Мақұлдау жұмыс үдірісін қолдану

Мақұлдау жұмыс үдірісі тізімге немесе кітапханаға сақталған құжатты немесе элементті бір топ адамдардың мақұлдауына бағыттап жібереді. Әдепкі күйінде, Мақұлдау жұмыс үдірісі Құжат мазмұнының түрімен байланысты және ол құжат кітапханаларында автоматты түрде беріледі.

Осы мақалада

Мақұлдау жұмыс үдірісі қалай жұмыс істейді?

Мақұлдау жұмыс үдірісін тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу немесе өзгерту

Мақұлдау жұмыс үдірісін құжатта немесе элементте бастау

Мақұлдау жұмыс үдірісі тапсырмасын аяқтау

Мақұлдау жұмыс үдірісі қалай жұмыс істейді?

Мақұлдау жұмыс үдірісі құжатты немесе элементті әріптестердің немесе басқарушылардың мақұлдауына жіберетін бизнес процесстеріне қолдау көрсетеді. Мақұлдау жұмыс үдірісі процесске қатысты адам орындайтын тапсырмалардың барлығын қадағалау мен басқару арқылы және ол аяқталған кезде процесстің жазбасын қамтамасыз ету арқылы мақұлдау бизнес процессінің өнімділігін жоғарылатады.

Егер жұмыс үдірістері бар болса, Мақұлдау жұмыс үдірісін тікелей тізімдегі немесе кітапханадағы құжаттан немесе элементтен бастауыңызға болады. Жұмыс үдірісін бастау үшін, қолданғыңыз келетін жұмыс үдірісін таңдап, жұмыс үдірісінің қатысушыларын (мақұлдаушылар), күн-айын және басқа да тиісті тапсырма нұсқаларын белгілейтін жұмыс үдірісін бастайтын пішінді толтырасыз. Жұмыс үдірісі басталған соң, сервер тапсырмаларды барлық қатысушыларға бекітеді. Егер электронды пошта ескертулері серверде қосылып тұрған болса, онда сервер барлық қатысушалырға электронды пошта ескертулерін де жібереді. Қатысушылар электронды пошта тапсырма ескертуіндегі сілтемені нұқу арқылы мақұлдауға жататын құжатты немесе элементті ашуларына болады. Қатысушылар мақұлдау тапсырмаларын мақұлдауды, қабылдамауды немесе қайта бекітуді таңдауларына болады. Және де, олар мақұлдауға жататын құжатты немесе элементті өзгертуге сұраныс берулеріне болады. Қатысушылар жұмыс үдірісі тапсырмаларын не Microsoft Office SharePoint Server 2007 веб-торабынан не 2007 Microsoft Office жүйесі жиынтығының бөлігі болатын кейбір бағдарламалардан тікелей аяқтауды таңдауларына болады. Жұмыс үдірісі орындалу кезінде, жұмыс үдірісінің егесі немесе жұмыс үдірісінің қатысушылары Жұмыс үдірісінің күй беті арқылы қай қатысушылар жұмыс үдірісі тапсырмаларын аяқтағанын көрулеріне болады. Жұмыс үдірісі қатысушылары жұмыс үдірісі тапсырмаларын аяқтаған кезде, жұмыс үдірісі аяқталып, егесі жұмыс үдірістің аяқталғаны жөнінде автоматты түрде ескерту алады.

