Мазмұн түрлеріне кіріспе

контент түрі ұйымдарға торап жиынтығының мазмұнын біркелкі түрде ұйымдастыру, басқару және реттеу мүмкіндігін береді. Құжаттардың нақты түрлері және ақпараттық өнімдер үшін мазмұн түрлерін анықтау арқылы ұйым осы топтардағы мазмұнның біркелкі түрде басқарылуын қамтамасыз етеді.

Осы мақалада

Мазмұн түрі не?

Мазмұн түрлері торап деңгейінде қалай істейді

Мазмұн түрлері тізімдерде және кітапханаларда қалай істейді

Мазмұн түрі не?

Бір жобаны орындау барысында кәсіпорын түрлі мазмұн түрлерін жасауы мүмкін: мәселен, ұсыныстар, шарт-келісімдер, жұмыс туралы мәлімдемелер және өнім жасақтамасы үшін қойылатын техникалық талаптар. Осы құжаттар бір жобамен байланысты болғандықтан оларды бірге сақтау мүмкін болғанымен, оларды түрлі жолдармен жасауға, пайдалануға жәнә ортақтастыруға болады. Кәсіпорын әрбір мазмұн түрі туралы әр түрлі метадеректер жинауы мүмкін.

Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасы ұйымдарға осы түрлі құжаттар жиынтықтарын мазмұн түрлері ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Мазмұн түрі мазмұнның нақты түрі үшін ортақ істеу тәртіптерін сипаттайтын, қайта-қайта пайдаланатын параметрлер тобы болып табылады. Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасында мазмұн түрлерін кез келген элемент түрі үшін анықтауға болады. Олардың ішінде құжаттар, тізім элементтері немесе қалталар бар. Әрбір мазмұн түрі келесілерді белгілей алады:

  • Осы түрдегі элементтерге тағайындағыңыз келетін бағандарды (метадеректерді).

  • Осы түрдегі жаңа элементтердің негізі ретінде пайдаланылатын құжат үлгісі (теқ қана құжаттық мазмұн түрлері үшін).

  • Осы мазмұн түрімен пайдаланылатын өзгертпелі "Жаңа", "Өңдеу" және "Бейнелеу" пішіндері.

  • Осы мазмұн түріндегі элементтер үшін қатынаулы жұмыс жүргізу үрдістері.

  • Осы мазмұн түріндегі элементтермен салғастырылған өзгертпелі шешімдер немесе мүмкіндіктер.

Мазмұн түрлері ұйымдарға сайттар жиыны ішіндегі түрлі тізімдер мен кітапханалардағы мазмұнды біркелкі түрде басқару және ұйымдастырудың бір жолын ұсынады. Сондай-ақ, олар бір тізімде немесе кітапханада бірнеше элемент түрлерін немесе құжат түрлерін ұстау мүмкіндігін береді.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұн түрлері торап деңгейінде қалай істейді

Мазмұн түрлері иерархия ретімен ұйымдастырылған және осы иерархия бір мазмұн түріне өз сипаттамаларын басқа мазмұн түрінен мұралауға мүмкіндік береді. Бұл құжат санаттарына төлсипаттарын бүкіл ұйым бойынша ортақтастыруға мүмкіндік береді, ал топтарға осы төлсипаттарын кейбір нақты тораптар немесе тізімдер үшін теңшеуге мүмкіндік береді.

Мазмұн түрлері әуелі орталық түрде торапты "Тораптық мазмұн түрлерінің жиынтығы" ішінде анықталады. Торап деңгейінде анықталатын мазмұн түрлері тораптық мазмұн түрлері деп аталады. Тораптық мазмұн түрлері қай торап үшін анықталған болса, олар осы тораптың кез келген бағыныңқы тораптарында пайдалану үшін қатынаулы болады. Мәселен, егер тораптық мазмұн түрі торап жиынтығындағы ең жоғарғы деңгейдегі тораптың "Тораптық мазмұн түрлерінің жиынтығы" ішінде анықталған болса, ол осы торап жиынтығындағы барлық тораптардың тізімдері мен кітапханалары ішінде пайдалану үшін қатынаулы болады. Тораптық мазмұн түрлерін тізімдерге немесе кітапханаларға жекелеп қосуға болады және осы тізімдерде немесе кітапханаларда пайдалану үшін теңшеуге болады. Тораптық мазмұн түрінің бір нұсқасы тізімге немесе кітапханаға қосылған соң ол тізімдік мазмұн түрі деп аталады. Тізімдік мазмұн түрлері оларды жасау үшін пайдаланылған тораптық мазмұн түрлерінің балалары болып табылады.

Мұралау тораптық мазмұн түрлері үшін қалай істейді

Торап үшін "Тораптық мазмұн түрлерінің жиынтығы" ішінде жаңа өзгертпелі мазмұн анықтаған кезіңізде Сіз "Тораптық мазмұн түрлерінің жиынтығы" ішінде бар тектік тораптық мазмұн түрін таңдап бастайсыз. Жаңа ғана жасалған тораптық мазмұн түрі тектік тораптық мазмұн түрінің барлық төлсипаттарын мұралайды: оның құжат үлгісін, тек оқу үшін параметрін, жұмыс жүргізу үрдістерін және бағандарын. Жаңа тораптық мазмұн түрін жасап болған соң осы төлсипаттардың кез келгенін өзгертуіңіз мүмкін.

