Мазмұнға баға беру

Мазмұнға баға беру тізімнен, кітапханадан немесе тораптан пайдалы және сәйкес ақпаратты табуға көмектеседі.

Бұл мақалада:

Шолу

Тізім немесе кітапхана мазмұнын бағалау

Тізім немесе кітапхана элементінің баға беру сипатын өңдеу

Торап немесе вики бетіне баға беру

Ағымдағы бағалауыңызды өзгерту

Шолу

Бағалау мазмұн туралы пікір беріп, сол арқылы басқа пайдаланушыларға тораптағы пайдалы және сәйкес ақпаратты анықтауға көмектеседі.

Бағалауларды торап иесі осы мүмкіндікті қосқан жағдайда тізімге, кітапханаға немесе веб-бетке пайдалануға болады. Бағалаулар әдетте тізімде, кітапханада немесе тізім элементінің сипаттар бетінде жұлдыздар бағаны немесе веб-бетте жұлдыздар жинағы ретінде көрсетіледі.

Бағалау

Бағаңызды таңдағаннан кейін, ол қабылданып, басқа бағалармен қосылу арқылы орташа баға шығарылады. Шамалы уақыттан кейін, сервер әкімшісі орнатқан уақыт интервалы негізінде, серверде жаңартылған баға көрсетіледі.

Мазмұнды бағалау

Егер орташа мән екі бүтін санның ортасына келсе, жұлдыздың бөлігі ғана боялып көрсетілуі мүмкін. Бағалаулар әдетте 5 жұлдыздан тұрады, бесінші жұлдыз ең жоғарғы мәнді білдіреді. Алайда, ұйымыңызда бағалаудың жұмысы немесе көрінісі өзгертілген болуы мүмкін.

Кеңес :  Егер мазмұнға баға қойғаныңызды немесе қоймағаныңызды еске түсіре алмасаңыз, тінтуір меңзерін бағалау бағанының немесе басқару элементінің үстіне апарыңыз. Баға қойған жағдайда, оның саны Менің бағам: 5 сияқты қалқымалы мәтін терезесінде көрсетіледі. Мазмұнды әлі бағаламаған болсаңыз, қалқымалы мәтіннің мазмұны Менің бағам: баға қойылмаған болады.

Ағымдағы бағаңыз

Мазмұнға баға қойғанда, сіздің мәніңіз басқа бағалармен қосылып, орташа сан шығарылып, әдепкі бойынша басқа адамдар сіздің жеке бағаңызды көре алмайды. Жеке бағаңызды бағалау мүмкіндіктерінің негізінде теңшелген бағдарламада қол жетімді немесе көрінетін етуге болады. Бағалаулар арқылы бөлісетін ақпарат, Тораптарым және осыған қатысты мүмкіндіктер туралы қосымша мәліметтерді Келесіні де көріңіз бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тізім немесе кітапхана мазмұнын бағалау

Тізім немесе кітапхана мазмұнын бағалау үшін, алдымен бағалаулар мүмкіндігін қосу керек. Құжаттар орталығы үлгісінде, бағалаулар әдепкі бойынша қол жетімді болады.

Егер мүмкіндік қосылған болса, әдетте тізімді немесе кітапхананы қарағанда, Бағалау (0-5) сияқты бағалау бағаны көрінеді. Бағалаулар қосылған, алайда тізім немесе кітапхананың ағымдағы көрінісінде көрсетілмеген болса, осы мақаланың Тізім немесе кітапхана элементінің баға беру сипатын өңдеу бөліміндегі іс рәсімін пайдалануға болады.

Тізімде немесе кітапханада бағалаулардың қосулы немесе қосулы еместігін білу үшін, тораптың иесіне немесе басқарушысына хабарласыңыз. Бағалау мүмкіндігін қосу және теңшеу туралы қосымша ақпаратты Келесіні де көріңіз бөлімінен қараңыз.

  1. Жылдам іске қосу аймағында баға беру керек тізімнің немесе кітапхананың атауын нұқыңыз.
    Тізім немесе кітапхана жылдам іске қосу аймағында болмаса, Торап әрекеттері түймешігін басып, Тораптың бүкіл мазмұнын қарау тармағын таңдап, тізімнің немесе кітапхананың атауын нұқыңыз.

  2. Баға беру керек элементтің жанындағы Бағалау (0-5) бағаны ішінде, тінтуір меңзерін элементке тағайындалатын жұлдыздар санының үстіне қойыңыз.

    Бағалауға сәйкес келетін жұлдыздар саны түсін өзгертеді. Жұлдыздардың саны көбірек болған сайын, бағасы да үлкен болады.

  3. Бағаны беру үшін басыңыз. Бағаңыздың жіберілгені туралы хабар көрсетіледі. Баға қабылданып, басқа бағалармен ортақ мәні шығарылғаннан кейін, элементке байланысты жалпы бағалауға қолданылады.

    Ескертулер : 

    • Сервердің қалай теңшелгеніне байланысты, орташа баға шығарылғанға дейін біраз уақыт кетуі мүмкін. Бұл интервалды әкімші орнатады.