Әдепкі күйінде, Мақұлдау жұмыс үдірісі Құжат мазмұнының түрімен байланысты және ол құжат кітапханаларында автоматты түрде беріледі. Құжат кітапханаларына қатысты әдепкі Мақұлдау жұмыс үдірісі, тапсырмалары қатысушыларға бір біреуден бекітілетін, бірізді жұмыс үдірісі болып табылады. Және де, әдепкі күйінде, Мақұлдау жұмыс үдірісінің нұсқасы жариялау торабындағы Беттер кітапханаларымен байланысты болады және жұмыс үдірісін Веб-беттерді жариялауға арналған мақұлдау процесстерін басқару үшін қолдануға болады. Осы Мақұлдау жұмыс үдірісінің алдын ала байланыстырылған нұсқаларын ұжымыңыздың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін бейімдеуіңізге болады немесе Мақұлдау жұмыс үдірісінің жаңа нұсқасын тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Мақұлдау жұмыс үдірісін тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу немесе өзгерту

Жұмыс үдірісін қолданбас бұрын, оны белгілі бір орындағы құжаттарға немесе элементтерге қолданысқа беру үшін, тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу керек. Жұмыс үдірісін тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосу үшін, сізде Тізімдерді басқару рұқсаты болу керек. Көбінесе, торап әкімшілері немесе белгілі бір тізімдер мен кітапханаларды басқаратын жеке тұлғалар осы тапсырманы орындайды.

Жұмыс барысының торап бойынша жылжу мүмкіндігі оның кірістірілген орнына байланысты өзгешеленіп отырады:

  • Егер сіз жұмыс барысын тікелей тізімге немесе кітапханаға қосқан болсаңыз, тек тізімдегі немесе кітапханадағы тармақтарға ғана қол жеткізе аласыз.

  • Егер сіз жұмыс барысын тізім мазмұн түріне (арнайы тізімге немесе кітапханаға қосылған торап мазмұны түрінің данасына) қосқан болсаңыз, сол мазмұн түрі байланыстырылған арнайы тізімдегі немесе кітапханадағы мазмұн түрінің тармақтарына ғана қол жеткізе аласыз.

  • Егер сіз жұмыс барысын тораптың мазмұн түріне қосқан болсаңыз, ол жұмыс барысына сол тораптың мазмұн түрінің данасы қосылған әр тізімнен немесе кітапханадан қол жеткізе аласыз. Егер сіз жұмыс барысына тораптың арнайы мазмұн түрінің тармақтары жинағындағы тізімдер немесе кітапханалар арқылы кеңінен қол жеткізу мүмкіндігіне ие болғыңыз келсе, осы нәтижелерге қол жеткізудің ең тиімді жолы болып сол жұмыс барысын тікелей тораптың мазмұн түріне қосу табылады.

Егер Мақұлдау жұмыс үдірісін тізімге, кітапханаға не мазмұн түріне қосқыңыз келсе немесе тізіммен, кітапханамен не мазмұн түріне қатысты Мақұлдау жұмыс үдірісін өзгерткіңіз келсе, сіз дәл сол қадамдарды орындайсыз.

Жұмыс барысын қосқыңыз немесе өзгерткіңіз келетін тізім, кітапхана немесе мазмұн түрі үшін Жұмыс барысы бетін қосу немесе Жұмыс барысы бетін өзгерту үшін келесілердің бірін орындаңыз:

  • Тізім немесе кітапхана үшін:

    1. Жұмыс барысын қосқыңыз немесе өзгерткіңіз келетін тізімді немесе кітапхананы ашыңыз.

    2. Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін нұқыңыз немесе ашып отырған кітапхана түрінің параметрлерін нұқыңыз.

      Мысалы, құжаттар кітапханасында, Құжаттар кітапханасы Параметрлер түймешігін нұқыңыз.

    3. Рұқсаттар және басқару тармағының астында Жұмыс барысы параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  • Тізім мазмұны түрі үшін:

    1. Құрамында жұмыс барысын қосқыңыз немесе өзгерткіңіз келетін тізім бөлігі бар тізімді немесе кітапхананы ашыңыз.

    2. Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін нұқыңыз немесе ашып отырған кітапхана түрінің параметрлерін нұқыңыз.

      Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасы Параметрлер түймешігін нұқыңыз.

    3. Мазмұн түрлері тармағының астында мазмұн түрінің атауын нұқыңыз.

