Нысанды пішімдеу (Бояу аймағы)

Бояудың кескіннің, не сызықтың сыртқы көрінісіне қатынасы бар.

Ескертулер : 

  • Бұл тілқатысу терезесінде мүмкіндіктер өзгертілгенде, жасалатын өзгерістер кескінге немесе мәтінге дер кезінде қолданылады, нәтижеде тілқатысу терезесін ашық қалдырып, SmartArt сызбасына немесе кескінге енгізілетін өзгертулердің әсерін көру қиынға түспейді. Алайда, өзгертулер қолданылғандықтан, бұл тілқатысу терезесінде Болдырмау батырмасын басуға болмайды. Өзгертулерді жою үшін, жойғыңыз келетін әрбір өзгерту үшін Жылдам қатынау тақтасындағыБолдырмау Түймешік кескіні батырмасын басыңыз.

  • Белгілі бір тілқатысу терезесінің мүмкіндігіне қолданылған бірнеше өзгертуді бір уақытта болдырмауға болады, бірақ басқа тілқатысу терезесінің мүмкіндігіне өзгертулер енгізілмеген болса, аталған болдырмау әрекетін жүргізе аласыз.

  • Кескінді және тілқатысу терезесі екеуін бір уақытта көру үшін тілқатысу терезесін жылжытуға болады.

Бояусыз     Кескінді мөлдір, не түссіз жасау немесе кескіннің бояуын жою үшін, бұл мүмкіндікті таңдаңыз.

Жаппай бояу     Кескінге түсті және ашаңдықты қосу үшін, бұл мүмкіндікті таңдаңыз.

Градиенттік бояу     Кескінге градиент бояу қосу үшін, бұл мүмкіндікті таңдаңыз.

Суретпен, не сурет құрамымен толтыру     Бояу ретінде суретті пайдалану немесе кескінге сурет құрамын қосу үшін, бұл мүмкіндікті таңдаңыз.

Слайды бар өңмен толтыру     Кескін, сызық, не таңба үшін бояу ретінде көрме өңін пайдалану үшін, бұл мүмкіндік көзіне құсбелгі қойыңыз. Аталған мүмкіндік тек Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасында ғана қатынаулы.

Жаппай бояу

Түс     Кескінге түс таңдау үшін, Түс Түймешік суреті батырмасын басып, сізге керекті түс таңдаңыз. тақырып түсі жоқ түсті таңдау үшін, Қосымша түстер әміріне нұқып, Стандартты қойындысынан сізге керекті түсті таңдаңыз немесе Өзгертпелі қойындысындағы түстерді қалауыңызша араластырыңыз. Кейінірек, құжатыңыздың тақырып өзгертсеңіз, Стандартты қойындысындағы түстер және қалауыңызша таңдалған түстер жаңартылмайды.

Ашаңдық     Кескіннің ашаңдығын белгілеу үшін, Ашаңдық жүгірткісін жылжытыңыз, не жүгірткіге жақын орналасқан жолаққа керекті мән енгізіңіз. Ашаңдық пайыздарын 0 (мөлдір емес, әдепкі параметр) мен 100% (толық түрде ашық) арасында белгілеуге болады.

Градиенттік бояу

Түстерді алдын ала орнату     Бағдарламаға қосылған градиенттік бояулардан таңдау үшін, Түстерді алдын ала орнату Түймешік суреті батырмасын басып, сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз.

Түр     Градиенттік бояуды қолданғанда, пайдаланылатын бағытты белгілеу үшін, берілетін тізімнен мүмкіндікті таңдаңыз. Сіз таңдайтын ТүрБағыт мүмкіндігін қатынаулы деп жасайды.

Бағыт     Түрлі түстер мен көлеңкені таңдау үшін Бағыт әміріне нұқып, сонан соң сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз. Бағыттардың қол жетерлігі градиенттіңТүріне байланысты.

Бұрыш     Градиенттік бояудың кескіннің ішінде бұрылатын бұрышын белгілеу үшін, сізге керекті градустық мәнді енгізіңіз. Аталған мүмкіндік Түр ретінде Сызықтық таңдалған жағдайда ғана қатынаулы болады.

Градиенттік тоқтатулар

Градиенттік тоқтатулар орналасу, түс және ашаңдық мәнінен құралады. Ашаңдық мәні тек градиенттік тоқтатуға ғана қолданылады. Градиенттік тоқтатулар сызықтық емес градиенттерді пайдаланады. Мысалы, қызыл түстен жасыл түске, содан кейін көк түске ауысатын градиентті жасағыңыз келсе, үш градиенттік тоқтатуды қосуыңыз қажет — яғни әрбір түске бір тоқтату қажет. Немесе, кескіннің бұрышында пайда болатын градиентті жасағыңыз келсе, градиенттік тоқтатуларды сызықтық емес градиентті жасауға пайдалануыңыз қажет.

Тоқтатулар тізімі     Градиенттік бояу бірнеше градиенттік тоқтатудан құралады, бір уақытта бір-ақ градиенттік тоқтатуды өзгертуге болады. Өзгерткіңіз келетін градиенттік тоқтату тізімнен таңдалғанда, сол градиент үшін арналған орналасу, түс және ашаңдық мүмкіндіктері ағымдағы параметрлерді көрсетеді.

Қосу     Градиенттік тоқтатуды қосу үшін, Қосу батырмасын басып, сонан соң Тоқтату орналасуы, Түс және Ашаңдық параметрлерін орнатыңыз.

Жою     Градиенттік тоқтатуды жою үшін, жойғыңыз келетін Тоқтату санын таңдап, сонан соң Жою батырмасын басыңыз.

