Менің басқару тақтам қайда?

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында Access бағдарламасының бұрынғы нұсқасында жасалған дерекқорды ашқанда — және сол дерекқор батырмалық пішінді (дерекқор маңын шарлауды мүмкін ететін түймешіктері немесе сілтемелері бар пішін) қамтыса — сол батырмалық пішіндегі кей пәрмендердің жасамауы мүмкін. Әсіресе, Дерекқор терезесін бейнелеуге арналған пәрмендер бұдан былай қызмет атқармайды.

Office Access 2007 Шарлау аумағы деп аталатын жаңа мүмкіндікті ұсынады. Аумақ Дерекқор терезесін алмастырады және осы аумақты басқару тақталарының орнына қолдануыңызға болады. Шарлау аумағы Office Access 2007 бағдарламасы қабылдаған жаңа қолданушы тілдесу моделімен жұмыс істейді. Ол модель (жалғыз құжаттық тілдесу моделі деп аталатын) кез келген ашық нысандарды — пішіндер, есептер және т.б. — жалғыз терезеге орнатады және әр нысанды қойындымен таңбалайды. Бірнеше нысанды ашқаныңызда, ашық нысандар арасында көшіп жүру үшін қойындыларды қолданасыз. Келесі бейне қойындылардың қалыпты жиынын көрсетеді:

Access 2007 дерекқорындағы нысан қойындылары

Батырмалық пішіндердей емес, Шарлау аумағы жасырылғанға дейін көрініп тұрады. Аумақты Жабушы жолақты ашу/жабу батырмасын Шарлау аумағындағы ауысу шекарасын ашу/жабу түймешігі қолдану немесе F11 басу арқылы жасыруға немесе көрсетуге болады. Егер дерекқорды ашқанда Шарлау аумағының әдепкідей пайда болуын болдырмағыңыз келсе, бағдарлама параметрін орнатасыз.

Бұл бөлімде

Басқару тақталарын қолдану параметрлері

Шарлау Аумағында нысандардың таңданбалы тобын жасау

Шарлау аумағын ашу және жабу

Шарлау аумағын ажырату

Батырмалық пішінді жасау немесе өзгерту үшін Басқару тақтасын басқарушыны қолдану

Басқару тақталарын қолдану параметрлері

Office Access 2007 бағдарламасындағы басқару тақталарымен келесілердің біреуін жасауыңызға болады :

  • Шарлау аумағында нысандардың таңданбалы санаттары мен топтарын жасау    Белгілі бір уақытта немесе белгілі бір дерекқорда қолданғыңыз келетін кестелер, пішіндер, есептер және басқа да нысандарды қамтитын таңданбалы топтарды жасауға болады. Таңданбалы топтарды құрамды әмірлерді құрмастан немесе Visual Basic for Applications (VBA) кодын жазбастан жасауға болады. Осы бөлімдегі мәлімет Шарлау аумағында нысандардың таңданбалы тобын қалай жасау керектігін түсіндіретін болады.

    Шарлау Аумағын қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін Шарлау аумағына нұсқау бөлімін қараңыз.

  • Қолда бар басқару тақталарын әдеттегідей жегу    Егер басқару тақталарын қолдануды жалғастыруды таңдасаңыз, Дерекқор терезесін бейнелеу сияқты қолдауда жоқ әрекеттерді ажыратуды қарастырыңыз. Егер дерекқорды жегілу барысында батырмалық пішінді көрсететіндей етіп баптаған болсаңыз, сол басқару тақтасы пайда болады және қалыпты жағдайдағыдай жегіледі, Office Access 2007 бағдарламасы қолдау көрсетпейтін пәрмендерден басқа. Бұған қоса, Басқару тақтасын басқарушыны басқару тақталарын жасау, өзгерту және жою үшін қолдануға болады және осы бөлімдегі алдағы қадамдар Басқару тақтасын басқарушыны қалай қолдануды түсіндіреді.

  • Басқару тақтасы ретінде әрекет ететін пішінді қолдан жасау    Дерекқор тіркесімдерін бастау үшін, қажетінше, батырмалар мен ендірілген құрамды әмірлерді қосуға, сосын пішінді жегілу кезінде пайда болатындай етіп орнатуға болады.

    Ендірілген құрамды пәрмендерді құру туралы ақпарат алу үшін Access 2007 құрамды пәрмен негіздері бөлімін қараңыз. Пішінді жасау туралы ақпарат алу үшін Пішінді жасау бөлімін қараңыз. Жегу пішінін орнатуға туралы қосымша ақпарат алу үшін Ағымдық Дерекқор санаты (Access Параметрлері) тақырыбының Қолданба Параметлері бөліміндегі Пішінді Бейнелеу параметрін қараңыз .

