Мобильді құрылғыларды пайдаланып құжаттарды ортақ пайдалану

Ұйымыңыздан тыс адамдармен құжатты не қалтаны ортақ пайдалану үшін Windows Phone, iPhone және Android ұялы құрылғыларын қоса есептегенде, ұялы телефон не планшет пайдалана аласыз. Мұны адамдарды сайтыңызға қосылуға шаұыру арқылы не қонақ сілтемесін ортақ пайдалану арқылы жүзеге асыра аласыз.

Ескерту :  Ұялы құрылғыны пайдаланып құжатты не қалтаны ортақ пайдалану кезінде, осы мақалада түсіндірілген қадамдарды пайдалану үшін ұялы көріністен ДК көрінісіне ауысу қажет болуы мүмкін.

Бұл мақалада

Сайтыңызға шақырылған адамдармен құжатты ортақ пайдалану

Қонақ сілтемесін жіберу арқылы құжатты ортақ пайдалану

Ұялы құрылға арқылы құжаттарды ортақ пайдалануға шолу

Сайтыңызға шақырылған адамдармен құжатты ортақ пайдалану

Бұл процедураны пайдалану үшін Параметрлер мәзіріндегі ДК көрінісіне ауысу «Office 365 параметрлері» түймешігі түймешігін таңдау қажет.

  1. Құжат кітапханасында ортақ пайдаланғыңыз келетін құжат не қалтаның жанындағы Көбірек (…) түймешігін, содан соң, Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.

  2. Ортақ пайдалану 'Құжат' диалогтық терезесіндегі Аты-жөн не электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз ұяшығында құжатты не қалтаны ортақ пайдалану үшін сайтқа шақырғыңыз келетін адамның электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Ескерту :  Егер бұл адамға бұған дейін құжат жіберген болсаңыз, не бұған дейін сайт мүшесі болса, бұл ұяшыққа оның есімінің алғашқы әріптерін енгізіп, қол жетімді таңдаулардан қажетін таңдай аласыз.

  1. Пайдаланушының құжатқа қандай өзгеріс енгізуін қалайтындығыңызға сәйкес не оған тек оны қарап шығу мүмкіндігін беру үшін Өңдей алады не Қарай алады параметрін таңдаңыз.

  2. Кіруді талап ету ұяшығына құсбелгі қойыңыз.

  3. Шақыруды жіберу және алушылар үшін хабарлама теру үшін Параметрлерді көрсету пәрменін, содан соң, Электрондық пошта шақыруын жіберу пәрменін таңдаңыз.

  4. Сондай-ақ, алушы үшін Осы шақырумен қоса жеке хабарлама қосу (Қосымша) ұяшығына хабарлама мәтінін тере аласыз..

Беттің жоғарғы жағы

Қонақ сілтемесін жіберу арқылы құжатты ортақ пайдалану

Бұл процедураны пайдалану үшін Параметрлер мәзіріндегі ДК көрінісіне ауысу «Office 365 параметрлері» түймешігі түймешігін таңдау қажет.

  1. Құжат кітапханасында ортақ пайдаланғыңыз келетін құжат не қалтаның жанындағы Көбірек (…) түймешігін, содан соң, Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.

  2. Ортақ пайдалану 'Құжат' диалогтық терезесіндегі Аты-жөн не электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз ұяшығында құжатты не қалтаны ортақ пайдалану үшін сайтқа шақырғыңыз келетін адамның электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Ескерту :  Егер бұл адамға бұған дейін құжат жіберген болсаңыз, не бұған дейін сайт мүшесі болса, бұл ұяшыққа оның есімінің алғашқы әріптерін енгізіп, қолжетімді таңдаулардан қажетін таңдай аласыз .

  1. Пайдаланушының құжатқа қандай өзгеріс енгізуін қалайтындығыңызға сәйкес не оған тек оны қарап шығу мүмкіндігін беру үшін Өңдей алады не Қарай алады параметрін таңдаңыз.

  2. Кіруді талап ету ұяшығындағы құсбелгіні алыңыз.

  3. Сондай-ақ, алушы үшін Осы шақырумен қоса жеке хабарлама қосу (Қосымша) ұяшығына хабарлама мәтінін тере аласыз.

Ескерту :  Осы процедураны пайдаланып, бұған дейін құжатты ортақ пайдаланған болсаңыз, Қонақ сілтемесі бар кез келген адамға ашу мәтіні Ортақ пайдалану Құжат диалогтық терезесінде пайда болады. Бұл сілтемені өзгелермен құжатты ортақ пайдалану үшін пайдалана аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ұялы құрылға арқылы құжаттарды ортақ пайдалануға шолу

Құжаттар мен қалталарды ортақ пайдалану сыртқы жеткізушілермен, тұтынушылармен не өге де серіктестіктермен бірлесіп жұмыс істеу кезінде пайдалы. Мысалы, Бизнеске арналған OneDrive не топ сайтының кітапханаларында орналасқан құжаттарды ортақ пайдалана аласыз. Ұйымыңыздан тыс адамдармен құжатты не қалтаны ортақ пайдаланбас бұрын, сыртқы ортақ пайдалануды әкімші қосуы қажет. Келесі екі әдіс арқылы құжатты не қалтаны ортақ пайдалануға болады:

  • Пайдаланушыны сайтыңызға шақыру арқылы   Құжатты немесе қалтаны пайдаланушыны сайтыңызға шақыру арқылы ортақ пайдаланғанда, ортақ пайдаланылатын құжатты өңдеуге немесе тек қана оны қарауға рұқсат бере аласыз. Пайдаланушы Microsoft тіркелгісімен байланысқан электрондық пошта мекенжайын пайдалану арқылы сайтқа кіріп, құжатты өңдей немесе қарай алады.

  • Қонақ сілтемесін ортақ пайдалану арқылы   Құжатты немесе қалтаны қонақ сілтемесін ортақ пайдалану арқылы ортақ пайдаланғанда, пайдаланушы күңгірттенген сілтеме алады (пайдаланушылар сайттағы басқа контентті қарау немесе өңдеу үшін бұл сілтемені пайдалана алмайды). Алушы қонақ сілтемесін басу арқылы сайтқа кірмей құжатқа кіре алады. Қонақ сілтемесін жібергенде, оны алушы, өз кезегінде сілтемені өзге пайдаланушыға жібере алады. Егер анонимдік сілтемелер мүмкіндігі толық өшірілген болса, ортақ пайдаланылатын сілтемелер жұмыс істеуін тоқтатады. Егер мүмкіндікті кейін іске қосса, бұл сілтемелер жұмыс істеуін жалғастырады. Белгілі бір құжатқа кіруден бас тартсаңыз, ортақ пайдаланылатын жеке сілтемелерді де өшіруге болады.

Қауіпсіздік ескертуі :  Қонақ сілтемесі жасалып, ортақ пайдаланылғаннан кейін, алушы оны өзгелермен ортақ пайдалана алады, және өзге алушылар мазмұнға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Сезімтал және құпия мазмұн үшін ортақ пайдаланудың бұл түрін пайдаланбағаныңыз жөн.

Ортақ пайдаланудың қай түрін пайдаланатандығызға қарамастан, пайдаланушыларға олармен файлды ортақ пайдалануды қалайтығыңыз жөнінде хабарлама жібере аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×