Мәтінді импорттау шебері

Мәтіндік файлдағы деректерді жұмыс парағына импорттау үшін, Microsoft Office Excel бағдарламасын пайдалана аласыз. Мәтінді импорттау шебері импорттап отырған мәтіндік файлыңызды тексеріп, деректердің қалаған жолыңызбен импортталғандығын тексеруге көмектеседі.

Ескерту : Мәтінді импорттау шеберін іске қосу үшін Деректер қойындысындағы Сыртқы деректерді алу тобынан Мәтіннен түймешігін басыңыз. Одан кейін Мәтіндік файлды импорттау тілқатысу терезесінде импорттағыңыз келетін мәтіндік файлды екі рет нұқыңыз.

1 қадам

Бастапқы деректер түрі    Егер әр бағандағы элементтер қойындылармен, қос нүктелермен, үтірлі-нүктелермен, бос орындармен немесе басқадай таңбалармен бөлінген болса, Бөліктелген түймешігін басыңыз. Егер мәтінді файлыңыздағы барлық элементтің ұзындықтары бірдей болса, Ені дұрысталған түймешігін басыңыз.

Жолды импорттаудан бастау    Импорттағыңыз келетін деректердің бірінші жолын белгілеу үшін, жол нөмірін теріңіз немесе бөлектеңіз.

Файл пішімі    Мәтіндік файлда пайдаланылған таңбалар жинағын таңдаңыз. Көп жағдайда бұл параметрді әдепкі күйінде қалдыра аласыз. Егер мәтіндік файл өзіңіздің компьютеріңізде пайдаланып отырған таңбалар жинағынан өзге таңбалар жинағын пайдалана отырып жасалғандығын білсеңіз, оны таңбалар жинағына сәйкестендіру үшін, бұл параметрді өзгертуіңіз тиіс. Мысалы, компьютеріңіз 1251 (Кириллица, Windows) таңбалар жинағын пайдалануға орнатылған болса, бірақ файлдың 1252 (Шығыс Еуропа, Windows) таңбалар жинағын пайдалана отырып жасалғандығын білсеңіз, Файл пішімін 1252 етіп орнатқаныңыз жөн.

Файлды алдын ала қарау    Бұл жолақта мәтін жұмыс парағындағы бағандарға бөлінгенде қалай бейнелетіндігі көрсетіледі.

2 қадам (Бөлгіленген деректер)

Бөлгіштер    Мәтінді файлыңыздағы мәндерді бөліп тұратын таңбаны бөлектеңіз. Таңбалар тізімі берілмесе, Басқа дегенге құсбелгіні қойып, таңбаны жүгіргісі бар жолаққа теріңіз. Деректеріңіздің түрі дұрысталған енді болған жағдайда, бұл параметр қол жеткізгісіз.

Тізбекті бөлгіштерді бір деп есептеу    Деректеріңіздің құрамында деректер өрісі арасында бірнеше таңбасы бар бөлгіштер немесе деректеріңізде көптеген өзгертпелі бөлгіштер болған жағдайда, осы параметрді таңдаңыз.

Мәтін жіктегіші    Мәтінді файлыңыздағы мәндерді жауып тұратын таңбаны таңдаңыз. Excel бағдарламасы мәтін жіктегіші таңбаларын кездестіргенде, осы таңбадан кейінгі және осындай келесі таңбаға дейінгі барлық мәтін бөлгіш таңбаларының болуына қарамастан, бір мән ретінде импортталады. Мысалы, үтір (,) бөлгіш таңба болып табылса және жіктегіші тырнақша (") мәтін болса, "Қазалы, Шиелі" сөздері бір ұяшыққа Қазалы, Шиелі түрінде импортталады. Егер ешбір таңба немесе дәйекше (') мәтін жіктегіші ретінде белгіленбесе, "Қазалы, Шиелі" сөздері екі іргелес ұяшыққа "Қазалы және Шиелі" түрінде импортталады.

