Пайдаланушы интерфейсінің макросын жасау

Microsoft Access 2010 бағдарламасында пәрмен түймешіктері, мәтін ұялары, пішіндер және есептер сияқты пайдаланушы интерфейсіне тіркелген макроc пайдаланушы интерфейсінің макростары ретінде танымал. Бұл оларды кестелерге тіркелген деректер макростарынан анықтайды. Пайдаланушы интерфейсінің макростары басқа нысанды ашу, сүзгі қолдану, экспорттау операциясын іске қосу және көптеген басқа да тапсырмалар сияқты әрекет қатарын автоматтандыру үшін қолданылады. Бұл мақалада жаңадан тіркелген макрос құрастырушылары таныстырылады және пайдаланушы интерфейсі макросын жасауға пайдаланылған негізгі тапсырмалар көрсетіледі.

Бұл мақалада:

Шолу

Жаңалықтар

Оқшау макрос жасау

Ендірілген макросты жасау

Макросқа әрекеттер қосу

1-қадам: макрос әрекетін шолу немесе іздеу

2-қадам: макросқа әрекет қосу

3-қадам: аргументтерді толтыру

Веб-дерекқорларда сипаттармен IntelliSense мүмкіндігін пайдалану туралы

Әрекетті жылжыту

Әрекетті жою

Бағдарлама ағынын «Егер», «Шартты» және «Болмаса» параметрлерімен басқару

Макросқа «Егер» блогын қосу

«Болмаса», «Шартты» немесе «Егер» блоктарын «Егер» блогына қосу

Ішкі макростарды жасау

Қатысты макростарды бірге топтау

Макрос әрекеттері мен блоктарын шығарып алу немесе тасалау

Макрос әрекеттері мен блоктарын шығарып алу немесе тасалау

Барлық макрос әрекеттерін (блоктарын емес) шығарып алу немесе тасалау

Барлық макрос әрекеттері мен блоктарын шығарып алу немесе тасалау

Макрос әрекеттерін көшіру және қою

Макросты басқалармен ортақ пайдалану

Макросты іске қосу

Макростың күйін келтіру

Макросқа қателерді өңдеу әрекеттерін қосу

Жалғыз қадамдық пәрменді таңдау

Макросты VBA кодына түрлендіру

Шолу

Макростар макрос нысандарының (кейде дербес макрос деп аталады) құрамында болуы мүмкін немесе оларды пішіндердің, есептердің немесе басқару элементтерінің оқиға сипаттарына ендіруге болады. Ендірілген макростар ендірілген нысан немесе басқару элементінің бөлігі болып кетеді. Макрос нысандарын шарлау аумағында Макростар астында көруге болады; ендірілген макростар көрінбейді.

Әр макрос бір немесе бірнеше макрос әрекеттерінен жасалады. Жұмыс істеп жатқан мазмұнға қарай, кейбір макрос әрекеттері пайдалануға қол жетімді болмауы мүмкін. Әсіресе, веб-дерекқорын құрастырып жатсаңыз, «Access қызметтеріне жариялау» мүмкіндігімен сыйысымды кейбір макрос әрекеттері пайдалану мүмкіндігі болмайды.

Веб-дерекқорын жасау туралы қосымша ақпаратты Интернетте ортақ пайдаланылатын Access дерекқорын жасау бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңалықтар

Access 2010 мүмкіндіктері макростар жасауға арналған жаңа құрасырушыны біріктіреді. Осы жаңа құрастырушы пайдаларының құрамына мыналар кіреді:

  • Әрекеттер каталогы.    Макрос әрекеттері түрлері бойынша реттелген және оларды іздеуге болады.

  • IntelliSense.    Өрнектерді теру кезінде IntelliSense мүмкіндігі ықтимал мәндерді ұсынып, дұрысын таңдауға мүмкіндік береді.

  • Пернелер тіркесімі.    Пернелер тіркесімін макросты анағұрлым жылдам және оңай жазу үшін пайдаланыңыз.

  • Бағдарлама ағыны.    Аңғартпа жолдары мен әрекеттер тобы бар анағұрлым оңай оқылатын макростар жасаңыз.

  • Шартты мәлімдемелер.    Кірістірілген «Егер»/«Болмаса»/«Шартты» параметрлерімен қосымша кешенді логикалық атқаруға мүмкіндік беріңіз.

