Орналастыруды растау жұмыс үрдісін пайдалану

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі ұйым ішінде жазбаларды басқару қажетін қолдауға арналған. Бұл жұмыс үрдісі қатысушыларға мерзімі біткен құжаттар не элементтерді жою не сақтап қоюды ұйғаруға рұқсат беру арқылы құжаттың мерзімі және сақтау үдірісін басқарады.

Осы мақалада

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі қалай істейді?

Тізім, кітапхана не мазмұн түрі үшін Орналастыруды растау жұмыс үрдісін қосу не өзгерту

Мерзім саясатын Орналастыруды растау жұмыс үрдісін пайдалану үшін теңшеу

Орналастыруды растау жұмыс үрдісін бастау

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі тапсырмасын аяқтау

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі қалай істейді?

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі жазбаларды басқару және құжатты басқару үдірістерін ұйымдарды мерзімі біткен мазмұнды бағалау және жою үрдісін басқару және қадағалау жолымен қамтамасыз ету арқылы қолдайды. Пайдаланушылар Орналастыруды растау жұмыс үрдісін жеке құжаттар не элементтерде қолмен бастай алады. Мерзімі біткен мазмұндарды басқарудың бірізділігін арттыру үшін ұйымдар Орналастыруды растау жұмыс үрдісін теңшеп, оны ақпаратты басқару саясатының Мерзім саясаты мүмкіндігімен бірге қолдануы мүмкін. Сөйтіп, тораптағы құжаттар не элементтердің мерзімі біткен кезде, жұмыс үрдісі өздікті түрде басталады. Орналастыруды растау жұмыс үрдісі Microsoft Office SharePoint Server 2007 торабындағы қандай болса да тізім, кітапхана не мазмұн түрі үшін қолданылса да, ол жазбаларды басқару мүдделерін және ұйымдың құжаттарды сақтау саясаттарын қолдау үшін әдейі Жазбалар орталығы торабында қолданылуы мүмкін.

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі басталған соң, ол жұмыс үрдісінің тапсырмалар тізіміндегі белгілі құжаттар және элементтер үшін Орналастыруды растау жұмыс үрдісінің тапсырмаларын жасайды. Бұл тапсырмалар белгілі пайдаланушыларға тағайындалмайды, бірақ жұмыс үрдісі үшін тапсырмалар тізімінде жазып қойылады. Осы тапсырмалар тізіміне қатынасқа рұқсаты бар пайдаланушылар (мәселен, жазбалар реттеушілері) тапсырмалар тізіміне кіріп, элементтерді жоюға қабылдайды не қабылдамайды, сөйтіп, сол тапсырмаларды бітіре алады. Орналастыруды растау жұмыс үрдісі үлкен көлемде Орналастыруды растау тапсырмаларын жасауы себепті, әсіресе егер ол элементтердің мерзімі біткен соң өздікті түрде басталуға теңшелген болса, Орналастыруды растау жұмыс үрдісі жаппай көпшілік тапсырмаларды орындау мүмкіндігін қолдайды және жазба реттеушілері не басқа құқыққа ие пайдаланушылар бірталай элементтерді пысықтап, бір әрекетпен жоя алады.

Беттің жоғарғы жағы

Тізім, кітапхана не мазмұн түрі үшін Орналастыруды растау жұмыс үрдісін қосу не өзгерту

Жұмыс үрдісін қолданудан әуелі, оны белгілі орналасудағы құжаттар не элементтер үшін қатынаулы ету үшін ол тізімге, кітапханаға, не мазмұн түріне қосылуы тиіс. Жұмыс үрдісін тізімге, кітапханаға не мазмұн түріне қосу үшін сіз Тізімдерді басқару рұқсатына ие болуға тиістісіз. Көбінесе, торап әкімшілері не белгілі тізімдерді немесе кітапханаларды басқаратын жеке кісілер осы тапсырманы орындайды. Жұмыс үрдісі қай жерге қосылғанына қарай, торапта оған түрлі жолдармен қатынауға болады:

  • Егер сіз жұмыс үрдісін тура тізімге не кітапханаға қоссаңыз, ол тек сол тізім не кітапханадағы элементтер үшін қатынаулы болады.

