Мемо өрісін кірістіру, өзгерту немесе жою

Дерекқор ішінде үлкен мөлшердегі мәтінді сақтау қажет болған жағдайда Меmo өрісін пайдалануға болады. Бұл тақырып Microsoft Office Access 2007 бағдарламасын пайдаланып, жаңа және бар дерекқор кестелеріне мемо өрісін қосу әдісін түсіндіреді.

Сіз не істеуді қалайсыз?

Mемо өрістерін түсіну

Mемо өрісін деректер кестесінің көрінісінде қосу

Мемо өрісін құрастырушы көрінісінде қосу

Мемо өрісін жою

Мемо өрісінің сипаттары туралы мәліметтер

Mемо өрістерін түсіну

Егер Access бағдарламасын бірінші рет пайдаланып отырсаңыз, дерекқордағы деректер бір немесе бірнеше кестелер ішінде сақталатынын есте сақтаңыз. Осы ақпаратты деректер кестесі — Excel жұмыс парағынына ұқсайтын тор — ішінде не деректер енгізу үшін арналған пішінде не есеп ішінде көруге болады, бірақ негізінде деректер бір немесе бірнеше кестелер ішінде сақталады. Өз кезегінде, әрбір кесте өрістер (бағандар) жиынтығынан құралған, және әрбір өріс деректердің бір нақты түрін қабылдауға теңшеленген. Мәселен, күндер мен уақытты сақтау қажет болған кезде өрісті Күн/Уақыт түріне теңшеу қажет, ал үлкен мөлшердегі мәтінді сақтау қажет болған кезде өрісті Мемо түріне теңшеу қажет.

Мемо өрісінің техникалық қасиеттері

Office Access 2007 бағдарламасында мемо өрісі ең көп болғанда 1 гигабайт таңба, яғни 2 гигабайт ақпарат сақтай алады (әрбір таңба үшін 2 байт арналған). Пішіндегі немесе есептегі басқару элементінде осы ақпараттың 65 535 таңбасын көрсету мүмкін. Бұған қоса, ендігі кезде мемо өрісіндегі мәтін үшін RTF пішімін қолдануға болады. Мәселен, түрлі түстер пайдалануға болады, әріптерді өзгерту және деректерді қалын немесе көлбеу ету мүмкін.

Мемо өрісіндегі деректерді пішімдеу туралы көбірек ақпарат алу үшін Кестелер, пішіндер және есептер ішінде деректерді пішімдеу мақаласына қараңыз.

Мемо өрісін жасау жолдары

Office Access 2007 бағдарламасы жаңа немесе бар кестеге мемо өрісін қосу үшін бірнеше жол ұсынады:

  • Деректер кестесінің көрінісі    Деректер кестесінің көрінісінде жаңа немесе бар кестеге мемо өрісін қосу үшін жаңа өріс қосып, одан кейін осы өрістің бос жолына 256 таңбадан аса мәтін енгізіңіз немесе ашпалы шаршыдан Мемо деректер түрін таңдаңыз.

  • Құрастырушы көрінісі    Құрастырушы көрінісі мемо өрісін қосу үшін, өрістегі мәтінді пішімдеу және деректер кестесінің көрінісінде теңшеуге болмайтын сипаттарды (мәселен, әдепкі мәнді) теңшеу үшін пайдаланылады. Мемо өрісі үшін теңшелетін сипаттар туралы көбірек ақпарат алу үшін Мемо өрісінің сипаттары туралы мәліметтер бөліміне қараңыз.

Жаңа кестелерді қосу немесе бар кестелерді өзгерту барысында екі әдістің біреуін пайдалануға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Mемо өрісін деректер кестесінің көрінісінде қосу

Бұл бөлімдегі қадамдар деректер кестесінің көрінісінде жаңа немесе бар кестеге мемо өрісін қосу жолын түсіндіреді. Егер Access бағдарламасын бірінші рет пайдаланып отырсаңыз, деректер кестесі Excel жұмыс парағына ұқсайтын тор болып табылады.

Бар кестеге жаңа мемо өрісін қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені екі рет нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады.

  4. Қажет болған жағдайда бірінші бос өріске жеткенге дейін бетті көлденең айналдырыңыз.

    Әдепкіде Access бағдарламасы төменде көрсетілгендей барлық жаңа өрістердің тақырып жолдарында Жаңа өріс қосу дегенін бейнелейді:

    Деректер кестесіндегі жаңа өріс

  5. Тақырып жолағын екі рет нұқыңыз да өріс үшін атау енгізіңіз.