  • Макросты қайта пайдалану   . Әрекеттер каталогы сіз жасаған басқа макростарды сіз жұмыс істеп жатқан макросқа көшіруге мүмкіндік бере отырып көрсетеді.

  • Оңайырақ ортақ пайдалану   . Макросты көшіріп, оны XML ретінде электрондық пошта хабарламасына, жаңалықтар тобы хабарына, блогқа немесе код үлгісінің веб-торабына қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Оқшау макрос жасау

Бұл іс рәсімі шарлау аумағындағы Макростар астында пайда болатын дербес макрос нысанын жасайды. Дербес макростар макросты бағдарламаның бірнеше бөліктерінде қайта пайдаланғанда пайдалы. Макросты басқа макростардан шақыру арқылы бір кодтың бірнеше жерге қосарланып көшірілуінің алдын аласыз.

  1. Жасау қойындысындағы Макрос және код тобында Макрос түймешігін басыңыз.

    Access бағдарламасы макрос құрастырушысын ашады.

  2. Жылдам қатынау құралдар тақтасында Сақтау түймешігін басыңыз.

  3. Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде макрос атауын енгізіп, «Сақтау» түймешігін басыңыз.

  4. Макросқа әрекеттер қосу бөлімімен жалғастырыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ендірілген макросты жасау

Бұл іс рәсімі нысанның оқиға сипатына ендірілген макрос жасайды. Мұндай макрос шарлау аумағында пайда болмайды, бірақ оларды Қотару немесе Түймешікті басу сияқты оқиғалардан шақыруға болады.

Макрос пішін немесе есеп нысанының бір бөлігіне айналғандықтан, ерекше пішінге немесе есепке арналған тапсырмаларды автоматтандыру үшін, ендірілген макростар ұсынылады.

  1. Шарлау аумағында макрос құрамында болатын пішінді немесе жазбаны тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Орналасу көрінісі параметрін таңдаңыз.

  2. Егер сипаттар кестесі әлі көрсетілмесе, оны көрсету үшін F4 пернесін басыңыз.

  3. Макросты ендірілетін оқиға сипатын қамтитын басқару элементін немесе бөлімді таңдаңыз. Басқару элементін немесе бөлімді (немесе толықтай пішінді не есепті) сипат парағының жоғарғы жағынан Таңдау түрі астындағы ашылмалы тізімді қолдану арқылы таңдауға да болады.

  4. Сипат парағының тапсырмалар ауқымындағы Оқиға қойындысын нұқыңыз.

  5. Макросты іске қосатын оқиғаны сипаттар жолағынан таңдаңыз. Мысалы, макростың түймешік басылған кезде іске қосылғанын қаласаңыз, Түймешікті басу сипат жолағындағы пәрмен түймешігін басыңыз.

    Ескерту : 

  6. Егер сипаттар жолағында [Ендірілген макрос] сөзі болса, ол макростың осы оқиға үшін бұған дейін жасалғанын білдіреді. Макросты осы іс рәсіміндегі қалған қадамдарды жалғастыру арқылы өңдеуге болады.

  7. Егер сипаттар жолағында [Оқиға іс рәсімі] сөзі болса, осы оқиға үшін бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) іс рәсімі бұған дейін жасалғанын білдіреді. Макросты оқиғаға ендіру алдында, іс рәсімін жою қажет болады. Бұл әрекетті [Оқиға іс рәсімі] сөзін жою арқылы орындауға болады, бірақ оны жою дерекқордағы қажетті жұмыс мүмкіндігіне кедергі жасамайтынына көз жеткізу үшін, алдымен оқиға іс рәсімін тексеру керек. Кейбір жағдайларда, VBA мүмкіндігін ендірілген макросты пайдалану арқылы қайта жасауға болады.

  8. Құрастыру түймешігін басыңыз. Түймешік суреті

  9. Егер Таңдау құрастырушысы тілқатысу терезесі пайда болса, Макрос құрастырушы таңдалғанын тексеріп, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Access бағдарламасы макрос құрастырушысын ашады. Макросқа әрекеттер қосу үшін, келесі бөлімді жалғастырыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Макросқа әрекеттер қосу

Әрекеттер – макрос жасайтын жеке пәрмендер, ал оның әр қайсысы орындайтын әрекеттеріне байланысты аталады, мысалы, Жазба табу немесе Дерекқорды жабу деп аталады.