      Ескерту : Тізім немесе кітапхана көптеген мазмұн түрлеріне рұқсат беруге бапталған болмаса, Мазмұн түрлері бөлімі тізім немесе кітапхананың Өзгерту бетінде көрсетілмейді.

    4. Параметрлер тармағының астында Жұмыс барысы параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  • Торап мазмұнының түрі үшін:

    1. Тораптар жинағының өзіндік бетінің Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігіне барып, одан кейін Барлық торап параметрлерін өзгерту түймешігін нұқыңыз.

    2. Галереялар тармағының астында Торап мазмұндарының түрлеріcontent түймешігін нұқыңыз.

    3. Жұмыс барысын қосқыңыз немесе өзгерткіңіз келетін тізімді немесе кітапхананың атауын нұқып, одан кейін Жұмыс барысы параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Осы тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне Жұмыс барыстары қосылып қойған болса, бұл адым сізді тікелей Жұмыс барысы параметрлерін өзгерту бетіне өткізіп, сізге Жұмыс барысын қосу бетіне өту үшін Жұмыс барысын қосу түймешігін нұқу қажет. Осы тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне ешқандай Жұмыс барысы қосылмаған болса, бұл адым сізді тікелей Жұмыс барысы параметрлерін өзгерту бетіне өткіз.

  1. Жұмыс үдірісі теңшеулерін өзгерту бетінде Жұмыс үдірісін қосу дегенді немесе теңшеулерін өзгерткіңіз келетін жұмыс үдірісінің атын нұқыңыз.

  2. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Егер жұмыс үдірісін қосатын болсаңыз, Жұмыс үдірісін қосу бетіндеге Жұмыс үдірісі бөлімінде Мақұлдау жұмыс үдірісі үлгісін нұқыңыз.

    • Егер жұмыс үдірісінің теңшеулерін өзгертетін болсаңыз, Жұмыс үдірісін өзгерту бетінде өзгерткіңіз келетін теңшеулерді келесі қадамдар бойынша өзгертіңіз.

  3. Аты бөлімінде жұмыс үдірісінің бірегей атын теріңіз.

    Тапсырмалар тізімі бөлімінде осы жұмыс барысымен қолданатын тапсырмалар тізімін белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    • Сіз әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдалана аласыз немесе жаңасын жасай аласыз. Егер сіз әдепкі Тапсырмалар тізімін пайдаланатын болсаңыз, жұмыс барысына қатысушылар Тапсырмалар тізіміндегі Тапсырмаларым көрінісін пайдалану арқылы өздерінің жұмыс барысындағы тапсырмаларын оңай тауып, көре алатын болады.

    • Осы жұмыс барысының тапсырмалары сіз негізгі Тапсырмалар тізімінен бөлек сақтағыңыз келетін сезімтал немесе құпия деректерді анықтайтын болса, сіз жаңа тапсырмалар тізімін жасауыңыз тиіс.

    • Егер ұйымыңызда көптеген жұмыс барыстары болса немесе жұмыс барысына көптеген тапсымалар кірістірілген болса, сіз жаңа тапсырмалар тізімін жасауыңыз тиіс. Бұл жағдайда сіз әр жұмыс барысы үшін бөлек тапсырмалар тізімін жасауды қалауыңыз мүмкін.

  4. Тарих тізімі бөлімінде осы жұмыс үдірісімен қолданылатын тарих тізімін таңдаңыз. Тарих тізімі жұмыс үдірісінің әр орындалуында болатын оқиғалардың барлығын көрсетеді.

    Ескерту : Әдепкі Тарих тізімін қолдануыңызға немесе жаңасын жасауыңызға болады. Егер ұжымыңызда бірнеше жұмыс үдірісі болса, әр жұмыс үдірісіне бөлек тарих тізімін жасауды қалауыңыз мүмкін.

  5. Бастау опциялары бөлімінде жұмыс үдірісі қалай, қашан немесе кіммен басталатынын белгілеңіз.