    Әдетте мемо өрісіне «Түсініктемелер» немесе «Ескерімдер» деген атаулар беріледі.

  6. Тақырып астындағы бірінші бос жолды таңдаңыз да 256 таңбадан астам мәтінді енгізіңіз.

    Өріс ішінде 256-дан астам таңба болғандықтан Access осы өріс үшін Мемо деректер түрін қолданады. Осы әрекетті істеу үшін басқа әдісті пайдалануға да болады - бірінші жол ішіне 256-дан астам таңбадан құралған мәтінді қойыңыз.

  7. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз.

Мемо өрісін жаңа кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Жасау қойындысын ашып, Кестелер тобында Кесте белгішесін басыңыз.

    Access бағдарламасы жаңа кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады.

  4. Кестедегі бірінші өрістің тақырыбына (Жаңа өріс қосу дегенін) екі рет нұқыңыз да өріс үшін атау енгізіңіз. Әдетте мемо өрісіне «Түсініктемелер» немесе «Ескерімдер» деген атаулар беріледі.

  5. Тақырып астындағы бірінші бос жолды таңдаңыз да 256 таңбадан астам мәтінді енгізіңіз. Өріс ішінде 256-дан астам таңба болғандықтан Access осы өріс үшін Мемо деректер түрін қолданады. Осы әрекетті істеу үшін басқа әдісті пайдалануға да болады - бірінші жол ішіне 256-дан астам таңбадан құралған мәтінді қойыңыз.

  6. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мемо өрісін құрастырушы көрінісінде қосу

Мемо өрісін жаңа немесе бар кестеге қосып, кейін өрісті теңшеп, оны мәтін пішімдеу мүмкіндігін қолдайтын етіп қоюға қажет болған жағдайда құрастырушы көрінісін пайдалануға болады. Осы бөлімдегі қадамдар жаңа немесе бар кестелерге мемо өрісін қосуды және оны теңшеп, оған мәтін пішімдеу мүмкіндігін беруді түсіндіреді.

Бар кестеге мемо өрісін қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  4. Өріс атауы бағанында, бірінші бос жолды таңдаңыз да өріс үшін атау енгізіңіз. Әдетте мемо өрісіне «Түсініктемелер» немесе «Ескерімдер» деген атаулар беріледі.

  5. Деректер түрі бағанында орналасқан келесі ұяшығына өтіңіз де тізімнен Мемо дегенін таңдаңыз.

  6. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз.

Мемо өрісін жаңа кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Жасау қойындысын ашып, Кестелер тобында Кесте белгішесін басыңыз.

  4. Жаңа кестенің құжат қойындысын тінтуірдің он жақ түймешігімен нұқыңыз да мәтінмәндік мәзірден Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  5. Өріс атауы бағанында, бірінші бос жолды таңдаңыз да өріс үшін атау енгізіңіз. Әдетте мемо өрісіне «Түсініктемелер» немесе «Ескерімдер» деген атаулар беріледі.

  6. Деректер түрі бағанында орналасқан келесі ұяшығына өтіңіз де тізімнен Мемо дегенін таңдаңыз.

  7. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз, ал егер өріс үшін мәтін пішімдеу мүмкіндігін қоспақшы болсаңыз, келесі қадамдарды істеңіз.

Мәтін пішімдеу мүмкіндігін қосу

  • Өріс сипаттары астындағы Жалпы қойындысында Мәтін пішімі сипат қоршауын табыңыз да оның мәнін Кәдімгі мәтін дегенінен Пішімделген мәтін дегеніне өзгертіңіз.

Ескерту : Егер мәтін ұясын мемо өрісімен байланыстырсаңыз, осы мәтін ұясының Мәтін пішімі сипатын да міндетті түрде Пішімделген мәтін мәніне өзгертуіңіз қажет.

Деректерді RTF пішімінде пішімдеу туралы көбірек ақпарат алу үшін Кестелер, пішіндер және есептер ішінде деректерді пішімдеу және Пішімделген мәтінді қолдайтын басқару элементіне не бағанға деректер енгізу не оларды өңдеу мақалаларына қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мемо өрісін жою

Кестедегі мемо өрісін жою үшін деректер кестесінің көрінісін немесе құрастырушы көрінісін пайдалануға болады. Дегенмен, ішінде деректер бар мемо өрісін жойған кезде осы деректер із-түзсіз жоғалады. Жою әрекетін болдырмауға болмайды. Осы себептен кесте өрістерін немесе басқа дерекқор бөлектерін жоймас бұрын, дерекқордың сақтық көшірмесін жасап алыңыз.

