Мазмұнды іздеу

Microsoft SharePoint Server 2010 бағдарламасында мазмұнды іздеудің бірнеше жолы бар. SharePoint торабының әрбір бетіндегі Іздеу өрісін, іздеу орталығы торабын пайдалануға болады немесе «Кеңейтілген іздеу» бетін пайдаланып толық сұрау жасауға болады. Кілт сөздер, тырнақшаға алынған белгілі бір тіркес немесе сипаттарға тағайындалған мәндер бойынша мазмұнды іздеуге болады.

Не істегіңіз келеді?

Торапта мәтінді немесе файлдарды іздеу

Тізімде немесе кітапханада мәтінді немесе файлдарды іздеу

Іздеу орталығы торабынан мазмұнды табу

Тиімді сұраулар жазу

Сұрауға логика қосу

Сипаттарды пайдаланатын сұрау

Іздеу нәтижелерімен жұмыс жасау

Мазмұнды Қосымша іздеу параметрімен іздеу

Торапта мәтінді немесе файлдарды іздеу

Мазмұнды іздеп, бірақ оның қайда орналасқанын білмеген кезде мәліметтер сақталуы мүмкін ең жоғарғы торапта іздеуді бастаңыз. Одан кейін, мәліметтерді табу үшін нәтижелерді нақтылауға болады. Кілт сөздерді немесе тырнақшаға алынған белгілі бір тіркесті енгізіп, мазмұнды іздеуге болады. Сұраулар жасау туралы қосымша ақпаратты Тиімді сұраулар жазу бөлімінен қараңыз.

  1. Ізделетін торапқа өтіңіз. Торапты іздеу нәтижелерінде тектік тораптағы немесе іргелес тораптардағы мазмұн болмайды. Қажетті іздеу нәтижелері үшін жоғарғы торапқа өтіңіз.

  2. Іздеу жолағына ізделетін сөзді немесе тіркесті енгізіп, Іздеу түймешігін басыңыз.

  3. Әдепкі бойынша іздеу нәтижелері маңыздылығы бойынша көрсетіледі. Нәтижелерді басқаша сұрыптау үшін Нәтижелерді нақтылау астындағы параметрді таңдаңыз. Әрі аумағы Осы тізім дегенге орнатылған жаңа кілт сөзді іздеуге болады. Бұл кейінгі сұрауларды нәтижелердің бірінші жиынына шектейді. Егер аумағы Осы торап дегенге орнатылған жаңа іздеуді енгізсеңіз, жаңа іздеу бастапқы сұраумен бірдей тораптан немесе тораптардан орын алады. Іздеу нәтижелерімен жұмыс істеу туралы қосымша ақпаратты Іздеу нәтижелерімен жұмыс істеу бөлімінде қараңыз.

    Ескертулер : 

    • Іздеу нәтижелері тізім элементтерінің тіркемелерін көрсетпейді.

    • Іздеу жолағына ең көп дегенде 255 таңба сыйдыруға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Тізімде немесе кітапханада мәтінді немесе файлдарды іздеу

Іздеп жатқан мазмұнның тізімде немесе кітапханада орналасқаны белгілі болған кезде тізім немесе кітапхана сақталған бетте іздеуді бастаңыз. Іздеу нәтижелері құжаттың авторы немесе жазылған күні сияқты метадеректер бойынша іздеуді нақтылауға мүмкіндік береді. Кілт сөздерді немесе тырнақшаға алынған белгілі бір тіркесті енгізіп, мазмұнды іздеуге болады. Сұраулар жасау туралы қосымша ақпаратты Тиімді сұраулар жазу бөлімінен қараңыз. Егер қажетті мазмұнды таба алмасаңыз, тораптан іздеңіз немесе басқа кілт сөздерді пайдаланыңыз.

  1. Ізделетін тізімге немесе кітапханаға өтіңіз.

  2. Іздеу жолағына ізделетін сөзді немесе тіркесті енгізіп, Іздеу түймешігін басыңыз.

  3. Әдепкі бойынша іздеу нәтижелері маңыздылығы бойынша көрсетіледі. Нәтижелерді басқаша сұрыптау үшін Нәтижелерді нақтылау астындағы параметрді таңдаңыз. Іздеу нәтижелерімен жұмыс істеу туралы қосымша ақпаратты Іздеу нәтижелерімен жұмыс істеу бөлімінде қараңыз.

