Көріністер бөліміне кіріспе

Пішін үлгіңіздің түрлі көріністерін жасақтау арқылы сіз пайдаланушыларға деректерге қарайтын түрлі жолдарды ұсына аласыз. Мысалы, сіздің басып шығаруға оңтайландырған арнайы көріністі жасауыңыз мүмкін немесе сіздің күрделі пішін үлгісіндегі кейбір егжей-тегжейлі мәліметті жою үшін жоғары деңгейлі жиынтықты жасауыңыз мүмкін.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Жасақтама мәселелері

Көрініс тапсырмалар аймағы

Пайдаланушы тәжірибесі

Көріністерді пайдалану үшін сценарийлер

Пішін үліглерге бірнеше көріністерді жасауға көп себептер бар. Мысалы үшін, бірнеше көріністермен Сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз:

  • Ұзын, күрделі пішін үліглерді түрлі көріністерге бөлу арқылы оны жеңілдетуіңізге болады    Мысалы үішн, ұзын сұрақ-жауап пішін үлгісінде пайдаланушылар сұрақтарға бірізді және логикалық тәртіпте жауап беру үшін, бірнеше көріністерге бөлуді қалауыңыз мүмкін. Бұндай сценарийде, әрбір сұрақ бөлімін өз көріністеріне орналастырып пайдаланушылар бір көріністен басқа көрініске өту мүмкіндігіне ие болу үшін, пішін үлгіге Артқа және Келесі түймешіктерді енгізуіңізге болады.

  • Пішін үлгіге тек оқу үшін арналған көріністі енгізу    Мысалы үшін, пайдаланушылар деректерді Веб қызметіне жіберген соң, оны өзгертіп қоюдың алдыны алу үшін тек оқу үшін жасалған көріністі жаратуыңызға болады. Үлгіде пайдаланушы Жіберу түймешігін басқанда, Microsoft Office InfoPath бағдарламасын оқу және жазу күйінен тек оқу күйіне өткізіп жіберетін қылып баптауыңызға болады.

  • Ұйымыңызда жұмысшылардың роліне қарап пішін үлгінің түрлі нұсқаларын бейнелеу    Мысалы үшін, сақтандыру ақшасын талап ететін өтініштер үстінен шешім шығару пішін үлгісінде, бір көріністі сақтандырылған тұлғалар үшін, екінші көріністі сақатандыру компанияның қызметкерлері үшін және үшінші көріністі сақтандыру реттеушілер үшін жасауыңызға болады. Осы көріністердің әрбірі оларға ақпарат енгізетін пайдаланушы түріне қарап қызмет көрсететін қылып бапталған.

  • Үлгіңіздің басып шығара алатын көрінісін жасау    Егер пайдаланушлар өздерінің үлгілерін басып шығарады деп ойласаңыз, үлгі тек басып шығарыланда пайдаланатын арнайы көрініс жаратуыңызға болады. Бұндай көрініс басып шығару көрінісі деп аталады. Пішін үлігңізде арнайы жасалған басып шығару көрінісін жасауыңызға болады. Сондай-ақ, пішін үлігдегі барлық көріністер үшін қолданылатын бірегей басып шығару көрінісін де жасауыңызға болады. Мысалы үішн, пішін үлгіңіз үш көріністен құрылған болса, осы көрінестердің әрбірінен негізгі ақпараттарды бірегей басып шығару бетіне біріктіретін басып шығару көрінісін жаратуыңызға болады.

  • Үлгі толтыру мұхиттар үшін түрлі көріністерді жасау    Мысалы үшін, бірегей браузерге үйлесімді форма үлгісісінде, бір көріністі үлгіні InfoPath бағдарламасын пайдаланып толтыратын пайдаланушыларға арнап және екінші көріністі веб-шолғышты пайдаланып толтыратын пайдаланушыларға арнап жасауыңызға болады. InfoPath пайдаланушылары үшін жасалған көріністің құрамында веб-шолғышта қолданбайтын мүмкіндіктер болуы мүмкін.