Тораптық мазмұн түрлерін өзгерткен кезіңізде осы нақты өзгерістерді өз төлсипаттарын осы тораптық мазмұн түрлерінен мұралаған еншілес тораптық мазмұн түрлеріне немесе тізімдік тораптық мазмұн түрлеріне қолданғыңыз келетінін белгілеуіңіз мүмкін. Еншілес тораптық мазмұн түрінде немесе тізімдік мазмұн түрінде және тектік тораптық мазмұн түрінде ортақ болған төлсипаттарды ғана жаңартуға болады. Егер еншілес тораптық мазмұн түрі тектік тораптық мазмұн түрінде жоқ болған қосымша төлсипаттармен (мәселен, қосымша бағандармен) теңшелген болса, еншілес тораптық мазмұн түрі жаңартылған кезде осы өзгертпелі элементтер жойылмайды. Тораптық мазмұн түріне енгізілген өзгертулер осы тораптық мазмұн түрін жасау үшін пайдаланылған тектік тораптық мазмұн түріне әсер етпейді.

Тораптық мазмұн түрлері мазмұн басқаруды қалай қолдайды

Тораптық мазмұн түрлерін анықтау арқылы барлық санаттардағы құжаттар ұйымыңыз бойынша біркелкі түрде реттелгенін қамтамасыз етуге болады. Мәселен, ұйым ішінде тұтынғыштарға жеткізілетін барлық құжаттар үшін метадеректердің нақты жиынтығы талап етілуі мүмкін: мәселен, есеп шот нөмірі, жоба нөмірі және жоба меңгерушісі. Осы метадеректердің әрбірі үшін міндетті баған енгізетін "Тұтынушыларға жеткізілетін" мазмұн түрін жасау арқылы, есеп шот және жоба нөмірлерін ұйымыңыздағы тұтынушыларға жеткізілетін барлық құжаттармен салғастырылғанын қамтамасыз етуге болады. Одан кейін осы тораптық мазмұн түрін мұралаған торап жиынтығындағы барлық тұтынушыларға жеткізілетін құжаттар пайдаланушылардан осы бағандар үшін ақпарат енгізуді талап етеді. Егер осы тұтынушыларға жеткізілетін құжаттармен байланысты қосымша метадеректерді қадағалау қажет болса, "Тұтынушыларға жеткізілетін" тораптық мазмұн түріне тағы бір міндетті баған қосуға болады. Одан соң осы тораптық мазмұн түрін мұралайтын барлық еншілес тізімдік мазмұн түрлерін жаңартып, жаңа бағанды тұтынушыларға жеткізілетін құжаттардың бәріне қосуға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұн түрлері тізімдерде және кітапханаларда қалай істейді

Егер Сізде бірнеше мазмұн түрлеріне рұқсат беретін тізім немесе кітапхана бар болса, осы тізімге немесе кітапханаға мазмұн түрлерін торабыңыз үшін қатынаулы болған тораптық мазмұн түрлері тобынан қосуға болады.

Тізімге немесе кітапханаға мазмұн түрін қосу осы тізімге немесе кітапханаға осы түрдегі элементтерді ұстауға мүмкіндік береді. Осы тізімдегі немесе кітапханадағы Жаңа пәрмені пайдаланушыларға осы түрдегі жаңа элементтерді жасауға мүмкіндік береді. Тізімдерге немесе кітапханаларға арналған мазмұн түрлерінің басты артықшылықтарының біреуі олар бір тізімде немесе кітапханада бірнеше элемент түрлерін немесе құжат түрлерін ұстауға мүмкіндік береді. Ал осы элемент түрлерінің немесе құжат түрлерінің әрбірі бірегей метадеректерге, саясаттарға және істеу тәртіптеріне ие болуы мүмкін.

Мұралау тізімдік мазмұн түрлері үшін қалай істейді

Тізімге немесе кітапханаға тораптық мазмұн түрінің бір нұсқасы қосылған кезде ол оны жасау үшін пайдаланылған тораптық мазмұн түрінің еншілесі болып табылады. Бұл тізімдік мазмұн түрі тектік тораптық мазмұн түрінің барлық төлсипаттарын мұралайды: мәселен, оның құжат үлгісін, тек оқу үшін параметрін, іс жүргізу үрдістерін және бағандарын. Тізімдік мазмұн түрі қай тізімге немесе кітапханаға қосылған болса, оны осы нақты тізім немесе кітапхана үшін теңшеуге болады. Осы өзгертпелі элементтер тектік тораптық мазмұн түріне қолданылмайды. Егер тектік тораптық мазмұн түрі жаңартылған болса, еншілес тізімдік мазмұн түрі осы өзгерістерді мұралауы мүмкін (егер тораптық мазмұн түріне қарап тұратын кісі жаңартуларды барлық еншілес мазмұн түрлеріне қолдануды ұйғарса). Егер еншілес тізімдік мазмұн түрінде тектік тораптық мазмұн түрінен алынған ортақ төлсипаттардың кез келгені өзгертілген болса, тізімдік мазмұн түрі тектік тораптық мазмұн түріндегі өзгерістерді мұралаған кезде осы өзгертпелі элементтері жойылуы мүмкін. Егер тізімдік мазмұн түрі тектік тораптық мазмұн түрінде жоқ болған қосымша төлсипаттармен (мәселен, қосымша бағандармен) теңшелген болса, еншілес тізімдік мазмұн түрі тектік тораптық мазмұн түрінен өзгертулерді мұралаған кезде осы өзгертпелі элементтер жойылмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×