Мәтіндегі, нөмірлердегі немесе күн-ай мәндердегі жазбаларды сұрыптау

Есепхатты немесе пішінді пайдалануға жеңіл қылып жасау үшін деректерді сұрыптау мүмкіндігі үлкен рол атқарады. Мысалы үшін, өнімдерді алфавитты тәртіпте немесе өнімдердің бағаларына негізделген түрде тізімдейтін каталог элементтерін кездейсоқ тәртіпте тізімдейтін тізіммге қарағанда пайдалану ыңғайлырақ.

Бұл мақала кестені, сұрауды немесе есепхатты көріп немесе жасап жатқан кезде жазбаларды қалай сұрыптау керектігін түсіндіреді.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Кіріспе

Жазбаларды көріністе сұрыптау

Сұрыптау тәртібін жою

Сұрыптау тәртібін нысанымен бірге сақтау

Кіріспе

Біз күніне көретін бірнеше тізімдер сұрыпталған болады немесе қалағанымызша сұрыптауға мүмкіндік береді. Күнтізбе мен күнделік күн-айға қарап сұрыпталған болады. Сіз ұшақ билетін іздегеніңізде немесе электрондық пошта "Кіретін" хабарламаларды қарап шығатын кезде, Сіз көптеген өрістер арасынан қажетті элементті сұрыптап алу мүмкіндігіне иесіз. Баға, жіберу уақыты немесе әуә жолларына негізденіп билеттерді сұрыптауыңызға болады және электрондық пошта жәшігіңізді жіберуші, тақырып немесе күн-айға қарап сұрыптауыңызға болады. Сұрыпталған тізім пайдаланушыларға деректерді бір-бірлеп көріп шығудың орнына қажетті заттарды жедел түрде табып алуға мүмкіндік береді.

Кестедегі, сұраудағы, пішіндегі немесе есепхаттағы немесе одан да көп өрістердегі жазбаларды сұрыптауыңызға болады. Минималдық жасақтама жұмыстарымен, Сіз және Сіздің пайдаланушыларыңыз жазбалар қалай сұрыптайтынын таңдау мүмкін.

Мысалы үшін, өнімдер каталог есепхатын жасақтаған кезде, өнімдерді алфавитты тәртіпте тізімдеуді таңдауыңыз мүмкін. Нысан жасап жатқаныңызда, Сіз таңдайтын тәртіп әдепкі сұрыптау тәртібі болып қалады. Алайда пайдаланушылар Сізідң сұрауыңызды немесе есепхатыңызды көргенде жазбаларды өздерінің қалауы бойынша сұрыптау мүмкін, мысалы үшін нарықтар бойнша немесе жабдақтаушылар бойынша.

Ескерту : Тіркесімдер мен OLE нысандары бар өрістерден басқа көрініс бейнеленіп тұрған өрістердің кез келгенімен сұрыпталу мүмкін.

Бірнеше өрістердегі жазбаларды сұрыптау арқылы нәтижелерді жақсартуыңызға болады. Бірнеше өрістерде сұрыптайтын болсаңыз, бірінші болып көрсетілетін және ең соңында көрсетілетін сұрыптау өрістерін белгілеп кету маңызды болып есептеледі. Ондай істеудің маңызы Сізге қажетті ңәтижелерге қол жеткізуде. Мысалы үшін, "Байланыстар" кестесінің "Фамилиясы" және "Аты" өрістердегі жазбаларды сұрыптауды қаладыңыз делік. Егер аттарды фамилиялар арасынан "А" әріпінен "Я" әріпіне дейін (немесе керісінше) сұрыптайтын болсаңыз, "Аты" өрісі ішкі болып есептеледі. Керісінше, егер фамилияларды аттар арасынан сұрыптайтын болсаңыз, "Фамилия" өрісі ішкі болып саналады. Басқаша қоятын болсаңыз, жазбалар бірінші (сыртқы) "Фамилиялар" өрісінде, содан соң (ішкі) "Аттар" өрісінде сұраптау әрекетін орындайды.