1-қадам: макрос әрекетін шолу немесе іздеу

Әрекет қосудағы бірінші қадам – оны Жаңа әрекет қосу қалқымалы тізімінде немесе әрекеттер каталогында бату.

Ескертулер : 

  • Әдепкі параметр бойынша, Жаңа әрекет қосу қалқымалы тізімі мен әрекеттер каталогы тек сенімді емес дерекқорларда атқарылатын әрекеттерді ғана көрсетеді. Барлық әрекеттерді көру үшін:

    • Құрылым қойындысындағы Көрсету/жасыру тобында Барлық әрекеттерді көрсету түймешігін басыңыз.

  • Егер әрекеттер каталогы көрсетілмесе, Құрылым қойындысындағы Көрсету/жасыру тобында Әрекеттер каталогы түймешігін басыңыз.

Әрекетті табу үшін, төмендегі әдістердің бірін таңдаңыз:

  • Жаңа әрекет қосу қалқымалы тізіміндегі көрсеткіні басып, әрекетті табу үшін төмен қарай жылжытыңыз. Бірінші бағдарлама ағыны элементтерінің тізімі көрініп, макрос әрекеттері тізімі алфавиттік тәртіппен көрсетіледі.

  • Әрекеттер каталогы бөлігінде әрекетті шолыңыз. Әрекеттер санат бойынша топталған. Әрекеттерді қарап шығу үшін, әр санатты шығарып алыңыз. Егер бір әрекет таңдалса, әрекеттің қысқаша сипаттамасы әрекеттер каталогының төменгі жағында пайда болады.

  • Әрекеттер каталогы бөлігінде әрекетті бөліктің жоғарғы жағындағы іздеу жолағына енгізу арқылы іздеңіз. Енгізілген соң, әрекеттер тізімі сол мәтінді қамтитын барлық макростарды көрсету үшін сүзіледі. Access бағдарламасы енгізілген мәтін үшін макрос аттарын да, олардың сипаттамаларын да іздейді.

2-қадам: макросқа әрекет қосу

Қажет макрос әрекеті табылған соң, оны төмендегі әдістердің бірін пайдаланып макросқа қосыңыз:

  • Жаңа әрекет қосу тізімінде бір әрекетті таңдаңыз немесе әрекет атауын жолаққа енгізуді бастаңыз. Access бағдарламасы әрекетті Жаңа әрекет қосу тізімі көрсетілген жерде қосады.

  • Әрекетті макрос бөлігіне әрекеттер каталогынан апару. Тінтуір түймешігін жіберген кезде әрекет енгізілетін жерді көрсету үшін енгізу жолағы пайда болады.

  • Әрекеттер каталогындағы әрекетті екі рет нұқыңыз.

    • Егер макрос бөлігінде бір әрекет таңдалса, Access бағдарламасы жаңа әрекетті таңдалған әрекеттің төменгі жағына қосады.

    • Егер Топ, Егер, Шартты, Болмаса немесе Ішкі макрос блогы макрос бөлігінде таңдалса, Access бағдарламасы жаңа әрекетті сол блокқа қосады.

    • Егер макрос бөлігінде ешқандай әрекет немесе блок таңдалмаса, Access бағдарламасы жаңа әрекетті макростың аяқ жағына қосады.

      Ескертулер : 

      • Егер бұған дейін бір немесе бірнеше макрос жасалған болса, олар әрекеттер каталогындағы Осы дерекқорда түйінінің астындағы тізімде көрсетіледі.

        • Дербес макросты (Макростар астындағы тізімде көрсетілгенін) макрос бөлігіне апарғанда, сол макросты іске қосатын Макросты іске қосу әрекеті жасалады. Одан кейін, бар болса, ішкі макросты шақыру үшін, қалқымалы тізімді пайдалануға болады.

        • Әрекеттерді дербес макростан ағымдағы макросқа көшіру керек болса (Макросты іске қосу әрекетін жасаудың орнына), оны әрекеттер каталогында тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Макрос көшірмесін қосу түймешігін басыңыз.

        • Ендірілген макросты (пішін немесе есеп нысанының астындағы тізімде көрсетілгенін) макрос бөлігіне апарғанда, әрекеттер сол макростан ағымдағы макросқа көшіріледі.

