Менің деректерді жинақтау жауаптарым автоматты түрде реттелмейді

Симптом

Деректерді енгізу пішіні берілген электрондық пошта хабарламасы ашу және жіберу үшін сіз Microsoft Office Access 2007 және Microsoft Office Outlook 2007 қолданасыз. Алушылар пішіні толтырғанын және сізге жауап ретінде қайтарғанын хабарлайды. Алайда, сіз күткен нәтижелерді Office Access 2007 немесе Office Outlook 2007 бағдарламаларында көре алмайсыз. Мысалға:

  • Деректерді Access бағдарламадағы қабылдау кестелерінде көре алмайсыз. Жаңа жазбалар қосылмайды, немесе бар жазбалар жаңартылмайды.

  • Outlook бағдарламасындағы хабарлама үшін Деректер жинақтау күйі бағаны не қате туралы хабарды немесе «Хабарлама реттелмеген» деген жолды бейнелейді. Оған қосымша, Санаттар бағанасы бұл хабарлама үшін қызыл төртбұрышты немесе бос орын көрсетеді.

    Кеңес : Outlook бағдарламасында "Орындауға" жалаушасы, Ақпарат жинақтау жағдайы және Категориялар деген бағандар реттеу әрекетінің күйін көрсетеді. Бұл бағандарды қосу үшін, баған атауын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз және пайда болатын пәрмендер мәзіріне Өріс таңдағыш пәрменін таңдаңыз. Өріс таңдағыштілқатысу терезесінен, әр керекті алаңды ұстап алып, оларды баған атауының оң немесе сол жағына жіберіңіз.

    Жауап сәтті реттелгеннен кейін, Outlook бағдарламасындағы Деректерді жинақтау күйі бағанасы бос болады, ал Санаттар бағанында жасыл төртбұрыш пайда болады. Оған қосымша, "Орындауға" жалаушасы бағанасында Деректер жинақтау әрекеті сәтті аяқталды деген хабар бейнеленеді.

Шешім

Егер жауап автоматты түрде реттелмеді деп күдіктенсеңіз, келесі кестеде ұсынылған шешімдерді орындап көріңіз. Шешімдердің барлығы дерлік сізден ең бірінші мәселені түзеп алуды, одан кейін жауапты қолдан экспорттауды сұрайды. Жауапты қолдан реттеу туралы толық мағлұмат келесі тарауда берілген Деректерді жинақтау жауаптарын қолдан реттеу.

Ақаулық

Себеп

Шешім

Жауап Outlook қалтасында тұрады, бірақ реттелмеген болады. Деректерді жинақтау жағдайы бағанындаХабарлама реттелмеген деген жазу болады.

Деректерді жинақтау электрондық пошта хабарламасының параметрлері тілқатысу терезесінде хабарламаның параметрлерін көріп шығыңыз. Сіз жауаптарды қолдан реттеуді немесе белгілі бір жауаптарды автоматты түрде реттеуден қорғайтын параметрлерді таңдағансыз.

Кеңес : Опцияларды көру үшін, Деректерді жинақтау тобындағы Сыртқы деректер кестесіндегі Жауаптарды басқару жолын нұқыңыз. Тілқатысу терезесінде қажетті хабарламаны таңдаңыз да, Хабарлама параметрлері пәрменін таңдаңыз.

Жауапты қолдан экспорттау.

Әлі келмеген жауаптардың автоматты түрде реттелеуін қамтамасыз ету үшін, тілқатысу терезесіндегі параметрлерді өзгертіңіз. Толық мағлұмат келесі мақалада берілген Деректерді жинақтау электрондық пошта хабарлама параметрлері.

Бір хабарламаға жауап жаздым, бірақ ол реттеліп жатқан жоқ.

Өз хабарламаңызға жауап қайыру үшін өзгеше тәртіп қолданылады.

Алынған хабарламадағы пішінді толтырудың орнына, Жіберілген хаттар қалтасындағы сақталған хабарламада берілген пішінді толтырыңыз. Жіберілген хаттар қалтасына өтіп, хабарламаны ашыңыз. Жауап беру пәрменін таңдап, пішінді толтырыңыз да, Жіберу тймешігіні басыңыз.

Деректер жинақтау күйі бағанасында келесі жол пайда болады:

Дерекқорды таба алмады. Дерекқорды орналастырып деректерді қолдан импорттау.

Дерекқор басқа орынға көшірілген, атауы өзгертілген, өшірілген немесе бұзылған.

Дерекқорды бастапқы орнына келтіріңіз және жауапты қолдан экспорттаңыз.

Деректерді жинақтау күйібағанасында келесі жол пайда болады:

Деректерді импорттау үшін дерекқорды аша алмады, себебі дерекқор қолданыста. Дерекқор қатынаулы болғаннан кейін, жауаптарды қолдан реттеу.

Дерекқор жеке иелік қолдану режимінде ашылған, сондықтан бұғат алынбайынша дерекқорға өзгерістер енгізуге болмайды.