  • Егер сіз жұмыс үрдісін тізімдің мазмұн түріне қоссаңыз (торап мазмұны түрінің белгілі тізім не кітапханаға қосылған нұсқасы), ол тек тізім не кітапханамен салғастырылған мазмұн түрінің элементтеріне қатынаулы болады.

  • Егер сіз жұмыс үрдісін торап мазмұны түріне қоссаңыз, сол жұмыс үрдісі сол торап мазмұны түрінің нұсқасы қосылған әрбір тізім және кітапханадағы мазмұн түрінің элементтеріне қатынаулы болады. Егер сіз жұмыс үрдісі торап жиынындағы тізімдер не кітапханалар бойынша белгілі мазмұн түріне қатынаулы болуын қаласаңыз, сондай нәтижеге жетудің ең тиімді жолы сол жұмыс үрдісін тура торап мазмұны түріне қосу болып табылады.

Орналастыруды растау жұмыс үрдісін қосу не өзгерту

Егер сіз Орналастыруды растау жұмыс үрдісін тізімге, кітапханаға, не мазмұн түріне қосуды қаласаңыз, немесе тізім, кітапхана, не мазмұн түрімен әдеқашан байланыстырылған Орналастыруды растау жұмыс үрдісін өзгертуді қаласаңыз да, жоғарыда баяндалған амалдарды орындауыңыз қажет.

  1. Жұмыс үрдісін қосу бетін ол қосылуы керек болған тізім, кітапхана, не мазмұн түрі ашу үшін төменгі амалдардың біреуін орындаңыз.

Тізім не кітапхана үшін

  1. Жұмыс үрдісі қосылуы керек болған тізім не кітапхананы ашыңыз.

    Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін немесе ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Рұқсаттар және басқару параметрі астындағы Жұмыс үрдісі параметрлері параметрін таңдаңыз.

Тізім мазмұны түрі үшін

  1. Жұмыс үрдісі қосылуы керек болған тізім мазмұны түрі нұсқасы сақталған тізім не кітапхананы ашыңыз.

    Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін немесе ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Мазмұн түрлері параметрі астындағы жұмыс үрдісі қосылуы керек болған мазмұн түрінің атын нұқыңыз.

    Ескерту : Егер тізім не кітапхана бірнеше мазмұн түрлеріне сақтауға орнатылмаған болса, Мазмұн түрлері бөлімі Теңшеу бетінде тізім не кітапхана үшін бейнеленбейді.

  3. Параметрлер тармағының астындағы Жұмыс үрдісі параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Торап мазмұны түрі үшін

  1. Торап жиынының өзіндік бетінің Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз, сонан соң Торап параметрлерінің бәрін өзгерту пәрменін нұқыңыз.

  2. Жиынтықтар тармағы астындағы Торап мазмұн түрлері параметрін нұқыңыз.

  3. Жұмыс үрдісі қосылуы керек болған торап мазмұны түрінің атын нұқыңыз, сонан соң Жұмыс үрдісі параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Егер жұмыс үрдісі тізім, кітапхана, не мазмұн түріне әлдеқашан қосылған болса, бұл қадам сізді тура Жұмыс үрдісі параметрлерін өзгерту бетіне алып барады. Жұмыс үрдісін қосу бетіне өту үшін Жұмыс үрдісін қосу пәрменін нұқыңыз. Егер тізімге, кітапханаға, немесе мазмұн түріне ешқандай жұмыс үрдісі қосылмаған болса, бұл қадам сізді тура Жұмыс үрдісін қосу бетіне өткізеді.

  1. Жұмыс үрдісін қосу бетінің Жұмыс үрдісі бөлімінде Орналастыруды растау жұмыс үрдісі үлгісін нұқыңыз.