    Егер кітапханаға мазмұнды мақұлдауды басқару үшін осы Мақұлдау жұмыс үдірісін қолданғыңыз келсе, Элементтің негізгі нұсқасын жариялауды мақұлдау үшін осы жұмыс үдірісін бастау құсбелгі көзін белгілеңіз. Мазмұнды мақұлдауды басқару үшін жұмыс үдірісін қолдану жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, Кітапханаға қатысты мазмұнды мақұлдауды басқару үшін жұмыс үдірісін қолдану дегенді қараңыз.

    Ескертулер : 

    • Аранайы параметрлер өзіңіз таңдаған жұмыс барысы үлгісі тарапынан қолдаусыз болған жағдайда қол жетерлік болмауы мүмкін.

    • Осы жұмыс барысын тармақтың негізгі нобайын жариялауды растау үшін іске қосу тармағына кітапхананың негізгі және қосалқы нобайларына қолдау көрсету қосылған жағдайда және сіз таңдаған жұмыс барысының үлгісі мазмұнды растау үшін қолдана алатын жағдайда ғана іске қосылады.

  6. Егер осы жұмыс үдірісін тораптың мазмұн түріне қосатын болсаңыз, Тізім мен Торап мазмұн түрлерін жаңарту бөліміндегі осы мазмұн түрінен мұраланатын барлық мазмұн түрлеріне осы жұмыс үдірісін қосқыңыз келетінін не келмейтінін белгілеңіз.

    Ескерту : Тізім мен Торап мазмұн түрлерін жаңарту бөлімі Жұмыс үдірісін қосу бетінде торап мазмұн түрлеріне ғана көрсетіледі.

  7. Келесі батырмасын басыңыз.

  8. Жұмыс үдірісін бейімдеу бетінде тапсырмалардың қалай бағытталатынын бекітетін қалаған опцияларды, әдепкі жұмыс үдірісінің бастау мәндерін, жұмыс үдірісінің аяқталу әдісін және жұмыс үдірісі сәтті аяқталған кезде қандай әрекеттер орындалатынын белгілеңіз.

    Келесі бөлімдердің кез-келгеніндегі опцияларды таңдаңыз. Әр бөлімдегі опцияларды белгілеу қажет емес:

    Жұмыс үдірісі тапсырмалары

    Төмендегі әрекетті істеу үшін

    Келесіні орындаңыз

    Тапсырмаларды бірден барлық қатысушыларға бекітіңіз (қатарлас жұмыс үдірісі)

    Бірден барлық қатысушыларға (қатарлас) батырмасын басыңыз.

    Тапсырмаларды қатысушыларға кезекпен бекіту (бірізді жұмыс үдірісі)

    Егер жұмыс үдірісті бірізді жұмыс үдірісі етсеңіз, онда келесі қатысушы тапсырманы алмай тұрып, алғашқы қатысушы тапсырманы аяқтау керек.

    Әр қатысушыға кезекпен (бірізді) батырмасын басыңыз.

    Жұмыс үдірісі қатысушыларына тапсырмаларын басқа адамдарға қайта бекітуді рұқсат ету

    Тапсырманы басқа адамға қайта бекіту құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Жұмыс үдірісі қатысушыларына тапсырманы аяқтамас бұрын мақұлдауға жататын құжатқа немесе элементке өзгеріс жасауға сұраныс беруді рұқсат ету

    Тапсырманы аяқтамас бұрын өзгеріс жасауға сұраныс беру құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Әдепкі жұмыс үдірісінің бастау мәндері

    Төмендегі әрекетті істеу үшін

    Келесіні орындаңыз

    Осы жұмыс үдірісінің барлық жағдайларына қатысушалардың әдепкі тізімін белгілеу

    Осы жұмыс үдірісі басталған кезде қатыстырғыңыз келетін адамдардың атын теріп, Мақұлдаушылар дегенді нұқу арқылы каталог қызметінен адамдар мен топтарды таңдаңыз.

