Нәтижелі жұмыс істеу: желідегі жиналысты жоспарлау және қосылу

Microsoft Lync желідегі жиналысын Microsoft® Outlook® бағдарламасындағы Microsoft® Lync™ 2010 бағдарламасына арналған желідегі жиналыс қондырмасын пайдаланып жоспарлауға болады. Дереу шешу керек мәселені талқылау мақсатында жоспарланбаған жиналысты бастау үшін Lync Online қызметін пайдалануға болады.

Не істегіңіз келеді?

Желідегі жиналысты жоспарлау

Жиналысқа кіру және баяндамашы параметрлерін орнату

«Қазір кездесу» түймешігін пайдаланып жоспарланбаған жиналысты бастау

Жоспарланған желідегі жиналысқа қосылу

Жоспарланбаған желідегі жиналысқа қосылу

Жиналыс дыбысына қосылу

Lync Online қызметін бірінші рет пайдаланғанда дыбысқа қосылу параметрін таңдаңыз.

Әдепкі дыбыс параметрлерін өзгерту

Lync бағдарламасы орнатылмаған адамдарды шақыру

Желідегі жиналысты жоспарлау

Желідегі жиналыс шақыруын жасау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Microsoft® Outlook® Күнтізбе тармағында Басты бет қойындысының Жаңа тобындағы Жаңа желідегі жиналыс(Microsoft® Outlook® 2010 бағдарламасында) немесе Желідегі жиналыс (Microsoft® Office Outlook® 2007 бағдарламасында) белгішесін басыңыз.

Outlook күнтізбесіндегі жаңа онлайн жиналысының түймешігі

  1. Жиналыс сұрауындағы Кімге өрісіне жиналысқа шақыру керек адамдардың электрондық пошта мекенжайларын нүктелі үтірмен бөлу арқылы жазыңыз.

  2. Тақырып өрісіне жиналыс тақырыбын енгізіңіз.

  3. (Қосымша) Жиналысқа шақырудың негізгі бөлігінде Желідегі жиналысқа қосылу сілтемесінің үстіне жиналысқа қатысты қосымша мәліметтер енгізіңіз.
    Жиналысқа шақырудағы бұрыннан бар мәтінді өзгертпеңіз. Бұндай жағдайда, адамдар жиналысқа қосыла алмауы мүмкін.

  4. (Қосымша) Жиналысқа шақырудың ішіндегі Жиналыс қойындысын басып, Көрсету тобындағы Жоспарлау көмекшісі белгішесін басыңыз. Жоспарлау көмекшісі құралын таңдалған уақытта барлық қатысушылардың қол жетімді болатынын қамтамасыз ету үшін пайдаланыңыз.

  5. Желідегі жиналыс тобындағы Жиналыс параметрлері белгішесін басыңыз да, әдепкі параметрлерді қабылдаңыз немесе қажетінше өзгертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналысқа кіру және баяндамашы параметрлерін орнату

Әдепкі желідегі жиналыс параметрлері шағын жиналыстар немесе ұйымыңыздың ішіндегі адамдармен ортақ пайдалану және өзара әрекеттесу сеанстары үшін ыңғайлы. Егер ұйымыңыздың қызметкері емес адамдармен жиналыс жасауды жоспарласаңыз немесе жиналысқа әдеттегіден ерекше көп адам қатысатын болса, Желі бойынша жиналыс параметрлері диалогтық терезесінен келесі параметрлерді таңдаңыз:

  • Жиналысқа қабылдау алдында күту бөлімі кімдер күтуі керек? (Бұл тек VoIP дыбысы пайдаланылатын жиналыстар үшін қол жетімді.)

  • Жиналыс кезінде кімдердің баяндамашы артықшылықтары болуы керек?

Жиналысқа кіру және баяндамашы параметрлерін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Жасалған жиналысқа шақыру хабарындағы Жиналыс қойындысын басып, Желідегі жиналыс тобынан Жиналыс параметрлері белгішесін басыңыз.

Жиналыс шақыруындағы жиналыс параметрлерінің түймешігі

  1. Жиналыс параметрлері диалогтық терезесіндегі Осы жиналысқа кіру рұқсаты мен баяндамашыларды реттеу параметріне құсбелгі қойыңыз.

  2. Қатынасу және Баяндамашы тармақтарының ішінде жоспарланатын жиналыс көлеміне және түріне сәйкес параметрлерді таңдаңыз. Нұсқау ретінде осы процедураның аяқ жағында берілген скриншоттар мен кестелерді көріңіз.

  3. Жиналыстың дыбыстық конференция ақпаратын көру үшін Дыбыс және телефон параметрін таңдаңыз. Дыбыс және телефон параметрі жоқ болса, жиналыстарыңызда тек VoIP дыбысы пайдаланылатынын және PSTN (жалпы телефон желісі) дыбыстық конференция мүмкіндігі қосылмағанын білдіреді. Қосымша ақпарат алу үшін, АТ әкімшісіне хабарласыңыз.

