Мінсіз резюме жазу үшін жасалатын алты қадам

Резюмеңіз жұмысыңызды тежеп тұр ма?

Резюмеңіз жұмыс іздеуді тежеп тұр ма? Егер жаңа жұмыс орнына ие болу үшін бар күшіңізді салған болсаңыз және үмітіңіз ешқандай нәтижелер бермесе, онда жауап "иә" болуы мүмкін. Мұнда резюмені қарапайым түрден қызықтыратын түрге айналдырудың алты жолы берілген:

  1. Резюме жасау     Бизнес тәжірибесі мол Мэдисон даңғылының жарнама жасаушы мамандарынан нұсқаулар алып резюме мазмұнын толтырыңыз. Резюмеңіздің тақырыбынан бастап ең басында мансап мақсатыңыз нақты көрсетіліп (егер жұмыс ісеп жатқан болсаңыз) немесе мақсатыңыз көрсетілген сөйлем (егер бітіруші түлек болып немесе жұмысыңызды ауыстырып жүрген жағдайда) берілуі керек. Күн сайын жұмысқа шақырушы менеджерлер, әсіресе жаппай жұмыстан шығару кезінде немесе көптеген жұмыс түрлерін интернеттен жарнамалаған уақытта, жүздеген резюме түрлерін алып отырады. Резюмеңізге бастапқыда көңіл аудармауы да мүмкін, сөйтіп олар қалағаныңызды (қандай мамандық иесі екендігіңізді) болжап отырмас үшін жойып тастайды. Резюме тақырыбы немесе мақсаты бірден сіздің аты-жөніңіз бен байланыс мәліметіңіздің астында жазылу керек.

    Үлгі резюме тақырыптары келесілерді қамтиды: “Жеңімпаз технология сатылымдарының өкілі", “Мульти сертификацияланған интернет әкімшісі (CNA, MCSE, CCNA)” және “Фортуна 500-Тәжірибелік әкімшілік қолдауы бар кәсіпқой”.

    Үлгі мақсат түрлері келесілерден тұрады: “Үлкен академиялық базасы бар және жоғары деңгейдегі Америка банкінің интернатурасын тәмамдап банкте жұмыс істеу мансабын бастауға құштар қаржыгер бітіруші жас түлек". "Тәжірибелі медбике практиканты медициналық білімін жетілдіруге және фармацевтикалық сатылымдарға арнап дәлелденген бар күш-жігерін салуға талпынады".

  2. Жетістіктеріңізді нақтылап көрсету     Бүгінгі бәсекеге толы жұмыс нарығында резюмеңізде жәй ғана жұмысқа алушылар, жұмыс істеген жерлеріңіз, жұмыс істеген уақытыңыз және жалпы атқарған міндеттеріңіз емес, одан көп ақпарат берілу керек. Оны сәтті жасап шығу үшін, жасаған жұмысыңызды бөлектеп қана қоймай оны қалай жасағаныңыз туралы да айтуыңыз керек. Осылай жасаудың бірден бір жолы, ол — атқарған жұмысыңыздың астынан атқарған міндеттеріңіздің қысқаша түсініктемесін беру болып табылады және олар "Негізгі жетістіктер" немесе "Таңдаулы үлестер" атты таңбалаушы тізімнен кейін келу керек.

    Жауапкершілікке штатты бақылау, дерекқор әкімшілігі немесе басқарма операциялары сияқты күнделікті атқаратын міндеттеріңіз кіреді. Жетістіктеріңіз жұмыс берушінің мақсаттары мен тұтынушы үмітін ақтап іске асыру үшін жасаған нақты іс-әрекеттеріңізді сипаттайды. Әдетте, жетістіктер процестерді, қызметтерді немесе технологияны жақсартатын; жылдық түсімді асыртып шығындарды азайтатын; тиімділік немесе ұйымды жетілдіретін; айналым уақыттарын күшейтетін; пайда көзін жоғарлататын; тұтынушы үмітін ақтайтын, проблемаларды шешетін; штат әдебі мен тәжірибесін жақсартатын; жаңа тұтынушыларды шақыратын немесе бар бизнесті бір деңгейде ұстап тұратын; бәсекеге төтеп бере алатын немесе бизнесті жақсартатын жолдарды сипаттайды.

  3. Жетістіктеріңіздің санын көрсету     Мүмкін болғанша, салыстыру алдында және кейін пайыз көрсеткіштерін, доллар мөлшерін немесе басқа да сипаттаушыларды пайдаланып жетістіктеріңіздің санын көрсетуге тырысып көріңіз. Жетістіктеріңіздің нақты дәлелдерін көрсету арқылы резюмеңізді қосымша дәйектілікпен толтырады.

    Келесіні үлгіден бұрын және кейін қарастырыңыз: бұрын (жетістіктер сөйлемінде сандар берілмеген): Интернет функцияларын жақсарту үшін күрделі техникалық проблемаларды анықтап шешті. Кейін (жетістіктердің саны көрсетілген сөйлем): Интернеттегі қол жетімді уақытты 89%-дан 99.5%-ға дейін жақсартты (өте жоғары). Интернет проблемаларының ұзаққа созылған тарихын мамандардың ақауларды жоюы мен жүйелер оптимизациясы арқылы толықтай өзгертті.

