Мәтін жолағы үшін таңбалар санын шектеу

Мәтін жолағына пайдаланушылар тарапынан енгізілетін мәтіндің мөлшерін шектеуіңіз мүмкін. Мәселен, осы мүмкіндікті зерттеу үшін арналған пішін үлгісінде қолданып, пайдаланушылардың анғартпалар жолағына 500-ден астам таңба енгізуіне жол бермеуге болады. Пішін үлгісін жасақтау арқылы Сіз таңбалар саны шектеу мөлшеріне жеткен соң пайдаланушының жүгіргісін автоматты түрде пішіндегі келесі басқару элементіне өтетіндей етіп қоюыңыз мүмкін.

  1. Таңбалар санын шектегіңіз келген мәтін жолағын тінтуірдің он жақ батырмасымен нұқыңыз да мәтінмәндік мәзірінен Мәтін жолағының сипаттары әмірін таңдаңыз.

  2. Бейнелеу қойындысын нұқыңыз.

  3. Параметрлер астындағы Мәтін жолағы үшін келесідей шектеу қою деген құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз, ал одан кейін қалаған таңбалар санын белгілеңіз.

  4. Таңбалар саны шектеу мөлшеріне жеткен соң пайдаланушының жүгіргісін автоматты түрде пішіндің келесі басқару элементіне көшіру үшін Шектеу мөлшеріне жеткен соң автоматты түрде келесі басқару элементіне көшіру деген құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз.

Ескерту : Егер мәтін жолағы үшін еже үзілімдерін қоссаңыз, таңбалар санына шектеу қою мүмкіндігі қатынаулы болмайды.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×