Пайдаланушы рөлдеріне кіріспе

Бұл мақалада

Пайдаланушы рөлдерін шолу

Пайдаланушы рөлдерін пайдалану үшін сценарийлер

Пайдаланушы рөлдерін жасау және тағайындау

Пайдаланушы рөлдерін шолу

Пайдаланушы рөлі бұл пайдаланушыларға олардың лауазымдарына немесе кейбір басқа шарттарға негізделіп алдын ала белгіленетін санат болады. Рөлдер әдетте пішін үлгісінің бапталған нұсқаларын немесе көрініс түрлі типдегі пайдаланушыларға таныстыру үшін қолданылады. Пайдаланушылар Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді ашқанда не көре алуын басқару үшін пішін үлгіңізге пайдаланушы рөлдерін қосіп жұмыс барысын ұтымды етуыңыз және оңайландыруыңыз мүмкін. Мәселен, Сіз рұқсат алуға арыз хаты формасы үшін пішін үлгісін жасақтап тұрсыз дейлік, және сол үлгіге негізделген пішіндерді төменгі пайдаланушылар типтері қолданады дейлік:

  • Рұқсат алу үшін арыз қылатын электрикалық мердігерлер

  • Мердігерлердің арыз формасында қажетті ақпарат бар екенін тексеретін қабылдаушы уәкілдер

  • Рұқсат алу үшін берілген арыздарды мақұлдау үшін қарап шығатын әкімшілер

Әр бір пайдаланушы типы үшін үш пішін үлгісін жасақтап және деректерді сол үш пішіндерден басқарудың орнына, Сіз пішіндері барлық деректерді жинақтайтын және әрбір пайдаланушы типіне пайдаланушы рөлін үстейтін бір пішін үлгісін жасақтай аласыз. Пайдаланушы рөлі әрбір пайдаланушы типіне негізделген бапталған көріністер арқылы қандай деректер бейнеленетінін анықтайды.

Қауіпсіздік ескертуі : Пайдаланушы рөлдері пішіндегі мәнді деректерге өтуді шектеуге пайдаланылмауы керек. Сіз пішін үлгісін тек оқытқанның немесе пайдаланушы рөлдеріне негізделген белгілі бір басқару элементтерін жасыртқанның өзінде пайдаланушылар пішін үлгісі (.xsn) файлын көру немесе өзгерту және сол деректерге өту үшін Microsoft Notepad сияқты мәтін өзгертетін бағдарламаны ықтимал түрде пайдалана аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы рөлдерін пайдалану үшін сценарийлер

Пайдаланушы рөлдер Сіздің пайдаланушыларыңыз үшін пайдалы болатын көп сценарийлер бар. Мәселен, пайдаланушы рөлдер мен Сіз:

  • Әрбір пайдаланушы рөлі үшін бірегей көріністі көрсете аласыз    Сіз жасақталатын пішін үлгісінің оны кім толтыруына қарай түрлі көріністеріні бейнелей аласыз. Мәселен, Сіз рұқсат алу үшін мәлімдеме жасап тұрған электрик мердегерлер үшін бір көріністі, рұқсат алуға мәлімдемелерді қабылдайтын уәкілдер үшін бір көрініс, және ақпараттың бәрін қарап шығатын әкімшілер үшін бір көрініс. Әрбір көрініс тек қана тиісті пайдаланушы рөліне сәйкес деректерді бейнелейді.

  • Әрбір пайдаланушы рөлі үшін түрлі бөлімді көрсете аласыз     Сіз жасақталатын пішін үлгісін оны кім толтыруына қарай түрлі бөлімдерде бейнелей аласыз. Мәселен, қызметкер қаражаттар есебі пішінін ашқанда тек қана қызметкерлерге тиісті қаражаттар есебі пішін үлгісінің бөлімі бейнеленеді. Қаражат есебін мақұлдайтын басқарушы пішінді ашқан кезде, тек қана сол басқарушыларға тиісті болған бөлім бейнеленеді.