Тоқтату орналасуы      Градиенттік бояудағы түстің орналасуын және ашаңдықтың өзгеруін белгілеу үшін, Тоқтату орналасуы жүгірткісін жылжытыңыз немесе жүгірткіге жақын орналасқан жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Түс     Градиенттік тоқтатуға арнап пайдаланылатын түсті таңдау үшін, Түс Түймешік суреті батырмасын басып, сонан соң сізге керекті түсті таңдаңыз. тақырып түсі жоқ түсті таңдау үшін, Қосымша түстер әміріне нұқып, содан кейін Стандартты қойындысынан керекті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысында түстерді қалауыңызша араластырыңыз. Кейінірек, құжатыңыздың тақырып өзгертсеңіз, Стандартты қойындысындағы түстер және қалауыңызша өзгертілген түстер жаңартылмайды.

Ашаңдық      Кескіннің ашаңдығын белгілі бір Тоқтату орналасуында белгілеу үшін, Ашаңдық жүгірткісін жылжытыңыз, не жүгірткіге жақын орналасқан жолаққа керекті сан енгізіңіз. Ашаңдық пайыздарын 0 (мөлдір емес, әдепкі параметр) мен 100% (толық мөлдір) арасында өзгертуге болады.

Кескінмен бірге бұру     Градиенттік бояуды кескіннің бұрылысымен бірге бұру үшін, аталған мүмкіндік көзіне құсбелгі қойыңыз.

Сурет немесе сурет құрамымен толтыру

Сурет құрамы     Бағдарламаға қосылған сурет құрамын таңдау үшін, бұл батырманы басып, сонан соң сізге керекті мүмкіндік көзіне құсбелгі қойыңыз.

Келесіден кірістіру

Файл     Суретті файлдан кірістіру үшін, бұл батырманы басып, қосқыңыз келетін суретті табыңыз. Суретті кірістіру үшін, оған екі рет нұқыңыз.

Аралық сақтағыш     Суретті Аралық сақтағыштан, не басқа бағдарламадан қою үшін, суретті көшіріп, сонан соң бұл батырманы басыңыз.

Клип     Клип кірістіру үшін, бұл батырманы басып, сонан соң Мәтінді іздеу жолағына клип сипаттайтын сөзді енгізіңіз немесе клип атының бірнеше, не барлық бөліктерін теріңіз. Интернеттегі Office веб-торабындағы іздеуге қатынаулы Клип суреттерін қосу үшін, Интернеттегі Office торабынан суретті қосу көзіне құсбелгі қойып, Өту батырмасын басып, сонан соң клипті кірістіру үшін, оған нұқыңыз.

Суретті құрам ретінде қатарлау     Сурет белгілі бір кескіннің өлшеміне сәйкес орналастырылып, не қатарлануы (солдан оңға немесе жоғарыдан төмен қатарланып) мүмкін. Бірдей суреттің бірнеше нұсқасын кескін үшін сурет құрамы ретінде пайдалану үшін, бұл мүмкіндік көзіне құсбелгі қойыңыз.

Созу мүмкіндіктері

Бір жаққа қарай орын ауыстыру

Бұл мүмкіндік суреттің кескін өлшеміне сәйкес болуы үшін, суреттің солға, оңға, жоғары, не төмен орын ауыстыратынын анықтайды. Оң шамалар сурет шегін кескіннің ортасына қарай жылжытады, теріс сандар сурет шегін суреттің сыртына жылжытады.

Сол жақ     Кескіннің сол жиегінен сурет, не сурет құрамы үшін пайыздарды белгілеу үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Оң жақ     Кескіннің оң жиегінен сурет, не сурет құрамы үшін пайыздарды белгілеу үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Жоғары     Кескіннің жоғары жиегінен сурет, не сурет құрамы үшін пайыздарды белгілеу үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Төмен     Кескіннің төмен жиегінен сурет, не сурет құрамы үшін пайыздарды белгілеу үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Қатарлау мүмкіндіктері

Төмендегі мүмкіндіктер толтыратын суретті кеңейту факторын анықтайды.

X білігі деген бағытқа орын ауыстыру     Суретті сол жаққа (теріс сандар) немесе оң жаққа (оң сандар) жылжыту үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Y білігі деген бағытқа орын ауыстыру     Суретті жоғары (теріс сандар) немесе төмен (оң сандар) жылжыту үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

X білігі деген бағытқа кеңейту     Бастапқы суретті солдан оңға кеңейтуге пайыздарды белгілеу үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Y білігі деген бағытқа кеңейту     Бастапқы суретті жоғарыдан төмен кеңейтуге пайыздарды белгілеу үшін, тиесілі жолаққа керекті сан енгізіңіз.

Туралау     Туралау мүмкіндігі суретті қатарлаудың бастапқы нүктесінің орналасуын анықтайды. Қатарланған суреттің, не сурет құрамының орналасу орнын белгілеу үшін, бұл мүмкіндікті тізімнен таңдаңыз.

Көрсету түрі     Солдан оңға, не жоғарыдан төмен көрсетуді немесе суретті аударуды белгілеу үшін, бұл мүмкіндікті тізімнен таңдаңыз.

Мөлдірлік     Суреттің, не сурет құрамының ашаңдығын орнату үшін, Мөлдірлік жүгірткісін жылжытыңыз, не жүгірткіге жақын орналасқан жолаққа керекті сан енгізіңіз. Ашаңдық пайыздарын 0 (мөлдір емес, әдепкі параметр) мен 100% (толық түрде ашық) арасында белгілеуге болады.

Кескінмен бірге бұру     Суретті, не сурет құрамын кескіннің бұрылысымен бірге бұру үшін, аталған мүмкіндік көзіне құсбелгі қойыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×