Беттің жоғарғы жағы

Шарлау Аумағында нысандардың таңданбалы тобын жасау

Таңданбалы топтар басқару тақталары мен Office Access 2007 Дерекқор терезесі екеуінің баламасы және алмасымы болып табылады. Таңданбалы топты жасаудың үдірісі мына қадамдарды қамтиды:

  • Әуелі, таңданбалы санатты жасайсыз. Access сізге біреуін ұсынады: Таңданбалы. Осы санатты қайта атауға және қажетіңізге орай топтарды қосуға немесе жоюға болады немесе кез келген уақытта жаңа санат жасауға болады.

  • Жаңа санатты жасағаннан соң, сол санат үшін бір немесе бірнеше топтарды жасайсыз.

  • Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін жабасыз және Шарлау Аумағында таңданбалы тобыңызға тағайындағыңыз келетін дерекқор нысандарын сүйрейсіз немесе көшіріп қоясыз. Нысандардың толық жиыны Тағайындалмаған Нысандар атты топта орналастырылады. Таңданбалы санатты жасаған кезіңізде Access ол топты сіз үшін жасайды.

    Ескерту : Таңданбалы топқа дерекқор нысанын қосқан кезде, Access сол нысанға лақап жасайды. Нысанның өзін жылжытпайсыз немесе көшірмейсіз. Егер таңданбалы топтағы лақапты қайта атасаңыз немесе жойсаңыз, ол өзгерістер нысанның өзіне әсер етпейді, тек лақапқа.

  • Таңданбалы топ немесе топтарды көбейтуді аяқтағаннан соң, Тағайындалмаған нысандар тобын және бейнелегіңіз келмейтін кез келген басқа топтарды жасыруға болады.

Таңданбалы санатты жасау

  1. Шарлау аумағының жоғарысындағы мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз және Шарлау параметрлері пәрменін нұқыңыз.

  2. Шарлау Параметрлері тілқатысу терезесінде Санаттар терезесінің астындағы Элементті Қосу түймешігін нұқыңыз. Осы бөлімде жаңа санат пайда болады. Келесі бейне Санаттар терезесін жаңа таңданбалы санатпен бірге сипаттайды:

    Шарлау аумағындағы жаңа теңшелетін санат

  3. Жаңа топтың атауын теріңіз және ENTER пернесін басыңыз.

    Мүмкін болса, дерекқорыңызды қолданатын адамдарға түсінікті болатын атау жасауға тырысыңыз. Атауды жасағаннан соң, Топтау бөлімі тақырыбының сол атауға сәйкес келуі үшін өзгеретіндігін байқаңыз. Мысалы, егер жаңа санатты «Менің басқару тақтам» деп атасаңыз, тақырып "Менің басқару тақтам" үшін топтау деп оқылатын болады. Сондай-ақ, Топтау бөлімінің Тағайындалмаған нысандар деп аталатын топты қамтитын байқаңыз. Access ол топты әдепкідей жасайды. Ол дерекқордағы барлық нысандарды қамтиды және сол топтағы нысандарды таңданбалы тобыңызды көбейту үшін қолданасыз.

Таңданбалы санантты жасағаннан соң, сол санат үшін бір немесе бірнеше топтарды жасайсыз. Топтарды қажетіңізше көп қылып жасауға болады. Шарлау Параметрлері тілқатысу терезесін ашық түрде ұстаңыз және келесі қадамдарды орындаңыз.

Таңданбалы топты жасау

  1. Топтау бөлімі астында Топты Қосу нұқыңыз, топтың атауын теріңіз, сосын ENTER пернесін басыңыз. Бұл үдірісті қанша қажет етсеңіз, сонша қайталауға болады. Мысалы, Менің басқару тақтам үш топты — Деректер енгізу пішіндері, Есептер және Сұраулар қамтуы мүмкін. Қолданушылардың қажеттіліктері немесе өз таңдауларыңыз осы кезеңде қосылатын топтарды бақылауы тиіс.

  2. Тағайындалмаған нысандар жанындағы құсбелгі көзін қойылған түрде қалдырыңыз және ОК түймешігін нұқыңыз. Access Шарлау параметрлері тілқатысу терезесін жабады және жаңа таңданбалы топты Шарлау аумағына қосады, бірақ сіз жаңа топты көре алмайсыз.

  3. Жаңа топты көрінетіндей ету және топқа нысандарды қосу үшін қадамдардың келесі жиынын орындаңыз.