Пішін үлгіңізде көріністер саны көп болсын немесе аз болсын олардың барлығы бір деректер көзі пайдаланады. Осы жайт түсінікті болу үшін, пішін үлгіңізде екі көрініс бар делік. Әдепкі көрінсте электрондық пошта мекен-жайы болатын болса, оны екінші көрініске көшіруіңізге болады. Пайдаланушылар электрондық пошта мекен-жайын бір көрініске енгізгенде ол автоматты түрде екіншісінде де пайда болады. Көріністер ара басқару элементтерді көшіруіңізге болады яғни осы әрекет ешқандай байланыстыру ақаулықтарға себеп болмайды. Мысалы үшін, егер Сіз электрондық пошта мекен-жайы мәтінін көшіріп алып оны екінші көріністе қоятын болсаңыз, бір көріністе тура осы әрекет орындалғанда Басқару элемет деректердің көшірмесін сақтайды пайда болатын қате туралы хабар пайда болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Жасақтама мәселелері

Жаңа көрініс жасап жатқандықтан, Сіз әдетте келесі тапсырмаларды орындайсыз:

  1. Көріністі жоспарлау    Қанша көрініс жасалынады? Көрінстердің ішінде тек оқу үшін деп жасалатыны бар ма? Көріністердің қай біреуі бірінші ашылғанда көрсетіліп тұру керек? Пайдаланушыларыңыз үлгіні басып шығыра ма? Егер басып шығаратын болса, басып шығару баптаулары енгізілген арнайы басып шығару көрінісін жарату керек пе? Егер шолғымен-сай пішін үлгіні жасап жатқан болсаңыз, тек InfoPath бағдарламасында қолданатын мүмкіндіктерді енгізу керек пе?

  2. Көріністі толтыру    Пішін үлгіге жаңа көрініс қосқаныңызда, ол басында бос болады. Бар көрінстердегі басқару элементтерді, егер қажет болса, жаңа және бос көрініске көшіруіңізге болады немесе Басқару элементтер я Деректер көзі тапсырмалар аймағы арқылы енгізуіңізге болады.

  3. Көріністердің көріністерін баптау     Көрініске өң түсі немесе сурет енгізуді қалайсыз ба? Пайдаланушылар көріністі басып шығаратын болса, басып шығарғышты, қағазды, жиек параметрлерін немесе төмен я жоғары деректемелерді баптап қойыңыз.

  4. Көріністің тәртібін баптау    Пайдаланушылар пішін үлгіңіздің түрлі көріністерге қалай өтеді? Көріністен көрініске өткізетін әдепкі әмірлер мәзірі жеткілікті ме немесе пайдаланушылар тура пішін үлгіде пайда болатын түймешік немесе басқа басқару элементті басу арқылы көріністен көрініске өтуін қалайсыз ба? Басқару элементті пайдалануді қаласаңыз, Ережелер тілқатысу жолағында көріністен көрініске өтетін ереже жаратуыңыз қажет. Басып шығару көріністер үшін, пайдаланушылар барлық көріністерді бірден басып шығаруды немесе тек белсенді көріністі ғана басып шығаруды қалайсыз ба? Осы параметрлерді Бірнеше көріністерді басып шығару тілқатысу жолағындан орнатуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Көрініс тапсырмалар аймағы

Көріністерді қосу немесе жою үшін немесе көріністен көрініске өту үшін Көріністер тапсырмалар аймағын пайдаланасыз.

Көріністер тапсырмалар аймағының бір бөлегі

Тапсырмалар аймағынан Көрініс сипаттары тілқатысу жолағын ашу үшін Көрініс сипаттары түймешігіні басыңыз, ол жерде таңдалған көріністің параметрлерін баптауыңызға болады.

Басып шығару көрінісін жарату үшін және оны басқа көріністермен байланыстыру үшін Көріністер тапсырмалар аймағын да пайдалануыңызға болады. Басып шығару көрінісін жасап болған соң, пішін үлгіні басып шығарғанда қалай көрінетінін қаласаңыз солай жасақтайсыз. Бұл әдетте басқару элементтерді бірінші көріністен басып шығару көрініске көшіру және қою сияқты әрекеттерді өз ішіне алады. Басып шығару көрініс үшін жоғары немесе төмен деректемелер және бет жиектері сияқты өзгертпелі басып шығару параметрлерін енгізу үшін де Көрініс сипаттары тілқатысу жолағын пайдалануыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы тәжірибесі

Әдепкі бойынша пайдаланушылар Көрініс мәзіріндегі әмірлерін пайдаланып көріністен көрініске өту мүмкін. Мәзірдегі әмірлердің аттары көрініске жасау кезінде қойған аттармен сәйкес келеді. Белсенді көрініс тізімдегі таңдаудың қасындағы құсбелгімен көрсетіледі.

