қарау

Жылдам мәнерді пішімдеу өзгертулерін алдын ала қарау

Суретті пішімдеу өзертулерін алдын ала қарау

Алдын ала қарауды қосу және ажырату

Мына 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында төмендегі әрекетті орындаңыз:

Excel, PowerPoint немесе Word бағдарламалары

  1. Пішімделетін мәтінді таңдаңыз.

  2. Басты қойындысының Қаріп тобында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Қаріп жолағы жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет қаріпке меңзерді жылжытыңыз.

    • Қаріп өлшемі жолағы жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет қаріп өлшеміне меңзерді жылжытыңыз.

    • Мәтінді бөлектеу түсі түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқыңыз ( Office Excel 2007 бағдарламасында Бояу түсі түймешігі), одан кейін көрсеткіні алдын ала қарау қажет бөлектеу немесе түстер бояуына жылжытыңыз.

      Ескерту : Мәтінді бөлектеу түсі түймешігі Office PowerPoint 2007 бағдарламасында қол жетімді емес.

    • Қаріп түсі түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет қаріп түсіне меңзерді жылжытыңыз.

  3. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қолдану үшін таңдалған қаріп атын, қаріп өлшемін не тізімдегі түсті нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

Outlook бағдарламасы

  1. Жаңа Outlook элементін жасаңыз (мысалы, жаңа электрондық пошта хабары).

  2. Пішімделетін мәтінді хабар мәтінінде бөлектеңіз.

  3. Хабар қойындысының Негізгі мәтін тобында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Қаріп жолағы жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет қаріпке меңзерді жылжытыңыз.

    • Қаріп өлшемі жолағы жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет қаріп өлшеміне меңзерді жылжытыңыз.

    • Мәтінді бөлектеу түсі түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет бөлектеу түсіне меңзерді жылжытыңыз.

    • Қаріп түсі түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет қаріп түсіне меңзерді жылжытыңыз.

  4. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қолдану үшін таңдалған қаріп атын, қаріп өлшемін не тізімдегі түсті нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ежені пішімдеу өзгертулерін алдын ала қарау

Мына 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында төмендегі әрекетті орындаңыз:

PowerPoint немесе Word бағдарламасы

  1. Пішімделетін мәтінді бөлектеңіз.

  2. Басты қойындысының Еже тобында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Таңбалауыштар түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет таңбалаушы тізім мәнеріне меңзерді жылжытыңыз.

    • Нөмірлеу түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет нөмірленген тізім мәнеріне меңзерді жылжытыңыз.

    • Көлеңкелеу түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып (Office Word 2007 бағдарламасында ғана), одан кейін көрсеткіні алдын ала қарау қажет көлеңкелеу түстеріне жылжытыңыз.

  3. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қосу үшін таңдалған еже мәнерін не тізімдегі түсті нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

Outlook бағдарламасы

  1. Жаңа Outlook элементін жасаңыз (мысалы, жаңа электрондық пошта хабары).

  2. Пішімделетін мәтінді хабар мәтінінде бөлектеңіз.

  3. Мәтінді пішімдеу қойындысының Еже тобында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Таңбалауыштар түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет таңбалаушы тізім мәнеріне меңзерді жылжытыңыз.

    • Нөмірлеу түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін алдын ала қарау қажет нөмірленген тізім мәнеріне меңзерді жылжытыңыз.

    • Көлеңкелеу түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін көрсеткіні алдын ала қарау қажет көлеңкелеу түстеріне жылжытыңыз.

  4. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қосу үшін таңдалған еже мәнерін не тізімдегі түсті нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жылдам мәнерді пішімдеу өзгертулерін алдын ала қарау

Жылдам мәнерлер — уақытты үнемдеуге көмектесетін қаріптер, түстер және ежені пішімдеу түріндегі дайын пішімдеу тіркесімдері. Жылдам мәнерлерді жиынтықтан қосып, бар мәнерді теңшеуге немесе жаңа мәнер жасауға болады.

Мына 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында төмендегі әрекетті орындаңыз:

Word бағдарламасы

  1. Пішімделетін мәтінді немесе ежені бөлектеңіз.

  2. Басты қойындысының Мәнер тобында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жылдам мәнер жиынтығында алдын ала қарау қажет мәнердің біріне меңзерді жылжытыңыз.

      Кеңес : Қосымша таңдауларды көру және алдын ала қарау үшін Қосымша көрсеткісін нұқыңыз.

    • Мәнерлерді өзгерту параметрін таңдап, Мәнерлер жиыны параметріне меңзерді апарып, оны тізімдегі таңдаулардың біріне жылжытыңыз.

  3. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қолдану үшін тізімдегі таңдалған мәнерді нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

Excel бағдарламасы

  1. Пішімделетін ұяшықтарды бөлектеңіз.

  2. Басты қойындысының Мәнер тобында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Кесте түрінде пішімдеу пәрменін таңдап, одан кейін мәнерлерді қарау үшін әр түрлі мәнерлер үстіне меңзерді қойыңыз.

      Ескерту : Кестеге қолданылған әр түрлі мәнерлерді қарау үшін алдын ала кесте мәнерін қолдану қажет.

    • Ұяшық мәнерлері пәрменін таңдап, одан кейін мәнерлерді қарау үшін әр түрлі мәнерлер үстіне меңзерді қойыңыз.

  3. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қолдану үшін тізімдегі таңдалған мәнерді нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

PowerPoint бағдарламасы

  1. Көрмені жасаңыз не ашыңыз.

  2. Жасақтау қойындысының Тақырыптар тобында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жылдам мәнер жиынтығында алдын ала қарау қажет тақырыптардың біріне меңзерді жылжытыңыз.

