Көрсетілім файлын сақтау

PowerPoint 2013 жұмыс үстелі көрсетілімін жергілікті жадқа (мысалы, ноутбукке), желі орнына, CD, DVD, флэш-жадқа сақтай аласыз не оны басқа файл пішімі ретінде сақтай аласыз. Көрсетілімді веб-орынға сақтау үшін Көрсетілімді OneDrive қызметіне сақтау және ортақ пайдалану бөлімін қараңыз.

  1. Файл қойындысынан Сақтау пәрменін таңдаңыз.

    Файл > Сақтау не Басқаша сақтау

  2. Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

  1. Басқаша сақтау қойындысында, Жақын арадағы қалталар астында Шолу түймешігін басып, жолы мен файл қалтасын басыңыз да, файл атауын көрсетіңіз.

  2. Сақтау түймешігін басыңыз.

Көрсетілім файлын басқа файл пішімі ретінде сақтау

  1. Файл қойындысынан Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

  2. Басқаша сақтау астында төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  3. Жақын арадағы қалталар астында Шолу түймешігін басып, жолы мен файл қалтасын басыңыз да, файл атауын көрсетіңіз.

  4. Файл түрі тізімінен қажет файл пішімін таңдаңыз.

  5. Сақтау түймешігін басыңыз.

Көрсетілімді PowerPoint бағдарламасының бұрынғы нұсқасында сақтау

PowerPoint 2013 нұсқасында файлдарды PowerPoint бағдрламасының алдыңғы нұсқасына Басқаша сақтау терезесіндегі Файл түрі тізімінен нұсқаны таңдау арқылы сақтай аласыз. Мысалы, PowerPoint 2013 көрсетілімін (.pptx) PowerPoint 97-2003 көрсетілімі (.ppt) ретінде сақтай аласыз.

Ескертулер : 

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×