  4. Резюмедегі негізгі сөздердің жиілігін көбейту     Негізгі сөздерді жұмыс берушілер онлайнда немесе компьютер дерекқорында сақталған резюмелерді іздеу үшін пайдаланады. Резюмеңізде негізгі сөздер саны көп болған сайын, соғұрлым резюмелер тізімінің жоғарғы жағында орналасады. Сізде компания іздеп жатқан нақты білім мен қабілеттер болуы керек, бірақ егер соның барлығын негізгі сөздер жеткізе алмаса, онда резюмеңіз негізгі сөздерді қамтитын басқа үміткерлер резюмелерінің арасынан табылмауы мүмкін.

    Толық тізімі берілмесе де, негізгі сөздер жұмыс тақырыптары немесе жұмыс функциялары болуы мүмкін (мысалы, “компьютер бағдарламашысы”, “компьютер бағдарламалау”, “бөлшектеп сату басшысы”, “көп-бағытты бөлшектеп сату басшылығы); сертификаттар дәрежелері (мысалы, “маркетингтен бакалав дәрежесі”, “маркетингтен ГҒБ “КТА,” “ДМ”); өнеркәсіп жаргоны (мысалы, “ISO 9000,” “Six Sigma,” “JIT Systems”); компьютер бағдарламалары/бағдарламалар/жүйелер (мысалы, “Microsoft Office Word,” “Microsoft Office PowerPoint,” “Windows 2000”); жалпы дағдылар (мысалы, “проблеманы шығармашылық жолмен шешу”, “штатпен кездесулер және тәжірибелер”, “стратегиялық жоспарлау”, “тұтынушылар қарым-қатынасын басқару”). Егер резюмеңіз өнеркәсіп пен жұмыс мақсатына сай болатын негізгі сөздермен қаншалықты қамтылғанын білмесеңіз, онда қызығушылықтарыңызға сәйкес келетін жарнамадағы жұмыс лауазымдарын іздеңіз. Егер сол жарнамаларда талаптар мен "қажетті біліктіліктер" терминдер мен тіркестер арқылы қайталанып сипатталса және сіздің көңіліңізден шықса, онда осы негізгі сөздерді резюменің бір жеріне енгізіңіз.

  5. Резюме мазмұнын ұйымдастыру барысында стратегиялық бағытты ұстану     Сіздің ең мықты, сәйкес келетін біліктіліктеріңіз, қабілеттеріңіз, тәжірибеңіз және жетістіктеріңіз резюменің бірінші бетінен көрсетілу керек. Бұл дегеніміз — өзіңізді парақ бетінде қаншалықты жеткізе алатыныңызды білдіреді. Мысалы, сіз тәжірибесі аз жас түлек болсаңыз, онда сіздің ең жоғарғы біліктілігіңіз — ол сіздің алған біліміңіз болып табылады. Оны резюме аяғына қалдырып қоймаңыз. Оның орнына, оны резюменің бірінші бөлімінде бөлектеп көрсетіп, тек бір дәрежеңізді көрсетпей "дәреже бағдарламасын бөлектеу" арқылы толық мәлімет жазыңыз, бірақ оқуыңыздың негізгі бағытында қамтылған пәндерді ұмытып кетпеңіз. (Бұл резюмеге негізгі сөздер қосуға көмектеседі).

    Мұнда тағы бір мысал берілген: егер бірнеше жылдар бұрын тастап кеткен жұмысыңызға қайта оралғыңыз келсе, онда сол кезде алған тәжірибеңізді басып көрсетуіңіз керек. Осылай жасаудың бірден бір жолы, ол — бұрынғы мансабыңызды "профиль түсініктемесі" тақырыбымен бастап бір немесе екі параграфтан тұратын бөлімде көрсетіңіз және бұл бөлім бұрынғы жұмыс тәжірибеңізді бөлектеп көрсететін жерден резюме тақырыбы мен мақсатынан кейін жазылу керек.

  6. Емлені тексеріңіз, тексеріңіз, тексеріңіз!     Резюмеңізде ешқандай жаңылыс қателер, жазылудан кеткен қателер және грамматикалық/пунктуация/бас әріппен жазудан кеткен қателер болмау керек. Кәсіби үміткерді тізімнен шығарып тастау үшін бір немесе екі қатенің өзі жеткілікті. Емлені тексеру барысында ұқыпты болыңыз және резюмені қарап шығу үшін оқытушыңыздан, достарыңыздан немесе сенімді қызметтестеріңізден сұраудан тарынбаңыз.

Автор туралы     Карен Хоффербер — сертификацияланған кәсіби резюме жазушысы және ResumePower.com. Мансапты ауыстырып жатырсыз ба? сайтындағы аға жазушы қызметін атқарады. Көмек қажет болса, Ким Исаакс және Карен Хоффербер жазған Мансапты өзгертетін резюме мақаласын қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×