Мәтіндік деректерді сақтайтын өріс кірістіру, жасау немесе жою

Есімдер, мекенжайлар және телефон нөмірлері сияқты аз мөлшердегі мәтіндік деректерді сақтау қажет болған жағдайда кестеге мәтін өрісі қосылады. Бұл мақала Microsoft Office Access 2007 бағдарламасын пайдаланып, жаңа және бар дерекқор кестелерінде мәтін өрісін қосу немесе жою жолын түсіндіреді.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды:

Мәтін өрістерін түсіну

Mәтін өрісін деректер кестесінің көрінісінде қосу

Мәтін өрісін құрастырушы көрінісінде қосу

Мәтін өрісін жою

Мәтін өрісінің сипаттары туралы мәліметтер

Мәтін өрістерін түсіну

Егер Office Access 2007 бағдарламасын бірінші рет пайдаланып отырсаңыз, дерекқордағы деректер бір немесе бірнеше кестелер ішінде сақталатынын есте сақтаңыз. Осы ақпаратты деректер кестесі — Microsoft Office Excel 2007 жұмыс парағынына ұқсайтын тор —ішінде не деректер енгізу үшін арналған пішінде не есеп ішінде көруге болады, бірақ дерекқор барлық деректерді бір немесе бірнеше кестелер ішінде сақталады. Өз кезегінде, әрбір кесте өрістер (бағандар) жиынтығынан құралған, және әрбір өріс деректердің бір нақты түрін қабылдауға теңшеленген. Мәселен, күндер мен уақытты сақтау қажет болған кезде өрісті күн/уақыт түріне теңшеу қажет, ал есімдер, мекенжайлар және телефон нөмірлері сияқты мәтіндік деректерді сақтау қажет болған жағдайда өрісті мәтіндік деректер түріне теңшеу қажет. Егер үлкен мөлшердегі (256 таңбадан астам) мәтінді сақтау қажет болса, өрісті мемо деректер түріне теңшеу қажет.

Мәтін өрісінің техникалық қасиеттері

Office Access 2007 бағдарламасында мәтін өрістері ең көп болғанда 256 әріп немесе сан таңбаларын сақтауы мүмкін. Кесте өрісінде немесе пішіндегі не есептегі басқару элементінде барлық 256 таңбаларды көрсетуге болады. Мәтін өрісінің мемо өрісінінен айырмашылығы, оның ішінде деректерді пішімдеуге мүмкіндік жоқ. Дегенмен, өзгертпелі бейнелеу пішімдерді қолдануға болады және пайдаланушы тарапынан енгізілетін деректерді реттейтін енгізу маскаларын да қолдануға болады.

Мәтіндік деректерді пішімдеу туралы көбірек ақпарат алу үшін Кестелер, пішіндер және есептер ішінде деректерді пішімдеу мақаласына қараңыз. Енгізу маскалары туралы көбірек ақпарат алу үшін Өрістерге немесе басқару элементтеріне мәндерді нақты пішімде енгізу мақсатында енгізу маскасын жасау.

Мәтін өрісін жасау әдістері

Office Access 2007 бағдарламасы жаңа немесе бар кестеге мәтін өрісін қосу үшін бірнеше жол ұсынады:

  • Деректер кестесінің көрінісі    Деректер кестесінің көрінісінде жаңа немесе бар кестеге мәтін өрісін қосу үшін жаңа өріс қосып, одан кейін осы өрістің бос жолына мәтін енгізіңіз немесе бос жолына ең көп болғанда 256 таңбадан құралған мәтінді қойыңыз. Сондай-aқ, ашпалы шаршыдан деректер түрін таңдап, Талап етіледі (пайдаланушыларды өріске күн енгізуге мәжбур етеді) және Бірегей (пайдаланушыларды өріске қайталанбайтын мән енгізуге мәжбур етеді) сияқты сипаттарды теңшеп алуыңыз мүмкін.

  • Құрастырушы көрінісі    Құрастырушы көрінісін пайдаланып, мәтін өрісін қосуға болады және осы өріс үшін деректер кестесінің көрінісінде теңшеуге болмайтын сипаттарды теңшеп алу мүмкін. Осы сипаттар ішінде енгізу маскалары және өрістің әдепкі мәні бар. Құрастырушы көрінісінде теңшеуге болатын сипаттар туралы көбірек ақпарат алу үшін бұл мақаланың соңында берілген Мәтін өрісінің сипаттары туралы мәліметтер бөліміне қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Mәтін өрісін деректер кестесінің көрінісінде қосу

Бұл бөлімдегі қадамдар деректер кестесінің көрінісінде жаңа немесе бар кестеге мәтін өрісін қосу жолын түсіндіреді. Егер Access бағдарламасын бірінші рет пайдаланып отырсаңыз, деректер кестесі Office Excel 2007 жұмыс парағына ұқсайтын тор болып табылады.

