Макросты өңдеу

Microsoft Excel жұмыс кітабына тіркелген макросты өңдеу үшін, Visual Basic өңдегіші пайдаланасыз.

Бұл мақалада:

«Әзірлеуші» қойындысын таспада көрсету

Макрос қауіпсіздігінің параметрлерін өзгерту

Макросты өңдеуді бастау

«Әзірлеуші» қойындысын таспада көрсету

Макросты өңдеу және іске қосу үшін пайдаланылатын пәрмендер әдетте жасырылатын Әзірлеуші қойындысындағы Код тобынан табылады. Әзірлеуші қойындысын таспада көрсету үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Файл қойындысын нұқып, Параметрлер түймешігін басыңыз.

  2. Таспаны теңшеу санатын таңдаңыз.

  3. Таспаны теңшеу параметрінің астындағы Негізгі қойындылар тізімінен Әзірлеуші тармағын таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Макрос қауіпсіздігінің параметрлерін өзгерту

Макростарды өңдеу және іске қосу үшін, қауіпсіздік деңгейін барлық макростарды уақытша қосу күйіне орнату керек:

  1. Әзірлеуші қойындысындағы Код тобынан Макрос қауіпсіздігі тармағын таңдаңыз.

    «Әзірлеуші» қойыншасындағы кодтар тобы

  2. Макрос параметрлері тармағының астынан Барлық макростарды қосу (ұсынылмаған, қауіптілігі ықтимал код қосылуы мүмкін) параметрін таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Ескертпе.     Қауіптілігі ықтимал кодтың қосылуын болдырмау үшін, макростармен жұмыс істеп болғаннан кейін, барлық макросты ажырататын параметрлердің кез келгеніне оралуға кеңес береміз.

Беттің жоғарғы жағы

Макросты өңдеуді бастау

  1. Әзірлеуші қойындысындағы Код тобынан Макростар тармағын таңдаңыз.

  2. Макрос атауы жолағынан өңделетін макросты таңдаңыз.

  3. Өңдеу пәрменін таңдаңыз. Visual Basic өңдегіші шығады.

Кеңес.    Visual Basic өңдегішінде жұмыс істегенде анықтама алу үшін, Анықтама мәзірінен Microsoft Visual Basic анықтамасы тармағын таңдаңыз немесе F1 пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×