    Ескерту : Егер осы жұмыс үдірісін бірізді жұмыс үдірісі ретінде қоятын болсаңыз, жұмыс үдірісі қатысушыларының аттарын тапсырмаларды бекіткіңіз келетін кезегі бойынша қосыңыз.

    Топтарға жалғыз тапсырманы бекіту

    Әр енгізілетін топқа жалғыз тапсырманы бекіту (топтарды кеңейтпеңіз) құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Егер топтарды жұмыс үдірісі қатысушылары ретінде белгілеуді жоспарласаңыз және топтың әр мүшесіне тапсырмаларды бөлек бекітудің орнына бүкіл топқа бір тапсырманы бекіткіңіз келсе, осы опцияны таңдаңыз.

    Жұмыс үдірісін бастайтын адамдарға қатысушыларды өзгертуге немесе қосуға рұқсат ету

    Осы жұмыс үдірісі басталған кезде қатысушылар тізіміне өзгерістер жасауға рұқсат ету құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Бұл опция әдепкі күйінде таңдалады. Егер жұмыс үдірісін бастайтын адамдарға қатысушыларды қосуға немесе өзгертуге рұқсат бергіңіз келмесе, бұл құсбелгісіндегі белгіні алып тастаңыз.

    Әр тапсырмамен шығатын әдепкі хабарды белгілеу

    Мәтін жолағына хабарды немесе нұсқаларды теріңіз.

    Қатарлас жұмыс үдірістеріне мерзімді белгілеу

    Тапсырмалардың мерзімі (қатарлас) тармағынан күн-айды теріңіз немесе таңдаңыз.

    Ұзын бірізді жұмыс үдірісі қатысушылары жұмыс үдірісі тапсырмаларын қалай аяқтау керек екенін белгілеу

    Әр адамға тапсырмасын (бірізді) аяқтауға қажет келесі уақыт мерзімін беру тармағында санды теріп, Күн(дер) немесе Апта(лар) дегенді уақыт өсу мөлшері ретінде таңдаңыз.

    Жұмыс үдірісі басталған кезде ескертулер (тапсырма бекітулері емес) алатын адамдар тізімін белгілеу

    Басқаларын ескерту тармағында ескерткіңіз келетін адамдардың аттарын теріңіз немесе CC дегенді нұқып, каталог қызметінен адамдар мен топтарды таңдаңыз.

    Жұмыс үдірісін аяқтау

    Төмендегі әрекетті істеу үшін

    Келесіні орындаңыз

    Қатысушылардың белгілі бір саны тапсырмаларын аяқтаған кезде қатарлас жұмыс үдірісі аяқталатынын белгілеу

    Тапсырмалардың мына саны аяқталады құсбелгі көзін белгілеп, санды теріңіз.

    Ескерту : Егер жұмыс үдірісіңіз бірізді жұмыс үдірісі болса, бұл опция берілмейді.

    Құжат немесе элемент қабылданбаған кезде жұмыс үдірісі аяқталатынын белгілеу

    Құжат қабылданбайды құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Құжат немесе элемент өзгертілген кезде жұмыс үдірісі аяқталатынын белгілеу

    Құжат өзгертіледі құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Аяқталғаннан кейінгі Жұмыс үдірісі әрекеттері

    Төмендегі әрекетті істеу үшін

    Келесіні орындаңыз

    Жұмыс үдірісі аяқталған соң, құжаттың немесе элементтің мақұлдау күйін жаңарту

    Мақұлдау күйін жаңарту (бұл жұмыс үдірісін мазмұнды мақұлдауды басқару үшін қолдану) құсбелгі көзін белгілеңіз.