Жиналысқа кіру параметрлері баяндамашы кіргізгенше күту бөлімі күтуі керек қатысушыларды басқарады.

Lync жиналысына кіру параметрлері

Төмендегі кестеде әр параметр толық сипатталған.

Қатынасу параметрлері

Қабылдау бөлімінде күту керек қатысушылар

Осы параметрді таңдау керек жағдай

Тек ұйымдастырушы (құлыпталған)

Барлығы

Жиналыс басталмай тұрып адамдардың баспасөз беттерін немесе Microsoft® PowerPoint® слайдтарын көргенін қаламайсыз.

Коммания ішіндегі шақырылған адамдар

Желіңізде тіркелгісі жоқ және шақырылмаған адамдар

Құпия мәліметтер талқылануда.

Компаниядағы қызметкерлер

Желіңізде тіркелгісі жоқ адамдар

Барлық қатысушылардың ұйымыңыздағы желіде тіркелгілері бар.

Барлығы, соның ішінде компания қызметкері емес адамдар (шектеу жоқ)

Ешқайсы (әдепкі шарт)

Қатысушылар сырттан шақырылады.

Қоңырау соғатын адамдар қабылдау бөліміне күтеді

Белгісіз

Бұл құсбелгі ұяшығы жиналыс «құлыптаулы» болғанда (1-параметр) өшірулі және іске жарамсыз болады; 2 және 3-параметрлермен өшірулі, бірақ таңдау мүмкіндігі бар болады; тек кіруге шектеу болмағанда әдепкі бойынша таңдалады (осы жерде көрсетілген 4-параметр).

Баяндамашы параметрлері жиналысты жоспарлағанда қатысушылардың қайсына автоматты түрде баяндамашы артықшылықтары берілетінін басқарады.

Баяндамашы параметрлерін орнату

Төмендегі кестеде әр параметр толық сипатталған.

Баяндамашы параметрі

Баяндамашы артықшылығы бар адамдар

Осы параметрді таңдау керек жағдай

Тек ұйымдастырушы

Тек жиналыстарды жоспарлаушы кісі

Жиналыс мазмұнымен жұмыс істеу қажет емес көрмелер үшін. Жиналыс кезінде қосымша баяндамашыларды тағайындауға болатынын есте ұстаңыз.

Компания ішіндегі адамдар

Желіңізде тіркелгісі бар барлық шақырылған адамдар

Қатысушылар әріптестеріңіз болып табылатын және жиналыс мазмұнын ортақ пайдалану және өзгертуге болатын топтық жұмыс сеанстары.

Барлығы, соның ішінде компания қызметкері емес адамдар (шектеу жоқ)

Барлық шақырылған адамдар

Желіңізде тіркелгісі жоқ адамдармен топтық жұмыс сеанстары үшін.

Мен таңдайтын адамдар

Сіз және сіз таңдаған қатысушылар

Бірнеше баяндамашысы болатын көрмелер үшін.

Беттің жоғарғы жағы

«Қазір кездесу» түймешігін пайдаланып жоспарланбаған жиналысты бастау

 Жоспарланбаған жиналысты Қазір кездесу пәрменін пайдаланып бастау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Lync негізгі терезесінде Мәзірді көрсету көрсеткісін Параметрлер белгішесі басып, Қазір кездесу пәрменін таңдаңыз.

«Қазір кездесу» түймешігімен желідегі жиналысты немесе конференцияны бастау

  1. Топтық сөйлесу терезесіндегі Адамдар параметрлері мәзірін Lync адамдарды таңдау параметрлерінің түймешігі ашып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Контактілер тізімінің ішіндегі адамдарды шақыру үшін, Аты немесе телефон нөмірі бойынша шақыру түймешігін басып, бір не бірнеше контактіні таңдап, ОК түймешігін басыңыз.

    • Адамдарды электронды пошта хабарын жіберу арқылы шақыру үшін, Электрондық пошта бойынша шақыру түймешігін басып, жиналыс ақпаратын көшіріп, жиналысқа шақыруды толтырыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жоспарланған желідегі жиналысқа қосылу

Жоспарланған жиналысқа қосылу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.

  1. Outlook бағдарламасының Күнтізбе тармағынан қосылу керек жиналысты ашыңыз.

  2. Жиналысқа шақыру хабарындағы Желідегі жиналысқа қосылу түймешігін басыңыз.

Жиналысқа шақыру суреті

Беттің жоғарғы жағы

Жоспарланбаған желідегі жиналысқа қосылу

Жоспарланбаған жиналысқа, Қазір кездесу жиналысына немесе өтіп жатқан жиналысқа шақырылуыңыз мүмкін:

  • Тапсырмалар тақтасының оң жақындағы хабарландыру аймағында көрсетілетін хабарландыру ішіндегі Қосылу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жиналыс дыбысына қосылу

Lync бағдарламасын таңдау сұралғанда жиналыс дыбысына бірдей жолмен қосылатындай етіп реттеуге болады.

