Көрсетілімге арналған анимация негіздері

Анимация Microsoft PowerPoint 2010 көрсетілімін одан әрі динамикалық, ал ақпаратты одан әрі есте қалатындай етіп жасауға көмектеседі. анимациялау әсерлерінің жиі қолданылатын түрлеріне кірістер мен шығыстар жатады. Сондай-ақ, анимациялық әсерлерінің қарқындылығын көтеру үшін дыбысты қосуға болады. SmartArt суретіне анимациялық әсерін қосу үшін, SmartArt суретін анимациялау бөлімін қараңыз.

Кеңес :  Көрсетілім сарапшыларының көбісі анимациялар мен дыбыс әсерлерін аз қолдануға кеңес береді. Анимациялық көрсетілімді одан әрі динамикалық етіп жасауда және кейбір жерлерін ерекшелеуде пайдалы. Алайда анимацияны тым көп қолдану назарды басқа жаққа аударуы мүмкін. Анимация мен дыбыстың айтып жатқан басты нәрседен назарды ауытқуына жол бермеңіз.

Бұл мақалада:

Кіріс және шығыс анимациялық әсерлерін қолдану

Анимацияланған мәтінге және нысандарға дыбыс әсерлерін қолдану

Мәтінге немесе нысанға қимыл жолын қолдану

Кіріс және шығыс анимациялық әсерлерін қолдану

Кіріс және шығыс анимациялық әсерлерін қолдану туралы осы қысқа бейне көрсетілімін көріңіз. Қолданылған анимациялар мысалдар болып табылады, яғни бір іс рәсімді кез келген қол жетімді анимацияға, мәтінге немесе нысанға қолдануға болады.

Your browser does not support video. Install Microsoft Silverlight, Adobe Flash Player, or Internet Explorer 9.

Мәтінге немесе нысанға анимация қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Анимацияланатын мәтінді не нысанды бөлектеңіз.

  2. Анимация қойындысында Анимация тобындағы сурет жиынтығынан анимациялық әсерін таңдаңыз. Қосымша мүмкіндіктерді көру үшін, Қосымша көрсеткісін басыңыз.

    Ескерту : Сурет жиынтығында кіріс әсерлерінің белгішелері жасыл түспен, ерекшелеу әсерлерінің белгішелері сары түспен және шығыс әсерлерінің белгішелері қызы түспен көрсетілген.

  3. Бөлектелген мәтіннің анимациялану жолын өзгерту үшін, Әсер параметрлері тармағын, одан кейін қажетті анимацияны таңдаңыз.

    Ескерту :  Анимациялық әсерлерінің кейбіреуі ғана Әсер параметрлері таңдауларын ұсынады.

  4. Әсерлердің уақытын нақтылау үшін, Анимациялар қойындысында Уақыт тобындағы пәрмендерді қолданыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, Анимация уақытын немесе әсер параметрлерін орнату бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Анимацияланған мәтінге және нысандарға дыбыс әсерлерін қолдану

Анимацияланған мәтінге немесе нысандарға дыбыс әсерлерін қолданып, қосымша ерекшелеуге болады.

Анимацияланған мәтінге немесе нысанға дыбыс қосу үшін, келесі әрекеттердің орындаңыз:

  1. Анимациялар қойындысында Теңшелетін анимация тобынан Анимация тақтасы тармағын таңдаңыз. Анимация тақтасы слайдтағы мәтінге немесе нысанға қолданылған анимациялық әсерлерінің тәртібін, түрі мен ұзақтығын көрсететін жұмыс кеңістігінің жанында ашылады.

  2. Дыбыс қосылатын әсерді тауып, төменгі көрсеткіні басып, одан кейін Әсер параметрлері тармағын таңдаңыз.
    Анимация тақтасы, Әсер параметрлерін әсерге қосу

    Ескерту : Таңдалған анимация түріне байланысты Әсер параметрлері тілқатысу терезесі басқа параметрлерді көрсетеді.

  3. Әсер қойындысында Қосымша параметрлер тармағының астында Дыбыс ұясында тізімді ашу үшін көрсеткіні басып, одан кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    • Тізімнен дыбысты таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Файлдан дыбыс қосу үшін Басқа дыбыс тізімнен таңдап, қолданатын дыбыстық файлды табыңыз да, Ашу пәрменін таңдаңыз.

