Нұсқалардың арасындағы сыйысымдылықтағы өзгерістер

Сыйысымдылықты тексеру құралы Word 97-2003 немесе Word 2007 пішімінде қолдау көрсетілмейтін не басқаша көрсетілетін құжат элементтерінің тізімін көрсетеді. Құжатты кейін Word 2010 пішіміне түрлендірсеңіз де, кейбір мүмкіндіктер түбегейлі өзгереді және Microsoft Word 2010 элементтеріне түрлендірілмейді.

Сыйысымдылықты тексеру құралында Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында басқаша болатын элементтер жиынтығын сараптауға болады, одан кейін құжатты Word 97-2003 пішімінде сақтау үшін Жалғастыру немесе Болдырмау түймешігін басыңыз.

Ескерту : Microsoft Word Starter 2010 бағдарламасын пайдаланып отырған болсаңыз, Word 2010 бағдарламасында тізімделген мүмкіндіктердің барлығын Word Starter бағдарламасы қолдамайтынын біліңіз. Word Starter бағдарламасында қол жетімді мүмкіндіктер туралы қосымша ақпарат үшін Word Starter мүмкіндігіне қолдау көрсету бөлімін қараңыз.

Әрбір күйдегі мүмкіндіктердің қол жетімділігі

Мүмкіндік

97-2003

2007

2010

Жаңа нөмірлеу пішімдері

Қызыл X

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жаңа кескіндер және мәтін ұялары

Қызыл X

Қызыл X

Жасыл қанатша

Мәтін әсерлері

Қызыл X

Қызыл X

Жасыл қанатша

Кестелердегі балама мәтін

Қызыл X

Қызыл X

Жасыл қанатша

OpenType мүмкіндіктері

Қызыл X

Қызыл X

Жасыл қанатша

Авторларды құрсаулау

Қызыл X

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жаңа WordArt әсерлері

Қызыл X

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жаңа мазмұнды басқару элементтері

Қызыл X

Қызыл X

Жасыл қанатша

Word 2007 мазмұнды басқару элементтері

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Тақырыптар

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Негізгі/қосымша қаріптер

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Бақыланатын жылжытулар

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Жақтау арасындағы қадамды шегіністер

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

SmartArt суреттері

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Office 2007 диаграммалары

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Open XML ендірілген нысандары

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Стандартты блоктар

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Әдебиеттер тізімі және сілтемелер

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Өрнектер

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Қатысты мәтін ұялары

Қызыл X

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Бұрынғы нұсқадағы WordArt

Жасыл қанатша

Жасыл қанатша

Қызыл X

Бұрынғы нұсқадағы диаграммалар

Жасыл қанатша

Қызыл X

Қызыл X

Бұрынғы нұсқадағы диаграммалар

Жасыл қанатша

Қызыл X

Қызыл X

Мүмкіндік әрекеттеріндегі өзгерістер

Стандартты блоктар

Стандартты блоктар мен автомәтін енгізбелері кейбір мәліметтерді жоғалтуы мүмкін.

Үлгілер Word 2007 бағдарламасындағы стандартты блоктар жиынтықтарында көрінетін мазмұнды қамтамасыз етеді. Үлгі Word 97-2003 пішімінде сақталғанда, стандартты блоктар жиынтықтарынан алынған мазмұн қалпына келтіру мүмкіндігінсіз тұрақты автомәтін енгізбелеріне түрлендіріледі. Кейін құжатты Word 2010 пішіміне түрлендірсеңіз де, автомәтінді стандартты блоктарға түрлендіру мүмкін болмайды.

Келесі стандартты блоктар жиынтықтарының мазмұны автомәтінге түрлендіріледі:

  • Кестелер

  • Үстіңгі деректемелер

  • Төменгі деректемелер

  • Бет нөмірлері

  • Мәтін ұялары

  • Өрнектер

  • Мазмұны

  • Әдебиеттер тізімі

  • Су таңбалар

  • Өзгертпелі жиынтықтар

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі тұрақты мәтінге түрлендіріледі және бұдан кейін автоматты түрде жаңартылмайды.

Word 2010 бағдарламасында сілтемелер мен әдебиет тізімдері көздерін өзгерткенде немесе жаңа құжат мәнерін қолданғанда автоматты түрде жаңартылады.

Word 2010 құжатын Word 97-2003 пішімінде сақтағанда, сілтемелер мен әдебиеттер тізімі автоматты түрде жаңартылмайтын тұрақты мәтінге түрлендірілмейді және олардың көздері қол жетімді болмайды.