Дерекқорды жеке иелік қолдану режимінде ашқан пайдаланушыдан дерекқорды жабуын сұрап, содан соң оны қайтадан кәдімгі режимде ашыңыз. Содан кейін жауапты қолдан экспорттап көріңіз.

Дерекетрді жинақтау күйі бағанасында келесі жол пайда болады:

Бұл Access бағдарламас дерекқорысықұпия сөзмен қорғалған. Деректерді Microsoft Access бағдарламасына қолдан экспорттауыңызды сұраймыз.

Қабылдау дерекқорысы құпия сөзмен қорғалған. Егер дерекқор құпия сөз сұраса, онда автоматты түрде реттеу орындалмайды.

Жауапты қолдан экспорттау. Егер келешекте келетін жауаптардың автоматты түрде реттелгенін қаласаңыз, онда дерекқордан құпия сөзді алып тастаңыз.

Деректер жинақтау күйі бағанасында қандай да бір кестенің, сұраудың немесе өрістің жоқтығын айтатын хабар шығады.

Қабылдау кестесі немесе сұрау өшірілген, не оның атауы өзгертілген, немесе оның структурасы үлгі мазмұны кестелерге енгізілмейтіндей етіп өзгертілген.

Қабыладу кестелерін және сұраударды қайтадан ашу, не болмаса ақпарат жинақтау хабарламасын қайтадан ашу және жіберу.

Деректер жинақтау күйі бағанында келесі жол пайда боалды:

Бұл электрондыұ пошта хабарлама реттелмейді. Хабарламадағы пішін бұзылған немесе өзгертілген.

Жауаптағы пішін бұзылған, немесе біреу (алушы не жіберуші) пішін өзгерткен.

Егер алушы пішінді өзгерткен болса, пішінді сізге қайтадан жіберуін сұраңыз да, жауапты қолдан экспорттаңыз.

Егер пішін бастапқы хабарламада бұзылған немесе істемейтін болса, онда сіз жаңа хабарлама ашып жіберуіңіз керек.

Деректерді жинақтау күйі бағанасында келесі жол пайда болады:

Көрсетілген дерекқорда реттеу әрекетін аяқтауға қажет мәліметтерді таба алмады.

Жауапты жаңартылуға тиіс бар жазбамен байланыстыратын ақпарат табылмады.

Хабарлама параметрлерін Outlook бағдарламасымен үндестіру қажет. Access бағдарламасын қосыңыз да, Жауаптарды басқару тілқатысу терезесінен хабарламаны таңдаңыз. Хабарлама егжей-тегжейлері парамтерінің астында ескерту терезесін көресіз. Параметрлерді үндестіру үшін ескерту терезесіндегі хабарламаны нұқыңыз, содан кейін тілқатысу терезесін жабыңыз. Қайтадан Outlook бағдарламасына көшіп, жауапты қолдан экспорттаңыз.

Деркетерді жинақтау күйі бағанасында келесі жол пайда болады:

Деректерді қоса немесе жаңарта алмайды, себебі ол ақпарат бірегей мәнді қабылдайтын өрістерге қайталанған мән беруіне алып келеді.

Реттелген сипаты Иә (көшірмесіз) пәрменіне орнатылған өріс құрамында көшірілген мәндер болуы мүмкін емес. Егер өріске енгізілетін мән кестедегі сәйкес өріс болса, онда әрекет тоқтатылады.

Алушыдан пішін өрісіндегі мәнді өзгертіп, басқа жауап ретінде жіберуін сұраңыз.

Деректерді жинақтау күйі бағанасында келесі жол пайда болады:

Сіз енгізген мән таңдау тізіміндегі элемент емес

Пішінде мән іздейтін кажетті өрістер бар, алайда пайда ланушы өріске мәнді анықтаған жоқ, немесе өрістің LimitToList сипаты Иә пәрменіне орнатылған, ал пайдаланушы тізімде жоқ мәнді таңдағын.

Алушыдан пішіндің барлық өрістерін толтырып қайтадан жіберуін сұраңыз, немесе үлгіні өзіңіз толтырыңыз, сақтаңыз және экспорттаңыз.

Деректерді жинақтау күйі бағанасында пішін өрісінде көрсетілген мәндің күші жоқтығын айтатын хабар шығады.

Алушы бір немесе бірнеше өрістерге жарамсыз ақпарат енгізген.

Алушыдан пішіндің барлық өрістерін толтырып қайтадан жіберуін сұраңыз, немесе үлгіні өзіңіз толтырыңыз, сақтаңыз және экспорттаңыз.

Деректер жинақтау күйі бағанында келесі жол пайда болады:

Хабарлама құрамында сізге толтыру керек болған пішін бар. Толтырып болғаннан кейін, осы хабарлама жіберушісіне қайтарыңыз.

Алушы пішінді толтырған жоқ.

Алушы пішінді толтырып болған соң басқа жауап жіберуін сұраңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×