Сұрыпталатын ішкі және сыртқы өрістер

1. "Фамилия" сыртқы өріс және "Аты" ішкі өріс деп саналады.

2. "Аты" сыртқы өріс және "Фамилия" ішкі өріс деп саналады.

Бір нәрсе есіңізде болсын, сұрыптау тәртіптерді қолданып жатқанда нөмірлер, мәтіндер немесе арнайы таңбалар компьютеріңізде орнатылған тіл және аймақтық параметрлеріне қарап орындалады. Егер Access параметрлері тілқатысу терезесіндегі тіл мен аймақтық параметрлер Басқару мәзіріндегі параметрлерімен сайкес келмесе, нәтижедегі сұрыптау тәртіптері көнілдегідей шықпай қалу мүмкін.

Әдепкі тіл немесе аймақтық параметрлерді қарап шығу немесе өзгерту

Access бағдарламасында тіл параметрлерін қарап шығу үшін, Microsoft Office Button түймешігіні нұқыңыз да Түймешік суреті , Access парамтерлері таңдаңыз. Орнату парамтерінің астында, Жаңа дерекқоры сұрыптау тәртібі тізіміндегі мәндерді қарап шығыңыз немесе өзгертіңіз. Егер келесі тілдердің біреуін пайдаланатын болсаңыз  : африкаанс, албан, баск, болгар, беларус, каталон, неміс, ағылшын, фарер, фарси, стандартты неміс, грек, иврит, хинди, италия, малай, португал, орыс, серб, суахили және урду тілдері, сол параметрді Жалпы дегеніне ауыстырыңыз. Бұл парамтер тек қана жаңа дерекқорына әсер ететініне назар аударыңыз. Бар дерекқорыға параметрді қолдану үшін, алдымен дерекқорыны құрастырыңыз.

Дерекқорыны құрастыру үшін:

  • Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, Басқару тармағын таңдаңыз, және одан кейін Осы дерекқорды басқару астындағыДерекқорды ықшамдау және жөндеу түймешігін нұқыңыз.

Компьютерде орнатылған аймақтық параметрлерді көріп шығу үшін, Басқару мәзіріндегі Аймақтық және Тіл параметрлерін ашыңыз. Аймақтық параметрлері қойындысында, қайта көріп шығыныз да, қалаған өзгертулерді енгізіңіз. Осы әрекеттер туралы қосымша ақпараттарға ие болу үішн, Microsoft Windows анықтамасын көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазбаларды көріністе сұрыптау

Ескерту : Access бағдарлмасында, есепхатты сұрыптау жолы кесте, сұрау немесе пішін сұрыптауға қарағанда кішкене айрмашылықтары бар.

Есепхатты сұрыптау

Кестені, сұрау немесе пішінді сұрыптау

Есепхатты сұрыптау

  1. Есепхатты Орналасу кестесінде немесе Құрастырушы көрінісінде ашыңыз.

  2. Топ, сұрыптау және жалпы тақтасы ашық емес болса, Топтастыру & Жалпылар тобында (Орналасу көрінісінің Пішімдеу қойындысында немесе Құрастырушы көрінісінің Жасақтама қойындысында), Топ & Сұрыптау парамтерін таңдаңыз.

  3. Келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Егер есепхат топталмаған болса немесе сұрыпталмаған болса, Топ, сұрыптау және жалпы тақтасындағы Топты қосу параметрін басыңыз да, сыртқы сұрыптау өрісін таңдаңыз. Екінші ашылма көрсеткіні және мәндер қалай сұрыпталу керектігін таңдаңыз. Қосымша парамтерін нұқыңыз, содан соң , үстіңгі деректеме бөліміменнің оң жағында орналасқан көрсеткіні басыңыз да, үстіңгі деректеме бөлімісіз параметрін таңдаңыз. Осы қадамдарды әрбір сұрыптау өрісі үшін қайталаңыз, яғни ішкі сұрыптау өрісі төменде пайда болуы керек.