Mемо өрісін деректер кестесінің көрінісінде жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады.

  4. Мемо өрісін табыңыз да тақырып жолын (атауын) тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Баған жою пәрменін таңдаңыз.

  5. Жою әрекетін құптау үшін Иә түймешігін басыңыз.

Mемо өрісін құрастырушы көрінісінде жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

    Access бағдарламасы кестені құрастырушы көрінісінде ашады.

  4. Мемо өрісінің қасында тұрған жол бөлектеу түймешігін (бос шаршы) нұқыңыз да DELETE пернесін басыңыз.

    -немесе-

    Жол бөлектеу түймешігін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Жолдарды жою пәрменін таңдаңыз.

  5. Жою әрекетін құптау үшін Иә түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мемо өрісінің сипаттары туралы мәліметтер

Құрастырушы көрінісін пайдаланып, кестеге мемо өрісін қосқан кезде өріс үшін бірнеше сипаттар теңшеп алу мүмкін және осы сипаттарды өзгерту мүмкін. Бұл кестеде мемо өрісінің сипаттары тізімделген және олардың не істейтіні түсіндірілген. Бұл ақпарат ішінде осы сипаттарын теңшеу немесе өзгерту салдары да көрсетілген.

Сипат

Не үшін қолданылады

Пішім

Бейнеленетін пішімді анықтау үшін өзгертпелі пішімдеу таңбаларын енгізіңіз. Осы жерде анықталатын пішімдер деректер кестелерінде, пішіндерде және есептерде көрсетіледі.

Өзгертпелі пішімдер туралы көбірек ақпарат алу үшін Кестелер, пішіндер және есептер ішінде деректерді пішімдеу мақаласына қараңыз.

Тақырып

Мәтін өрісінің атауын белгілейді. Бұл сипат ең көп болғанда 2 048 таңба қабылдай алады. Егер тақырып белгіленбесе, Access бағдарламасы әдепкі өріс атауын қолданады.

Әдепкі мән

Жаңа жазба жасаған кезде өріс ішінде автоматты түрде пайда болатын мәнді белгілейді. Мәселен, «Ең көп болғанда 65 Кбайт мәтін енгізіңіз.» Осындай жазба пайдаланушыларға олар мемо өрісімен істеп тұрғанын еске салады. (Әдепкі мәндің) максимал ұзындығы: 255 таңба.

Тексеру ережесі

Жазбаға, өріске немесе басқару элементіне енгізілген деректер үшін талаптар белгілейді. Өріс үшін белгіленген ережені бұзатын деректер енгізілген кезде "Тексеру мәтіні" сипатын пайдаланып, пайда болатын қате туралы хабарды белгілеу мүмкін. Максимал ұзындығы: 2 048 таңба.

Тексеру ережелерін жасау туралы көбірек ақпарат алу үшін Өріс ішіндегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау мақаласына қараңыз.

Тексеру мәтіні

Пайдаланушылар тексеру ережесін бұзған жағдайда пайда болатын қате туралы хабардың мәтінін белгілейді. Максимал ұзындығы: 255 таңба.

Тексеру ережелерін жасау туралы көбірек ақпарат алу үшін Өріс ішіндегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау мақаласына қараңыз.

Талап етіледі

Иә мәні таңдалған жағдайда, өріс ішіне немесе өріспен байланыстырылған кез келген басқару элементіне міндетті түрде мән енгізуіңіз қажет, және осы мән нөл болмауы қажет.

Ұзындығы нөлге тең болғанын рұқсат ету

Бұл сипаттың мәні "Иә" болған жағдайда өріс ішіне ұзындығы нөлге тең болған жолды енгізу мүмкін. Ұзындығы нөлге тең жол ішінде ешқандай таңба болмайды, және олар осы өріс үшін ешқандай мән жоқ екенін білдіру үшін пайдаланылады. Ұзындығы нөлге тең жолды белгілеу үшін арасында бос орын жоқ болған екі қос тырнақшаларды енгізіңіз ("").

Индекстелген

Индекстерді пайдаланып, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу барысында сұрау жіберу, сұрыптау және топтастыру әрекеттерін тездету үшін индекстерді пайдалануға болады. Сондай-ақ, индекстерді пайдаланып, пайдаланушыларға қайталанатын деректерді енгізуге жол бермеу мүмкін. Келесі мәндерді таңдау мүмкін:

  • Жоқ    Индекстеуді өшіреді (әдепкі)

  • Иә (Қайталану рұқсат етілген)    Өрісті индекстейді және қайталанатын мәндерді енгізуге рұқсат береді. Мәселен, кісілердің аттары мен тегі қайталануы мүмкін.

