Профайлдарға кіріспе

Профайл электрондық пошта тіркелгілері, деректер файлдары және электрондық пошта элементтері сақталған орын туралы ақпарат үшін теңшеу ақпаратын қамтиды. Outlook бағдарламасы алғаш рет іске қосылғанда, бірінші профайл автоматты түрде жасалып Outlook деп аталады. Электрондық пошта тіркелгілерін қосқан немесе өзгерткен сайын немесе қосымша Outlook деректер файлдарын (.pst) енгізген сайын профайл жаңартылып отырады.

Outlook профайлдары Windows тізбесінде сақталады және төмендегі ақпаратты қамтиды:

  • Пайдаланылатын тіркелгі мәліметтері.     Бұл ақпарат пайдаланушы атын, электрондық пошта серверінің атауын және ISP тіркелгісінің құпия сөзін қамтиды.

  • Электрондық пошта деректері жеткізіліп сақталатын жер.     Outlook бағдарламасында деректер электрондық пошта серверіне жеткізіліп сақталады немесе компьютерде Outlook деректер файлы (.pst) ретінде сақталады. Кейбір тіркелгілер, мысалы, Microsoft Exchange Server тіркелгілері, дербес Outlook деректер файлын (.ost) қолдануы мүмкін. Бұл деректерге ережелер, хабарлар, күнтізбелер, жазбалар, тапсырмалар, журналдар, іздеу қалталары және басқа параметрлер жатады.

Адамдардың көбіне бір профайл жеткілікті. Outlook 2010 бағдарламасы бір профайлда бірнеше Exchange тіркелгісінің болуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Outlook 2010 бағдарламасы әрбір электрондық пошта тіркелгісі үшін бір мәнді Outlook деректер файлын (.pst) пайдалануды жеңілдетеді. Тіркелгілерді бөлек ұстау үшін бұрын бірнеше профайл қолданған болсаңыз, мысалы жұмыс және үй тірлкелгілері сияқты, енді бір профайлды қолданып көруіңізге болады.

Профайлдар адамдарға сіздің Outlook бағдарламасындағы ақпаратыңызға қол жеткізуге жол бермеу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналмаған және оны ұсынбайды да. Компьютерді басқа біреумен ортақ пайдалансаңыз, әрбір адам үшін құпия сөзі бар жеке Windows пайдаланушы тіркелгісін жасауға кеңес береміз. Сонда, Outlook бағдарламасын қолданатын әрбір пайдаланушыда бір мәнді профайл болады.

Профайл жасау, Outlook бағдарламасы іске қосылғанда бірнеше профайлдар ішінен таңдау сұралуын өзгерту немесе профайлды өңдеу туралы қосымша ақпаратты Келесіні де көріңіз бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×