Макростардың барлығын бір жұмыс кітабында жасау және сақтау

Маңызды :  Бұл мүмкіндік Windows RT компьютеріндегі Office бағдарламасында қол жетімді емес. Office бағдарламасының қай нұсқасын пайдаланатыныңызды көргіңіз келе ме?

Жұмыс кітабында бірінші рет макросты жасағанда, ол тек сол жұмыс кітабында жұмыс істейді. Бірақ макросты басқа жұмыс кітаптарында пайдалану керек болса ше? Макростарды Excel бағдарламасын ашқан сайын қол жетімді ету үшін оларды Personal.xlsb деп аталатын жұмыс кітабында жасаңыз. Бұл компьютерде сақталатын жасырын жұмыс кітабы. Ол Excel бағдарламасын ашқан сайын ашылады.

Жұмысты бастау алдында таспада Жасақтаушы қойындысы көрсетілгенін тексеріңіз. Егер ол болмаса, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Файл > Параметрлер > Таспаны реттеу тармағына өтіңіз.

  2. Негізгі қойындылар жолындағы Таспаны реттеу параметрінің астында Жасақтаушы құсбелгісі қойылғанын тексеріңіз.

  3. ОК түймешігін басыңыз.

Содан кейін, макросты жасаңыз. Біз ағымдағы ұяшықтағы мәтінді қалың ретінде пішімдейтін өте қарапайым мысалды жазамыз. Макростарды жасау туралы қосымша мәліметтерді Жылдам бастау: макросты жасау бөлімінен қараңыз.

  1. A1 ұяшығында «Бір мәтін,» деп теріңіз де, ENTER пернесін басыңыз.

  2. Жасақтаушы > Қатысты сілтемелер пайдалану тармағына өтіңіз. Осылайша макрос қайда терсеңіз де жұмыс істейді.

Excel таспа суреті

  1. Макросты жазу түймешігін басыңыз.

  2. Макросты жазу диалогтық терезесінің Макрос атауы өрісінде макрос атауын теріңіз. Мысалы, BoldMe деп теріңіз.

Атауда ешбір бос орындарды пайдаланбаңыз.

  1. Макросты сақтау жолағында Макрос жеке жұмыс кітабы тармағын таңдаңыз.

  2. ОК түймешігін басыңыз.

  3. A1 ұяшығында басып, қалың пішімдеуді қолдану үшін CTRL+B пернелер тіркесімін басыңыз.

Бұл макростағы жалғыз қадам.

  1. Жасақтаушы > Жазуды тоқтату тармағына өтіңіз.

  2. Барлық ашық жұмыс кітаптарын жабыңыз да, Excel бағдарламасынан шығыңыз.

Енгізілген өзгертулерді жеке макростар жұмыс кітабына сақтауға шақыратын хабар пайда болады.

  1. Жеке жұмыс кітабын сақтау үшін Сақтау пәрменін таңдаңыз.

Excel бағдарламасын келесі рет ашқанда, жасалған макрос қол жетімді болады. Оны көру үшін:

  1. Жасақтаушы > Макростар тармағына өтіңіз.

Біздің мысал макрос PERSONAL!.BoldMe деп аталады.

  1. Егер макросты көрмесеңіз, Макростар жолағында PERSONAL.XLSB макросын басыңыз.

Макросты іске қосу үшін Макросты іске қосу бөлімін қараңыз.

Макростарды бір компьютерден басқа компьютерге жылжыту

Басқа компьютер сатып алдыңыз және барлық макростарды сол компьютерге жылжыту немесе көшіру керек делік. Я болмаса макростарды басқа біреумен ортақ пайдалану керек. Personal.xlsb жұмыс кітабын компьютерлер арасында ортақ пайдалану мүмкін емес, бірақ оны басқа компьютерлердегі XLSTART қалтасына көшіруге я болмаса оның кейбір немесе барлық макростарын басқа компьютерлердегі Personal.xlsb файлына көшіруге болады.

Егер сізде басқалармен ортақ пайдаланғыңыз келетін бір немесе аз ғана макрос болса, оларға макрост(ард)ы қамтитын жұмыс кітабын электрондық пошта хабарында жіберуге болады. Сондай-ақ, жұымс кітабын ортақ желілік дискіде немесе SharePoint Services кітапханасынан қол жетімді етуге болады.

Макросты бір жұмыс кітабынан екіншісіне көшіру туралы ақпаратты Макрос модулін басқа жұмыс кітабына көшіру бөлімінен қараңыз.

Жеке жұмыс кітабын көрсету

Жеке жұмыс кітабына сақтаған кез келген макросты тек алдымен жеке жмұыс кітабын көрсету арқылы өңдеуге болады. Excel бағдарламасын іске қосқанда, жеке жұмыс кітабы жүктеледі, бірақ жасырын болғандықтан оны көрмейсіз. Оны көру үшін:

  1. Көрініс > Көрсету тармағына өтіңіз.

  2. Көрсету диалогтық терезесінде PERSONAL.XLSB көруіңіз керек.

  3. Жеке жұмыс кітабын көру үшін OK түймешігін басыңыз.

  4. Жеке жұмыс кітабын жасыру үшін Personal.xlsb таңдалғанын тексеріңіз де, Көрініс қойындысында Жасыру пәрменін таңдаңыз.

Жаңа макросты жасап, жеке жұмыс кітабында сақтаған сайын немесе ол қамтитын кез келген макростарды жаңартқан сайын сізге дәл бірінші рет сақтағандағыдай жеке жұмыс кітабын сақтау ұсынылады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×