Бар кестеге мәтін өрісін қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені екі рет нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады.

  4. Қажет болған жағдайда бірінші бос өріске жеткенге дейін бетті көлденең айналдырыңыз. Әдепкіде Access бағдарламасы барлық жаңа өрістердің тақырып жолдарында Жаңа өріс қосу дегенін бейнелейді:

  5. Тақырып жолағын екі рет нұқыңыз да өріс үшін атау енгізіңіз.

  6. Тақырып жолағы астында бірінші бос жолды таңдаңыз да мәтін немесе мәтін мен сандарды араластырып енгізіңіз. Ең көп болғанда 256 таңба енгізуге болады. Өріске мәтін енгізілгенде немесе сандар мен мәтіндің қосындысы енгізілгенде және енгізілген таңбалардың саны 256-дан аспаса, Access бағдарламасы осы өрісте мәтін сақталады деп есептейді және ол үшін мәтін деректер түрін белгілейді. Егер енгізілген таңбалардың саны 256 асса, Access осы өріс үшін мемо деректер түрін белгілейді.

    -немесе-

    Бірінші жолға құрамында ең көп болғанда 256 таңба бар болған мәтіндік деректерді енгізіңіз.

  7. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз.

Мәтін өрісін жаңа кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. жасау қойындысының Кестелер тобында Кесте түймешігін нұқыңыз.

    Access бағдарламасы жаңа кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады. Бұл сурет жаңа кестені көрсетіп тұр:

    Дерекқордағы жаңа, бос кесте

  4. Сақтау Түймешік суреті түймешігін басыңыз да Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде жаңа кесте үшін атау енгізіңіз.

  5. Кестедегі бірінші өрістің тақырып жолағын (Жаңа өріс қосу дегенін) екі рет нұқыңыз, ал одан кейін өріс үшін атау енгізіңіз.

  6. Тақырып жолағы астында бірінші бос жолды таңдаңыз да мәтін немесе мәтін мен сандарды араластырып енгізіңіз. Ең көп болғанда 256 таңба енгізуге болады. Өріске мәтін енгізілгенде немесе сандар мен мәтіндің қосындысы енгізілгенде және енгізілген таңбалардың саны 256-дан аспаса, Access бағдарламасы осы өрісте мәтін сақталады деп есептейді және ол үшін мәтін деректер түрін белгілейді. Егер енгізілген таңбалардың саны 256 асса, Access осы өріс үшін мемо деректер түрін белгілейді.

    -немесе-

    Бірінші жолға құрамында ең көп болғанда 256 таңба бар болған мәтіндік деректерді енгізіңіз.

    -немесе-

    Деректер кестесі қойындысын ашып, Деректер түрі және пішімдеу тобындағы Деректер түрі тізімінен Мәтін дегенін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтін өрісін құрастырушы көрінісінде қосу

Құрастырушы көрінісін пайдаланып, жаңа немесе бар кестеге мәтін өрісін қосып, одан соң осы өріс үшін деректер кестесінің көрінісінде теңшеуге болмайтын сипаттарды теңшеуге немесе өзгертуге болады. Мәселен, енгізу маскасын немесе әдепкі мәнді белгілеп алу мүмкін. Осы бөлімдегі қадамдар мәтін өрісін қосуды және өріс сипаттарын теңшеп алуды түсіндіреді.

Бар кестеге мәтін өрісін қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  4. Өріс атауы бағанында, бірінші бос жолды таңдаңыз да өріс үшін атау енгізіңіз.

  5. Деректер түрі бағанында орналасқан келесі ұяшығына өтіңіз де тізімнен Мәтін дегенін таңдаңыз.

  6. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз.

Мәтін өрісін жаңа кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. жасау қойындысының Кестелер тобында Кесте түймешігін нұқыңыз.

  4. Сақтау Түймешік суреті түймешігін басыңыз да Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде жаңа кесте үшін атау енгізіңіз.

  5. Жаңа кестенің құжат қойындысын тінтуірдің он жақ түймешігімен нұқыңыз да Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  6. Өріс атауы бағанында, бірінші бос жолды таңдаңыз да өріс үшін атау енгізіңіз.

  7. Деректер түрі бағанында орналасқан келесі ұяшығына өтіңіз де тізімнен Мәтін дегенін таңдаңыз.

  8. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз. Егер өрістің сипаттарын теңшеп алғыңыз келсе, кестені құрастырушы көрінісінде ашық қалдырыңыз да келесі қадамдарға өтіңіз.

Өріс сипаттарын теңшеу немесе өзгерту

  1. Кесте құрастырушының төменгі бөлімінде, Өріс сипаттары астында орналасқан Жалпы қойындысында өзгерткіңіз келетін сипатты табыңыз.

