Көрмені OpenDocument көрмесі (.odp) пішімінде ашу немесе сақтау үшін PowerPoint бағдарламасын пайдалану

2007 Microsoft Office жүйесі 2-жаңарту бумасын (SP2) орнатқаннан кейін файлдарды OpenOffice.org Impress және Google Docs сияқты кейбір көрме бағдарламаларымен пайдаланылатын OpenDocument көрмесі (.ods) пішімінде ашып, сақтай аласыз.

Не істегіңіз келеді?

OpenDocument көрмесі файлын PowerPoint бағдарламасында ашу

PowerPoint көрмесін OpenDocument көрмесі пішімінде сақтау

OpenDocument пішімі туралы қосымша мәліметтер алу

OpenDocument көрмесі файлын PowerPoint бағдарламасында ашу

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Ашу пәрменін таңдаңыз.

  2. Файлдар түрлерінің тізімі ішінен OpenDocument көрмесе тармағын таңдаңыз.

  3. Ашу қажет файлды нұқып, Ашу түймешігін басыңыз.

Ескерту : OpenDocument көрмесі файлын PowerPoint 2007 бағдарламасында ашқанда онда өзі жасалған бастапқы бағдарламадағыдай бірдей пішімдеу болмауы мүмкін. Мұның себебі OpenDocument пішімін пайдаланатын бағдарламалар арасындағы айырмашылықтарға байланысты болады.

Беттің жоғарғы жағы

PowerPoint көрмесін OpenDocument көрмесі пішімінде сақтау

Маңызды : Егер файлыңыздың PowerPoint нұсқасын сақтау қажет болса, бірінші файлды PowerPoint құжаты түрінде сақтау керек, мысалы, .pptx пішімінде, одан кейін оны қайтадан OpenDocument көрмесі (.ods) пішімінде сақтаңыз.

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті басып, Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

  2. OpenDocument көрмесі түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

OpenDocument пішімі туралы қосымша мәліметтер алу

Жұмыс парақтарын OpenDocument көрмесі (.odp) пішімінде ашқанда немесе сақтағанда кейбір пішімдеулер жоғалуы мүмкін. Мұның себебі OpenDocument көрмесі бағдарламалары мен PowerPoint 2007 бағдарламасы қолданатын пішімдеу сияқты басқаша мүмкіндіктерге және параметрлерге байланысты болады. OpenDocument көрмесі пішімі мен PowerPoint 2007 пішімі арасындағы айырмашылықтар туралы қосымша ақпарат алу үшін OpenDocument көрмесі (.odp) пішімі мен PowerPoint (.ppt) пішімі арасындағы айырмашылықтар бөлімін қараңыз.

Кеңестер

  • Файлды басқа біреуге жібермес бұрын файлды жауып, оның OpenDocument көрмесі (.odp) пішімінде қалай көрінетіндігін қарау үшін қайта ашу қажет болуы мүмкін.

  • OpenDocument көрмесі пішімінде қолданылмайтын қосымша нысан пішімдеуін сақтау үшін нысанды суретке түрлендіріңіз.

  • Кестелермен жұмыс істегенде кестені PowerPoint 2007 бағдарламасын жаппас бұрын аяқтаңыз. PowerPoint 2007 бағдарламасын жапқанда кестелер суреттерге түрленіп, кейін өңделмейтін болады.

  • Көрмені .odp файл пішімінде сақтаған кезде қимылданулардың осы бөліктері жоғалатындықтан, түстің өзгеруі мен кеңейтімге әсер ететін бөлу қимылдануларын қолданбаңыз (яғни, кіру немесе шығу қимылдануларына жатпайтын қимылданулар).

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×