Нысанды пішімдеу (Үш өлшемдік Бұру аймағы)

Бөлектелген кескіннің бағдары мен перспективасын өзгерту мақсатына келесі мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

Ескертулер : 

  • Бұл тілқатысу терезесінде мүмкіндіктер өзгертілгенде, жасалатын өзгерістер кескінге немесе мәтінге дер кезінде қолданылады, нәтижеде тілқатысу терезесін ашық қалдырып, SmartArt сызбасына немесе кескінге енгізілетін өзгертулердің әсерін көру қиынға түспейді. Алайда, өзгертулер қолданылғандықтан, бұл тілқатысу терезесінде Болдырмау батырмасын басуға болмайды. Өзгертулерді жою үшін, жойғыңыз келетін әрбір өзгерту үшін Жылдам қатынау тақтасындағыБолдырмау Түймешік кескіні батырмасын басыңыз.

  • Белгілі бір тілқатысу терезесінің мүмкіндігіне қолданылған бірнеше өзгертуді бір уақытта болдырмауға болады, бірақ басқа тілқатысу терезесінің мүмкіндігіне өзгертілер енгізілмеген болса, аталған болдырмау әрекетін жүргізе аласыз.

  • Кескінді және тілқатысу терезесі екеуін бір уақытта көруге тілқатысу терезесін жылжытуға болады.

Алдын ала баптау     Бағдарламада бар бұру немесе перспектива пәрменін таңдау үшін, Алдын ала баптау әміріне нұқып, сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз.

Бұру

X, Y және Z бұру біліктері кескіндерге бағытталған камераның (көрініс) бағдары мен орналасуын анықтайды. X білігі - көлденең білік; Y білігі - тік білік; және Z білігі - тереңдіктің үшінші өлшемділігі. Аталған біліктерге деген мәндерді өзгертуге болады, камераның бұру бағдарына, біріншіден, X мәні, сонан соң Y мәні, соңында Z мәні әсер етеді. X, Y, не Z білігінің мәнін өзгертуге "ығыстыру" батырмаларын пайдаланғанда, өзгертулер камераның ағымдағы орналасуына қатысты қолданылады.

X, Y және Z біліктерін көрсететін бұрылған үш кескін

Кеңес : Бірнеше SmartArt сызбасы, не диаграмма үшін бірдей бұру және перспектива параметрлерін белгілеу үшін, параметрлерді бір SmartArt сызбасынан көшіріп алып, басқа SmartArt сызбасына қоя аласыз.

X      Көлденең біліктің бағдарын өзгерту үшін, тиесілі жолаққа керекті мән енгізіңіз. Бұл орналасуды оң жаққа немесе сол жаққа "ығыстыру" үшін, көрсеткі батырмаларын пайдаланыңыз.

Солға көрсеткі      Бұл батырманы көлденең біліктің бағдарын азайтуға пайдаланыңыз.

Оңға көрсеткі      Бұл батырманы көлденең біліктің бағдарын ұлғайтуға пайдаланыңыз.

Y      Тік біліктің бағдарын өзгерту үшін, тиесілі жолаққа керекті мән енгізіңіз. Бұл орналасуды оң жоғары немесе төмен "ығыстыру" үшін, көрсеткі батырмаларын пайдаланыңыз.

Жоғары көрсеткі      Бұл батырманы тік біліктің бағдарын ұлғайтуға пайдаланыңыз.

Төмен көрсеткі      Бұл батырманы тік біліктің бағдарын азайтуға пайдаланыңыз.

Z     Бұл өлшемділік белгілі бір кескіннің басқа кескіндерге қарағанда жоғары, не төмен орналасатынына әсер етеді. Z білігінің орналасуын өзгерту үшін, тиесілі жолаққа керекті мән енгізіңіз. Бұл орналасуды сағат тілімен бағыттас немесе сағат тіліне қарсы "ығыстыру" үшін, көрсеткі батырмаларын пайдаланыңыз.

Сағат тілімен бағыттас     Бұл батырманы Z білігінің орналасуын төмендетуге пайдаланыңыз.

Сағат тіліне қарсы     Бұл батырманы Z білігінің орналасуын ұлғайтуға пайдаланыңыз.

Перспектива     Кескінге қолданылатын перспективаның азаю өлшемін көрсетеді (тереңдіктің ұлғайы және азаюы). Тереңдікті өзгерту үшін, тиесілі жолаққа керекті мән енгізіңіз. Ең аз сан (0) параллельді камераға сай келеді, ең үлкен сан (120) ең үлкен перспективаны шығарады, яғни кең-бұрышты камераға ұқсайды.

Көрініс өрісін азайту     Бұл батырманы перспектива азаюын азайтуға басыңыз.

Көрініс өрісін кеңейту     Бұл батырманы перспектива азаюын ұлғайтуға басыңыз.

Мәтін

Мәтінді әдепкі деп сақтап ұстау     Кескінді бұру барысында, кескіндегі мәтінді бұрудан сақтау үшін, Мәтінді әдепкі деп сақтап ұстау әміріне нұқыңыз. Бұл мүмкіндік таңдалған болса, мәтін кескіннің үстінде орналасады. Аталған мүмкіндік ажыратылғанда, мәтін кескіннің бетімен бұрылады.

Нысанның орналасуы

Кеңестіктегі аралық     Үш өлшемдік кеңестікте кескінді алға, не артқа жылжыту үшін, тиесілі жолаққа керекті мән енгізіңіз.

Қалыпқа келтіру     Үш өлшемдік бұру және перспектива пәрмендерін жойып, әдепкі параметрлерді қалпына келтіру үшін, аталған батырманы басыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×