  2. Сипат атауының қасында орналасқан өрісті таңдаңыз. Сипат түріне қарай, деректер енгізуге болады (мәселен, әдепкі мәтінді немесе енгізу маскасын), Builder button түймешігін нұқып, Өрнек құрастырушы құралын бастауға болады, немесе тізімнен параметр таңдау мүмкін.

    Әрбір өріс сипатын пайдалану туралы ақпарат алу үшін сипат таңдаңыз да F1 пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтін өрісін жою

Кестедегі мәтін өрісін жою үшін деректер кестесінің көрінісін немесе құрастырушы көрінісін пайдалануға болады. Дегенмен, ішінде деректер бар мәтін өрісін жойған кезде осы деректер із-түзсіз жоғалады  - жою әрекетін болдырмауға болмайды. Осы себептен кесте өрістерін немесе басқа дерекқор бөлектерін жоймас бұрын, дерекқордың сақтық көшірмесін жасап алғаныңыз жөн.

Mәтін өрісін деректер кестесінің көрінісінде жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені екі рет нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады.

  4. Мәтін өрісін табыңыз да тақырып жолын (атауын) тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, ал одан кейін Баған жою пәрменін таңдаңыз.

Мәтін өрісін құрастырушы көрінісінде жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

    Access бағдарламасы кестені құрастырушы көрінісінде ашады.

  4. Мәтін өрісінің қасында тұрған жол бөлектеу түймешігін (бос шаршы) нұқыңыз да DELETE пернесін басыңыз.

    -немесе-

    Жол бөлектеу түймешігін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Жолдарды жою пәрменін таңдаңыз.

  5. Жою әрекетін құптау үшін Иә түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтін өрісінің сипаттары туралы мәліметтер

Құрастырушы көрінісін пайдаланып, кестеге мәтін өрісін қосқан кезде өріс үшін бірнеше сипаттар теңшеп алу мүмкін және осы сипаттарды өзгерту мүмкін. Бұл кесте мәтін өрісінің сипаттарын тізімдейді, олардың не істейтінін сипаттайды және осы сипаттарды теңшеу немесе өзгерту салдарын түсіндіреді.

Сипат

Не үшін қолданылады

Өріс ауқымы

Мәтін өрісінің ауқымын реттейді. Жарамды мәндер: 0 мен 255 аралығындағы мәндер. Егер осы сипатты бос қалдырсаңыз, өріс 256 таңба қабылдайды.

Пішім

Бейнеленетін пішімді анықтау үшін өзгертпелі пішімдеу таңбаларын енгізіңіз. Осы жерде анықталатын пішімдер деректер кестелерінде, пішіндерде және есептерде көрсетіледі.

Өзгертпелі пішімдер туралы көбірек ақпарат алу үшін Кестелер, пішіндер және есептер ішінде деректерді пішімдеу мақаласына қараңыз.

Енгізу маскасы

Өріске пайдаланушылар тарапынан енгізілетін деректерді реттеу қажет болған жағдайда енгізу маскасы қолданылады.

Енгізу маскаларын пайдалану туралы көбірек ақпарат алу үшін Өрістерге немесе басқару элементтеріне мәндерді нақты пішімде енгізу мақсатында енгізу маскасын жасау мақаласына қараңыз.

Тақырып

Мәтін өрісінің атауын белгілейді. Бұл сипат ең көп болғанда 2 048 таңба қабылдай алады. Егер тақырып белгіленбесе, Access бағдарламасы әдепкі өріс атауын қолданады.

Әдепкі мән

Жаңа жазба жасаған кезде өріс ішінде автоматты түрде пайда болатын мәнді белгілейді. Мәселен, мекенжайларды көрсететін кестеде "Қала" өрісінің әдепкі мәнін теңшеп, оны кейбір қала атауын көрсететіндей етіп қою мүмкін. Пайдаланушылар кестеге жаңа жазба қоскан кезде, олар осы мәнді қабылдауы мүмкін немесе басқа қаланың атауын енгізуі мүмкін. Максимал ұзындығы: 255 таңба.

Тексеру ережесі

Барлық жазбаға, кейбір өріске немесе басқару элементіне енгізілген деректер үшін талаптар белгілейді. Өріс үшін белгіленген ережені бұзатын деректер енгізілген кезде Тексеру мәтіні сипатын пайдаланып, пайда болатын қате туралы хабарды белгілеу мүмкін. Максимал ұзындығы: 2 048 таңба.

Тексеру ережелерін жасау туралы көбірек ақпарат алу үшін Өріс ішіндегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау мақаласына қараңыз.