Таңданбалы топқа нысандар қосу

  1. Шарлау аумағының жоғарысындағы мәзірді нұқыңыз, сосын жаңа санатты нұқыңыз. Осы санат үшін жасаған топ немесе топтарыңыз, Тағайындалмаған нысандартобымен бірге мәзір де пайда болады.

  2. Тағайындалмаған нысандар тобында, таңданбалы топта қолданғыңыз келетін элементтерді таңдаңыз, сосын оларды сол топқа жылжытыңыз. Access таңдалған элементтерді жылжытудың бірнеше жолдарын ұсынады. Келесіні орындауыңызға болады:

    • Элементтерді жеке-жеке сүйреп апарып тастаңыз.

    • CTRL пернесін басып тұрып, бірнеше элементтерді нұқыңыз, сосын оларды таңданбалы топқа сүйреңіз.

    • Таңдалған элементтердің біреуін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, Топқа қосу нұсқаңыз, сосын таңданбалы топ атауын нұқыңыз.

Аяқтағаннан соң, Тағайындалмаған Нысандар тобын Шарлау Аумағында көрінетіндей етіп қалдыруға немесе жасыруға болады.

Тағайындалмаған нысандар тобын жасыру

  1. Шарлау аумағының жоғарысындағы мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, сосын Шарлау параметрлері пәрменін нұқыңыз.

  2. Топтарсанат терезесінде Тағайындалмаған нысандар құсбелгі көзінен белгіні алып тастаңыз.

Қолда бар таңданбалы топтағы нысанды қолдану арқылы жаңа таңданбалы топ жасау

Ескерту : Бұл әдісті қолдану үшін әуелі таңданбалы санатты жасау, сосын алдыңғы бөлімдердегі қадамдарды орындау арқылы нысандарды топтау қажет.

  1. Шарлау аумағындағы таңданбалы санат пен топтың ашық кезінде, жаңа топқа орнатқыңыз келетін нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Топқа қосу пәрменін меңзермен көрсетіңіз, сосын Жаңа топ түймешігін нұқыңыз.

    Шарлау аумағында жаңа топ пайда болады. Келесі бейне қалыпты жағдайдағы жаңа топты көрсетеді:

    Шарлау аумағындағы жаңа өзгертпелі топ

  3. Жаңа топтың атауын теріп, ENTER пернесін басыңыз, сосын қосымша лақаптарды жаңа топқа қажетінше сүйреңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Шарлау аумағын ашу және жабу

Әдепкідей, Шарлау аумағы Office Access 2007 бағдарламасындағы дерекқорды ашқан кезде пайда болады, Access бұрынғы нұсқаларында жасалған дерекқорларды қосқанда. Қадамдардың келесі жиындары әр әрекетті қалай орындауды түсіндіреді.

Аумақты жасыру немесе көрсету

  • Шарлау аумағындағы Жабушы жолақты ашу/жабу түймешігін нұқыңыз.

    Шарлау аумағындағы ауысу шекарасын ашу/жабу түймешігі

    Пернетақта лақабы  F11 пернесін басыңыз.

Ескерту : Шарлау аумағы жасырулы кезде, оны тігінен Шарлау Аумағы мәтінін нұқу арқылы да көрсетуіңізге болады:

Беттің жоғарғы жағы

Шарлау аумағын ажырату

Ескерту : Шарлау аумағын жасыруға, егер дерекқордағы нысандарды бастауға арналған пішін, мұралық басқару тақтасы немесе басқа әдіс болса ғана, кеңес береміз.

Шарлау аумағының әдепкідей пайда болуын болдырмау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Access параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    Access параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Ағымдық дерекқор нұқыңыз және Шарлау астында Шарлау Аумағын Бейнелеу құсбелгі көзін белгілеңіз немесе белгіні алып тастаңыз. Параметр әдепкідей таңдалады.

Қосымша ақпарат

Шарлау аумағын қолдануға қатысту қосымша ақпарат алу үшін Шарлау аумағына нұсқау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Батырмалық пішінді жасау немесе өзгерту үшін Басқару тақтасын басқарушыны қолдану

Басқару тақтасын басқарушыны аз уақыт ішінде және аз күш жұмсау арқылы жасау қажет болғанда Басқару тақтаны басқарушыны қолдануыңызға болады. Әрі қарай жалғастыру барысында, басқару тақталардың әрдайым көрініп тұрмайтынын есте сақтаңыз (басқа терезелердің оларды көрсетпеуі мүмкін) және Шарлау аумағындағыдай, жаңа жалғыз құжатты жұмыс моделін қолдамайды.

Келесі бөлімдердегі қадамдар батырмалық пішінді қалай жасау, теңшеу және жою керектігін түсіндіреді.

