Мәтін бөлектеу

Microsoft Office Word 2007 бағдарламасында мәтін немесе кесте элементтерін бөлектеу үшін тінтуірді немесе пернетақтаны пайдалануға болады. Сондай-aқ, түрлі жерлерде болған мәтінді немесе элементтерді таңдауға болады. Мәселен, бір бетте бір еже бөлектеп, басқа бетте бір сөйлем бөлектеу мүмкін.

Не істегіңіз келеді?

Мәтінді тінтуірмен бөлектеу

Мәтінді пернетақта арқылы бөлектеу

Түрлі жерлерде орналасқан мәтінді бөлектеу

Құрылым көріністе мәтін бөлектеу

Мәтінді тінтуірмен бөлектеу

Құжаттың ішінде мәтін бөлектеу

Төмендегіні бөлектеу үшін

Келесі әрекетті істеңіз

Кез келген мәтінді

Бөлектегіңіз келетін мәтіннің басталу жеріне нұқыңыз, тінтуірдің сол жақ түймешігін басып тұрыңыз да көрсеткіні бөлектегіңіз келетін мәтін үстінен сүйреп алыңыз.

Сөз

Сөз ішінде кез келген жерді екі рет нұқыңыз.

Мәтін жолы

Көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіне айналғанға дейін, оны жолдың сол жағына жылжытыңыз, ал одан кейін нұқыңыз.

Сөйлем

CTRL пернесін басып тұрыңыз да сөйлем ішінде кез келген жерде нұқыңыз.

Еже

Еже ішінде кез келген жерде үш рет нұқыңыз.

Бірнеше еже

Көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіне айналғанға дейін оны бірінші еженің сол жағына жылжытыңыз, кейін тінтуірдің сол жақ түймешігін басып тұрыңыз да көрсеткіні жоғарыға немесе төменге сүйреңіз.

Мәтіннің үлкен бұғаты

Бөлектелетін мәтіннің басына нұқыңыз, оның соңына барыңыз, кейін SHIFT пернесін басып тұрыңыз да бөлектелетін мәтіннің аяқталу жеріне нұқыңыз.

Бүкіл құжат

Көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіне айналғанға дейін, оны кез келген мәтіннің сол жағына жылжытыңыз, ал одан кейін үш рет нұқыңыз.

Үстіңгі және төменгі деректемелер

Басып шығаруды орналастыру көрінісі, күңгірт болып көрінетін үстіңгі немесе төменгі деректеменің мәтініне нұқыңыз. Көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіне айналғанға дейін, оны үстіңгі немесе төменгі деректеменің сол жағына жылжытыңыз, ал одан кейін нұқыңыз.

Түсіндірмелер мен соңғы түсіндірмелер

Түсіндірменің немесе соңғы түсіндірменің мәтінін нұқыңыз, көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіне айналғанға дейін оны мәтіннің сол жағына жылжытыңыз, ал одан кейін нұқыңыз.

Мәтіннің тік бұғаты

ALT пернесін басып тұрыңыз да көрсеткіні мәтін үстінен сүйреңіз.

Мәтін ұясы немесе жақтауы

Көрсеткі меңзерге айналғанға дейін жақтаудың немесе мәтін ұясының жиегіне жылжытыңыз, ал одан кейін нұқыңыз.

Кестедегі элементтерді бөлектеу

Төмендегіні бөлектеу үшін

Келесі әрекетті істеңіз

Ұяшықтың мазмұны

Ұышықтың ішінде нұқыңыз. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.Кесте тобында Бөлектеу әмірін таңдаңыз да кейін Ұяшықты бөлектеу дегенін нұқыңыз.

Жолдың мазмұны

Жол ішінде нұқыңыз. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.Кесте тобында Бөлектеу әмірін таңдаңыз да кейін Жолды бөлектеу дегенін нұқыңыз.

Баған мазмұны

Баған ішінде нұқыңыз. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.Кесте тобында Бөлектеу әмірін таңдаңыз да кейін Бағанды бөлектеу дегенін нұқыңыз.

