Мәтін әсерлерін пішімдеу (Үш өлшемдік (3-D) Пішімдеу аймағы)

WordArt және 2007 Microsoft Office жүйесі құжатындағы мәтінді теңшеу үшін мына параметрлерді қолданыңыз.

Ескертулер : 

  • Бұл тілқатысу терезесінде мүмкіндіктер өзгертілгенде, жасалатын өзгерістер WordArt немесе мәтінге дер кезінде қолданылады, нәтижеде тілқатысу терезесін ашық қалдырып WordArt немесе мәтіндегі өзгертулердің әсерін көру қиынға түспейді. Алайда, өзгертулер қолданылғандықтан, бұл тілқатысу терезесінде Болдырмау түймешігін басуға болмайды. Өзгертулерді жою үшін, жойғыңыз келетін әрбір өзгерту үшін Жылдам қатынау тақтасындағыБолдырмау Түймешік кескіні түймешігін басыңыз.

  • Белгілі бір тілқатысу терезесінің мүмкіндігіне қолданылған бірнеше өзгертуді бір уақытта болдырмауға болады, бірақ басқа тілқатысу терезесінің мүмкіндігіне өзгертулер енгізілмеген болса, аталған болдырмау әрекетін жүргізе аласыз.

  • WordArt немесе мәтін тілқатысу терезесі екеуін бір уақытта көру үшін тілқатысу терезесін жылжытуға болады.

Жақтау

Жақтау үш өлшемдік жиек пәрмені болып саналады, бұл пәрмен WordArt мәнерінің жоғарғы немесе төменгі жиегіне қолданылады. Оның нәтижесінде, WordArt мәнерәнің жиегі көтерілген және ерекше бөлектелген сияқты көрініс қосылады.

Төмен     WordArt мәнерінің жоғары шегіне көтерілген жиек деген пәрменді қолдану үшін, Жоғары Жоғарғы бедер түймешігі түймешігін басып, сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз. Сіз Жоғарғы немесе Төменгі жиек түрін таңдағаннан соң, тиесілі еніне және биіктігіне арналған сандар өздіктік түрде өзгереді, аталған параметрлер қалауыңызша бапталған болса, олар өзгеріссіз қалады.

Ені    Жоғарғы жиектің енін белгілеу үшін, ені жолағына керекті санды енгізіңіз.

Биіктік    Жоғарғы жиектің биіктігін белгілеу үшін, биіктік жолағына керекті санды енгізіңіз.

Төмен    WordArt мәнерінің төменгі шегіне көтерілген жиек деген пәрменді қолдану үшін, Төмен Төменгі бедер түймешігі түймешігін басып, сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз. Сіз Жоғарғы немесе Төменгі жиек түрін таңдағаннан соң, тиесілі еніне және биіктігіне арналған сандар өздіктік түрде өзгереді, аталған параметрлер қалауыңызша бапталған болса, олар өзгеріссіз қалады.

Ені    Төменгі жиектің енін белгілеу үшін, ені жолағына керекті санды енгізіңіз.

Биіктік    Төменгі жиектің биіктігін белгілеу үшін, биіктік жолағына керекті санды енгізіңіз.

Тереңдік

WordArt немесе мәтіннің бетінен аралық.

Түс    Тереңдікке арнап, түсті таңдау үшін, Түс Түймешік суреті пәрменіне нұқып, сізге керекті түсті таңдаңыз. тақырып түсі жоқ түсті таңдау үшін, Қосымша түстер түймешігін басып, сонан соң Стандартты қойындысынан сізге керекті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысында түстерді қалауыңызша араластырыңыз. Кейінірек, құжатыңыздың тақырып өзгертсеңіз, Стандардты қойындысындағы түстер және қалауыңызша таңдалған түстер жаңартылмайды.

Тереңдік    Тереңдікті белгілеу үшін, тереңдік жолағына керекті санды енгізіңіз.

Контур

Контур дегеніміз WordArt немесе мәтінге қолданылатын көтерілген жиек.