    Ескертулер : 

    • Егер кітапханаға тиісті мазмұнды мақұлдауды (делдалдық) басқару үшін осы Мақұлдау жұмыс үдірісін қолданып, Жұмыс үдірісін қосу бетінде Элементтің негізгі нұсқасын жариялауды мақұлдау үшін осы жұмыс үдірісін бастау құсбелгі көзін белгілеген болсаңыз, бұл опция әдепкі күйінде таңдалады.

    • Егер осы жұмыс үдірісін кітапханаға қатысты әдепкі мазмұнды мақұлдау жұмыс үдірісі ретінде болдырғыңыз келмегендіктен Жұмыс үдірісін қосу бетіндегі Элементтің негізгі нұсқасын жариялауды мақұлдау үшін осы жұмыс үдірісін бастау құсбелгі көзін таңдамаған болсаңыз, онда Мақұлдау күйін жаңарту (мазмұнды мақұлдауды басқару үшін осы жұмыс үдірісін қолдану) құсбелгі көзін белгілеу арқылы осы жұмыс үдірісін белгілі бір пайдаланушылар автоматты түрде бастай алатындай екінші мазмұнды мақұлдау жұмыс үдірісі ретінде қоюыңызға болады.

  9. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мақұлдау жұмыс үдірісін құжатта немесе элементте бастау

Мақұлдау жұмыс үдірісін құжатта немесе элементте ол сақталған тізімнен немесе кітапханадан тікелей қолдап бастауыңызға болады. Жұмыс үдірісін бастаған кезде сізге берілетін опциялар сол жұмыс үдірісі элементтің тізіміне, кітапханасына немесе мазмұн түріне қосылған кезде қалай бейімделгеніне байланысты өзгеруі мүмкін. Жұмыс үдірісін бастау үшін, сізде кемінде Элементтерді өңдеу рұқсаты болуы керек. Кейбір жұмыс үдірісітері, жұмыс үдірісін құжатта немесе элементте бастау үшін, сізде Тізімдерді басқару рұқсаты болуын талап етуі мүмкін.

Ескерту : Жұмыс үдірісін бастағаныңыздан кейін жұмыс үдірісі қатысушылары электронды пошта ескертулері мен ескертпелерді алатынын қамтамасыз еткіңіз келсе, электронды пошта торабыңызда қосылып тұрғанын сервер әкімшісімен тексеріңіз.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Жұмыс үдірісін бастағыңыз келетін құжаттың немесе элементтің атына тінтуірді апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз, содан соң, Жұмыс үдірістері дегенді таңдаңыз.

  3. Жаңа жұмыс үдірісін бастау тармағында бастағыңыз келетін Мақұлдау жұмыс үдірісінің атын нұқыңыз.

  4. Құжатты немесе элементті мақұлдауға рұқсат бергіңіз келетін адамдардың аттарын Мақұлдаушылар жолағында теріңіз немесе Мақұлдаушылар дегенді нұқып, каталог қызметінен адамдар мен топтарды таңдаңыз.

    Ескерту : Егер бірізді жұмыс үдірісіңіз бірізді жұмыс үдірісі болса, жұмыс үдірісі қатысушыларының аттарын тапсырмаларды бекіткіңіз келетін кезегі бойынша теріңіз немесе таңдаңыз.

  5. Егер топтарды жұмыс үдірісі қатысушылары ретінде қосатын болсаңыз, онда әр топ мүшесіне жеке тапсырма ескертулерінің орнына тек бір тапсырма ескертулері қажет болса, Әр топқа жалғыз тапсырманы бекіту (Топтарды кеңейтпеңіз) құсбелгі көзін белгілеңіз.

  6. Егер хабарды немесе белгілі бір тапсырма нұсқаларын қосқыңыз келсе, осы мәліметті Сұранысыңызға қосып жіберілетін хабарды теру тармағындағы мәтін жолақта теріңіз.

  7. Тапсырманы аяқтау кезін белгілеу үшін, Мерзім тармағында келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Бірізді жұмыс үдірісі үшін, санды теріп, содан соң, Күн(дер)ді немесе Апат(лар)ды өсу уақыт мөлшері ретінде таңдаңыз.