      • Сонымен қатар, дерекқор нысанын шарлау аумағынан макрос бөлігіне апару арқылы әрекет жасауға болады. Егер кесте, сұрау, пішін, есеп немесе модульді макрос бөлігіне апарсаңыз, Access бағдарламасы кесте, сұрау, пішін немесе есепті ашатын әрекетті қосады. Егер макрос аумағына басқа макросты апарсаңыз, Access бағдарламасы макросты іске қосатын әрекетті қосады.

3-қадам: аргументтерді толтыру

Көптеген макрос әрекеттері кемінде бір аргументті қажет етеді. Әрбір аргументтің сипаттамаларын әрекетті таңдап, меңзерді аргумент үстіне жылжыту арқылы қарап шығуға болады. Көптеген аргумент үшін, мәнді қалқымалы тізімнен таңдауға болады. Егер аргумент өрнек жазуды талап етсе, IntelliSense мүмкіндігі төмендегі иллюстрацияда көрсетілгендей енгізілген ықтимал мәндерді ұсыну арқылы өрнекті енгізуге көмектеседі:

Өрнек енгізу үшін IntelliSense мүмкіндігін пайдалану

Пайдаланылатын мән көрінсе, оны екі рет нұқу арқылы немесе оны бөлектеу үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып, TAB немесе ENTER пернесін басу арқылы өрнекке қосыңыз.

Өрнектер жасау туралы қосымша ақпаратты Өрнектерге кіріспе мақаласынан қараңыз.

Веб-дерекқорларда сипаттармен IntelliSense мүмкіндігін пайдалану туралы

Вебпен сыйысымды пішінде ендірілген пайдаланушылық интерфейс макросын жасап отырған кезде, IntelliSense мүмкіндігі өрнекке кез келген пішін сипатын қосуға мүмкіндік береді. Дегенмен, веб-дерекқорда тек пішін сипаттарының көп жиынына пайдаланушылық интерфейс макросын пайдаланып қол жеткізуге болады. Мысалы, Form1 (1-пішін) деп аталатын пішінде Control1 (1-басқару элементі) деп аталатын басқару элементі берілген, IntelliSense пайдаланушылық интерфейс макросында өрнекке [Forms]![Form1]![Control1].[ControlSource] қосуға мүмкіндік береді. Дегенмен, одан кейін дерекқорды Access Services қызметіне жариялаған болсаңыз, сол өрнекті қамтитын макрос серверде іске қосылғанда қате туындайды.

Келесі кестеде веб-дерекқорларда пайдаланушылық интерфейс макростарында пайдалануға болатын сипаттар көрсетілген:

Нысан немесе басқару элементі

Пайдалануға болатын сипаттар

Пішін

Тақырып, Dirty, AllowAdditions, AllowDeletions, AllowEdits

Қойынды басқару элементі

Көрінетін

Жапсырма

Тақырып, көрінетін, мәтін түсі, өң түсі

Тіркеме

Көрінетін, қосылған

Пәрмен түймешігі

Тақырып, көрінетін, қосылған, мәтін түсі

Мәтін ұясы

Қосылған, көрінетін, құрсаулы, мәтін түсі, өң түсі, мән

Құсбелгі

Қосылған, көрінетін, құрсаулы, мән

Кескін

Көрінетін, өң түсі

Тізімді өріс

Қосылған, көрінетін, құрсаулы, мән

Тізімді жолақ

Қосылған, көрінетін, құрсаулы, мән

Веб-шолғыш

Көрінетін

Ішкі пішін

Қосылған, көрінетін, құрсаулы

Шарлау басқару элементі

Қосылған, көрінетін

Әрекетті жылжыту

Әрекеттер ретпен, макростың жоғарғы жағынан төменгі жағына қарай атқарылады. Бір әрекетті макростың төменгі немесе жоғарғы жағына жылжыту үшін, төмендегі әдістердің бірін пайдаланыңыз:

  • Әрекетті төменге немесе жоғарыға қалаған жерге жылжытыңыз.

  • Әрекетті таңдап, CTRL + ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ немесе CTRL + ТӨМЕН КӨРСЕТКІ пернелер тіркесімін басыңыз.