Түс     Контурға арнап, түсті таңдау үшін, Түс Түймешік суреті түймешігін басып, сізге керекті түсті таңдаңыз. тақырып түсі жоқ түсті таңдау үшін, Қосымша түстер түймешігін басып, сонан соң Стандартты қойындысынан сізге керекті түсті таңдаңыз, не Өзгертпелі қойындысында түстерді қалауыңызша араластырыңыз. Кейінірек, құжатыңыздың тақырып өзгертсеңіз, Стандардты қойындысындағы түстер және қалауыңызша таңдалған түстер жаңартылмайды..

Өлшем    Контурдың енін белгілеу үшін, жолаққа керекті санды енгізіңіз.

Бет

Жарық бөлектеулерін өзгерте отырып, WordArt мәнерінің көрінісін өзгерту үшін, Материал мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Жарық бөлектеулері нысан жалтырақ деңгейін ұлғайтады, не төмендетеді.

Материал     Нысанның көрінісін күңгірт, пластик, метал, не мөлдір түске бояу үшін, материалды пайдалана аласыз. Жарық пен нысан бетінің бір-біріне әсер ететінін көру үшін, осы түймешігін басып, сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз.

Қол жеткізгілі Материал мүмкіндіктеріне қысқаша сипаттама төменде беріледі:

Стандартты

Күңгірт     Жарық бөлектеулері жоқ, нысанның көрінісі "жайпақ" көрінеді.

Жайлы күңгірт     Жарық бөлектеулері аздап, пластик түсіне қарағанда, жайлы күңгірт WordArt бетінің көрінісі жұмсартылады .

Пластик     Анық, ақ жарық бөлектеулері WordArt бетіне жарқын, пластиктік көрініс береді.

Металл     Жарық бөлектеулері материалдың негізгі түсімен араластырылып, WordArt көрінісі жарқырайды және оның бетінен сәулелер шағылысады.

Арнайы пәрмен

Қоңыр шек      Қоңыр шек деген пәрмен пластик деген пәрменге ұқсайды, себебі ақ жарық бөлектеулері WordArt көрінісіне жарық әсер береді, бірақ қоңыр шектің арқасында ақшыл өңде WordArt контуры ерекше болып көрінеді.

Жұмсақ шек     Ақ жарық бөлектеулері мен шектердың арқасында WordArt бүкіл сценамен, не кескіндер тобымен сай келеді. Аталған көрініс WordArt бетіне қолданылғанда, WordArt шектерінде өңдік түстер көрінетін сияқты болады.

Әдепкі     Әдепкі деген пәрменді таза түс және жарық бөлектеулері құрайды. Жарық сәулелерінің түсуі нәтижесінде қалыптасатын көлеңке әсер етпегенде, жарық бөлектеулері WordArt анықтайды. Бұл мүмкіндік Әдепкі жарық мүмкіндігімен бірге тіркесуге құрастырылған.

Қаңқа     Жарық бөлектеулері мен пәрмендер жоқ. WordArt қаңқасы, не құрылымы немесе нысанның өзі көрсетіледі.

Мөлдір

Айқындағыш     Интенсивті жарық бөлектеулері WordArt бетіне жұмсақ боялған көріністі қосады.

Мөлдір айқындағыш     Мөлдір айқындағыш Айқындағышқа ұқсас, бірақ бұл көрініс қосылғанда, шектер жұмсақ болып, айқын көрінбейді.

Таза     Мөлдір, анық, ақ жарық бөлектеулері және қоңыр шектер шыныға ұқсас, жарқын көріністі қосады.

Жарықтандыру     Әрбір Жарықтандыру түріне бір немесе одан да көп жарық көзінен тұратын құрылғы жатады, бұл жарық көздері үш өлшемдік кеңестікті жарықтандыруға пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл құбылыс сахнамен үйлесімді 3-D деп аталады. Құрылғының әрбір жарық көзінің бағыты, қуаттылығы мен түсі бар. Жарықтандыру түрлерінің басым бөлігінің шашыраңқы түсі бар, шашыраңқы түс WordArt бетін толық түрде жарықтандырады. Үш өлшемдік кеңестіктегі барлық WordArt мәнетіне бірдей жарық көздерінің құрылғысы әсер етеді, нәтижеде, Жарықтандыру түрі өзгертілсе, бүкіл кеңістіктің жарықтандыруы өзгеріске ұшырайды (бөлектелген WordArt орнына).