    • Егер есепхат топтастырылған немесе сұрыпталған болса, деңгейін қарап шығыңыз да, ұқыптылықпен өзгертулерді енгізіңіз. Өрісті өзгерту үшін, бірінші ашылма көрсеткіні пайдаланыңыз. Тәртіпті өзгерту үшін, екінші ашылма көрсеткіні пайдаланыңыз. Топтастыру деңгейін тек қана сұрыптау деңгейіне өзгерту үшін, үстіңгі бөлімімен параметрін үстіңгі бөлімісіз дегеніне ауыстырыңыз.

Кеңес : Есепхатты бір өрісте сұрыптау үшін, есепхатты Орналасу көрінісінде ашыңыз, өрісті тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, қалаған сұрыптау әмірін таңдаңыз. Мысалы үшін, егер "Жасы" деген өрісін таңдайтын болсаңыз, Кішкентайынан үлкеніне қарай сұрыптау немесе Үлкеніен кішкентайына қарай сұрыптау параметрін таңдаңыз. Ал егер есепхат топтастырылған болса немесе бірнеше өрістерде сұрыптауды қалайтын болсаңыз, Топ, сұрыптау және жалпы тақтасын пайдалануыңыз қажет.

Кестені, сұрауды немесе пішінді сұрыптау

  1. Сұрыптайтын өрістерді белгілеңіз. Екі немесе одан да көп өрістерді сұрыптау үшін ішкі немесе сыртқы өрістер болып орындалатын өрістерді анықтаңыз.

  2. Ішкі өріске сай келіп тұрған бағанда немесе басқару элементе тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз да, сұрыптау әмірлерінің біреуін таңдаңыз. Таңдалған өрістегі деректер түрлерінің әмірлері түрліше болады.

    Ескерту : «Иә/Жоқ» деректер түрлерінен болған өрістердегі деректерді сұрыптаған кезде, «Иә», «Шын» немесе «Қойылған» мәндер «Таңдалған» деп қабылданады және «Жоқ», «Жалған» немесе «Алынған» мәндер «Жойылған» деп қабылданады. Осы түрдегі өрістер үшін әдепкі бейнелеу құсбелгі көзі болып есептеледі, алайда Сіз оны мәтін ұя немесе тізімді өріс қылып орнатуыңызға болады. Егер осы түрдегі өріс үшін бейнелеуді мәтін ұя немесе тізімді өріске өзгертетін болсаңыз, ол әлі де «Қойылған» немесе «Алынған» деп сұрыпталады.

    Сұрыптау парамтерлері

    1. Нөмір, Ақша, Автонөмір

    2. Мәтін, Жазбалар, Еренсілтеме

    3. Иә/Жоқ

    4. Күн-ай/Уақыт

  3. Сыртқы сұрыптау өрісімен бітетін әрбір сұрыптау өрісі үшін төбедегі қадамды қайталаңыз.

    Сұрыптау тәртібіне сәйкес келтіру үшін жазбалар қайта реттелген.

    Ескерту : Егер мәтін өрісінің құрамында мәні жоқ немесе ұзындығы нөл тең жолы болса, артуы бойынша сұрыпталған кезде, мәні жоқ жазбалар бірінші болып, ұзындығы нөлге тең жолдар екінші болып және бос емес жазбар үшінші болып бейнеленеді.

    Сұрыптау кезінде арнайы таңбалар, алдыңғы бос орындар немесе теріс мәндер қалай сұрапталатынын түсініп алу

    Егер өрістегі мән арнайы таңбамен  (сызықшық, жай жақша немесе басқа таңбалар сияқты ) басталса, артуы бойынша сұрыпталу кезінде келесі мінез-құлықты көресіз:

    • Бос орын таңбаларымен басталатын мәндер әріп және сан мәндерінің алдында пайда болады.