    Ескертулер : 

    • Іздеу нәтижелері тізім элементтерінің тіркемелерін көрсетпейді.

    • Іздеу жолағына ең көп дегенде 255 таңба сыйдыруға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Іздеу орталығы торабынан мазмұнды табу

Ұйым іздеу орталығы торабын пайдалана алады. Іздеу орталығы торабы кәсіпорын деңгейіндегі нәтижелерді табу қажет болған кезде өтуге болатын орын болып табылады. Әдепкі іздеу орталығы торабы сұрауды енгізуге болатын Іздеу жолағын көрсетеді.

  1. Іздеу орталығы торабын көрсету үшін беттердің көбісінде жоғарғы жағына жақын шарлау сілтемелеріндегі Іздеу орталығы немесе Бірлескен іздеу орталығы параметрін таңдаңыз.

  2. Егер іздеу орталығы торабында сілтемелер болса, белгілі бір орындарда іздеу немесе Адамдар табу үшін сілтемені нұқыңыз. Мысалы, әрбір қол жетімді тораптағы мазмұнды іздеу үшін Барлық тораптар параметрін таңдаңыз.

  3. Іздеу жолағына сұрауды енгізіңіз.

    Ескерту : Сұраулар жазу туралы қосымша ақпаратты Тиімді сұраулар жазу бөлімінде қараңыз.

  4. Іздеу нәтижелерін көрсету үшін Іздеуді бастау пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тиімді сұраулар жазу

Тораптан не Іздеу орталығынан іздесеңіз де, тиімді сұрау жасау қажетті ақпаратты жылдам табу нәтижесіне жеткізеді. Адамдар немесе ақпаратты іздеу үшін еркін мәтін, сөз тіркестері, логикалық операторлар және сипатқа негізделген шектеулер жиынын пайдалануға болады.

Сұрау жазу кезінде есте сақтайтын нәрселер осы жерде:

  • Іздеу терминдерін бос орындармен бөлу.    Іздеу нәтижелері кез келген тәртіпте барлық сөздерді қамтитын мазмұнды тізімдейді.

  • Іздеу бас әріптермен жазуды елемейді.    Автор:Джон дегенді іздеу автор:джон дегенмен бірдей нәтижелерді береді.

  • Нақты нәтижелер үшін тырнақшаларды пайдалану.    Қажетті құжатта нақты сөздері сұрауда нақты тәртіппен жазылған кезде, сұрауды бағамдарға салыңыз. Басқа жағдайда, сөз тіркесін бағамдарға салынбай қалдыру дұрыс болады. Мысалы, осы Мазмұнды іздеу мақаласына сұрау тек «сұрауы» AND «мазмұны» бірге болатын мақалаларды ғана табады.

  • Таңбалар саны.    Сұрау 255 таңбадан артық болмауы тиіс.

Сұрауға логика қосу

Іздеу әрекетінің негіздерін біле отырып, іздеу нәтижелерін одан да нақтылау үшін кейбір параметрлерді қосуға болады. SharePoint бағдарламасы логиканы AND, OR, NOT, + (PLUS), және - (MINUS) операторларымен байланыстыратынын білдіретін кілт сөздерге және сипаттарға қатысты пайдалануға мүмкіндік береді. Сәтті сұраулар жасауға көмектесетін төмендегі мысалдарды пайдаланыңыз.

Логикалық оператор

Сипаттама және мысал

Және

Қатынастарға қатысты барлық сөздері бар құжаттарды табу үшін пайдаланыңыз. Мысалы, алмалар AND апельсиндер алмалар мен апельсиндердің екеуі де бар болатын құжаттарды табады, бірақ екі сөз құжаттарда бірдей болмауы мүмкін.

Немесе

OR операторын сөз не сөздерді қамтитын барлық құжаттарды табу үшін пайдаланыңыз. Мысалы C++ OR C# іздеу сол бағдарламалық тілдерді қамтитын барлық құжаттарды табады.

ЕМЕС

NOT белгілі нәтижелерді алып тастау үшін пайдаланыңыз. Мысалы, маркетинг AND болжамы NOT бюджет бюджеттен басқа, маркетинг және болжам кілт сөздері бар құжаттарды қайтарады.

+ (PLUS)

SharePoint+Excel сұрауы кілтсөздердің екеуі де бар болатын құжаттарды қайтарады.