Тексеру мәтіні

Пайдаланушылар тексеру ережесін бұзған жағдайда пайда болатын қате туралы хабардың мәтінін белгілейді. Максимал ұзындығы: 255 таңба.

Тексеру ережелерін жасау туралы көбірек ақпарат алу үшін Өріс ішіндегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау мақаласына қараңыз.

Талап етіледі

Бұл сипат Иә мәніне теңшелген жағдайда, өріс ішіне немесе өріспен байланыстырылған кез келген басқару элементіне міндетті түрде мән енгізуіңіз қажет. Бұған қоса, осы мән нөл болмауы қажет.

Ұзындығы нөлге тең болғанын рұқсат ету

Бұл сипаттың мәні Иә болған жағдайда өріс ішіне ұзындығы нөлге тең болған жолдарды енгізу мүмкін. Ұзындығы нөлге тең жол ішінде ешқандай таңба болмайды. Олар осы өріс үшін ешқандай мән жоқ екенін білдіру үшін пайдаланылады. Ұзындығы нөлге тең жолды белгілеу үшін арасында бос орын жоқ болған екі қос тырнақшаларды енгізіңіз ("").

Индекстелген

Индекстерді пайдаланып, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу барысында сұрау жіберу, сұрыптау және топтастыру әрекеттерін тездету үшін индекстерді пайдалануға болады. Сондай-ақ, индекстерді пайдаланып, пайдаланушыларға қайталанатын мәндерді енгізуге жол бермеуге болады. Келесі мәндерді таңдау мүмкін:

  • Жоқ     Индекстеуді өшіреді (әдепкі).

  • Иә (Қайталану рұқсат етілген)     Өрісті индекстейді және қайталанатын мәндерді енгізуге рұқсат береді. Мәселен, кісілердің аттары мен тегі қайталануы мүмкін.

  • Иә (Қайталану рұқсат етілмеген)     Өрісті индекстейді және қайталанатын мәндерді енгізуге рұқсат бермейді.

Юникод қысуы

Access бағдарламасы мәтін, мемо және еренсілтеме өрістері ішінде деректерді бейнелеу үшін Юникод кодын пайдаланады. Юникод коды бір таңба сақтау үшін 1 байт орнына 2 байт талап ететіндіктен оған деректерді сақтау үшін көбірек орын қажет.

Бұл әсердің есесін қайтару және бағдарламаның жақсы істеуін қамтамасыз ету мақсатында Access бағдарламасы мәтін, мемо және еренсілтеме өрістері үшін бұл сипаттың әдепкі мәнін Иә деп белгілейді. Осы сипаттың мәні Иә болған жағдайда, бірінші байты 0 болған таңба сақталу кезінде қысылады және шығарылып алынған кезде қайта жайылады.

ЕӘӨ күйі

Access бағдарламасының жапон және корей тілдеріндегі нұсқалары арқылы жасалған файлдарды Access бағдарламасының ағылшын тіліндегі нұсқасында пайдалану үшін қолданылатын құрал болып табылатын Енгізу әдісінің өңдеушісін (ЕӘӨ) белгілейді. Әдепкі мән: Басқару элементі жоқ. Бұл сипатты пайдалану туралы көбірек ақпарат алу үшін F1 пернесін басыңыз.

ЕӘӨ сөйлем күйі

Енгізу әдісінің өңдеушісі арқылы енгізілетін деректердің түрін белгілейді. Бұл сипатты пайдалану туралы көбірек ақпарат алу үшін F1 пернесін басыңыз.

Смарт-тегтер

Өріс немесе осы өріспен байланыстырылған кез келген басқару элементі үшін бір немесе бірнеше смарт-тег белгілеңіз. Смарт-тегтер өріс ішіндегі деректердің түрін анықтайтын және осы түрге негізделген әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін құрамдастар болып табылады. Мәселен, электрондық пошта мекенжайы үшін арналған өріс ішінде смарт-тег жаңа пошта хабарын жасау мүмкін немесе мекенжайды істес кісілердің тізіміне қосуы мүмкін.

Қатынаулы смарт-тегтер тізімін көру үшін Builder button түймешігін басыңыз.

Мәтінді туралау

Мәтін өрісі ішіндегі деректерді туралау түрін белгілейді. Келесі мәндерді таңдауға болады:

  • Жалпы     Барлық мәтінді сол жақ жиегі бойынша туралайды.

  • Сол жақ     Барлық мәтінді сол жақ жиегі бойынша туралайды.

  • Орта     Барлық мәтінді орістің ортасы бойынша туралайды.

  • Оң жақ     Барлық мәтінді оң жақ жиегі бойынша туралайды.

  • Ені бойынша туралау     Барлық мәтінді өрістің немесе мәтін ұясының екі жақтары бойынша бірдей таратады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×