  2. Аты бөлімінде жұмыс үрдісі үшін бір мәнді атауды теріңіз.

  3. Тапсырмалар тізімі бөлімінде жұмыс үрдісімен бірге қолданылатын тапсырмалар тізімін белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    1. Сіз әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдалануыңыз мүмкін немесе жаңасын жасауыңыз мүмкін. Егер сіз әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдалансаңыз, жұмыс үрдісі қатысушылары Тапсырмалар тізімінің Менің тапсырмаларым көрінісін пайдаланып өздерінің жұмыс үрдісі тапсырмаларын оңайлықпен табады және көре алады.

    2. Егер осы жұмыс үрдісінің тапсырмалары сіз жалпы тапсырмалар тізімінен бөлек сақтауды қалаған құпиялы деректерді өз ішіне алса не әшкерелесе, жаңа тапсырмалар тізімін жасаңыз.

    3. Орналастыруды растау жұмыс үрдісі үшін тапсырмалар тізімін жасаған кезде, рұқсаттарды осы тапсырмалар тізіміне қатынасуға рұқсатты ұйымыңыздағы элементтерді орналастыруды растау құқығына ие пайдаланушылармен, шектеу жөнді амал деп табылады, мысалы үшін жазбаларды реттеушілер.

    4. Егер ұйымыңызда бірталай жұмыс үрдістері болса немесе жұмыс үрдістерінде бірталай тапсырмалар болса, жаңа тапсырмалар тізімін жасаңыз. Бұл жағдайда, сіз әрбір жұмыс үрдісі үшін жеке тапсырмалар тізімін жасауыңыз да мүмкін.

  4. Жұрнал тізімі бөлімінде жұмыс үрдісімен бірге қолданылатын жұрнал тізімін таңдаңыз. Жұрнал тізімі белгілі жұмыс үрдісі уақытында орындалатын оқиғалардың бәрін бейнелейді.

    Ескерту : Сіз әдепкі Жұрнал тізімін пайдалануыңыз мүмкін немесе жаңасын жасауыңыз мүмкін. Егер ұйымыңызда бірнеше жұмыс үрдістері болса, сіз әрбір жұмыс үрдісі үшін бір жұрналды жасауды қалауыңыз мүмкін.

  5. Парамтерлерді бастау бөлімінде жұмыс үрдісі қалай, қашан, немесе кім арқылы жегілетінін белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    1. Егер сіз таңдаған жұмыс үрдісі үлгісі белгілі параметрлерді қолдамаса, мүмкін олар қатынаулы болмайды.

    2. Элементтің негізгі нұсқасын жариялады мақұлдау үшін осы жұмыс үрдісін бастау параметрі тек кітапхана үшін негізгі және кіші нұсқаларды басқаруды қолдау қосылған жағдайда және сіз таңдаған жұмыс үрдісі үлгісі мазмұнды мақұлдау үшін пайдаланылатын жағдайда ғана қатынаулы болады.

  6. Егер сіз осы жұмыс үрдісін торап мазмұны түріне қосып тұрған болсаңыз, Тізімді және торап мазмұн түрін жаңарту бөлімінде сіз осы жұмыс үрдісін сол мазмұн түрінен ие болатын барлық мазмұн түрлеріне қосуды қалайтыныңызды-қаламайтыныңызды белгілеп алыңыз.

    Ескерту : Тізімді және торап мазмұны түрлерін жаңарту бөлімі Жұмыс үрдісін қосу бетінде тек торап мазмұны түрлері үшін бейнеленеді.

  7. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мерзім саясатын Орналастыруды растау жұмыс үрдісін пайдалану үшін теңшеу

Егер құжаттар не элементтердің мерзімі біткен соң, Орналастыруды растау жұмыс үрдісі өздікті түрде жегілуін қаласаңыз, сізге ақпаратты басқару саясатындағы Мерзім саясатын тиісті тізім, кітапхана, немесе мазмұн түрі үшін теңшеу қажет.

