Нысанды пішімдеу (Сызықтың мәнері аймағы)

Ескертулер : 

  • Бұл тілқатысу терезесінде мүмкіндіктер өзгертілгенде, жасалатын өзгерістер кескінге немесе мәтінге дер кезінде қолданылады, нәтижеде тілқатысу терезесін ашық қалдырып, SmartArt сызбасына немесе кескінге енгізілетін өзгертулердің әсерін көру қиынға түспейді. Алайда, өзгертулер қолданылғандықтан, бұл тілқатысу терезесінде Болдырмау батырмасын басуға болмайды. Өзгертулерді жою үшін, жойғыңыз келетін әрбір өзгерту үшін Жылдам қатынау тақтасындағыБолдырмау Түймешік кескіні батырмасын басыңыз.

  • Белгілі бір тілқатысу терезесінің мүмкіндігіне қолданылған бірнеше өзгертуді бір уақытта болдырмауға болады, бірақ басқа тілқатысу терезесінің мүмкіндігіне өзгертулер енгізілмеген болса, аталған болдырмау әрекетін жүргізе аласыз.

  • Кескінді және тілқатысу терезесі екеуін бір уақытта көру үшін тілқатысу терезесін жылжытуға болады.

Сызықтың мәнері

Ені     Сызықтың енін белгілеу үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Күрделі түрі     Екі немесе үш сызықтан тұратын мәнерді қолдану үшін, Күрделі әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті мәнерді таңдаңыз.

Сызықша түрі     Сызықшалар тіркесімінен тұратын мәнерді қолдану үшін, Сызықша әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті мәнерді таңдаңыз.

Өрне түрі     Сызықтың соңы үшін пайдаланылатын мәнерді белгілеу үшін, сізге керекті мәнерді Өрне түрі тізімінен таңдаңыз.

Байланыс түрі     Екі сызық бір-бірімен байланысқанда пайдаланылатын мәнерді белгілеу үшін, сізге керекті мәнерді Байланыс түрі тізімінен таңдаңыз.

Көрсеткі параметрлері

Бастау түрі     Сызықтың басына көрсеткіні үстеу үшін, Бастау түрі әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті мәнерді таңдаңыз.

Аяқтау түрі     Сызықтың соңына көрсеткіні үстеу үшін, Аяқтау түрі әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті мәнерді таңдаңыз.

Бастау өлшемі     Сызықтың басы үшін пайдаланылатын көрсеткінің өлшемін белгілеу үшін, Бастау өлшемі әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті өлшемді таңдаңыз.

Аяқтау өлшемі     Сызықтың соңы үшін пайдаланылатын көрсеткінің өлшемін белгілеу үшін, Аяқтау өлшемі әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті өлшемді таңдаңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×