Пайдаланушы профилінің сипаттарын қосу және өңдеу

SharePoint Online пайдаланушы профилі құрамына Office 365 каталог қызметімен қамтамасыз етілген пайдаланушы сипаттарының әдепкі жиыны кіреді. SharePoint Online әкімшісі ретінде сипаттарды жасап, қол жетімді болмайтын негізгі ақпаратты бақылау үшін профиль саясатын анықтау үшін SharePoint басқару орталығын пайдалануға болады.

Негізгі бизнес қажеттіліктер пайдаланушыларды маңызды бизнес процестермен байланыстыратын жаңа сипаттарды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, сату бөлімі нақты аудиториямен немесе аудиториялармен ортақ пайдалануға қолдану үшін сату рөліне сипат жасай алады. Өзгертпелі профиль сипаттарын бизнес қажеттіліктеріне сай келу үшін өзгертуге немесе оларды қажет болмаса жоюға болады.

Маңызды :  Пайдаланушы тіркелгісінің мәліметтерін бір жолмен ғана синхрондауға болады—Office 365 каталог қызметінен SharePoint Online бағдарламасына дейін. SharePoint пайдаланушы профилінің сипаттарын жасасаңыз, олар SharePoint пайдаланушы профильдерімнен шектеліп, Office 365 қызметінен басқа нұсқаларда қол жетімді болмайды.

Пайдаланушы профилі үшін сипат жасау

Пайдаланушы профиліне арналған сипат жасау үшін келесі процедураны орындаңыз.

  1. SharePoint Online әкімші тіркелгісімен Office 365 қызметіне кіріңіз.

  2. SharePoint басқару орталығына өтіңіз.

  3. Пайдаланушы профильдері тармағын таңдаңыз.

  4. Адамдар тармағының астында Пайдаланушы сипаттарын басқару опциясын таңдаңыз.

  5. Сипаттарды басқару бетінде Жаңа сипат тармағын таңдаңыз.

  6. Профиль сипатын қосу бетіндегі Сипат параметрлері бөлімінде Атау мәтін ұясына пайдаланушы профильдерінің қызметі бағдарламасы профиль сипаты үшін пайдаланатын атауды теріңіз. Атау бір мәнді болуы тиіс, бірақ Көрсетілетін атау бір мәнді болуы керек емес.

  7. Сипат параметрлері бөліміндегі Көрсетілетін атау жолағында барлық пайдаланушыларға көрсетілетін профиль сипатының атауын теріңіз.

    Ескерту :  Егер сайтта бірнеше тілді пайдалансаңыз, Тілдерді өзгерту тармағын таңдау арқылы әрбір тіл үшін баламалы көрсетілетін атауды бере аласыз. Диалогтық терезеде Тілді қосу түймешігін басып, мәзірден тілді таңдаңыз, одан кейін көрсетілетін атауды жаңа тілде теріңіз. Көрсетілетін атауларды кез келген қолжетімді тілдер үшін қоса аласыз. Пайда болатын көрсетілетін атаулар сипатты қарайтын пайдаланушының тілдік параметріне байланысты болады.

  8. Түр ашылмалы тізімінен сипат үшін деректер түрін таңдаңыз.

    Ескерту :  Егер жол (Бірнеше мән) мәнін таңдасаңыз, сипат көп мәнді сипат ретінде толық орнатылады. Бұл параметрді ОК тармағын таңдағаннан кейін өзгерте алмайсыз. Тек сипатты жойып, оны қайтадан жаңа бір мәнді сипат ретінде қоса аласыз.

  9. Ұзындығы жолағында осы сипаттың мәндері үшін рұқсат етілетін таңбалардың ең көп санын теріңіз.

  10. Профиль сипатын басқарылатын метадеректер терминдер жиынымен байланыстыру үшін Осы сипат үшін пайдаланылатын терминдер жиынын реттеу тармағын таңдап, кейін ашылмалы тізімнен терминдер жиынын таңдаңыз. Бұл параметр тек бір мәнді сипаттар үшін қолжетімді.

  11. Профильдің түрі бөлімінде төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  12. Егер пайдаланушы профилі сипатын жасап жатсаңыз, әдепкі пайдаланушы профилінің түрін осы пайдаланушы профилінің сипатымен (егер түрлерді пайдаланбасаңыз және мұны өзгертпелі түрге қамтығыңыз келсе) байланыстыру үшін Әдепкі пайдаланушы профилінің түрі параметрін таңдаңыз.

  13. Егер ұйым профилң сипатын жасап жатсаңыз, әдепкі ұйым профилінің түрін осы ұйым профилінің сипатымен (егер түрлерді пайдаланбасаңыз және мұны өзгертпелі түрге қамтығыңыз келсе) байланыстыру үшін Әдепкі ұйым профилінің түрі параметрін таңдаңыз.

  14. Пайдаланушы сипаттамасы бөліміндегі Сипаттама жолағына осы профиль сипаты туралы пайдаланушыларға көрсетілетін нұсқауларды немесе мәліметтерді теріңіз.