- (MINUS)

SharePoint+Excel -Excel 2007 -Excel 2003 сұрауы Excel 2003 және Excel 2007 кілтсөздері бар құжаттарды қайтарады.

Логикалық операторларға қосымша ретінде, SharePoint бағдарламасы ұқсас операторларды пайдалануға мүмкіндік береді. Сұрауды төмендегі мәндер арқылы жасауға болады:

Байланысты оператор

Сипаттама және мысал

: Қос нүкте

Теңдікті нақтылау үшін сипатымен бірге пайдаланыңыз. Мысалы, Автор:Қадыртегі автордың Қадыртегі екенін білдіреді.

= Тең

Теңдікті нақтылау үшін сипатымен бірге пайдаланыңыз. Мысалы, Автор:Қадыртегі автордың Қадыртегі екенін білдіреді.

< Азырақ

Аздығын көрсету үшін, күндерімен және тұтас сандарымен бірге пайдаланыңыз. Мысалы, іздеу спецификациялары өзгертілген<7/8/09 2009 жылдың 8 шілдесіне дейін өзгертілген барлық іздеу спецификацияларын қайтарады.

> Көбірек

Үлкендігін көрсету үшін, күндерімен және тұтас сандарымен бірге пайдаланыңыз. Мысалы, іздеу спецификациялары өзгертілген>7/8/09 2009 жылдың 8 шілдесіне дейін өзгертілген барлық іздеу спецификацияларын қайтарады.

<= Аз немесе тең

Аз немесе тең екенін көрсету үшін, күндерімен және тұтас сандарымен бірге пайдаланыңыз. Мысалы, іздеу спецификациялары өзгертілген<=7/8/09 2009 жылдың 8 шілдесіне дейін және қоса алғанда өзгертілген барлық іздеу спецификацияларын қайтарады.

>= Үлкен немесе тең

Үлкен немесе тең екенін көрсету үшін, күндерімен және тұтас сандарымен бірге пайдаланыңыз. Мысалы, іздеу спецификациялары өзгертілген>=7/8/09 2009 жылдың 8 шілдесіне дейін және қоса алғанда өзгертілген барлық іздеу спецификацияларын қайтарады.

.. екі нүкте

Мысалы, сипаты: 1-мән.. 2-мән сипатының 1 мәнінен көбірек не тең екенін және 2 мәнінен азырақ не тең екенін көрсетеді.

<> (тең емес)

Қоспау үшін, күндермен және тұтас сандармен бірге пайдаланыңыз. Мысалы, іздеу спецификациялары өзгертілген<>7/8/09 2009 жылдың 8 шілдесіне дейін өзгертілмеген барлық іздеу спецификацияларын қайтарады.

Сипаттарды пайдаланатын сұрау

SharePoint сақталған құжаттардағы метадеректер болып табылатын сипаттарды пайдаланып, сұрауларды жасауға болады. Құжаттың авторы немесе сақталған күні сипаттың мысалы болып табылады. Мазмұн сипаттары мен олардың мәндері торап индекстелегенде сақталады. Элемент сипаттары туралы нақты ақпарат бар болса, оны элементті іздеу үшін сұрауды жасауға пайдалануға болады.

Сипаттарды пайдаланатын сұрауды жасағанда, сипат пен мән арасында бос орын қалдыруға болмайды.

Сипат мәндерін іздеу

Синтаксистісипат:мән іздеу үшін пайдаланыңыз. Мысалы, автор:Қадыртегі авторы аты Қадыртегі адамның барлық құжаттарын табады.

Файл атауымен іздеу

файл атауы:«Budget» (тырнақшалармен) «Budget.xlsx,» деп аталған файлды немесе файл атауы:budget (тырнақшаларсыз) «Budget_Current.xlsx» және «Budget_Next.xlsx» іздеу үшін теріңіз.

Файл түрі бойынша іздеу

Excel 2007 дайындалған бюджеттің бағдарламалық бланкісін іздеп отырсыз дерлік. Сұрауға файл түрі:xlsx тек іздеу нәтижелерін Excel 2007 жұмыс кітаптарында көрсету үшін қосыңыз.

Қойылмалы таңбалар

Құжатты іздеу үшін кілтсөзбен немесе сипатымен бірге префикске сәйкес "*" жұлдызша белгісін пайдаланыңыз. Мысалы, Автор:Сми іздеу пәрмені аты Сми әріптеріне басталатын автормен жасалған барлық құжаттарды қайтарады.