      Кеңес : Қосымша таңдауларды көрсету және алдын ала қарау үшін Қосымша көрсеткісін Түймешік суреті нұқыңыз.

    • Түстер параметрін таңдап, тізімдегі түс мәнері таңдауларының біріне меңзерді жылжытыңыз.

    • Қаріптер параметрін таңдап, тізімдегі қаріп мәнері таңдауларының біріне меңзерді жылжытыңыз.

  3. Қимылданулар қойындысындағы Осы слайдқа көшу тобында төмендегі әрекетті орындаңыз:

    • Жиынтықта алдын ала қарау қажет қимылдану мәнерінің біріне меңзерді жылжытыңыз.

      Кеңес : Қосымша таңдауларды көрсету және алдын ала қарау үшін Қосымша көрсеткісін Түймешік суреті нұқыңыз.

  4. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қолдану үшін тізімдегі таңдалған мәнерді нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

Outlook бағдарламасы

  1. Жаңа Outlook элементін жасаңыз (мысалы, жаңа электрондық пошта хабары).

  2. Пішімделетін мәтінді хабар мәтінінде бөлектеңіз.

  3. Мәтінді пішімдеу қойындысының Мәнерлер тобында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жиынтықта алдын ала қарау қажет мәнердің біріне меңзерді жылжытыңыз.

    • Мәнерлерді өзгерту параметрін таңдап, Мәнерлер жиыны параметріне меңзерді апарып, оны тізімдегі таңдаулардың біріне жылжытыңыз.

  4. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қолдану үшін тізімдегі таңдалған мәнерді нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Суретті пішімдеу өзертулерін алдын ала қарау

Мына 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында төмендегі әрекетті орындаңыз:

Excel, PowerPoint немесе Word бағдарламалары

  1. Пішімделетін суретті немесе сызбаны бөлектеңіз.

  2. Пішім қойындысындағы (Сурет құралдары), Сурет мәнерлері тобында төмендегі әрекетердің бірін орындаңыз:

    Сурет құралдарын пішімдеу параметрлері

    • Жиынтықта алдын ала қарау қажет сурет мәнерінің біріне меңзерді жылжытыңыз.

      Кеңес : Қосымша таңдауларды көрсету және алдын ала қарау үшін Қосымша көрсеткісін Түймешік суреті нұқыңыз.

    • Сурет жиегі параметрін таңдап, тізімдегі сурет жиектерінің біріне меңзерді жылжытыңыз.

    • Сурет әсерлері параметрін таңдап, әсерлер санатына меңзерді апарып, оны тізімдегі әсерлердің біріне жылжытыңыз.

  3. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қолдану үшін тізімдегі таңдалған мәнерді нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

      Ескерту : Суреттерде мәнерлерді алдын ала қарау және оны қолдану бастапқы сурет файлын өзгертпейді. Сурет мәнерлерін қалағанша жиі қауіпсіз алдын ала қарауға да, қолдануға да, өзгертуге де, жылжытуға да болады.

Outlook бағдарламасы

  1. Жаңа Outlook элементін жасаңыз (мысалы, жаңа электрондық пошта хабары).

  2. Хабардың негізгі мәтініне пішімделетін сурет не сызбалықты кірістіріп, одан кейін оны бөлектеңіз.

  3. Пішім қойындысындағы (Сурет құралдары) Сурет мәнерлері тобында төмендегі әрекетердің бірін орындаңыз:

    • Жиынтықта алдын ала қарау қажет сурет мәнерінің біріне меңзерді жылжытыңыз.

      Кеңес : Қосымша таңдауларды көрсету және алдын ала қарау үшін Қосымша көрсеткісін Түймешік суреті нұқыңыз.

    • Сурет жиегі параметрін таңдап, тізімдегі сурет жиектерінің біріне меңзерді жылжытыңыз.

    • Сурет әсерлері параметрін таңдап, әсерлер санатына меңзерді апарып, оны тізімдегі әсерлердің біріне жылжытыңыз.

  4. Пішімдеу таңдауларын алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Алдын ала пішімдеуді қолдану үшін тізімдегі таңдалған мәнерді нұқыңыз.

    • Өзгертулерді қолданбай алдын ала қарауды болдырмау үшін ESC пернесін басыңыз.

Тікелей алдын ала қарау мүмкіндігі Office Excel 2007, Office Outlook 2007, Office PowerPoint 2007 және Office Word 2007 бағдарламаларында басқа да көптеген пішімдеу таңдауларында, соның ішінде кестелер, диаграммалар, кескіндер және SmartArt сызбаларында қолданылады. Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі бөлімдерді қараңыз:

Беттің жоғарғы жағы

Алдын ала қарауды қосу және ажырату

Мына 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында төмендегі әрекетті орындаңыз:

Excel, Outlook немесе Word бағдарламалары

  1. Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті мәзірін нұқып, одан кейін Бағдарлама атауы параметрлері түймешігін басыңыз, мұнда Бағдарлама атауы қолданып отырған бағдарламаның атауы, мысалы, Word параметрлері.

  2. Жиі қолданылатын параметрін таңдап, одан кейін Тікелей алдын ала қарауды қосу параметрі жанына құсбелгіні қойыңыз немесе оны алыңыз.

    Ескерту : Әдепкіде Тікелей алдын ала қарау мүмкіндігі қолданылатын барлық 2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламаларында қосылады. Әрбір бағдарлама Тікелей алдын ала қарау теңшелімін басқа бағдарламалардан тәуелсіз сақтайды. Мысалы, Office PowerPoint 2007 бағдарламасында Тікелей алдын ала қарау мүмкіндігін ажыртуды таңдап, ал Office Word 2007 бағдарламасында қосулы қалдыруға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×