  1. Егер сіз әлі солай істемеген болсаңыз, сіз Мерзім саясатын теңшеп тұрған тізім, кітапхана, немесе мазмұн түріне Орналастыруды растау жұмыс үрдісін қосыңыз.

  2. Ақпаратты басқару саясаты параметрлері бетін тізім, кітапхана, немесе мазмұн түрі ашу үшін төменгі амалдардың біреуін орындаңыз:

Тізім не кітапхана үшін

  1. Сіз Мерзім саясатын теңшеуді қалаған тізім немесе кітапхананы ашыңыз.

    Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін немесе ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Рұқсаттар және басқару параметрі астында Ақпаратты басқару саясаты параметрлері параметрін таңдаңыз.

Тізім мазмұны түрі үшін

  1. Мерзім саясатын теңшеу керек болған тізім мазмұны түрі нұсқасы сақталған тізім не кітапхананы ашыңыз.

    Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін немесе ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Мазмұн түрлері параметрі астында жұмыс үрдісі қосылуы керек болған мазмұн түрінің атын нұқыңыз.

    Ескерту : Егер тізім не кітапхана бірнеше мазмұн түрлеріне сақтауға орнатылмаған болса, Мазмұн түрлері бөлімі Теңшеу бетінде тізім не кітапхана үшін бейнеленбейді.

  3. Параметрлер тармағы астындағы Ақпаратты басқару саясаты параметрлері параметрін таңдаңыз.

Торап мазмұны түрі үшін

  1. Торап жиынының өзіндік бетінің Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз, сонан соң Торап параметрлерінің бәрін өзгерту пәрменін нұқыңыз.

  2. Жиынтықтар тармағы астындағы Торап мазмұн түрлері параметрін нұқыңыз.

  3. Сізге Мерзім саясатын теңшеу керек торап мазмұн түрінің атына нұқыңыз, сонан соң Ақпаратты басқару саясаты параметрлері тармағын нұқыңыз.

Ескерту : Егер сіз Мерзім саясатын тізім немесе кітапхана үшін теңшеуді қаласаңыз және сол тізім немесе кітапхана бірнеше мазмұн түрлерін басқару мүмкіндігін қолдаса, ақпаратты басқару саясаты белгіленуі керек болған мазмұн түрін таңдаңыз да, OK түймешігін нұқыңыз.

  1. Саясатты белгілеу бөлімінде Саясатты анықтау пәрменін нұқыңыз.

  2. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  3. Саясатты өңдеу бетіндегі Ат және әкімшілік сипаттамасы бөлімінде жасап тұрған саясаттың қысқаша сипаттамасын теріңіз.

    Ескерту : Сіз тек қана Торап жиыны саясаттары тізімінде белгіленген ақпаратты басқару саясаттары үшін аттарды белгілей аласыз.

  4. Саясат нұсқауы бөлімінде пайдаланушыларға саясаттың мақсатын түсіндіретін нұсқауды теріңіз. Бұл нұсқау пайдаланушылар сол саясат қолданылатын құжаттарды не элементтерді ашқан кезде бейнеленеді. Ол мазмұнда саясаттың қандай мүмкіндіктері қолданылуы жөн екенін немесе мазмұнды қалай пысықталу талап етілуін түсіндіреді. Саясат нұсқауының ұзындығы 512 таңбадан аспайды.

  5. Осы саясат қолданылатын құжаттарды және элементтерді сақтау мерзімін белгілеу үшін Мерзім өтуін қосу пәрменін нұқыңыз, сонан соң сақтау мерзімін және элементтің мерзімі біткен соң орындалатын әрекеттерді белгілеңіз.