  • Әрекетті таңдап,макростың оң жақ бөлігіндегі Жоғарыға жылжыту немесе Төменге жылжыту көрсеткісін нұқыңыз.

Әрекетті жою

Макрос әрекетін жою үшін:

  • Әрекетті таңдап, DELETE пернесін басыңыз. Сонымен қатар, макрос бөлігінің оң жағындағы Жою (X) түймешігін басуға болады.

    Ескертулер : 

    • Егер немесе Топ блогы сияқты әрекеттер блогын жою керек болса, блоктағы барлық әрекеттер де жойылады.

    • Жоғарыға жылжыту, Төменге жылжыту және Жою пәрмендері де макрос әрекетін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыған кезде пайда болатын мәтінмәндік мәзірде қол жетімді болады.

Беттің жоғарғы жағы

Бағдарлама ағынын «Егер», «Шартты» және «Болмаса» параметрлерімен басқару

Макрос әрекетін белгілі бір шарттар рас болғанда ғана атқару үшін, Егер блогын пайдалануға болады. Ол Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында пайдаланылған Шарт бағанының орнын ауыстырады. Егер блогын Шартты және Болмаса блоктарымен басқа VBA сияқты тізбекті бағдарламалау тілдеріне ұқсас кеңейтуге болады.

Төмендегі иллюстрацияда қарапайым Егер, Шартты және Болмаса блоктары көрсетілген:

Құрамында «Егер»/«Шартты»/«Болмаса» мәлімдемелері бар макрос.

Егер блогы «Мерзім соңы» өрісі ағымдағы күннен кеш болса әрекет атқарады.

Шартты блогы «Мерзім соңы» өрісі ағымдағы күнге тең болса әрекет атқарады.

Болмаса блогы әрекетті бұрынғы блоктар атқармаған жұмысты істейді.

Егер блогы осы жерде тоқтайды.

Макросқа «Егер» блогын қосу

  1. Егер параметрін Жаңа әрекет қосу қалқымалы тізімінен таңдаңыз немесе оны әрекеттер каталогы бөлігінен макрос бөлігіне апарыңыз.

  2. Егер блогының жоғарғы жағындағы жолаққа блок атқарылған кезде анықталатын өрнекті жазыңыз. Өрнек логикалық болуы керек (яғни, «Иә» немесе «Жоқ» болып бағаланатын).

  3. Егер блогына әрекеттерді блокта пайда болатын Жаңа әрекет қосу қалқымалы мәзірінен таңдау арқылы немесе оларды әрекеттер каталогы бөлігінен Егер блогына апару арқылы қосыңыз.

«Болмаса», «Шартты» немесе «Егер» блоктарын «Егер» блогына қосу

  1. Егер блогын таңдап, блоктың төменгі оң жағынан «Болмаса» қосу немесе «Шартты» қосу параметрлерін таңдаңыз.

  2. Шартты блогын қосып жатсаңыз, блок атқарылған кезде анықталатын өрнекті жазыңыз. Өрнек логикалық болуы керек (яғни, «Шын» немесе «Өтірік» болып бағаланатын).

  3. Шартты немесе Болмаса блогына әрекеттерді блокта пайда болатын Жаңа әрекет қосу қалқымалы мәзірінен таңдау арқылы немесе оларды әрекеттер каталогы бөлігінен блокқа апару арқылы қосыңыз.

    Ескертулер : 

    • Егер, Шартты және Болмаса блоктарын қосатын пәрмендер де макрос әрекетін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыған кезде пайда болатын мәтінмәндік мәзірде қол жетімді болады.

    • Егер блоктары 10 деңгейлік тереңдікке дейін енгізіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Ішкі макростарды жасау

Әр макроста көптеген ішкі макростар болуы мүмкін. Ішкі макрос Макросты іске қосу немесе Қате болған кезде макрос әрекеттерінен аты бойынша шақыру үшін құрастырылған.

Ішкі макрос блогын макросқа Әрекеттерді макросқа қосу бөлімінде сипатталғандай макрос әрекетін қосқандай әдіспен қосасыз. Ішкі макро блогы қосылған соң, оның ішіне макрос әрекеттерін апаруға немесе әрекеттерді блок ішінде пайда болатын Жаңа әрекет қосу тізімінен таңдауға болады.