Бірнеше ұяшықтар, жолдар мен бағандардың мазмұны

Ұяшық, жол немесе баған ішінде нұқыңыз да тінтуірдің сол жақ түймешігін басып тұрып, көрсеткіні бөлектегіңіз келетін ұяшықтар, жолдар немесе бағандар үстінен сүйреңіз. Бір-бірінің қасында болмаған ұяшықтардың, жолдардың немесе бағандардың мазмұнын бөлектеу үшін, бірінші ұяшық, жол немесе баған ішінде нұқыңыз, ал одан кейін CTRL пернесін басып тұрып қосымша ұяшықтарды, жолдарды немесе бағандарды нұқыңыз.

Бүкіл кестенің мазмұны

Кесте ішінде нұқыңыз. Кесте құралдары астында Орналасу қойындысын нұқыңыз.Кесте тобында Бөлектеу әмірін таңдаңыз да Кестені бөлектеу дегенін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтінді пернетақта арқылы бөлектеу

Құжаттың ішінде мәтін бөлектеу

Төмендегіні бөлектеу үшін

Келесі әрекетті істеңіз

Оң жақтағы бір таңба

SHIFT және ОҢ ЖАҚ ЖҮГІРТКІ пернелерін бірге басыңыз.

Сол жақтағы бір таңба

SHIFT және СОЛ ЖАҚ ЖҮГІРТКІ пернелерін бірге басыңыз.

Сөзді басынан соңына дейін

Кірістіру орнын сөздің басына койыңыз да CTRL, SHIFT және ОҢ ЖАҚ ЖҮГІРТКІ пернелерін бірге басыңыз.

Cөзді соңынан басына дейін

Көрсеткіні сөздің соңына қойыңыз, ал одан кейін CTRL, SHIFT және СОЛ ЖАҚ ЖҮГІРТКІ пернелерін бірге басыңыз.

Жолды басынан соңына дейін

HOME пернесін басыңыз, одан кейін SHIFT және END пернелерін бірге басыңыз.

Жолды соңынан басына дейін

END пернесін басыңыз, ал одан кейін SHIFT және HOME пернелерін бірге басыңыз.

Төмендегі бір жол

END пернесін басыңыз, ал одан кейін SHIFT және ТӨМЕН ЖҮГІРТКІ пернелерін бірге басыңыз.

Жоғарыдағы бір жол

HOME пернесін басыңыз, ал одан кейін SHIFT және ЖОҒАРЫ ЖҮГІРТКІ пернелерін бірге басыңыз.

Ежені басынан соңына дейін

Көрсеткіні еженің басына қойыңыз, ал одан кейін CTRL, SHIFT және ТӨМЕН ЖҮГІРТКІ пернелерін бірге басыңыз.

Ежені соңынан басына дейін

Көрсеткіні еженің соңына қойыңыз, ал одан кейін CTRL, SHIFT және ЖОҒАРЫ ЖҮГІРТКІ пернелерін бірге басыңыз.

Құжатты соңынан басына дейін

Көрсеткіні құжаттың соңына қойыңыз, ал одан кейін CTRL, SHIFT және HOME пернелерін бірге басыңыз.

Құжатты басынан соңына дейін

Көрсеткіні құжаттың басына қойыңыз, ал одан кейін CTRL, SHIFT және ЕND пернелерін бірге басыңыз.

Терезені басынан соңына дейін

Көрсеткіні терезенің басына қойыңыз, ал одан кейін ALT, CTRL, SHIFT және PAGE DOWN пернелерін бірге басыңыз.

Бүкіл құжат

CTRL және A пернелерін бірге басыңыз.

Мәтіннің тік бөлігі

CTRL, SHIFT және F8 пернелерін бірге басыңыз, ол одан кейін жүгірткілерді пайдаланыңыз. Осы бөлектеу күйін өшіру үшін ESC пернесін басыңыз.