Басқару тақтасын жасау

  1. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор Құралдары тобында Басқару тақтасын басқарушы түймешігін нұқыңыз.

    Ескерту : Егер Microsoft Access батырмалық пішінді жасағыңыз келе ме деп сұраса, Иә түймешігін нұқыңыз.

  2. Жаңа түймешігін нұқыңыз.

    Жаңасын жасау тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Жаңа батырмалық пішіннің атауын теріп, ОК түймешігін нұқыңыз.

    Microsoft Access басқару тақтасын Басқару тақтасының беттері жолағындағы тізімге қосады.

  4. Жаңа басқару тақтасын нұқыңыз, сосын Өңдеу түймешігін нұқыңыз.

    Басқару тақтасының бетін өңдеу тілқатысу терезесі пайда болады.

  5. Жаңа түймешігін нұқыңыз.

    Басқару тақтасындағы элементті өңдеу тілқатысу терезесі пайда болады.

  6. Мәтін жолағындағы бірінші батырмалық пішін элементінің атауын теріңіз және Пәрмен тізімінен пәрменді таңдаңыз.

    Мысалы, Мәтін жолағында Тапсырыс беруші деректері деп теріңіз, сосын Пәрмен тізімінде Пішінді қосулы күйінде ашу пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Басқа басқару тақталарына бөлінетін басқару тақтасын жасау үшін Пәрмен жолағындағы Басқару тақтасына өту пәрменін нұқыңыз, сосын басқару тақтасын тізімнен таңдаңыз немесе басқа басқару тақтасының атауын енгізіңіз.

  7. Қай пәрменді таңдағаныңызға байланысты, Access басқа тізімді Пәрмен тізімінің астында бейнелейді. Мысалы, егер Ашық Есеп пәрменін таңдасаңыз, ашық дерекқордағы есептер тізімі пайда болады. Қажет болса, тізім ішінен элементті таңдаңыз.

  8. Басқару тақтасына барлық элементтерді қосуды аяқтағанша 5 тен 7 дейінгі қадамдарды қайталаңыз және басқару тақтасын жасауды аяқтағанда, Жабу түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : 

  • Дерекқорды ашқанда басқару тақтасын да ашылатындай ету үшін Басқару тақтасын басқарушы тілқатысу терезесіндегі батырмалық пішін атауын нұқыңыз, сосын Әдепкі ету түймешігін нұқыңыз.

  • Басқару тақтасын Басқару тақтасын басқарушымен жасағаныңызда, Access пішіндегі түймешіктердің нені бейнелейтінін және жасайтынын сипаттайтын Басқару тақтасындағы элементтер кестесін жасайды. Егер Басқару тақтасын қолдан өзгертсеңіз, қолданбаның бұдан былай жұмыс істемей қалуы мүмкін.

Басқару тақтасын өзгерту

  1. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Басқару тақтасын басқарушы түймешігін нұқыңыз.

  2. Басқару тақтасын басқарушы тілқатысу терезесінде өңдегіңіз келетін басқару тақтасын таңдаңыз, сосын Өңдеу түймешігін нұқыңыз.

  3. Өзгеркіңіз келетін батырмалық пішін элементін нұқыңыз, сосын келесілердің біреуін орындаңыз:

    Элементтің мәтінін, элементтің орындайтын пәрменін немесе элементті нұқығанда ашылатын немесе жегілетін нысанды өзгерту үшін Өңдеу түймешігін нұқыңыз.

    Элементті қосу үшін Жаңа нұқыңыз, элементтің мәтінін теріңіз, сосын Пәрмен жолағындағы пәрменді нұқыңыз. Қай пәрменді нұқығаныңызға байланысты, Microsoft Access Пәрмен жолағының астында басқа жолақты бейнелейді. Қажет болған жағдайда, осы жолақтағы элементті нұқыңыз. Мысалы, егер Пәрмен жолағындағы пішін пәрмендерінің біреуін нұқысаңыз, ашқыңыз келетін пішін атауын нұқыңыз.

    Элементті жою үшін Жою түймешігін нұқыңыз.

    Элементті жылжыту үшін Жоғары жылжу немесе Төмен жылжу түймешігін нұқыңыз.

  4. Батырмалық пішінді өзгертуді аяқтағаннан соң, Жабу түймешігін нұқыңыз.

Батырмалық пішінді жою

  1. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Басқару тақтасын басқарушы түймешігін нұқыңыз.

  2. Басқару тақтасын басқарушы тілқатысу терезесінде жойғыңыз келетін басқару тақтасын таңдаңыз, сосын Жою түймешігін нұқыңыз.

  3. Жабу түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×