Жарықтандыру түрін таңдау үшін, Жарықтандырупәрменін нұқып, сізге керекті мүмкіндікті таңдаңыз

Қол жеткізгілі Жарықтандыру мүмкіндіктеріне қысқаша сипаттама төменде беріледі:

Бейтарап

Үш жарық көзі бар     Үш жарық көзі негізгі, толтыратын және өңдік жарықтандыруды қамтамасыз етеді. Сізге белгілі бір ерекше жарықтандыру қажет болмаса, бұл жарықтандыру түрі жеткілікті болуы мүмкін. Нүктелі жарық көздерінің түсі мен кеңестіктегі орналасу орны бар, бірақ олардың ерекше бір бағыты жоқ, сондықтан нүктелі жарық көздері бүкіл кеңестікті жарықтандырады.

Баланс     Бұл жарықтандыру түрі Үш жарық көзі бар жарықтандыру құрылғысының нұсқасы болып саналады, бірақ оның контраст деңгейі төмендеу.

Жұмсақ      Жалғыз жарық көзі бар жалпы жарықтандыур құрылғысы.

Тік     Екі жарық көзі бар жарықтандыру құрылғысы тура сәулелерді шығарып, күңгірт жерлерді қалыптастырады.

Ағым     Үш жарық көзі бар жарықтандыру құрылғысы нысандардың шектерін қатты жарықтандырады.

Контрасты      Бұл жарықтандыру құрылғысы кеңестіктің бетіндегі көлеңкені жоып, жарық бөлектеулерін шығарады. Нәтижеде, материалдар әдепкі болып көрінеді.

Жылы

Таң, Күн шыққаны, Күн батқаны     Жылы, түсті жарық шығаратын үш жарық көзі бар жарықтандыру құрылғысы нысандарға жылы, қызғылт сары реңкті қосады. Таң мүмкіндігінен Күн батуы мүмкіндігіне ауысқанда, түс контрасты ұлғаяды.

Суық

Салқын, Аязды     Екі жарық көзі бар жарықтандыру құрылғысы суық, көк сияқты жарықты шығарады, бұл екі жарық көзі Таң, Күн шығуы, не Күн батуы мүмкіндіктерінен түстер спектрінің басқа жағында орналасады.

Арнайы

Әдепкі     Материалдың Әдепкі мүмкіндігімен бірге жұмыс істеуге құрастырылған, бұл үш жарық көзі бар жарықтандыру құрылғысы WordArt мәнерін айқындауға жарық бөлектеулерін шығарады.

Екі жарық көзі бар     Бұл екі жарық көзі бар жарықтандыру құрылғысы жалпы мақсаттарға арналады. Жарық көздері WordArt жиектерін, не контурларын ерекше жарықтандыруға орналасады, негізінде WordArt екі түрлі бағыттан жарықтандырылады.

Жайнау     Бұл жарықтандыру құрылғысы WordArt мәнерінің алдыңғы бетін қатты жарықтандырып, WordArt жақтарына жарық түсіріп, WordArt жайнайтын сияқты иллюзияны жасайды.

Жарқын бөлме     Жайнау жарықтандыру құрылғысына қарағанда, бұл жарықтандыру құрылғысы жарықтандырудың тым жарқын нұсқасы.

Бұрыш     Ағымдағы Жарықтандыру түрлері үшін арнап, барлық жарық көздерін WordArt мәнерінің алдында бұруға болады. Егер Жарықтандыру түрлерінде негізгі, қатты жарық көзі бар болса, үш өлшемдік кеңестіктің кез келген жақтарын ерекше жарықтандыру мүмкіншіліктеріне ие боласыз.

Жарықтандыру бұрышын белгілеу үшін, тізімге керекті санды енгізіңіз.

Қалыпқа келтіру     Үш өлшемдік пішімдеуді жою және әдепкі параметрлерді қалпына келтіру үшін, бұл түймешікті басыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×