Мәтін файлдарын импорттау немесе экспорттау

Деректерді мәтіндік файлдан Microsoft Office Excel арқылы импорттаудың екі жолы бар: Мәтіндік файлды Excel бағдарламасында ашуға болады немесе мәтіндік файлды сыртқы деректер ауқымы түрінде импорттауға болады. Деректерді Excel бағдарламасынан мәтін файлға экспорттау үшін, Басқаша сақтау пәрмені пайдаланылады.

Екі жалпы қолданылатын мәтіндік файл пішімдері болады:

  • TAB таңбасы (ASCII таңбалық коды 009) әдетте әрбір мәтін өрісін бөлетін шектелген мәтіндік файлдар (.txt).

  • Үтір таңбасы (,) әрбір мәтін өрісін бөлетін үтірмен бөлінген мәндері бар мәтіндік файлдар (.csv).

Шектелген және .csv мәтіндік файлдарда қолданылатын бөлгіш таңбаны өзгертуге болады. Оның импорттау және экспорттау әрекетінің қажетті әдіспен жұмыс істеп тұрғанын тексеруге қажет болуы мүмкін.

Ескертулер : 

Не істегіңіз келеді?

Мәтіндік файлды Excel бағдарламасында ашу арқылы импорттау

Мәтіндік файлды қосылу арқылы импорттау

Деректерді мәтіндік файлға сақтау арқылы экспорттау

Мәтіндік файлда қолданылатын бөлгішті өзгерту

Барлық .csv мәтіндік файлдарындағы бөлгішті өзгерту

Мәтіндік файлды Excel бағдарламасында ашу арқылы импорттау

Excel жұмыс кітабы сияқты басқа бағдарламада жасаған мәтіндік файлыңызды Ашу пәрменін қолдану арқылы аша аласыз. Мәтіндік файлды Excel бағдарламасында ашу файл пішімін өзгертпейді — бұны Excel тақырып жолында байқай аласыз, ол жерде файл атауы мәтіндік файл атауының кеңейтімін қамтиды (мысалы, .txt немесе .csv).

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Ашу пәрменін таңдаңыз.

    Бейнебетке Ашу тілқатысу терезесі шығады.

  2. Windows Vista жүйесінде қосылған компьютерде    

    • Тізімнен Мәтіндік файлдарпараметрін таңдаңыз.

      Microsoft Windows XP жүйесінде қосылған компьютерде    

    • Файл түрлері тізімінен Мәтіндік файлдар параметрін таңдаңыз.

  3. Windows Vista жүйесінде қосылған компьютерде    

    • Мекенжай жолағы тізімінен ашу қажет мәтіндік файлды тауып алып, екі рет басыңыз.

      Microsoft Windows XP жүйесінде қосылған компьютерде    

    •   Қалта тізімінен ашу керек файлды тауып, екі рет нұқыңыз,

    • Егер файл мәтін файл (.txt) болса, Excel бағдарламасы мәтінді импорттау шеберін іске қосады.

      Мәтінді импорттау шеберіндегі нұсқауларды орындаңыз. Мәтінді импорттау шебері туралы қосымша мәлімет алу үшін, Анықтама Түймешік суреті түймешігін басыңыз немесе Мәтінді импорттау шебері бөлімін қараңыз. Шебердегі әрекеттер аяқталған соң, әрекетті аяқтау үшін Дайын түймешігін басыңыз.

    • Егер файл .csv файлы болса, Excel бағдарламасы мәтіндік файлды автоматты түрде ашып, деректерді жаңа жұмыс кітабынан көрсетеді.

      Ескерту : Excel бағдарламасы .csv файлын ашқанда, ол деректердің әр бағанын қалай импорттау керектігін түсіндіру үшін ағымдағы деректер пішімінің параметрлерін пайдаланады. Көп икемділік керек болса, бағандарды басқа деректер пішімдеріне түрлендіру үшін мәтінді импорттау шеберін пайдалануыңызға болады. Мысалы, .csv файлындағы деректер бағанының деректер пішімі MDY болуы мүмкін, бірақ Excel файлының әдепкі деректер пішімі YMD болып табылады немесе басында нөлдері бар сандар бағанын мәтінге түрлендіру қажет болса, онда басындағы нөлдерді сақтай аласыз. Мәтінді импорттау шеберін пайдалану үшін, файлды ашпай тұрып, оның атау кеңейтімін .csv кеңейтімінен .txt етіп өзгертуге болады немесе қосылу арқылы мәтіндік файлды импорттауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтіндік файлды қосылу арқылы импорттау

Деректерді мәтіндік файлдан бар жұмыс парағына сыртқы деректер ауқымы түрінде импорттауға болады.

  1. Мәтіндік файлдан алынған деректерді қойылатын ұяшықты таңдаңыз.

  2. Деректер қойындысындағы Сырттан деректер алу тобынан Мәтіннен параметрін таңдаңыз.

    Excel таспасының суреті

  3. Windows Vista жүйесінде қосылған компьютерде    

    •   Мекенжай жолағытізімінен импорттау қажет файлды тауып, екі рет нұқыңыз.

      Microsoft Windows XP жүйесінде қосылған компьютерде    

    • Таңдау тізімінен импортталатын мәтіндік файлды тауып алып, екі рет басыңыз.

