Макросты ішіндегі қадамдарды орындау арқылы жөндеу

макроc ішіндегі бір қадам арқылы макростың орындалу барысын және әрбір әрекет нәтижелерін қадағалауға болады, және қате шығаратын немесе керексіз нәтижелерді беретін әрекеттерді айыруға болады.

  1. Шарлау аумағында макросты тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Құрастырушы көрінісі Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  2. Жасақтама қойындысындағы Құралдар тобында Қадамдық орындау Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  3. Жегу Түймешік суреті түймешігін басыңыз. Егер макрос жаңа немесе өңделген макрос болса, оны жегу үшін оны әуелі сақтап алуды сұрайтын терезе пайда болады.

    Макросты қадам сайын орындау тілқатысу терезесі пайда болады. Бұл тілқатысу терезесі макрос және макростың әрекеттері туралы ақпаратты және қателер санын көрсетеді. Егер Қателер саны жақтауында нөл тұрса бұл ешқандай қате орын алмады деген мағынаны білдіреді.

    'Макросты қадам сайын орындау' тілқатысу терезесі

  4. Келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Макросты қадам сайын орындау тілқатысу терезесінде көрсетілген әрекетті орындау үшін Қадам түймешігін басыңыз.

    • Макросты тоқтату және тілқатысу терезесін жабу үшін Барлық макростарды тоқтату түймешігін басыңыз.

    • Макростың қадамдарын бір-бірден орындау күйін тоқтату және макростың қалған қадамдарын жегу үшін Жалғастыру түймешігін басыңыз.

Ескертулер

  • Макрос орындалып тұрған кезде оның қадамдарын бір-бірден орындауды бастау үшін CTRL және BREAK пернелерін бір уақытта басыңыз.

  • Макрос ішінде қадамарды бір-бірден орындауды бір нақты жерде бастау үшін макрос ішінде қадамдарды бір-бірден орындауды бастағыңыз келетін жерде БірҚадам макро әрекетін қосыңыз. Макросқа БірҚадам макро әрекетін қосу үшін келесі іс рәсімін пайдаланыңыз:

    1. Қадамдарды бір-бірден орындауды бастағыңыз келетін макро әрекетін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Жолдарды кірістіру Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

    2. Әрекет тізімінде БірҚадам дегенін таңдаңыз. Бұл әрекетте әрекет дәлелі жоқ.

    3. Жылдам қатынау тақтасындағы Сақтау белгішесін басыңыз.

      Жегу түймешігін басқан кезіңізде бағдарлама макростарды қадам сайын орындау күйі өшірілген деп болжап, БірҚадам макро әрекеті кірістірілген жерге жеткенге дейін макросты қалыпты түрде орындайды, ал одан кейін макростың қадам сайын орындалуы басталады. Макросқа бірнеше БірҚадам әрекеттерін қосуға болады. Макросты қадам сайын орындау тілқатысу терезесіндегі Жалғастыру түймешігін басу макросты қадам сайын орындау күйін БірҚадам макро әрекеті қайта ұшырағанға дейін өшіреді.

      Егер макрос аяқталған кезде қадам сайын орындау күйі әлі де қосылған болып тұрса, ол қосылған түрде қалып тұра береді. Егер басқа макросты орындасаңыз, Access тағы да Макросты қадам сайын орындау тілқатысу терезесін көрсетеді. Макросты қадам сайын орындау күйін өшіру үшін Макросты қадам сайын орындау тілқатысу терезесіндегі Жалғастыру түймешігін басыңыз немесе Жасақтама қойындысындағы Құралдар тобында Қадамдық орындау Түймешік суреті түймешігін басып, оны бөлектелмеген етіп қойыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×