Егер бөлгіш таңбалар мәтін жіктегішінің таңбалары арасында кездесетін болса, Excel бағдарламасы жіктегішті импортталып отырған мәнде есепке алмайды. Егер ешбір бөлгіш таңбалар мәтін жіктегішінің таңбалары арасында кездеспейтін болса, Excel бағдарламасы жіктегішті импортталып отырған мәнге қосады. Осылайша, "Қазалы, Шиелі" сөздері (дәйекшелі мәтін жіктегішін пайдалана отырып) бір ұяшыққа Қазалы, Шиелі түрінде импортталады.

Деректерді алдын ала қарау    Мәтіннің бағандарға қалағаныңыздай бөлінгендігін тексеру үшін, осы жолақтағы мәтінді алдын ала қараңыз.

2 қадам (Дұрысталған енді деректер)

Деректерді алдын ала қарау    Осы бөлімде өріс енін белгілеңіз. Тік сызықпен берілген бағанның үзілімін белгілеу үшін, алдын ала қарау терезесін нұқыңыз. Баған үзілімін алып тастау үшін, оны екі рет нұқыңыз немесе оны жылжыту үшін, сүйреп апарыңыз.

З қадам

Төмендегі әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін орындау үшін Қосымша түймешігін басыңыз:

  • Мәтіндік файлда пайдаланылған ондық және мыңдық бөлгіш түрлерін көрсетіңіз. Деректер Excel бағдарламасына импортталғанда, бөлгіштер Аймақтық баптауларда (Windows басқару тақтасында) еліңіз/аймағыңыз үшін берілген белгілерге сәйкес қойылады.

  • Бір немесе бірнеше сандық мәндердің соңғы алу таңбасын қамтитынын көрсетіңіз.

Баған деректерінің пішімі    Деректерді алдын ала қарау бөлімінде таңдалған бағанның деректер пішімін нұқыңыз. Егер таңдалған бағанды импорттағыңыз келмесе, Бағанды импорттамау (елемеу) түймешігін басыңыз.

Бөлектелген баған үшін деректер пішімін таңдағаннан кейін, Деректерді алдын ала қарау бөлімінің астындағы баған тақырыбы пішімді бейнелейді. Егер Күн тармағын таңдасаңыз, Күн жолағында күн пішімін таңдаңыз.

Excel бағдарламасы деректерді дұрыс түрлендіруі үшін, деректерді алдын ала қарауға жақын деректер пішімін таңдаңыз. Мысалы:

  • Барлық ақша сан таңбаларының бағанын Excel бағдарламасының Ақша пішіміне түрлендіру үшін, Негізгі тармағын таңдаңыз.

  • Барлық сан таңбаларының бағанын Excel бағдарламасының Мәтін пішіміне түрлендіру үшін, Мәтін тармағын таңдаңыз.

  • Барлық күн таңбаларын, әрбір мерзімді жыл, ай, күн тәртібімен Excel Күн пішіміне түрлендіру үшін, Күн тармағын таңдап, Күн жолағында ЖАК күн түрін таңдаңыз.

Excel бағдарламасы түрлендіру күтпеген нәтижелерге әкеп соққан жағдайда, бағандарды Негізгі түрінде импорттайды. Мысалы:

  • Бағанда әліпбилік және сандық таңбалар сияқты көптеген пішімдер кездессе, Excel бағдарламасы бағанды Негізгі түріне түрлендіреді.

  • Егер күн бағанында әрбір күн жыл, ай және күн тәртібімен болса және Күн ішінде күн пішімінің АКЖ түрін таңдасаңыз, Excel бағанды Жалпы пішімге түрлендіреді. Күн таңбалары бар баған Excel бағдарламасының бекітілген күн немесе өзгертпелі күн пішіміне барынша сәйкес келуі тиіс.

Егер Excel бағдарламасы бағанды қалаған пішімге түрлендірмесе, деректерді импорттағаннан кейін, оларды түрлендіре аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін, төмендегі Анықтама бөлімдерін қараңыз:

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×