Көріністен көрініске өту үшін арналған Көрініс мәзіріндегі әмірлер

Бірнеше көріністерді мәзірдегі әмірлерді көрмей қалатын пайдаланушылар үшін одан да айқын етіп жасау үшін, пішін үлгіңізге көріністен көрініске өткізетін түймешік енгізуіңізге болады. Пішін үлгіге түймешікті енгізіп болған соң, ережені түймешікпен байланыстыруыңызға болады яғни пайдаланушылар сол түймешікті басқанда бағдарлама бір көріністен екінші көрініске өтетін болсын. Мысалы үшін, сақтандару ақшасын талап ету пішін үлгісінде, басқанда сақтандару ақшасын талап ету өтініштердің жоғары деңгей көрінісін ашатын Нәтижелерді көрсету түймешігін жаратуыңызға болады. Нәтижелер көрінісінде, пайдаланушылар егжей-тегжейлі көрініске қайту үшін Егжей-тегжей мәліметтерін көрсету түймешігіні басады.

Кейбір кездерде пайдаланушылардан көріністен көрініске өткізетін әдепкі әмірлер мәзірін жасыруды қалауыңыз мүмкін. Пайдаланушылар тек Сіз ұсынатын үлгілерді толтыра алатын қылып жасалған сценарийлер үшін, бұл мүмкіндіктің тиімділігі зор. Мысалы үшін, жұмысқа үміткерлердің түйін тұжарымдарындағы байланыс ақпараттарын жинайтын үш бөлек-бөлек пайдаланушы рөлі болуі мүмкін (біреуі кадрлар бөлімі үшін, біреуі әнгімелесушыларға және біреуі жұмысқа қабылдайтын менеджерлер үшін)  Әрбір пайдаланушы ролі үшін, кішкене айырмашылығы бар пішін үлгі көрінісін жаратуыңызға болады. Жұмысқа үміткерлер кадрлар бөлімі немесе жұмысқа қабылдайтын менеджерлер көрінісіне өтіп кетуін алдыны алу үшін, кадрлар бөлімі немесе жұмысқа қабылдайтын менеджерлер көріністерін жасап жатқанда, Көрініс сипаттары тілқатысу жолағын ашып Үлгіні толтырғанда Көрініс мәзірінде бейнелеу құсбелгіні алып тастауыңыз керек.

Кеңес : Пайдаланушыларға бірнеше көріністер тізімінен таңдап алу мүмкіншілігін ұсынуды жоспарлаған болсаңыз, сол таңдауларды ашылмалы тізім ішнде беруді ойластырып көрсеңіз болады. Сонда пайдаланушылар тізімден қажетті көріністі таңдап алады.

Көріністен көрініске өту ережелерін пайдалану

Көбініше көріністер ережелермен бірге істейді. Үлгіні толтырып жатқан пайдаланушының тапсырмаларын орындау мақсатымен, ережелер пішін үлгіде белгілі тапсырмаларды автоматты түрде орындауға мүмкіндік тұғызады. Мысалы үшін, пішін үлгіңізге түймешік енгізуіңізге болады және оны басқанда көріністен көрініске өткізетін ереже жаратуыңызға болады. Оған қоса, үлгі ашық болғанда ережені көріністен көрініске өту үшін пайдалансаңыз болады. Пайдаланушы рольдерінің тағайындауларға қарап түрлі пайдаланушылар санаттар үшін түрлі көріністер ұсынуды қаласаңыз бұл мүмкіндіктің тиімділігі зор.

Ережелерді InfoPath бағдарламасындағы басқару элементтердің көбісімен байланыстыру үшін яғни түймешіктерді де қосып алғанда, Ереже тілқатысу жолағын пайдалануыңызға болады. Келесі мысалда, үлгі құрастырушысы Ереже тілқатысу жолағында нәтижелер көрінісіне өткізетін ережені жасаған. Бұл ереже пайдаланушы үлгіде түймешікті кез келген уақытта басқанда орындалады.

Ереже тілқатысу терезесінің бөлігі

Кеңес :  Пайдаланушылар бір көріністен екінші көрініске бір-бірлеп өтуді қалайтын болсаңыз, пайдаланушы түймешікті басқанда көріністерді ауыстыратын ережені пайдаланудың да тиімділігі зор. Бұндай кездерде, Сіз әрбір көрініске екі түймешік қосатын едіңіз және < Back мен Next > сияқты жазбаларды пайдаланатын едіңіз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×