    • Жақшаларға алынған мәндер бос орындармен басталатын мәндерден кейін бірақ әріп пен сан мәндерінен алдын пайда болады.

    • Минус белгісімен басталатын мәндер -) қосу белгісімен (+) басталатын мәндердің алдында пайда болады.

    • Басқа таңбалар үшін, тәртіп таңбалардың ASCII таңбалар кодтарына қарап анықталады. Мысалы үшін, доллар таңбасы үшін (тг.) ол 36 тең және тең белгісі үшін (=) ол 61 тең, сол үшін "тг." белгісімен пайда болатын мәндер "=" басталатын мәндердің алдынан пайда болады.

      Осы тәртіпті жауып тастау үшін, өрістегі барлық мәндерінің бірінші таңбаларын елемеуді таңдауыңызға болады. Бұл әдіс өрістердегі мәндер дайым минус белгісі сияқты немесе арнайы таңбалармен бірдей болған нөмірлер сияқты арнайы белгілермен басталған кезде ғана орындалады  (осы жол арқылы қанша таңбаларды елемеу керектігін біліп аласыз). Бөлектелген мәндерді қалай сұрыптау керек туралы бірте-бірте ақпараттарға ие болу үшін, Өрісте бөлектелген мәндерге негізделген жазбаларды сұрыптау деген мақаланы көріңіз. Елемейтін таңбалар саны түрліше болатын болса, өзгертпелі сұрыптау тәртібін орнатуыңызға болады. Бірте-бірте ақпараттарға ие болу үшін, Жазбаларды өзгертпелі тәртіптерде сұрыптау деген мақаланы көріңіз.

Бір ғана өрістің өзінен сұрыптау тәртібін жоя алмайтыңыз есіңізде болсын. Барлық сұрыптау өрістерінен сұрыптауды жойып тастау үшін, Үй қойындысындағы Сұрыптау & сүзгіш тобында Барлық сұрыптауларды алу параметрін таңдаңыз да, қалаған сұрыптау тәртіптерін қолдануыңызға болады.

Қосымша сұрыптау сценарийлері    

Сұрыптау әмірлерін пайдаланғанда, өрістің деректер түрі мен әрбір өрістің біткен мәндері жазбалардың тәртібін орнатады. Сіз дүйсенбі, сейсенбі және т.б. сияқты мәтін мәндерін өзгертпелі тәртіпте сұрыптауды және әріп мен сан тәртібінде емес болуын қаладыңыз ба? Немесе, мәтін өрістерді IP мекенжайлары бар мәтін өрістерді сұрыптауды қаладыңыз ба? Егер сұрыптау әмірлері қажеттеріңізді қанағаттандырмаса келесі мақаланы көріңіз:

  • Өрісте бөлектелген мәндерге негізделген жазбаларды сұрыптауӨрістегі бірінші бірнеше немесе соңғы бірнеше таңбаларға негізделген жазбаларды сұрыптауды қаладыңыз ба? Қарапайым өрнектерді жазу Сіз үшін ыңғайлы болса, осы мақалада бөлектелген мәндерді бөліп алу үшін не істеу керектігін түсіндірілген.

  • Үлкен-кішілігін ескеріп сұрыптау тәртібі Access бағдарламасы мәтін мәндірінің үлкен немесе кіші әріптермен жазылуларын елемейді. Мысалы үшін, дильнара және Дильнара бірдей қабылданады және олардың қайсысы бірінші болып пайда болуын Сіз реттей алмайсыз. Үлкен-кішілігіне қарап сұраптауды қаласаңыз осы мақаланы көріңіз.

  • Мәтін өрістерінде сақталатын сандық мәндерді сұрыптау Сіз жеке сандарды сұрыпталғанын көріп тұрсыз да, алайда нөмірлеу сандары кездейсоқ болып тұрғанын көріп тұрсыз, дұрыс па? Егер, мысалы үшін, "11" және "121" мәндері жазбалардан алдын пайда болатын болса, осы мақаланы көріңіз.