Түрлі сипаттарын іздеу

Іздеу қызметі AND секілді түрлі сипаттарды пайдаланатын терминдер арасындағы бос орындарды түсіндіреді. Мысалы, тақырып:бюджет файл түрі:xlsxіздеу жүргізілсе, іздеу тек Excel 2007 «бюджет» сөзіне басталатын тақырыптары бар жұмыс кітаптарын қайтарады.

Белгілі іздеу нәтижелерін алып тастау

Белгілі сөздерді қамтитын іздеу нәтижелерін алып тастау үшін, (-) «алу» белгісін алып тастау үшін тиісті сөздің алдынан қойыныңыз. Мысалы, «шығын» сөзі бар элементті табу үшін, бірақ «салық» сөзін алып тастау үшін шығындар -салықтар сөз тіркесін Іздеу жолағына теріңіз.

Файл сипаттарын қосу

Қайтару үшін файлдың атын немесе түрін нақтылау мақсатында сипаттарды пайдаланыңыз. Мысалы, «күнтізбе» сөзі бар Microsoft Office Word 2007 файлдарын іздеу үшін күнтізбе файл түрі:docx сөзін Іздеу жолағына теріңіз.

Бір сипаттағы балама мәндерді іздеу

Іздеу қызметі секілді түрлі сипаттарды пайдаланатын терминдер арасындағы бос орындарды түсіндіреді. Мысалы, автор:«Ерлан Қадыртегі» автор:«Қайрат Ахметов» іздесеңіз, екі адаммен жасалған элементтерді қайтарады.

Сипат мәндерін алып тастау

Белгілі сипат мәнімен белгіленген мазмұнды алып тастау үшін (-) «алу» белгісін сипат атауының алдына қойыңыз.

Белгілі бір серверге назар аудару

Торап сипаты іздеу үшін қол жетімді болса, белгілі бір серверде сақталатын мазмұнын іздеу мақсатында сұрауғаторап:сервер атауын қосуға болады.

Ескерту : Кері қиғаш сызық (\) белгісін сұрауға пайдалануға болмайды. Сондықтан, кері қиғаш сызық белгісін сервер жолағына торап:\\сервер атауын тергенде пайдалануға болмайды.

Күн/уақыт

Кез келген пішіндегі күн/уақыт сипаты сұрау жасау үшін логикалық немесе тиісті оператормен пайдалануға болады. Мысалы, іздеу спецификациялары өзгертілген=7/8/09 2009 жылдың 8 шілдесіне дейін өзгертілген барлық іздеу спецификацияларын қайтарады.

Ескертулер : 

  • Іздеу үшін сұрау кемінде бір сөзден тұруы керек. Алып тасталынатын сөздерден тұратын сұраулар қате туралы хабарды туғызады.

  • Әкімші жазушы немесе электрондық пошта секілді сипаттарды автор реттелген сипатқа келтірсе, осы сипаттардан тұратын мазмұнды қамтитын нәтижелерге ие болу мүмкін.

Ұйымыңызда білетін құжаттарды таба алмасаңыз, онда іздеу индексіне қосылатын, құжаттарға рұқсаттар беретін немесе құжаттар үшін кілтсөздерді немесе сипаттарды қосу не өзгерту үшін іздеу қызмет әкімшісімен жұмыс жасауыңыз керек.

Іздеу нәтижелерімен жұмыс жасау

Әдепкіде іздеу нәтижелердің негізі сұрауға қатысты маңыздылығы бойынша сақталады. Кілтсөз анықтамалары мен ең қолайлы элементтер сілтемелері (болған жағдайда) іздеу нәтижелерінің басында сипатталады. Нәтижелер нақтылау үшін, нақтылау тақтасының кез келген жерін нұқыңыз.

Әкімші нақтылау панелі көрсетіп отырған параметрлерді өзгерте алады, бірақ іздеу нәтижелерін нақтылауды таңдау әдісіне берілген мысалы бойынша құжаттың тораптағы орналасқан жері, көру үшін тиісті автор не авторлар немесе құжат не құжаттар жасалған күндері бойынша нақтылауы мүмкін. Нақтылау панеліндегі кез келген элементтің бірін таңдаған кезде таңдаған нақтылау әдісі бойынша орнатылған нәтижелерді бірден көрсетеді.