    Ескерту :  Егер сайтта бірнеше тілді пайдалансаңыз, Тілдерді өзгерту тармағын таңдау арқылы әрбір тіл үшін баламалы көрсетілетін атауды бере аласыз. Диалогтық терезеде Тілді қосу түймешігін басып, мәзірден тілді таңдаңыз, одан кейін көрсетілетін атауды жаңа тілде теріңіз. Көрсетілетін атауларды кез келген қолжетімді тілдер үшін қоса аласыз. Пайда болатын көрсетілетін атаулар сипатты қарайтын пайдаланушының тілдік параметріне байланысты болады.

  15. Саясат параметрлері бөлімінде саясат параметрін және осы сипат үшін қажетті әдепкі құпиялылық параметрін таңдаңыз. Пайдаланушыларға осы параметрлерді қайта анықтауға мүмкіндік беру үшін Пайдаланушы мәнді қайта анықтай алады тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : Пайдаланушы профильдері мен саясат параметрлері туралы қосымша ақпаратты осы беттегі Келесіні де көріңіз сілтемесінен қараңыз.

  16. Өңдеу параметрлері бөлімінде пайдаланушылардың осы сипат үшін мәндерді өзгерте алатындығын таңдаңыз.

  17. Көрсету параметрлері бөлімінде пайдаланушылардың сипатты қарайтындығын және қарау жолын көрсетіңіз.

  18. Іздеу параметрлері бөлімінде осы пайдаланушы профилінің сипатымен байланыстырылатын іздеулер түріне байланысты Бүркеншік ат құсбелгісін қойыңыз, Индекстелген құсбелгісін немесе екеуін де қойыңыз.

    Ескерту : Бүркеншік ат құсбелгісі Әдепкі құпиялылық параметрі «Барлығы» параметріне орнатылмаса қол жетімді болмайды. Егер сипатты индекстелген ретінде белгілесеңіз, сол сипаттың мәндері үшін іздеу сол профильді қайтарады. Мысалы, телефон нөмірінің сипаты индекстелсе, телефон нөмірлерін іздеу сол нөмірлі қызметкерді табады. Егер сипатты бүркеншік атты ретінде белгілесеңіз, сипат осы пайдаланушы үшін сәйкес келетін бүркеншік ат болады. Мысалы, all documents by John Kane іздесеңіз, профиль сипаттары сол мәндер арқылы бүркеншік аттар ретінде белгіленсе, нәтиже johnkane@contoso.com және Джонатан Кейн жазған құжаттарды қайтарады.

  19. ОК тармағын таңдаңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Пайдаланушы профиліне арналған сипатты өзгерту

Пайдаланушы профиліне арналған сипатты өзгерту үшін келесі процедураны орындаңыз.

  1. SharePoint Online әкімші тіркелгісімен Office 365 қызметіне кіріңіз.

  2. SharePoint басқару орталығына өтіңіз.

  3. Пайдаланушы профильдері тармағын таңдаңыз.

  4. Адамдар тармағының астында Пайдаланушы сипаттарын басқару опциясын таңдаңыз.

  5. Профиль сипаттарын басқару бетіндегі Сипат атауы бағанында өзгертілетін профиль сипатын таңдап, Өңдеу түймешігін басыңыз.

  6. Профиль сипатын өңдеу бетінде өзгертілетін профиль сипатының элементін немесе элементтерін тауып, оларды өңдеңіз.

    Ескерту : Түр элементі сияқты профиль сипаттарының кейбір элементтері сұрланып тұрады, себебі бұл элементтерді өңдеу мүмкін емес. Егер өңдеу үшін қол жетімді емес элементтердің біреуін өңдеу қажет болса, орнына жаңа сипат жасап, сол элементті анықтауыңызға болады. Ееркшелік - Бастапқы деректерге қосылым сипаты болып табылады. Бастапқы деректерге қосылым сипаты - SharePoint Online қызметінде алдын ала анықталады және оны өзгерту мүмкін емес.

  7. Аяқтаған кезде, OK тармағын таңдаңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Пайдаланушы профиліне арналған сипатты жою

Пайдаланушы профиліне арналған сипат жою үшін келесі процедураны орындаңыз.

  1. SharePoint Online әкімші тіркелгісімен Office 365 қызметіне кіріңіз.

  2. SharePoint басқару орталығына өтіңіз.

  3. Пайдаланушы профильдері тармағын таңдаңыз.

  4. Адамдар тармағының астында Пайдаланушы сипаттарын басқару опциясын таңдаңыз.

  5. Профиль сипаттарын басқару бетіндегі Сипат атауы бағанында жойылатын профиль сипатын таңдап, Жою тармағын таңдаңыз.

    Ескерту :  Егер Жою пәрмені сұрланып тұрса, жойғалы жатқан сипатыңыз SharePoint Online сайтындағы әдепкі сипат болып табылады және оны жоюға болмайды.

  6. Диалогтық терезеде дұрыс профиль сипатының таңдалғанын тексеріп, ОК түймешігін басыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×