  6. Құжаттар және элементтердің мерзімі бітетін уақытты белгілеу үшін сақтау мерзімі параметрін таңдаңыз. Төменгі амалдардың біреуін орындаңыз:

    1. Күн сипатына негізделіп мерзімі өтетін күнді орнату үшін Элемент сипаттарына негізделген уақыт мерзімі параметрін нұқыңыз, сонан соң құжат не элемент әрекетін (мәселен, Жасалған немесе Өзгертілген) және сол әрекеттен соң элементтің мерзімі бітетін уақытты ұзартылуын (мәселен, күндер, айлар, не жылдар саны) таңдаңыз.

    2. Мерзім өтуін анықтау үшін жұмыс үрдісін не өзгертпелі сақтау өрнегін пайдалану үшін Бағдарламалық түрде орнату пәрменін нұқыңыз.

  7. Элемент мерзімі біткен кезде параметрі астындағы құжат не элементтің мерзімі біткен соң не орындалуын белгілеңіз. Орналастыруды растау жұмыс үрдісін құжат не элементте жегу үшін Осы жұмыс үрдісін жегу параметрін таңдаңыз, сонан соң қалаған Орналастыруды растау жұмыс үрдісінің атын таңдаңыз.

  8. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Орналастыруды растау жұмыс үрдісін бастау

Көп жағдайларда, Орналастыруды растау жұмыс үрдісі элементтің мерзімі біткен соң өздікті түрде жегілуге орнатылған. Егер Орналастыруды растау жұмыс үрдісі пайдаланушыларға оны қолмен жегуге рұқсат беретіндей етіп теңшелген болса, сіз құжат не кітапханада осы жұмыс үрдісін тура ол сақталған кітапхана не тізімден жеге аласыз. Жұмыс үрдісін жегу үшін сіз кемінде Элементтерді өңдеу рұқсатына ие болуыңыз керек. Кейбір жұмыс үрдістерін жегу үшін Тізімдерді басқару рұқсатына да ие болу талап етіледі.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Жұмыс үрдісін қайсы құжат не элементтке жегуді қаласаңыз, сол құжат не элемент атын меңзеңіз, бейнеленетін көрсеткіге нұқыңыз да, Жұмыс үрдістері параметрін таңдаңыз.

  3. Жаңа жұмыс үрдісін жегу тармағы астындағы жеккіңіз келген Орналастыруды растау жұмыс үрдісінің атын нұқыңыз.

    Орналастыруды растау жұмыс үрдісі бірден басталады және тапсырмалар тізімінде жұмыс үрдісі үшін Орналастыруды растау тапсырмасын орындайды.

Беттің жоғарғы жағы

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі тапсырмасын аяқтау

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі құжаттар не элементтер үшін Орналастыруды растау тапсырмаларын жасауға арналған. Бұл тапсырмалар белгілі пайдаланушыларға тағайындалмайды, бірақ жұмыс үрдісі үшін тапсырмалар тізімінде жазып қойылады. Осы тапсырмалар тізіміне қатынасқа рұқсаты бар пайдаланушылар (мәселен, жазбалар реттеушілері) тапсырмалар тізіміне кіріп, элементтерді жоюға қабылдайды не қабылдамайды, сөйтіп, сол тапсырмаларды аяқтай алады.

Орналастыруды растау жұмыс үрдісі тапсырмаларын жеке түрде не жаппай бірден бітіруге болады. Орналастыруды растау жұмыс үрдісі бірден бірталай жұмыс үрдісі тапсырмаларын жасай алуы мүмкін болғаны себепті, жұмыс үрдісі тапсырмаларының бәрін жаппай бірден өңдеу тиімді болуы мүмкін.

Бір Орналастыруды растау жұмыс үрдісі тапсырмасын аяқтау

  1. Тапсырмалар тізіміне өтіп, сіз аяқтағыңыз келген Орналастыруды растау тапсырмаларын табыңыз.