Lync Online қызметін бірінші рет пайдаланғанда дыбысқа қосылу параметрін таңдаңыз.

Lync жиналысына немесе конференциясына бірінші рет қосылғанда, Жиналыс дыбысына қосылу диалогтық терезесі ашылады.

Lync бағдарламасының ұйымыңызда реттелген әдісіне байланысты өзгеше таңдаулар көрсетілуі мүмкін.

Жиналысқа қосылу дыбысы диалогтық терезесі

Жиналыс дыбысына қосылу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Жиналыс дыбысына қосылу диалогтық терезесінен өзіңізге керекті параметрді таңдаңыз. Толық ақпаратты осы процедураның соңындағы кестеден көріңіз.

  2. (Қосымша) Осы дыбысты қосу параметрлерін барлы жиналыстарға пайдалану үшін, Мұны қайта көрсетпеу параметрлеріне құсбелгі қойыңыз.

  3. Жиналысқа қосылу үшін, ОК түймешігін басыңыз.

Жиналыс дыбысына қосылу параметрі

Осы параметрді таңдау керек жағдай

Дыбысты қоспау

Жиналысқа ACP арқылы берілген телефон нөмірі арқылы хабараласасыз.

Lync бағдарламасын пайдалану (біріктірілген дыбыс және бейне)

Lync бағдарламасымен біріктірілген компьютердің дыбыс және бейне орнатылымдарын пайдаланасыз.

Келесіге маған қоңырау шалу:

Сізге қоңырау соғылуы үшін Microsoft® Lync™ Server 2010 байланыс бағдарламалық құралын пайдаланыңыз. Мәтін өрісіне жаңа телефон нөмірін енгізуге немесе көрсетілген нөмірлердің бірін пайдалануға болады. Бұл Lync - параметрлер диалогтық терезесінің Телефондар параметрлеріне енгізілген нөмірлер болып табылады.

Әдепкі дыбыс параметрлерін өзгерту

  1. Lync негізгі терезесіндегі Параметрлер түймешігін Lync Опциялары түймешігі басыңыз.

  2. Lync - параметрлер диалогтық терезесіндегі Телефондартүймешігін басып, Конференция қоңырауларына қосылу тармағының астындағы Жиналыс дыбысына қосылатын орын өрісінде келесі қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Жиналыс кезінде компьютердің біріктірілген дыбысын пайдалану үшін, Lync түймешігін басыңыз.

    • Дыбыстық конференцияны ұйымдастырушы сізге қоңырау соғуы үшін, тізімдегі телефон нөмірін таңдаңыз.

      Ескерту : Бұл параметр Lync Online қызметінің ағымдағы нұсқасында жоқ.

    • Жиналысқа қосылу мақсатында телефонды пайдалану үшін, Дыбысты қоспау параметрін таңдаңыз.

      «Параметрлер» диалогтық терезесіндегі телефон қойыншасы - Конференция қоңырауларына қосылу

  3. (Қосымша) Конференция қоңырауларына қосылу тармағының астындағы Басқа дыбыс көзін растауға немесе таңдауға қосылмастан бұрын маған нұсқау берілсін параметріне құсбелгі қойыңыз. Дыбыс таңдауларыңыз жиі өзгеретін болса, осы параметрді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Lync бағдарламасы орнатылмаған адамдарды шақыру

Ұйымыңыздың қызметкері немесе қызметкері емес адамдар Lync жиналысына Lync бағдарламасы орнатылмаған компьютерден қосылу мүмкіндігіне ие.

Шақырған адам жиналысқа шақыруды ашып, Желідегі жиналысқа қосылу сілтемесін басқанда, сіздің немесе шақырылған адамның ұйымы қалай реттелгеніне байланысты олар келесі таңдаулардың бірін не бірнешеуін көреді:

Қосылу параметрі

Баламалы жиналыс клиенті

Жиналысқа веб-шолғышты пайдаланып қосылу

Microsoft® Lync™ Web App

Маңызды :  Lync Web App бағдарламасы Microsoft Silverlight шолғышының ең соңғы қосылатын модулін талап етеді. Егер Silverlight орнатылмаған болса, оны орнату үшін әкімші артықшылықтары керек болады.

Lync Attendee бағдарламасын жүктеу және орнату

Lync 2010 Attendee

Communicator бағдарламасын пайдалану

Microsoft® Office Communicator 2007 R2 немесе Microsoft® Office Communicator 2007

Толық ақпаратты «Office.com» Lync Online қызметінің анықтамасына қатысты Lync Online қызметі орнатылмаған компьютерден қосылу деп аталатын мақаладан қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×