  • Жазбаларды өзгертпелі тәртіпте сұрыптауАпта күндерін (Дүйсенбі, сейсенбі және т.б.) немесе жұмыс орындарын (менеджер, директор) сияқты белгілі мәндерді сұрыптауды қаласаңыз, өзіңізге маңызды болған тәртіпте сұрыптауды қаласаңыз, осы мақаланы көріңіз.

  • IP мекенжайларды сұрыптау Құрамында бірнеше нөмірлері мен нүктелері бар IP мекенжайлары (.), қарапайым мәтін немесе нөмірлерсұрыптауы IP мекенжайлары үшін істемейді. IP мекенжайларды қалай сұрыптау керектігі туралы ақпараттарға ие болу үшін осы мақаланы көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Сұрыптау тәртібін жою

  • Кестеден, сұраудан немесе пішінден сұрыптау тәртібін жойып тастау үшін, Үй қойындысындағы, Сұрыптау & Сүзгіш тобында Барлық сұрыптауларды алу парамтерін таңдаңыз.

    Бұл көріністегі барлық сұрыптау тәртіптерін жояды

  • Есепхаттан сұрыптау тәртібін жою үшін, Топтастыру & Жалпылар тобындағы Топ & Сұрыптау параметрін (Орналасу көрінісінің Пішімдеу қойындысында, Жасақтама көрінісінің Жасақтама қойындысында) таңдау арқылы Топ, сұрыптау және жалпы тақтасын ашыңыз. Содан соң жойылатын сұрыптау деңгейін нұқыңыз да, Жою параметрін таңдаңыз. Сұрыптау өрісіне сәйкес келетін ендірілу келесі сөздермен басталады:...бойынша сұрыптау. Топтау сөзімен басталатын ендірілулерді жоюдан аулақ болыңыз, себебі ол есепхаттың жасақтамасын өзгертіп жібереді.

Беттің жоғарғы жағы

Сұрыптау тәртібін нысанымен бірге сақтау

Соңғы қолданылған сұрыптау тәртібі автоматты түрде кестемен, сұраумен, пішінмен және есепхатпен бірге сақталады. Нысан кейінгі рет ашылғанда автоматты түрде қолданылуын қаласаңыз, нысандың ҚотаруБойыншаРеттеу сипаты үшін Иә параметрін орнатыңыз.

Уақыт уақытымен соңғы қолданылған сұрыптау тәртібі өзгеріп тұратындықтан, Сіз тұрақты (әдепкі) сұрыптау тәртібін орнатуыңызға болады. Сұрау немесе есепхат үшін әдепкі сұрыптау тәртібін орнатуыңызға болады. Әдепкі сұрыптау тәртібі ағымдық немесе соңғы қолданылған сұрыптау тәртібімен қайта жазылмаса да, ол тек ағымдық немесе соңғы қолданылған сұрыптау тәртібі жойылғанда ғана өз күшіне ие бола алады.

  • Сұрау үшін әдепкі сұрыптау тәртібін орнату үшін, оны Құрастырушы көрінісінде ашыңыз. Сұрыптау өрістерін жасақтама торына қосыңыз да, Сұрыптау жолында, қалаған тәртіпті орнатыңыз.

  • Есепхат үшін әдепкі сұрыптау тәртібін орнату үшін, Орналасу және Жасақтама көрінісіндегі Топ, сұрыптау және жалпы тақтасын пайдаланыңыз. Бірте-бірте ақпараттарға ие болу үшін, Есепхатты сұрыптау бөлімін көріңіз.

Әдепкі сұрыптау тәртібіндегі сұрыпталған жазбаларды көру үшін, Үй қойындысындағы, Сұрыптау & сүзгіш тобында Барлық сұрыптауларды алу параметрін таңдаңыз. Бұл ағымдық немесе соңғы қолданылған сұрыптау тәртібін жояды және Сізге әдепкі көріністегі жазбаларды көруге мүмкіндік береді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×