Ескертулер : 

  • Сонымен қатар, Ішкі макрос блогын бір немесе бірнеше макросты таңдау және оларды тінтуірдің оқ жақ түймешігімен нұқып, Ішкі макрос блогын жасау параметрін таңдау арқылы жасауға болады.

  • Ішкі макростар макростағы соңғы блоктар болуы керек; ішкі макростың төменгі жағына әрекеттер (қосымша ішкі макростардан басқа) қосу мүмкін емес. Құрамында тек арнайы аттары жоқ ішкі макростар ғана бар макросты іске қоссаңыз, тек бірінші ішкі макрос қана іске қосылады.

  • Ішкі макросты шақыру үшін (мысалы, оқиға сипатында немесе Макросты іске қосу немесе Қате болған кезде әрекетін пайдаланып), төмендегі синтаксисті пайдаланыңыз:

    macroname.submacroname

Беттің жоғарғы жағы

Қатысты макростарды бірге топтау

Макросты оқу мүмкіндігін әрекеттерді біріктіріп, топқа мағыналы ат тағайындау арқылы жақсартуға болады. Мысалы, пішінді ашатын және сүзетін әрекеттерді «Пішінді ашу және сүзу» деп аталатын топқа топтауға болады. Бұл бір-бірімен байланысқан әрекеттерді көруді оңайлатады. Топ блогы әрекеттердің атқарылу әдісіне әсер етпейді, ал топ жеке шақырылмайды немесе іске қосылмайды. Оның бастапқы пайдалану мақсаты – әрекеттер тобының жапсырмасын макросты оқығанда түсінікті етуге көмектесу. Сонымен қатар, көлемді макросты өңдеу кезінде әр топ блогын төмендегі жалғыз жолға орындалатын жылжыту әрекетінің санын қысқарта отырып тасалауға болады.

Топтастырылатын әрекеттер макростың ішінде бұрыннан болса, осы іс рәсімін оларды Топ блогына қосу үшін пайдаланыңыз.

  1. Топталатын әрекеттерді таңдаңыз.

  2. Таңдалған әрекеттерді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Топ блогын жасау пәрменін таңдаңыз.

  3. Топ блогының жоғарғы жағындағы жолаққа топ атын жазыңыз.

Егер әрекеттер бұрыннан болмаса:

  1. Топ блогын әрекеттер каталогынан макрос бөлігіне апарыңыз.

  2. Топ блогының жоғарғы жағындағы жолаққа топ атын жазыңыз.

  3. Макрос әрекеттерін әрекеттер каталогынан Топ блогына апарыңыз немесе әрекеттерді блок ішінде пайда болатын Жаңа әрекет қосу тізімінен таңдаңыз.

Ескерту : Топ блоктарының құрамында басқа Топ блоктары болуы мүмкін және оны 9 деңгейлі тереңдікке дейін енгізуге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Макрос әрекеттері мен блоктарын шығарып алу немесе тасалау

Жаңа макрос жасалған кезде, макрос құрастырушысы барлық көрінетін аргументтермен макрос әрекеттерін көрсетеді. Макростың өлшеміне қарай кейбір немесе барлық макрос әрекеттерін (және әрекеттер блогын) макросты өңдеу барысында тасалау қажет болуы мүмкін. Бұл макрос құрылысының жалпы көрінісін алуды оңайлатады. Кейбір немесе барлық әрекеттерді өңдеу үшін оларды қажетінше кеңейтуге болады.

Макрос әрекеттері мен блоктарын шығарып алу немесе тасалау

  • Макрос немесе блок атының сол жағындағы қосу (+) немесе алу (-) таңбасын басыңыз. Сонымен қатар, әрекетті немесе блокты таңдау үшін, ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ және ТӨМЕН КӨРСЕТКІ пернелерін басып, оны тасалау немесе шығарып алу үшін, сол жақ көрсеткі немесе оң жақ көрсеткі пернелерін басыңыз.

Барлық макрос әрекеттерін (блоктарын емес) шығарып алу немесе тасалау

  • Құрылым қойындысындағы Тасалау/шығарып алу тобында Әрекеттерді шығарып алу немесе Әрекеттерді тасалау түймешігін басыңыз.

Барлық макрос әрекеттері мен блоктарын шығарып алу немесе тасалау

  • Құрылым қойындысындағы Тасалау/шығарып алу тобында Барлығын шығарып алу немесе Барлығын тасалау түймешігін басыңыз.

