Ортақ қалта үшін рұқсаттарды орнату

Microsoft Office OneNote бағдарламасы компьютеріңіздегі жаңа жазу кітапшасы шеберінде көрсеткен жерде ортақ жазу кітапшасын сәтті жасайды. Бұл жазу кітапшасы файлы бар қалта енді ортақ қалта болып табылады, бірақ қазір онымен тек қана сіз жұмыс жасай аласыз. Бұл ортақ жазу кітапшасын жасауды аяқтау үшін, төмендегі әрекеттерді орындау арқылы басқа адамдарға кіру рұқсаттарын енгізуіңіз қажет.

Ескерту : OneNote бағдарламасы Microsoft Windows XP жүйесінде ортақ файлдар мен қалталарға кіру рұқсатын бақылау үшін, қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдаланады. Егер ортақ жазу кітапшасы қалтасына арналған Сипаттар тілқатысу терезесі бейнебетте автоматты түрде осы Анықтама бөлімі көрсетілген кезде көрінбесе, оны Windows Explorer бағдарламасында қолмен ашыңыз.

Қалай?

  1. Windows жүйесінің Бастау мәзірінде Барлық бағдарламалар дегенді көрсетіңіз де, Периферия құрылғылары дегеннен Windows Explorer түймешігін басыңыз.

  2. Windows Explorer бағдарламасында OneNote бағдарламасындағы Жаңа жазу кітапшасы шеберінде көрсетілген қалта атауына өтіңіз.

  3. Тінтуірдің оң жақ түймешігімен қалтаны нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдегі Сипаттар пәрменін таңдаңыз.

Рұқсат беру тізіміне пайдаланушыларды қосыңыз

  1. Қалтаның Сипаттар тілқатысу терезесінде Ортақтасу қойындысын нұқыңыз.

    Маңызды : Егер OneNote бағдарламасын егелік тарапынан бақыланатын желіде пайдалансаңыз, ортақ қалтаның Сипаттар тілқатысу терезесі Ортақтасу қойындысының жанындағы қосымша Қауіпсіздік қойындысында көрсетіледі. Бұл жағдайда жазу кітапшаңызды сәтті ортақтастыру үшін, екі қойындыда бірдей рұқсаттарды орнатуыңыз қажет.

  2. Ортақтасу қойындысында Рұқсаттар тармағын нұқыңыз.
    OneNote бағдарламасы ортақ жазу кітапшасын жасаған кезде, автоматты түрде сізді компьютеріңіздегі ортақ қалтаның иесі ретінде көрсетеді. Рұқсаттар тізіміндегі әдепкі жазбаларды өзгертуге немесе жоюға болмайды.

  3. Қосу түймешігін басыңыз. Пайдаланушыларды, компьютерлерді немесе топтарды таңдау тілқатысу терезесінде ортақ жазу кітапшаңызға кіру мүмкіндігін бергіңіз келетін адамдарды көрсетіңіз.
    Толық атын, пайдаланушылардың атын немесе электрондық пошта мекен-жайларын енгізуге болады. Рұқсаттар тізіміне қосылатын пайдаланушылар сіздің компьютеріңіз қосылған желіде болуы тиіс.

  4. Желідегі жазбаларыңызды тексеру үшін, Атауларды тексеру, OK түймешігін басыңыз.

  5. Рұқсаттар тілқатысу терезесінде тізімнен нұқу арқылы әрбір пайдаланушы атын таңдап,таңдалған пайдаланушы үшін рұқсаттарды көрсетіңіз.
    Мысалы, сол адамға ортақ жазу кітапшаңыздағы беттерді ашуға және өзгертуге рұқсат беру үшін, Рұқсат ету бағанындағы Толық басқару құсбелгісін қойыңыз.

  6. Келесі пайдаланушыға өтуден бұрын, таңдалған пайдаланушыға арналған рұқсаттарды сақтау үшін, Қолдану түймешігін басыңыз. Рұқсаттарды орнатып болғаннан кейін, OK түймешігін басыңыз.

  7. Егер Рұқсаттар тілқатысу терезесінде Қауіпсіздік қойындысын көретін болсаңыз, компьютеріңіз желіге егелік контроллері арқылы қосылған. Мұндай желілерде жазу кітапшасы қалтасын сәтті түрде ортақтастыру үшін, 3-қадамнан 6-шы қадамға дейін қайталау керек, бұдан бұрын Ортақтасу қойындысында орнатылған рұқсаттарды Қауіпсіздік қойындысында орнатыңыз.
    Егер Рұқсаттар тілқатысу терезесінде Қауіпсіздік қойындысы көрінбесе, қалтаның Сипаттар тілқатысу терезесін жабу үшін, OK түймешігін басыңыз.

    Ескертулер : 

    • NTFS файл жүйесін пайдалану үшін, файлға және қалтаға арналған рұқсаттарды пішімделген қатқыл дискіде ғана орнатуға болады.

    • Рұқсаттарды өзгерту үшін, компьютердің иесі немесе компьютер иесінен немесе желілік әкімшіден рұқсат алуыңыз тиіс.

    • Windows қауіпсіздігі туралы қосымша ақпарат алу үшін, Windows XP Анықтама жүйесін қараңыз. Windows жүйесінің Бастау мәзірінде Анықтама және қолдау дегенді нұқып,"қалтаға рұқсаттарды" іздеңіз.


Рұқсаттар тізіміндегі адамдарға электрондық пошта хабарын жіберіңіз

Адамдарды ортақ қалтаға арналған Рұқсаттар тізіміне қосқаннан кейін, ортақ жазу кітапшасына қайдан кіру керектігін хабарлау үшін, оларға электрондық пошта хабарын жіберуге болады. Егер сізде Microsoft Office Outlook 2007 орнатылған болса, алғаш рет ортақ жазу кітапшасын жасаған кезде Жаңа жазу кітапшасы шеберінде электрондық пошта параметрін таңдаған болсаңыз, OneNote бағдарламасы жібермес бұрын, теңшеуге болатын электрондық пошта хабарын көрсетеді.

Егер шеберде электрондық пошта параметрін таңдамаған болсаңыз немесе Рұқсаттар тізіміне кейінірек қосылған адамдарға электрондық пошта хабарын жібергіңіз келсе, мыналарды орындаңыз:

  1. OneNote бағдарламасында Ортақтасу мәзірінде Басқаларға ортақ жазу кітапшасы сілтемесін жіберу пәрменін таңдаңыз.

  2. Қабылдаушылар туралы мәліметтерді Кімге, Көшірме және Жасырын көшірме алаңдарына енгізіңіз.

  3. Егер қажет болса, Тақырып жазбасын және хабар мәтінін өзгертіп, Жіберу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×