Іздеуді нақтылаудың тағы бір әдісі ол –аумақтарды пайдалану. Іздеу орталығын пайдалану немесе тораптан іздеу арқылы іздеу нәтижесінің бетіне өткенде нәтижені Осы торап немесе Осы тізімпараметрлерін пайдаланып нәтижелерді нақтылау мүмкіндігі көрінеді. Осы тізім параметрі нәтижелерді кілт сөздер немесе сөз тіркестері арқылы нақтылауға мүмкіндік береді. Таңдалынатын Адамдар немесе Барлық тораптар ауқымының да болуы мүмкін.

Іздеу қызметі іздеу әрекеттеріне байланысты тізімді ұсынады. Сілтемелердің бірін жай басқанда негізгі іздеуге байланысты немесе ұқсас болатын мәтін не сөз тіркесі бірден іздейді.

Ұйымыңыз адамдарды іздеуді және Тораптарым тармағын іске қосса, профильде сөз не сөз тіркесін іздеген ұйымдағы адамдардың тізімін ұсынады. Тиісті адамның Тораптарым тармағына өту үшін тиісті адамды таңдаңыз. Адамдарды іздеу туралы толық ақпарат алу үшін «Адамдарды іздеу» мақаласын қараңыз.

Іздеу нәтижелері бетінде Іздегеніңіз мынау емес пе? сөзімен іздеу нәтижелердің үстінен ұсыныстарды көсетеді. Бұл мүмкіндік тырысып көруге болатын балама сұрауларды ұсынады. Әр ұсыныс сілтеме ретінде пішінделеді. Балама сұрауды қайтадан іздеу үшін жай ғана оны басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұнды Қосымша іздеу параметрімен іздеу

Бірнеше нақты сұраулар жасау үшін іздеу нәтижелер бетінде қол жетімді болатын Қосымша іздеу бетін пайдаланыңыз. Қосымша іздеу параметрінің көмегімен белгілі бір сөздерді қамтитын нәтижелерді көрсету не алып тастауға, тіл немесе түріне байланысты іздеу нәтижелерін сүзгілеуге және мазмұн сипаттарын іздеуге болады. Қосымша іздеу параметрінің бір кемшілігі - көптеген параметрлер мен шектеулерді қолданумен сұрау жұмысты баяулатуы мүмкін. Кез келген сұраумен бірге азырақ сөздерді немесе шектеулерді мүмкін болғанша оларды нақтылаумен нәтижелерді кеңейту немесе азайту үшін пайдаланыңыз.

  1. Қосымша іздеу бетін көрсету үшін, іздеу нәтижелері бетіндегі Іздеу жолағының жанындағы Қосымша сілтемесін нұқыңыз.

  2. Келесімен құжаттар табу астына төмендегі суретте көрсетілгендей өрістерге сөздерді немесе сөз тіркестерін теріңіз. Әр сөзді, нақты сөз тіркесін немесе белгілі бір сөздерді қамтитын нәтижелерді алып тастау мақсатында сәйкестендіруді таңдауға болады.

    Қосымша іздеу - келесімен құжаттар табу

  3. Тіл бойынша іздеу нәтижелерін азайту үшін, Тіл(дер)ді ғанапараметріне бір немесе бірнеше құсбелгісін қойыңыз.

    Қосымша іздеу - тілдерді ғана

  4. Құжат бойынша іздеу нәтижелерін азайту үшін, Нәтиже түрі тізімінен параметрді таңдаңыз.

    Қосымша іздеу - нәтиже түрі

  5. Белгілі бір мәндермен белгіленген мазмұнды табу үшін Сипат тақырыбынан басқа өрістерді пайдаланыңыз. Сипатты Сипатты таңдау тізімінен таңдап, логикалық операторды таңдаңыз да, іздеу үшін мәнді енгізіңіз. Бірден артық сипатты іздеу немесе бір сипат үшін басқа мән енгізу үшін Сипатты қосу параметрін таңдаңыз. Төмендегі мысалда, іздеу қызметі атауында «бюджет» деген сөзі бар авторы Серік Нұрбеков жасаған элементтерді көрсететіні келтірілген.

    Қосымша іздеу - сипатты қосу

  6. Іздеу нәтижелерді көрсету үшін Іздеу параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×