Ең жақын таңба

F8 пернесін басып, бөлектеу күйін қосыңыз, ал одан кейін СОЛ ЖАҚ ЖҮГІРТКІ немесе ОҢ ЖАҚ ЖҮГІРТКІ пернесін басыңыз; ESC пернесін басып, бөлектеу күйін өшіріңіз.

Сөз, сөйлем, еже немесе құжат

F8 пернесін басып, бөлектеу күйін қосыңыз, ал одан кейін F8 пернесін бір рет басып, сөз бөлектеңіз; екі рет нұқып, сөйлем бөлектеңіз; үш рет нұқып, еже бөлектеңіз; немесе төрт рет нұқып, қужатты бөлектеңіз. ESC пернесін басып, бөлектеу күйін өшіріңіз.

Кестедегі элементтерді бөлектеу

Төмендегіні бөлектеу үшін

Келесі әрекетті істеңіз

Оң жақтағы ұяшықтың мазмұны

TAB пернесін басыңыз.

Сол жақтағы ұяшықтың мазмұны

SHIFT және TAB пернелерін бірге басыңыз.

Бір-бірінің қасында орналасқан ұяшықтардың мазмұны

SHIFT пернесін басып тұрып, керекті ұяшықтардың барлығын бөлектегенге дейін тиісті жүгірткіні бір неше рет басыңыз.

Баған мазмұны

Бағанның жоғарғы немесе төменгі ұяшығына нұқыңыз. SHIFT пернесін басып тұрып, баған мазмұнын бөлектегенге дейін ЖОҒАРЫ ЖҮГІРТКІ немесе ТӨМЕН ЖҮГІРТКІ пернесін бір неше басыңыз.

Бүкіл кестенің мазмұны

Кесте ішінде нұқыңыз, ал одан кейін ALT пернесін және сандық пернетақтадағы "5" пернесін бірге басыңыз (NUM LOCK өшірілген болуы керек).

Беттің жоғарғы жағы

Түрлі жерлерде орналасқан мәтінді бөлектеу

Кесте ішінде бір-бірінің қасында болмаған мәтін немесе элементтерді бөлектеуге болады. Мәселен, бір бетте бір еже бөлектеп, басқа бетте бір сөйлем бөлектеу мүмкін.

  1. Кесте ішінде мәтін немесе элементті бөлектеу.

  2. Қосымша мәтін немесе кестедегі элементті таңдағанға дейін CTRL пернесін басып тұрыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құрылым көріністе мәтін бөлектеу

Құжатыңызды "Құрылым" көріністе көру үшін Көрініс қойындысын нұқыңыз, ал одан соң Құжат көріністері тобындағы Құрылым дегенін таңдаңыз.

Төмендегіні бөлектеу үшін

Көрсеткіні төмендегідей жылжытыңыз

Тақырып

Көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіге айналғанға дейін оны тақырыптың сол жағына жылжытыңыз, ал одан кейін нұқыңыз.

Тақырып, оның тақырыпшасы және негізгі мәтін

Көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіге айналғанға дейін оны тақырыптың сол жағына жылжытыңыз, ал одан кейін екі рет нұқыңыз.

Негізгі мәтіндегі еже

Көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіге айналғанға дейін оны еженің сол жағына жылжытыңыз, ал одан кейін нұқыңыз.

Негізгі мәтіндегі бірнеше тақырыптар немесе ежелер

Көрсеткі оң жаққа қарайтын көрсеткіге айналғанға дейін оны мәтіндің сол жағына жылжытыңыз, ал одан кейін оны жоғарыға немесе төменге қарай сүйреңіз.

Ескерту : 

  • Егер құрылым көріністе еженің сол жағында бір рет нұқысаңыз, бір жол емес, бүкіл еже бөлектенеді.

  • Егер бөлектелген тақырыптың бағынышты мәтіні тасаланған болса, тасаланған мәтін де бөлектеледі (ол көрінбесе де). Егер тақырып ішінде жылжыту, көшіру немесе жою сияқты өзгерістер орын алса,  бұл тасаланған мәтінге әсер етеді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×