Кеңес :  Меңзерді әрекет үстіне апару арқылы тасаланған әрекетті көруге болады. Access бағдарламасы әрекет аргументтерін қалқыма сөзкөмекте көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Макрос әрекеттерін көшіру және қою

Егер макросқа бұрын қосылған әрекеттерді қайталау қажет болса, бұрыннан бар әрекеттерді мәтіндік процессордағы ежелер сияқты көшіруге және қоюға болады. Әрекеттерді қойғанда, олар тек ағымдағы таңдалған әрекеттердің төменгі жағына енгізіледі. Егер бір блок таңдалса, әрекеттер блок ішіне қойылады.

Кеңес :  Таңдалған әрекеттерді жылдам көшірмелеу үшін, CTRL пернесін басып тұрып, әрекеттерді макростағы көшіру орнына апарыңыз.

Макросты басқалармен ортақ пайдалану

Макрос әрекеттерін аралық сақтағышқа көшіргенде, оларды мәтін қабылдайтын бағдарламаға XML ретінде қоюға болады. Бұл макросты әріптесіңізге электрондық пошта хабарламасы арқылы жіберуге немесе макросты талқылау форумына, блокқа немесе басқа веб-тораптарға қоюға мүмкіндік береді. Одан кейін алушы XML файлын көшіріп, өзінің Access 2010 макрос құрастырушысына қоя алады. Макрос жазылғандықтан, ол қайта жасалады.

Макросты іске қосу

Макросты төмендегі әрекеттердің бірін пайдаланып іске қосуға болады:

  • Шарлау аумағындағы макросты екі рет нұқыңыз.

  • Макросты Макросты іске қосу немесе Қате болған кезде макрос әрекетін пайдаланып шақырыңыз.

  • Макрос атауын нысанның оқиға сипатына енгізіңіз. Сол оқиға іске қосылғанда, макрос та іске қосылады.

Беттің жоғарғы жағы

Макростың күйін келтіру

Егер макросты іске қосу проблемасы болса, сол проблеманың көзін табу үшін пайдаланылатын екі құрал бар.

Макросқа қателерді өңдеу әрекеттерін қосу

Макрос жазған кезде оның әрқайсысына қателерді өңдеу әрекеттерін қосып, оларды макросқа біржола қалдыруды ұсынамыз. Осы әдісті пайдаланғанда, Access бағдарламасы орын алған қателердің сипаттамаларын көрсетеді. Қате сипаттамалары проблеманы жылдамырақ түзету мақсатында қатені түсінуге көмектеседі.

Макросқа қателерді өңдейтін ішкі макрос қосу үшін, төмендегі іс рәсімін пайдаланыңыз:

  1. Макросты құрастырушы көрінісінде ашыңыз.

  2. Макростың төменгі жағындағы Ішкі макрос параметрін Жаңа әрекет қосу қалқымалы тізімінен таңдаңыз.

  3. Ішкі макрос сөзінің оң жағындағы жолаққа Қателерді өңдеуші сияқты ішкі макрос атын жазыңыз.

  4. Ішкі макрос блогы ішінде пайда болатын Жаңа әрекет қосу қалқымалы тізімінен Хабар жолағы макрос әрекетін таңдаңыз.

  5. Хабар жолағына мына мәтінді жазыңыз: =[Макрос қатесі].[Сипаттама]

  6. Макростың төменгі жағындағы Жаңа әрекет қосу қалқымалы терезесінен Қате болған кезде параметрін таңдаңыз.

  7. Макрос атауына Өту аргументін орнатыңыз.

  8. Макрос атауы жолағына қателерді өңдейтін ішкі макрос атын жазыңыз (осы мысалдағы Қателерді өңдеуші).

  9. Қате болған кезде макрос әрекетін макростың ең жоғарғы жағына апарыңыз.

Төмендегі иллюстрацияда Қате болған кезде әрекеті бар макрос пен Қателерді өңдеуші деп аталатын ішкі макрос көрсетілген.

Құрамында қателерді өңдейтін ішкі макросы бар макрос.

Қате болған кезде макрос әрекеті макростың жоғарғы жағында орналасқан және қате орын алған жағдайда Қателерді өңдеуші ішкі макросын шақырады.