  • Әрбір пайдаланушы рөліне негізделген өрісте деректерді тексеруді орната аласыз    Сіз пішін үлгісін, пішінді толтырып тұрған кісінің пайдаланушы рөліне қарай, түрлі деректерді тексеруді белгілі өріске байланысты бір басқару элементіде қолданатындай етіп жасақтауыңыз мүмкін. Мәселен, Сіз басқарушы үшін ең көп қаражат мөлшерін бір лимитке, ал сол мәтін өрісінің жоғарысында әкімші үшін ең көп мөлшерді орнатуыңыз мүмкін. Егер басқарушы пішінді толтырып мөлшерден асып кетсе, тілқатысу терезесі пайда болады. Егер әкімші пішінді толтырса, мәтін өрісі басқарушы пішінді толтырғанда қабылдамайтын мөлшерді қабылдайды.

  • Пішін деректеріні әрбір пайдаланушы рөліне негізделген сыртқы деректер көзіне жібере аласыз     Мәселен, Сіз пішін үлгісін рұқсат алуға мәлімдеме жасау қажет болған электрик мердігерлер өздерінің толтырған пішіндерін тек қана Веб қызметке жібере алатындай етіп, ал мәлімдемені қабылдаушы уәкілдер өздерінің пішіндерін тек қана SQL дерекқорына жібере алатындай етіп жасақтауыңыз мүмкін. Әкімшілер өздерінің пішін деректерін дерекқорға жіберуі мүмкін, сондай-ақ электрондық пошта хабары ішінеде да, егер мәлімдеме мақұлданған болса. Немесе, егер мәлімдеме қабылданбаса, олар пішін деректерін тек қана дерекқорға жіберуі мүмкін .

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы рөлдерін жасау және тағайындау

Сіз жаңа пайдаланушы рөлін жасағаныңызда, сіз оған пайдаланушыларды төмендегі жолдармен тағайындай аласыз:

  • Пайдаланушылар аттарын Microsoft Active Directory анықтамалық қызметінен (мысалы, "сату/пәленбай") анықтау арқылы. Active Directory анықтамалық қызметіндегі пайдаланушы атын анықтау үшін пішін үлгісі Active Directory пайдаланатын Microsoft Windows желісіне жасау және жариялау керек.

  • Active Directory анықтамалық қызметінен топтарды анықтау арқылы. Мысалы, сіз маркетинг командасының барлық мүшелерінің аттары бар электрондық пошта таратылым тізімін анықтай аласыз. Active Directory анықтамалық қызметіндегі топты анықтау үшін пішін үлгісін Active Directory пайдаланатын Microsoft Windows желісінде жасау және жариялау керек.

  • Пішіндегі жолақтан тікелей келетін мәнді анықтау арқылы. Жолақты Active Directory анықтамалық қызметінен алуға болады немесе пайдаланушы осы жолаққа байланыстыру басқару элементіне деректерді енгізе алады. Мысалы, сіздің пішін үлгіңізде Әкімші мәтін жолағы болса, сіз сол мәтін жолағымен байланысы бар өріс бар ерекше пайдаланушы рөлімен салғастыра аласыз.

Пайдаланушы рөлін қосқаныңыздан кейін сіз оны төмендегілердің біреуімен орната аласыз:

Әдепкі мәндегі рөл    бар пайдаланушы рөліне тағайындалмаған пайдаланушылар әдепкі мәндегі рөл ретінде анықталған пайдаланушы рөліне автоматты түрде тағайындалады. Сонымен бірге әдепкі мәндегі рөл топтың бөлігі болып табылатын, бірақ дербес жұмыс істейтін пайдаланушылар үшін пайдаланылады, Бір пайдаланушы рөлі әрдайым әдепкі мән ретінде орнатылады.