    Ескерту : Егер жұмыс үрдісі әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдаланбаса, жұмыс үрдісі тапсырмасы мүмкін тапсырмалар тізімінде бейнеленбейді. Сізге керекті жұмыс үрдісі тапсырмасын табу үшін жұмыс үрдісі элементі сақталған тізім не кітапханаға өтіңіз. Сізге керекті элементке меңзеңіз, бейнеленген көрсеткіні нұқыңыз да, Жұмыс үрдістері тармағын таңдаңыз. Жұмыс үрдісі күйі бетінде Тапсырмалар параметрі астындағы жұмыс үрдісі үшін тапсырмалар тізімінің сілтемесін нұқыңыз.

  2. Сіз бітіруді қалаған тапсырма атын меңзеңіз, бейнеленетін көрсеткіні нұқыңыз да, Элементті өңдеу пәрменін таңдаңыз.

  3. Орналастырылуға жіберілген элементті көру үшін Орналастыруды растаңыз пәрмені қасындағы сілтемені нұқыңыз.

  4. Орналастыру тармағы астындағы төменгі әркеттердің біреуін орындаңыз:

    • Элементті жою үшін Бұл элементті жою пәрменін нұқыңыз, сонан соң сіз тексеру жұрналындағы элементтің метадеректерінің көшірмесін сақтап қалуды қалайтыныңызды көрсетіңіз.

    • Элементті сақтап қалу үшін Бұл элементті жоймаңыз пәрменін нұқыңыз.

  5. Аңғартпалар астындағы орындалатын әрекет туралы бергіңіз келетін аңғартпаны енгізіңіз.

  6. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бірнеше Орналастыруды растау жұмыс үрдісі тапсырмаларын бір уақытта аяқтау

  1. Сіз бірнеше тапсырмаларын бірден аяқтағыңыз келген Орналастыруды растау жұмыс үрдісі үшін тапсырмалар тізімін ашыңыз.

    Ескерту : Егер жұмыс үрдісі әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдаланбаса, жұмыс үрдісі тапсырмасы мүмкін тапсырмалар тізімінде бейнеленбейді. Сізге керекті жұмыс үрдісі тапсырмасын табу үшін жұмыс үрдісі элементі сақталған тізім не кітапханаға өтіңіз. Сізге керекті элементті меңзеңіз, бейнеленген көрсеткіні нұқыңыз да, Жұмыс үрдістері тармағын таңдаңыз. Жұмыс үрдісі күйі бетінің Тапсырмалар параметрі астындағы жұмыс үрдісі үшін тапсырмалар тізімінің сілтемесін нұқыңыз.

  2. Жұмыс үрдісі үшін тапсырмалар тізімінің Әрекеттер мәзірінде Әрекеттер мәзірі Тапсырмалардың бәрін өңдеу пәрменін нұқыңыз.

  3. Бірнеше тапсырмаларды таңдау бөлімінде сіз жаппай өңдеуді қалаған тапсырмалар түрін таңдаңыз.

  4. Егер сіз тапсырмалар тізімінде Орналастыруды растау тапсырмаларын кіші жиынын бейнелеу үшін сүзгілерді пайдалануды қаласаңыз, Тапсырма ақпараты бөлімінде сізге керекті тапсырмаларды сүзгеніңізді растаңыз.

  5. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  6. Орналастыру тармағы астындағы төменгі әркеттердің біреуін орындаңыз:

    • Элементтерді орналастыруды растау үшін Бұл элементтерді жою пәрменін нұқыңыз. Егер сіз осы элементтердің метадеректерінің көшірмесін сақтап қалуды қаласаңыз, Тексеру жұрналында элементтер метадеректерінің көшірмелерін сақтау құсбелгі көзін белгілеңіз.

    • Осы элементтерді жойылуын қабылдамау үшін Бұл элементтерді жоймаңыз пәрменін нұқыңыз.

  7. Аңғартпалар параметрі астына орналастыру туралы бергіңіз келген аңғартпаларды енгізіңіз.

  8. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  9. Нәтижелер бөлімінде жаппай бірнеше тапсырмаларды өңдеу әрекетінің нәтижелерін көріп, OK түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×