Нашар желі байланысының ақауларын жою

Бұл мақалада:

Нашар желі сапасының негізгі белгілері қандай?

Нашар желі сапасының негізгі себептері қандай?

Желі сапасын жақсарту үшін не істеуіме болады?

Нашар желі сапасының негізгі белгілері қандай?

Microsoft Lync 2010 байланыстар бағдарламалық жасақтамасы желі жағдайларының кең ауқымын пайдалана отырып, бейненің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Lync 2010 бағдарламасы желіге қосылу мүмкіндігін тексеру және бақылаудың бірнеше параметрлерін ұсынады. Мысалы, қоңырау шалудың алдында желі сапасын анықтау үшін тексеру қоңырауын орындауға болады («Аудио құрылғы» қойыншасынан «Параметрлер» диалогтық терезесін басыңыз). Сөйлесу терезесінде, сондай-ақ, желі жағдайын білдіретін жолақтар көрсетіледі; егер нашар жағдайлар туындаса, жолақтар саны азаяды.

Нашар жағдайларда келесі әсерлердің бірі немесе бірнешеуіне тап болуыңыз мүмкін:

  • Айқын емес дауыс   Сөйлесіп отырған адамның дауысы дұрыс естілмейді және дауыстың жоғарылығы сәйкес болмауы мүмкін.

  • Сөздердің жоғалуы   Сөйлесу бөліктері жоғалуы мүмкін.

  • Үзік бейне   Бейне кескінінің жылжуы біркелкі емес.

  • Ұзақ кідіріс   Бір адам екіншісімен сөйлескен кезде ұзақ кідіріс туындайды және басқа адам дыбысты естиді.

Нашар желі сапасының негізгі себептері қандай?

Нашар желі сапасы келесілерге байланысты туындауы мүмкін:

  • Желі асқын жүктелген  Маршруттауыштар немесе басқа желі жабдығының трафигі шамадан тыс жүктелген. Бұл үй желісінде, Интернет қызметін қамтамасыз етуші (ISP) немесе компанияңыздың жергілікті желісінде (LAN) туындауы мүмкін. Желі жүктемесінің негізгі себептері файлдарды жүктеу, бейнені ағынмен тасымалдау және Интернет трафигінің басқа да түрлері болуы мүмкін.

  • Сымсыз LAN кедергісі   Қатынас орындарына қосылған сымсыз құрылғылардың үлкен саны. Бұл, сондай-ақ, ұялы телефон, сымсыз телефон немесе микротолқынды пеш сияқты құрылғылардан шығатын кедергі болғанда туындауы мүмкін.

  • LAN кабелі жүргізілунің немесе байланыстың қатесі   Кабель ақаулы немесе зақымдалған.

  • Жабдық конфигурациясы   Желілік жабдық үй, ISP немесе компания желісінде конфигурацияланбаған.

Желі сапасын жақсарту үшін не істеуіме болады?

Егер сымсыз желіні пайдалансаңыз, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:

  • Сымсыз қатынас орнына жақынырақ жылжыңыз.

  • Жүктемесі азырақ пайдаланылатын қатынас орнын таңдаңыз.

  • Сымды байланысқа ауысыңыз.

  • Желідегі басқа компьютерлер көп ресурс пайдаланатынын немесе ауыр жүктеулер немесе кері жүктеулер орындап жатқанын тексеріңіз және оларды уақытша кідірту немесе тоқтату мүмкіндігін қарастырыңыз.

  • Қажетсіз бейнелерді тоқтатыңыз.

  • Маршруттауыш немесе модемге ең соңғы қолжетімді микробағдарламаның орнатылуына көз жеткізіңіз.

  • Құрылғылардың қосылғанына және зақымдалмағанына көз жеткізу үшін, маршруттауыш пен модемнің арасындағы желілік кабельдерді тексеріңіз.

  • Үйіңізде болсаңыз, ISP провайдеріңізбен хабарласыңыз.

  • Жұмысыңызда болсаңыз, қолдау көрсету тобымен хабарласыңыз.

 Ескерім   Сондай-ақ, сымсыз байланысты жақсартудың қосымша жолдарын білу үшін, маршруттауыш/WLAN картасының өнім құжаттамасын көруге болады.

Егер сымды желіні пайдалансаңыз, келесі әрекеттерді орындап көріңіз:

  • Желідегі басқа компьютерлер көп ресурс пайдаланатынын немесе ауыр жүктеулер немесе кері жүктеулер орындап жатқанын тексеріңіз және оларды уақытша кідірту немесе тоқтату мүмкіндігін қарастырыңыз.

  • Қажетсіз бейнелерді тоқтатыңыз.

  • Маршруттауыш немесе модемге ең соңғы қолжетімді микробағдарламаның орнатылуына көз жеткізіңіз.

  • Құрылғылардың қосылғанына және зақымдалмағанына көз жеткізу үшін, компьютеріңіз бен маршруттауыштың және маршруттауыш пен модемнің арасындағы желілік кабельдерді тексеріңіз.

  • Үйіңізде болсаңыз, ISP провайдеріңізбен хабарласыңыз.

  • Жұмысыңызда болсаңыз, қолдау көрсету тобымен хабарласыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×