      Әсерлер қойындысындағы тізімнен дыбысты таңдау
      Жарайды түймешігін басқанда немесе «Ашу» пәрменін таңдағанда, слайд қосылған дыбысы бар анимацияның алдын ала қарауды ойнатады. Алдын ала қарау дыбысының деңгейін өзгерту үшін, Дыбыс Анимациялық әсерлерінің параметрлері ұясындағы Дыбыс тармағы белгішесін басып, жүгірткіні жоғары не төмен жылжытыңыз. Алдын ала қарау дыбысын өшіру үшін, Дыбысты өшіру құсбелгісін қойыңыз.

  4. Дыбыстық әсер қосылатын мәтіннің әрбір таңбалауыш үшін қайталаңыз.

  5. Слайдқа қолданылған анимация мен дыбыс әсерлерінің барлығын алдын ала қарау үшін, Анимация тақтасы ішінен Ойнату пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мәтінге немесе нысанға қимыл жолын қолдану

Мәтінге немесе нысанға қосымша қиын не теңшелетін анимациялық қимылдарын қосуға болады. Мысалдарды көру үшін осы қысқа көрсетілімді қараңыз.

Your browser does not support video. Install Microsoft Silverlight, Adobe Flash Player, or Internet Explorer 9.
  1. Қимыл жолы қосылатын нысанды немесе мәтінді таңдаңыз. Қолданылатын жол нысан ортасынан немесе мәтін таңбалаушысынан тұрады.

  2. Анимация қойындысындағы Анимация тобында Қимыл жолдары тармағының астынан келесіні таңдаңыз:

  3. Жолдар , Доғалар , Бұрылыстар , Кескіндер немесе Тұйықтар тармақтарын таңдаңыз. Таңдалған жол бөлектелген нысанда немесе мәтін нысанында нүктелі сызық түрінде көрсетіледі.
    Жасыл көрсеткі жолдың басталуын, ал қызыл көрсеткі оның аяқталуын көрсетеді.

  4. Теңшелетін жол тармағын таңдаңыз. Қимыл жолының басталу жерін басқанда, меңзер қаламға айналады Кестелерді сызу үшін пайдаланылатын қарындаш .
    Қосылған тік сызықтардың жолын салу үшін    қимыл жолы басталатын орынды басыңыз. Меңзерді қозғалтып, сызықтың аяқталу орнын басыңыз. Келесі қосылған сызықты аяқталу орнын басу арқылы салыңыз. Қимылдың соңғы аяқталу нүктесін екі рет басыңыз.
    Үзік жолын салу үшін    Қимылдың басталу орнын басыңыз. Тінтуірдің сол жақ түймешігін басып тұрып, меңзерді қимыл жолы жалғасатын жолға апарыңыз. Қимылдың соңғы нүктесін екі рет басыңыз.

  5. Слайд үшін дайын дыбыс пен анимацияны көру үшін, Анимациялар қойындысында Алдын ала қарау тобынан Алдын ала қарау пәрменін таңдаңыз.

    Ескертулер : 

    • Қимыл жолын толығымен жылжыту үшін, оны басып меңзерді төрт жақты көрсеткі жаққа бұрыңыз Excel жылжыту меңзері , одан кейін қимыл жолын қалаған орынға апарыңыз.

    • Кескіндер және Тұйықтар жолдары жабық болады. Бұл нысанның бастапқы нүктесіне қайтып оралуын білдіреді. Ашық жолмен бастапқы нүктеге қайтып оралу үшін, мысалы Сызықтар , Доғалар , Бұрылыстар немесе Теңшелетін жол , жолды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, одан кейін Жолды жабу пәрменін таңдаңыз. Сызықтық жол алдыңғы соңғы нүктеден бастапқы нүктеге қосылады.

    • Қимыл жолының кескінін өзгерту үшін жолды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, одан кейін Нүктелерді өңдеу пәрменін таңдаңыз. Төртбұрышты қара таңбалауыштар жолда пайда болады, яғни сол жол бөлігін жылжыту үшін таңбалауыштардың бірін апарыңыз.

    • Жолдың кез келген бөлігі, соның ішінде басталу не аяқталу нүктесі слайдтан тыс әрекет етуі мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×