Кейін құжатты Word 2010 пішіміне түрлендірсеңіз, сілтемелер мен әдебиеттер тізімі автоматты түрде жаңартылмайды. Оларды автоматты түрде жаңарту үшін құжаттағы қайнар көздерді қайтадан жасау немесе оларды Көздерді реттеуші тілқатысу терезесіндегі Ағымдық тізім параметріне көшіріп, одан кейін тұрақты сілтемелер мен әдебиеттер тізімін жаңаларымен ауыстыру керек.

Сілтемелер және әдебиет тізімі туралы қосымша ақпаратты Әдебиет тізімін жасау бөлімінен қараңыз.

Мазмұнды басқару элементтері

Мазмұнды басқару элементтері тұрақты мазмұнға түрлендіріледі.

Егер құжатты Word 97–2003 пішімінде сақтасаңыз, кейін құжатты Word 2010 файл пішіміне түрлендірсеңіз де, мазмұнды басқару элементтерінің барлығы кәдімгі мәтінге түрлендіріледі және байланысқан сипаттары қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жоғалады.

Мысалы, Word 97–2003 бағдарламасында пайдаланушылар ашылмалы тізімдегі элементтерді бұдан кейін көре алмайды. Сондай-ақ, қорғаныс сипаттары (яғни, өңделмейтін немесе жойылмайтын аумақтар) бұдан кейін орындалмайды және пайдаланушылар басқару элементтерінің мазмұнын жоя және өзгерте алатын болады.

Ендірілген нысандар

Бұл құжаттағы ендірілген нысан Office бағдарламасының жаңа нұсқасында жасалған. Нысанды Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында өңдеу мүмкін емес.

Open XML ендірілген нысандарын Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларын пайдаланатын адамдар өңдей алатындай етіп түрлендіруге болады.

Ескерту : Word Starter бағдарламасында нысандарды түрлендіруге қолдау көрсетілмейді. Word Starter бағдарламасындағы қол жетімді мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты Word Starter мүмкіндігіне қолдау көрсету бөлімінен қараңыз.

Ендірілген Excel 2010 нысандарын түрлендіру

  1. Ендірілген нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.

  2. Жұмыс парағы нысаны параметрін көрсетіп, одан кейін Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Түрлендіру тілқатысу терезесінде Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  4. Нысан түрі тізімінен Microsoft Excel 97-2003 жұмыс парағы параметрін таңдаңыз.

Ендірілген PowerPoint 2010 слайд нысандарын түрлендіру

  1. Ендірілген нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.

  2. Слайд нысаны параметрін көрсетіп, одан кейін Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Түрлендіру тілқатысу терезесінде Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  4. Нысан түрі тізімінен Microsoft PowerPoint 97-2003 слайды параметрін таңдаңыз.

Ендірілген PowerPoint 2010 көрме нысандарын түрлендіру

  1. Ендірілген нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.

  2. Көрме нысаны параметрін көрсетіп, одан кейін Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Түрлендіру тілқатысу терезесінде Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  4. Нысан түрі тізімінен Microsoft PowerPoint 97-2003 көрмесі параметрін таңдаңыз:

Ендірілген Word 2010 нысандарын түрлендіру

Ендірілген нысандарды Microsoft Office бағдарламасының бұрынғы нұсқаларын пайдаланатын адамдар өңдей алатындай етіп түрлендіруге болады.

  1. Ендірілген нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.

  2. Құжат нысаны параметрін көрсетіп, Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Түрлендіру тілқатысу терезесінде Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  4. Нысан түрі тізімінен Microsoft Word 97-2003 құжаты пәрменін таңдаңыз.

Өрнектер

Өрнектер суреттерге түрлендіріледі. Құжатты жаңа файл пішіміне түрлендіргенше өрнектерді өңдей алмайсыз. Өрнектердегі барлық аңғартпалар, соңғы түсіндірмелер немесе түсіндірмелер сақтағанда қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылады.

Егер құжат Word 97-2003 пішімінде сақталса, өрнектер өңделмейтін суреттерге түрлендіріледі. Бірақ, кейін құжатты Word 2010 файл пішіміне түрлендірсеңіз және бұрынғы нұсқада өрнек суреттерге өзгертулер жасалмаған болса, өрнектер мәтінге айналады және оларды өңдеуге болады.

SmartArt суреттері

SmartArt суреттері Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында өңделмейтін бір нысанға түрлендіріледі.

SmartArt суреттері бар құжат Word 97-2003 пішімінде сақталса, олар тұрақты суреттерге түрлендіріледі. Сурет ішіндегі мәтінді өңдей алмайсыз, оның орналасуын немесе жалпы көрінісін өзгерте алмайсыз.