    • Күнтізбе сияқты кейбір тізімдерде, бағалаулар бағаны әдепкі көріністе көрсетілмеуі мүмкін. Бағалауды тізім элементінің сипатына қолдану үшін келесі іс рәсімін пайдалануға болады.

Тізім немесе кітапхана элементінің баға беру сипатын өңдеу

Бағалаулар тізім немесе кітапханаға қосылған, алайда олардың әдепкі көріністерінде Бағалау (0-5) бағаны көрсетілмесе, тізім элементі немесе құжаттың бағалау сипатын жаңарту іс рәсімін пайдалануға болады.

Сипаттардағы бағалау өрісі

Бұл іс рәсімі тізім элементі үшін бағалауды Бағалау (0-5) бағанында жасаумен бірдей, алайда ол элементтің сипаттарын көріп жатқан болсаңыз ыңғайлырақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл іс рәсімі тізім немесе кітапхананың ағымдағы көрінісінде Бағалау (0-5) бағаны көрінбесе пайдалы.

Тізім немесе кітапхана мазмұнын бағалау үшін, алдымен бағалаулар мүмкіндігін қосу керек.Бұл мүмкіндік қосылған болса, тізім немесе кітапхананы қарағанда әдетте «Бағалау (0-5)» деп көрсетілетін бағалаулар бағаны көрсетіледі.

Тізімде немесе кітапханада бағалаулардың қосулы немесе қосулы еместігін білу үшін, тораптың иесіне немесе басқарушысына хабарласыңыз. Бағалау мүмкіндігін қосу және теңшеу туралы қосымша ақпаратты Келесіні де көріңіз бөлімінен қараңыз.

  1. Жылдам іске қосу аймағында баға беру керек тізімнің немесе кітапхананың атауын нұқыңыз.Тізім немесе кітапхана жылдам іске қосу аймағында болмаса, Торап әрекеттері түймешігін басып, Тораптың бүкіл мазмұнын қарау тармағын таңдап, тізімнің немесе кітапхананың атауын нұқыңыз.

  2. Баға беру керек тізім элементінің немесе құжаттың жанына құсбелгі қойыңыз.

  3. Таспадағы Басқару тобында Сипаттарды өңдеу түймешігін басыңыз.

  4. Бағалау (0-5) жанында тінтуір меңзерін элементке тағайындалатын жұлдыздар санының үстіне қойыңыз. Бағалауға сәйкес келетін жұлдыздар саны түсін өзгертеді. Жұлдыздардың саны көбірек болған сайын, бағасы да үлкен болады.

  5. Бағаны беру үшін басыңыз. Бағаңыздың жіберілгені туралы хабар көрсетіледі. Баға қабылданып, басқа бағалармен ортақ мәні шығарылғаннан кейін, элементке байланысты жалпы бағалауға қолданылады.

Ескерту :  Сервердің қалай теңшелгеніне байланысты, орташа баға шығарылғанға дейін біраз уақыт кетуі мүмкін. Бұл интервалды әкімші орнатады.

Беттің жоғарғы жағы

Торап немесе вики бетіне баға беру

Егер бет жасаушысы бағалау мүмкіндігі орнатылған орналасу қолданған болса, кейбір беттерді өңдеуге болады.

SharePoint бетінде бағалау

Бұл іс рәсімі тізім немесе кітапханадағы бағалауға ұқсас – меңзеді қолданылатын жұлдыздар санының үстіне апарып, басасыз. Бағалау басқару элементінің көрінісін бет жасаушысы өзгерткен болуы мүмкін.

  1. Бетте тінтуір меңзерін элементке тағайындалатын жұлдыздар санының үстіне қойыңыз. Бағалауға сәйкес келетін жұлдыздар саны түсін өзгертеді. Жұлдыздардың саны көбірек болған сайын, бағасы да үлкен болады.

  2. Бағаны беру үшін басыңыз. Бағаңыздың жіберілгені туралы хабар көрсетіледі. Баға қабылданып, басқа бағалармен ортақ мәні шығарылғаннан кейін, элементке байланысты жалпы бағалауға қолданылады.

Ескерту :  Бағалау мүмкіндігін қосу және теңшеу туралы қосымша ақпаратты Келесіні де көріңіз бөлімінен қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ағымдағы бағалауыңызды өзгерту

Баға қойғаннан кейін ойыңызды өзгертсеңіз немесе байқаусызда қате баға таңдасаңыз, оны өзгертуге болады. Ағымдағы бағаны өзгерту үшін, бағаны қойған кездегі іс рәсімін пайдалануға болады.

Әдепкі қойған бағаңызды, тінтуір меңзерін мазмұнның үстіне қою арқылы көруге болады. Бағаны өзгерту үшін, тінтуір меңзерін апарып, керекті жаңартылған жұлдыздар санын таңдаңыз.

Ағымдағы бағаңыз

Ескерту :  Сервердің қалай теңшелгеніне байланысты, өзгертілген баға негізінде орташа баға шығарылғанға дейін біраз уақыт кетуі мүмкін. Бұл интервалды әкімші орнатады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×