  • Иә (Қайталану рұқсат етілмеген)    Өрісті индекстейді және қайталанатын мәндерді енгізуге рұқсат бермейді.

Юникод қысуы

Access бағдарламасы мәтін, мемо және еренсілтеме өрістер ішінде деректерді бейнелеу үшін Юникод кодын пайдаланады. Деректерді сақтау үшін Юникод коды үшін көбірек орын қажет, себебі ол бір таңба сақтау үшін 1 байт орнына 2 байт талап етеді. Файл ауқымын кеміту мақсатында мәтін, мемо және еренсілтеме өрістерінің Юникод қысуы сипатында әдепкі мән Иә болады. Осы сипаттың мәні Иә болған жағдайда, бірінші байты 0 болған таңба сақталу кезінде қысылады және шығарылып алынған кезде қайта жайылады.

Егер қысылған мемо өрісін сақтау үшін ең көп болғанда 4 096 байт қажет болса, осы өрістегі деректер қысылмайды. Сондықтан, мемо өрісінің мазмұны бір жазбада қысылуы мүмкін, ал басқа жазбада қысылмайды.

ЕӘӨ күйі

Жапон және корей тілдеріндегі жасалған файлдарды Access бағдарламасының ағылшын тіліндегі нұсқасында пайдалану үшін қолданылатын құрал болып табылатын Енгізу әдісінің өңдеушісін (ЕӘӨ) белгілейді. Әдепкі мән: Басқару элементі жоқ. Бұл сипатты пайдалану туралы көбірек ақпарат алу үшін F1 пернесін басыңыз.

ЕӘӨ сөйлем күйі

Енгізу әдісінің өңдеушісі арқылы енгізілетін деректердің түрін белгілейді. Бұл сипатты пайдалану туралы көбірек ақпарат алу үшін F1 пернесін басыңыз.

Смарт-тегтер

Өріс немесе осы өріспен байланыстырылған кез келген басқару элементі үшін бір немесе бірнеше смарт-тег белгілеңіз. Смарт-тегтер өріс ішіндегі деректердің түрін анықтайтын және осы түрге негізделген әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін құрамдастар болып табылады. Мәселен, электрондық пошта мекенжайы үшін арналған өріс ішінде смарт-тег жаңа пошта хабарын бастауы мүмкін немесе мекенжайды істес кісілердің тізіміне қосуы мүмкін.

Қатынаулы смарт-тегтер тізімін көру үшін Builder button түймешігін басыңыз.

Мәтін пішімі

Мәтін пішімдеу мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. Мәтін пішімдеу мүмкіндігін қосу үшін Пішімделген мәтін мәнін таңдаңыз.

Ескерту : Егер өріс үшін мәтін пішімдеу мүмкіндігін қосып, кейін осы өріске "Мәтін ұясы" басқару элементін байланыстырсаңыз, Сіз осы басқару элементі үшін де міндетті түрде мәтін пішімдеу мүмкіндігін қосуыңыз қажет.

Басқару элементі үшін мәтін пішімдеу мүмкіндігін қосу және пішімдеуді пайдалану туралы көбірек ақпарат алу үшін Кестелер, пішіндер және есептер ішінде деректерді пішімдеу мақаласына қараңыз.

Мәтінді туралау

Мемо өрісі ішіндегі деректерді туралау түрін белгілейді. Келесі түрлерді таңдауға болады:

  • Жалпы    Мәтінді сол жақ жиегі бойынша туралайды, ал сандар мен күндерді оң жақ жиегі бойынша туралайды.

  • Сол жақ    Барлық мәтінді, күндер мен сандарды сол жақ жиегі бойынша туралайды.

  • Орта    Барлық мәтінді, күндер мен сандарды орістің ортасы бойынша туралайды.

  • Оң жақ    Барлық мәтінді, күндер мен сандарды оң жақ жиегі бойынша туралайды.

  • Ені бойынша туралау    Барлық мәтінді, күндер мен сандарды өрістің немесе мәтін ұясының екі жақтары бойынша бірдей таратады.

Тек қосу

Бұл сипат қосылған соң пайдаланушылар мемо өрісіне тек деректер қоса алады, бірақ бар деректерді өзгерте немесе жоя алмайды.

Ескерту : Әдепкіде, осы сипат қосылған жағдайда тінтуірдің көрсеткісін мемо өрісінің ішіне қойған кезде Access бағдарламасы осы мәтінді жасырады.


Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×