Қателерді өңдеуші ішкі макросы тек Қате болған кезде әрекеті шақырғанда ғана іске қосылып, қатені сипаттайтын хабар жолағын көрсетеді.

Жалғыз қадамдық пәрменді таңдау

«Жалғыз қадамдық» – бір уақытта бір макрос әрекетін атқару үшін пайдаланылатын макросты күйге келтіру күйі. Әрбір әрекет орындалғаннан кейін, әрекет туралы ақпаратты мен нәтиже бойынша орын алған әрбір қате коды сипаттамасын көрсететін тілқатысу терезесі пайда болады. Дегенмен, «Жалғыз қадамдық макроста» қате сипаттамасы болмағандықтан, алдыңғы бөлімдерде сипатталған қателерді өңдейтін ішкі макростарды пайдалануды ұсынамыз.

Жалғыз қадамдық күйді іске қосу үшін:

  1. Макросты құрастырушы көрінісінде ашыңыз.

  2. Құрылым қойындысының Құралдар тобында Жалғыз қадам параметрін таңдаңыз.

  3. Макросты сақтау және жабу.

Макросты келесіде іске қосқан кезде, Жалғыз қадамды макрос тілқатысу терезесі пайда болады. Тілқатысу терезесінде әрбір әрекет туралы мына ақпаратты көрсетеді:

  • Макрос атауы.

  • Шарт («Егер» блоктары үшін).

  • Әрекет атауы.

  • Аргументтер.

  • Қате нөмірі (0 деген қате нөмірі ешқандай қатенің орын алмағанын білдіреді).

Қадам бойынша әрекеттерді орындау кезінде тілқатысу терезесіндегі үш түймешіктің біреуін басыңыз:

  • Макростағы келесі әрекетті көру үшін, Қадам түймешігін басыңыз.

  • Кез келген ағымдағы іске қосулы макросты тоқтату үшін, Барлық макростарды тоқтату түймешігін басыңыз. Жалғыз қадамдық күй макросты келесіде іске қосқанда күшіне енеді.

  • Жалғыз қадамдық күйден шығып, макрос жұмысын жалғастыру үшін, Жалғастыру түймешігін басыңыз.

    Ескертулер : 

    • Ең соңғы әрекеттен кейін Қадам түймешігі басылса, жалғыз қадамдық күй макросты келесіде іске қосқанда әлі күшінде болады.

    • Жалғыз қадамдық күйге ену үшін, CTRL+BREAK пернелер тіркесімін басыңыз.

    • Жалғыз қадамдық күйге макростағы арнайы бір орыннан ену үшін, Жалғыз қадам макрос әрекетін орнына қосыңыз.

    • Веб-дерекқорда жалғыз қадамдық күй жоқ.

Беттің жоғарғы жағы

Макросты VBA кодына түрлендіру

Макростар бағдарламаларға арналған Visual Basic (VBA) тілінде қол жетімді пәрмендер жиынымен қамтамасыз етеді. Егер макрос қамтамасыз еткеннен артық мүмкіндік қажет деп шешеңіз, дербес макрос нысанын VBA кодына оңай түрлендіріп, VBA беретін шығарып алынған мүмкіндіктер жиынын пайдаланыңыз. Есте сақтаңыз, дегенмен, осы VBA коды шолғышта жұмыс істемейді; веб-дерекқорға қосылған кез келген VBA коды тек сол дерекқор Access бағдарламасында ашылғанда ғана жұмыс істейді.

Ескерту :  Ендірілген макростарды VBA кодына түрлендіру мүмкін емес.

Макросты VBA кодына түрлендіру үшін:

  1. Шарлау аумағында макрос нысанын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, «Құрастырушы көрінісі» параметрін таңдаңыз.

  2. Құрылым қойындысындағы Құралдар тобында Макростарды Visual Basic кодына түрлендіру түймешігін басыңыз.

  3. Түрлендіру макросы тілқатысу терезесінде қателерді өңдеу кодтары мен аңғартпаларды VBA модуліне қосу немесе қоспай керектігін көрсетіп, Түрлендіру түймешігін басыңыз.

Access бағдарламасы макростың түрленгенін құптайды және Visual Basic өңдеу құралын ашады. Модульді қарап шығу және өңдеу үшін, түрленген макросты жоба бөлігінде екі рет нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×