Бастамашы рөлі    Егер сіздің ерекше пайдаланушы рөлін пішініңізді бірінші рет ашқан пайдаланушыларға қолданғыңыз келсе, сіз бастамашы рөлін анықтай аласыз. Мысалы, сіз жаңа рұқсат өтінішің пішінін толтыратын пайдаланушыларға қолданалатын "Келісім шартшы" деген бастамашы рөлін анықтай аласыз. Дегенмен, пайдаланушы сол пішінді келесі рет ашқанда, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы бастамашы рөлінің орнына адамның тағайындалған пайдаланушысының рөлін пайдаланады.

Егер сіз рөлдерді жолақтағы пайдаланушы аттарының, топтарының немесе мәндерінің кез келген тіркесіміне негізделген пайдаланушыларға тағайындасаңыз, пайдаланушы пішін үлгіңізге негізделген пішінді ашқанда, InfoPath бағдарламасы төмендегі ретпен сол пайдаланушыға тағайындайтын рөлді анықтайды:

  1. Пайдаланушының аты пішін үлгісіндегі жолақтың мәні болып табылады.

  2. Пайдаланушының аты Active Directory анықтамалық қызметінде болады.

  3. Пайдаланушы Active Directory тобының мүшесі болып табылады.

    Ескерту : Егер пайдаланушы бірнеше топтың мүшесі болса және сіз топқа негізделген пайдаланушы рөлдерін тағайындасаңыз, InfoPath бағдарламасы әрбір топтағы мүшелер тізімін Пайдаланушы рөлдерін басқару тілқатысу терезесіндегі топ тізімі ретімен тексереді. Мысалы, пайдаланушы қабылдаушы агент тобы мен әкімші тобының мүшесі болса және әкімші тобы тізімде қабылдаушы агент тобынын алдында келсе, пайдаланушыға әкімші тобына арналған пайдаланушы рөлін тағайындайды.

  4. Егер жоғарыдағылардың ешқайсысы дұрыс болмаса, әдепкі мәндегі рөл пайдаланылады.

Пішін үлгіңізге пайдаланушы рөлдерін анықтағаннан кейін сіз пайдаланушы рөлі негізінде көріністерді автоматты түрде қосатын ереже орната аласыз. Мысалы, сіз басқарушының пайдаланушы рөлін жасай аласыз, содан кейін басқару рөліне тағайындалған пайдаланушы пішінді ашқанда, басқарушы көрінісін автоматты түрде қосатын рөлді жасай аласыз. Баламалы түрде, сіз алдымен рөлді жасап, содан кейін рөл жасау үдерісінің бір бөлігі ретінде пайдаланушы рөлдерін анықтай аласыз.

Сондай-ақ, Сіз пайдаланушы рөліне негізделіп Сіз басқару элементінің мүмкіндіктерін өзгерте аласыз. Мәселен, Сіз басқару элементіні тек қана белгілі бір пайдаланушы рөліне қосуыңыз мүмкін, сол кезде басқа пайдаланушы рөлдері басқару элементі ішіндегі деректерді көреді, бірақ оларды өзгерте алмайды. Деректерді басқару элементіне пайдаланушы рөлдерге негізделіп кірістіре алатын пайдаланушылардың санын шектейтін мүмкіндік сол кірістірілген деректердің заңды дереккөзден келіп шығуын қамтамасыз ететін амал болады. Мәселен, тек қана әкімші пайдаланушы рөлі мұшелері таңдай алатын рұқсат алу мәлімдемесінің пішін үлгісінде Мақұлдау деген құсбелгі көзі белгіленіп, рұқсат беру мақұлданған екенін білдіруы мүмкін. Басқа пайдаланушы рөлдеріне тағайындалған, мәлімдемелеріні жеберетін мердігерлер сияқты пайдаланушылар құсбелгі көзін тек қана көре алады, бірақ оны на белгілей де алмайды, құсбелгіні алып тастай да алмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×