Кейін құжатты Word 2010 пішіміне түрлендірсеңіз және суреттер бұрынғы нұсқада өзгертілмеген болса,,сурет SmartArt нысанына қайта өзгертіледі.

Жақтау арасындағы қадамды шегіністер

Туралау қадамды шегіністері дәстүрлі қадамды шегіністерге түрлендіріледі.

Office Word 2007 бағдарламасында туралау қадамды шегіністері мәтінді құжаттың жақтау араларына немесе құжат ішіндегі аумаққа қатысты орналастыру үшін және жақтау аралары өзгергенде олардың орнын реттеу үшін пайдаланылады.

Құжат Word 97-2003 пішімінде сақталса, туралау қадамды шегіністері қалпына келтіру мүмкіндігінсіз дәстүрлі қадамды шегіністерімен ауыстырылады және жақтау аралары өзгергенде, олардың орны бұдан кейін автоматты түрде реттелмейтін болады. Егер күрделі орналасуды жасау үшін туралау қадамды шегіністерін пайдаланған болсаңыз, қадамды шегіністері орынды жылжытып, құжаттың көрінісін өзгертуі мүмкін.

Мәтін ұялары

Кейбір мәтін ұяларының орналасуы өзгереді.

Кейін құжатты Word 2010 пішіміне түрлендірсеңіз де, мәтін ұяларында тігінен ортасы бойынша немесе төменгі жағы бойынша тураланған мәтін түбегейлі жоғарғы жағы бойынша тураланады.

Бақыланатын жылжытулар

Бақыланатын жылжытулар жоюлар мен кірістірулерге түрлендіріледі.

Егер құжатты Word 97-2003 пішімінде сақтасаңыз, бақыланатын жылжытулар бақыланатын жоюлар мен кірістірулерге айналады. Егер кейін құжатты Word 2010 пішіміне түрлендірсеңіз, бақыланатын кірістірулер мен жоюлар бақыланатын жылжытуларға қайта түрлендірілмейді.

Жаңа нөмірлеу пішімдері

Жаңа нөмірлеу пішімдері араб сандарына (1, 2, 3, 4, ...) түрлендіріледі.

Жаңа нөмірлеу пішімінде (0001, 0002, 0003, 0004, ...) пімішделген тізімдер стандартты араб сандары (1, 2, 3, 4, ...) пішіміне түрлендіріледі.

Жаңа кескіндер мен мәтін ұялары

Кескіндер мен мәтін ұялары осы пішімде бар әсерлерге түрлендіріледі.

Word 2010 бағдарламасында жасалған кескіндер мен мәтін ұяларын Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жоқ көптеген жаңа әсерлермен (мысалы, бедер және үш өлшемді бұрылыс) пішімдеуге болады. Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында бұл әсерлер сол нұсқаларда бар әсерлерге түрлендіріледі.

Мәтіндік әсерлер

Мәтіндегі әсерлер жойылады

Әсерлер теңшелетін мәнерді пайдалана отырып қолданылған болмаса, мәтіндегі әсерлер қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылады.

Мәтіндік әсерлер теңшелетін мәнерді пайдалана отырып қолданылған болса, құжатты Word 2010 бағдарламасында қайта ашқанда олар қайтадан пайда болады.

Кестелердегі балама мәтін

Кестелер балама мәтін ақпаратын жоғалтады.

Балама мәтін құжат веб-торапта болғанда көрсетіледі. Word 97-2003 пішімінде, кестелердегі балама мәтін қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылады.

Авторларды құрсаулау

Авторлардың осы құжаттың қай жерінде өңдеп жатқаны туралы бүкіл ақпарат қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жойылады.

Авторларды құрсаулау, олар қолданылған барлық аумақтардан жойылады және бүкіл құжатты өңдеуге болады.

WordArt

Мәтіндегі әсерлер жойылады.

WordArt тұрақты мәтінге түрлендіріледі.

Диаграммалар

Бұл құжаттағы диаграмманың ұяшықтарында таңдалған файл пішімінің жолдар және бағандар шегінен тыс деректер болуы мүмкін. 256 (IV) баған мен 65,536 жолдан асатын деректер сақталмайды.

Кейбір диаграммалар өзгертілмейтін суреттерге түрлендіріледі. Диаграмма Word 97-2003 қолдау көрсететін жолдар мен бағандардан тыс деректерге негізделген болса, бұл деректер жоғалады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×