      Мәтінді импорттау шеберіндегі нұсқауларды орындаңыз. Мәтінді импорттау шебері туралы қосымша мәлімет алу үшін, Анықтама Түймешік суреті түймешігін басыңыз немесе Мәтінді импорттау шебері бөлімін қараңыз. Шебердегі әрекеттер аяқталған соң, әрекетті аяқтау үшін Дайын түймешігін басыңыз.

  4. Деректерді импорттау тілқатысу терезесінде келесі әрекетті орындаңыз:

    • Таңдау бойынша, импортталатын деректердің жаңару, пішімдеу және орналасу параметрлерін белгілеу үшін, Сипаттар параметрін таңдаңыз.

    • Деректерді қайда орналастыру керек? тізімінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

      • Деректі қажетті орынға қайтару үшін, Бар жұмыс парағы түймешігін басыңыз.

      • Деректерді жаңа жұмыс парағының үстіңгі сол жақ бұрышына қайтару үшін, Жаңа жұмыс парағы түймешігін басыңыз.

  5. OK түймешігін басыңыз.

    Excel бағдарламасы сыртқы дерек ауқымын көрсетілген орынға орналастырады.

Егер Excel бағдарламасы деректер бағанын қалаған пішімге түрлендірмесе, деректерді сырттан алғаннан кейін оларды түрлендіре аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін, келесі анықтама бөлімін қараңыз:

Беттің жоғарғы жағы

Деректерді мәтіндік файлға сақтау арқылы экспорттау

Excel жұмыс парағын мәтіндік файлға Басқаша сақтау пәрмені арқылы түрлендіруге болады.

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

      Басқаша сақтау тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Сақтау түрі жолағында жұмыс парағына арналған мәтіндік файл пішімін таңдаңыз.

    Мысалы, Мәтін (бөлінген қойынды) немесе CSV (бөлінген үтір)параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Әр түрлі пішімдерде әр түрлі мүмкіндік жиындары болады. Әр түрлі мәтіндік файл пішімдерінде болатын мүмкіндік жиындары туралы қосымша мәлімет алу үшін, Басқа файл пішімдеріне берілмейтін Excel пішімдері мен мүмкіндіктері бөлімін қараңыз.

  3. Windows Vista жүйесінде қосылған компьютерде    

    • Мекенжай жолағы ішінде жаңа мәтіндік файл сақталатын орынды шолып барыңыз да, Сақтау түймешігін басыңыз.

      Microsoft Windows XP жүйесінде қосылған компьютерде    

    •   Басқаша сақтау терезесінен жаңа мәтіндік файлын сақтау қажет орынды шолып, одан кейін Сақтаупараметрін басыңыз.

  4. Тілқатысу терезесі шығып, ағымдағы жұмыс парағының ғана жаңа файлға сақталатынын еске салады. Егер ағымдағы жұмыс парағын мәтіндік файл түрінде сақтау қажеттігіне сенімді болсаңыз, OK түймешігін басыңыз. Әр жұмыс парағына осы іс рәсімін қайталау арқылы басқа жұмыс парақтарын бөлек мәтіндік файлдар түрінде сақтауға болады.

  5. Екінші тілқатысу терезесі шығып, жұмыс парығында мәтіндік файл пішімдерінде болмайтын мүмкіндіктердің болатынын еске салады. Егер жұмыс парағы деректерін жаңа мәтіндік файлға сақтау қажет болса, Иә түймешігін басыңыз. Егер сенімсіз болып, қандай Excel мүмкіндіктерінің мәтіндік файл пішімдерінде болмайтыны туралы көбірек білгіңіз келсе, қосымша мәлімет алу үшін Анықтама түймешігін басыңыз.

Файлдарды пішімдерге сақтау жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, Жұмыс кітабын басқа файл пішімінде сақтау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтіндік файлда қолданылатын бөлгішті өзгерту

Егер мәтіндік файлды импорттау үшін мәтінді импорттау шеберін пайдалансаңыз, бөлінген мәтін файлы үшін пайдаланылатын бөлгішті TAB таңбасынан мәтінді импорттау шеберінің 2-қадамындағы басқа бір таңбаға өзгертуіңізге болады. Бұл қадамда бірізді тырнақшалар сияқты бірізді бөлгіштердің қолданылу әдісін де өзгертуіңізге болады.

Қосымша Мәтінді импорттау шеберін қолдану жолы туралы мәліметтер алу үшін, Мәтіндік файлды ашу арқылы немесе Мәтінді импорттау шеберіарқылы импорттаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Барлық .csv мәтіндік файлдарындағы бөлгішті өзгерту

  1. Microsoft Windows жүйесінде Бастау түймешігін басып, одан кейін Басқару тақтасыпараметрін таңдаңыз.

  2. Тіл және жергілікті стандарттар тілқатысу терезесін ашыңыз.

  3. Төмендегілердің бірін орындаңыз:

    • Windows Vista жүйесінде Пішімдер қойындысын басып, одан кейін Осы пішімді баптаупараметрін таңдаңыз.

    • Windows XP жүйесінде Аймақтық параметрлер қойындысын басып, одан кейін Теңшеупараметрін таңдаңыз.

  4. Жаңа бөлгішті Тізімдік бөлгіш жолағына енгізіңіз.

  5. ОК түймешігін екі рет басыңыз.

Ескерту : Тізімдік бөлгішті компьютер үшін өзгерткен соң, барлық бағдарламалар жаңа таңбаны тізім бөлгіші ретінде пайдаланады. Осы іс рәсімін сақтай отырып, таңбаны әдепкі таңбаға қайта өзгертуге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×