Ортақ қалтада қайшылықтарды өңдеу туралы

Ортақ қалтаның мүшелері бір файлды бір уақытта аша алады. Өңдеу рұқсаттарына байланысты, бірнеше мүше бір файлды бір уақытта өңдеп, өзгертулерді сақтай алуы мүмкін. Бұл орын алса, өңдеу қайшылығы пайда болады да, әркімнің жұмысын сақтап, қайшылықты шешуге жол беру үшін SharePoint Workspace бағдарламасы төмендегі қадамдарды орындайды:

  • Өзгертулерді бірінші болып сақтаған мүше бастапқы файлды сақтайды.

  • Одан кейін өзгертулерді сақтайтын мүшелер үшін файл жаңа «қайшылық» файлына сақталады. Мысалы, төмендегі суреттегі «Айсұлу Танекееваның көшірмесі» — қайшылықты файл.

Файлдарды ортақ пайдаланатын жұмыс кеңістігіндегі файл нұсқасының қайшылығы

Мұндай өңдеу қайшылықтары орын алған кезде, мүшелер бұл мәселенің ең жақсы шешімін немесе файлдарды біріктіру жолын табу үшін бір-бірімен хабарласуы керек.

Ерекше жағдайлар

Пайдаланушылар файлдарды өңдеу үшін ашқан кезде бағдарламалардың көбі оларға «құрсау» қояды. SharePoint Workspace бағдарламасы өңдеу қайшылықтарын шешу үшін осы құрсауларды анықтауға негізделеді. Қойын дәптер сияқты кейбір бағдарламалар мұндай құрсаулау механизмін қолданбайды. Мұндай жағдайларда, бірнеше адам бір файлды бір уақытта ашып өңдесе, соңғы сақталған өзгертулер ғана сақталады және ешқандай қайшылық құжаты жасалмайды.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×