    • Қатарлас жұмыс үдірісі үшін, күн-айды Тапсырмалардың мерзімі тармағында теріңіз немесе таңдаңыз.

    • Егер жұмыс үдірісі басталған кезде басқа адамдар ескертпелер (тапсырма бекітулері емес) алғанын қаласаңыз, олардың аттарын CC жолағына теріңіз немесе CC жолағын нұқып, каталог қызметінен адамдарды және топтарды таңдаңыз.

  8. Бастау батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мақұлдау жұмыс үдірісі тапсырмасын аяқтау

Мақұлдау жұмыс үдірісіндегі қатысушылар өз жұмыс үдірісі тапсырмаларын элемент не құжат орналасқан тізімнен немесе кітапханадан немесе 2007 Office жинағының бөлігі болатын кейбір бағдарламалардан тікелей аяқтауларына болады. Клиенттік бағдарламада жұмыс үдірісі тапсырмасын қалай аяқтау керек екені жөнінде мәлімет алу үшін, сол бағдарламаның Көмек бөлімін қараңыз.

Мақұлдау жұмыс үдірісі тапсырмасын серверде аяқтау

  1. Тораптың Тапсырмалар тізіміне барыңыз. Содан соң, жұмыс үдірісі тапсырмаңызды тауып алу үшін, Көрініс мәзірінен Тапсырмаларым дегенді таңдаңыз.

    Ескерту : Егер жұмыс үдірісі әдепкі Тапсырмалар тізімін қолданбаса, онда жұмыс үдірісі тапсырмаңыз Тапсырмалар тізімінде шықпауы мүмкін. Жұмыс үдірісі тапсырмасын тауып алу үшін, жүмыс үдірісі элементі сақталған тізімді немесе кітапхананы ашыңыз. Қажетті элементке тінтуірді апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз. Содан соң, Жұмыс үдірістері дегенді нұқыңыз. Жұмыс үдірісі күйі бетіндегі Жұмыс үдірісітерін орындау тармағында сіз қатысушы болған жұмыс үдірісінің атын нұқыңыз. Тапсырмалар тармағында жұмыс үдірісі тапсырмаңызды тауып алыңыз.

  2. Аяқтағыңыз келетін тапрсымаға тінтуірді апарып, шыққан көрсеткіні нұқыңыз. Содан соң, Элементті өңдеу дегенді нұқыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Элементті мақұлдау үшін, жұмыс үдірісі егесіне жібергіңіз келетін қандай-да болсын аңғартпаны берілген мәтін жолағында теріп, Мақұлдау дегенді нұқыңыз.

    • Элементті қабылдамау үшін, жұмыс үдірісі егесіне жібергіңіз келетін қандай-да болсын аңғартпаны берілген мәтін жолағында теріп, Қабылдамау дегенді нұқыңыз.

    • Мақұлдау тапсырмасын басқа адамға қайта бекіту үшін, Тапсырманы қайта бекіту дегенді нұқып, тапсырманы бекіткіңіз келетін адамды белгілеңіз. Содан соң, Жіберу дегенді нұқыңыз.

    • Мақұлдауға жататын элементке өзгеріс жасауды сұрану үшін, Өзгеріс жасауды сұрау дегенді нұқып, өзгеріс жасауды сұрау әрекетін бекіткіңіз келетін адамды белгілеңіз, сұранылған өзгеріс туралы мәлімет беріңіз, содан соң, Жіберу дегенді нұқыңыз.

      Ескерту : Осы элементке қатысты тізімге, кітапханаға немесе мазмұн түріне қосылған кезде жұмыс үдірісі қалай бейімделгеніне байланысты, тапсырманы қайта бекітетін немесе өзгеріс жасауды сұрайтын опциялар қолданысқа берілмеуі мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×